Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 16:49, реферат
1. Мұрагерлік құқықтың ұғымы және оның түрлері.
2. Заң бойынша мұрагерлік.
3. Өсиет бойынша мұрагерлік.
4. Мұраның ашылуы. Мұраны қабылдау.
Мұрагерлік
құқық
1. Мұрагерлік құқықтың ұғымы және оның түрлері.
2. Заң бойынша мұрагерлік.
3. Өсиет бойынша мұрагерлік.
4.
Мұраның ашылуы. Мұраны
қабылдау.
1. Мұрагерлік құқықтың ұғымы және оның түрлері.
Мұрагерлік деп қайтыс болған жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа тұлғаларға өтуін айтады. Мұрагерлік әмбебап тәртібінде құқықтың ауысуымен ететін, яғни мұрагер мұраны қабылдай отырып, мұраға катысты барлық құқықтар мен міндеттерге ие болып отырған. Әмбебап құқықтың ауысуы ерекшелігіне қарай сингулярлық құқық ауысуымен ажыратылған. Алдыңғысы бойынша құқықтар мен міндеттерге бөлінсе, екіншісінде арнайы құқықпен ғана шектелген.
Мұрагерлік процесінен 2 кезенді байқауға болады: мұраның ашылуы (мұра қалдырушының қайтыс болуы) және мұраны қабылдау. Мұрагердің мүлікке деген меншік құқығы мұраны қабылдаған соң жүзеге асқан.
Ежелгі
Римде мұра 2 жолмен жүрген: өсиет
бойынша немесе (және) заң бойынша
(егер өсиет қалдырылмаса немесе өсиет
бойынша мұрагер мұраны қабылдамаса).
2. Заң бойынша мұрагерлік.
Заң
бойынша мұрагерлік көне рим жүйесіндегі
XII кесте заңына апарады. Заңда мұрагерліктің
3 кезегі реттелінген. XII кесте заңында
І-ші кезектегілерге мұра қалдырушының
қоластында саналатын балалары, алдында
қайтыс болған балаларының балалары, яғни
немерелері кірген. Бұлар «қажетті мұрагерлер»
деп есептелетін. Егер «қажетті мұрагерлер»
болмаған жағдайда мұраға өлген адамның
агнаттық туысы шақырылған. Ол мұраны
қабылдамауға құқы болған, мұндай жағдайда
мұра иесіз қалған мұра деп саналған, мұндай
сәтте құқық ауыстырылу жүргізілмеген.
Егер мұра қалдырушының еш жақыны болмаса
(І-ші және ІІ-ші кезектегілер) мұра ІІІ-ші
кезектегі болып саналатын когнаттық
(қандық) туыстарына өткен. Тек ІV-ші кезек
ретінде ғана мұра қалдырушының жұбайына
өткен. Бірақта бұның өзінде жесір әйеліне
тиген.
3. Өсиет бойынша мұрагерлік.
Рим құқында өсиет деп жеке тұлғаның тірісінде дүние-мүлкін мұра ретінде жазып кетуін айтқан. Егер өсиетте мұрагер көрсетілмесе, мұндай құжат ешқандай құқықтық нәтиже бермеген. Өсиетте мұрагермен қоса легатты, яғни жасөспірімге тағайындалған қорғаншыны келтіруге де болатын.
Өсиет — бір жақты мәміле саналған. Өсиет пен мұраны қабылдау үшін бөлек құқықтық акт жасалатын. Өсиет қалдыру үшін — жеке тұлғаның бедел өсиеттік қабілеттілігі талап етілетін (бұған әрекет қабілеттілігі жоқ, қылмыс үшін сотталған, жеке тұлғалардың кейбір топтары кірмеген).
Өсиет
нысаны әр кезеңде әр түрлі болған, мәселен
өсиет 7 куәнің катысуымен жасалатын, жазбаша
нысанды сақтау міндет болып табылмаған.
Ежелгі Римде мемлекет органдарының қатысуымен
жасалатын жария өсиеттерді сот хаттамасымен
немесе белгілі магистрат хаттамасымен
жасауға болатын.
4. Мұраның ашылуы. Мұраны қабылдау.
Мұраның ашылуы мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін ашылған. Ашылған сәттен бастап мұрагерлер шақырыла бастаған. Мұра ашылғанымен архаикалық кезеңдерде қабылданбаған мұра (hereditas iacens — «жатып қалған мұра») иесіз мүлік жағдайына теңестірілген. Бүл жағдайда кез келген тұлға мұра ашылысымен заттарды кемінде 1 жыл аралығында иеленіп алса, меншік иесі болып саналған. Ал классикалық кезеңде «жатып қалған мұра» қайтыс болушының есебінде тұрған.
Мұрагер мұрасын қабылдаған кезде өз еркін тікелей білдірумен көрсетсе (цивильдік нормалар бойынша), кейінгі Юстиниан құқы және преторлық құқық бойынша өз жүріс-тұрысы арқылы (яғни мұраға байланысты әрекеті) байқатқан (мысалы, мұра қалдырушының қарыздарын төлеу т.с.с.).
Егер
мұрагердің мұраға деген құқы танылмаса,
ол мұраны қайтару туралы ерекше цивильдік
талап қоюға құқы болған, мұндай
талап ерекшелігіне қарай виндикациялық
талапқа ұқсас болған. Егер мұраны қабылдаудан
өсиет бойынша немесе заң бойынша мұрагерлер
бас тартқан жағдайда онда иесіз қалған
мұра болып есептелген. Ежелгі құқықта
мұндай мүлік ешкімдікі емес, иесіз деп
саналатын, яғни кез келген тұлға ерікті
түрде қабылдап алуға құқығы болатын.