Мәшһүр Жүсүпов-Өмір баяны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 09:51, реферат

Описание

Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар. Ақынның 1907 жылы үш бірдей кітабы – "Көп жасағаннан көрген бір тамашамыз”, "Хал-ахуал”, "Сарыарқаның кімдікі екендігі” атты жыр жинағы жарық көрсе, "Миғраж”, "Хаятбақшы”, "Қорқыт”, "Гүлшат-Шеризат” деп аталатын қисса-дастандарын, публицистикалық этнографиялық еңбектерін, халық ауыз әдебиетін жинаудағы қыруар жұмысын атасақ та жеткілікті.

Работа состоит из  1 файл

Мәшһүр Жүсүпов-Өмір баяны.doc

— 87.50 Кб (Скачать документ)

     Әрине, Мәшһүр Жүсіп "Алланы бір, пайғамбарды  хақ” деген мұсылман.  

     Исламның  бес парызы біреуі – иман,

     Таппайды  бұл бесеуін дүние жиған.

     Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып,

     Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған, –   

     деп толғап қана қоймай, өзі де шариғат  жолымен жүрген тақуа. Мәшһүр шайтанды молдаларша ұғынбайды. Оны дербес малғұн, жұрт көзіне көрінбей жүріп азғырушы деп қарамайды. Ақынға сөз берсек, ол: "Ағаштың бойында гүрілдеп ағып жатқан өзен – адамның денесіндегі қан. Әй, жігіттер, естеріңде болсын, оны "шайтан” – дейді. Ол бір кесек нәрсе емес, денеңе арам қан боп кіріп, жүрегіңе барып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзады. "Шайтан” деген өзіңнің ойың дейді.  

     Ақын  қолына түскен бір шежірені оқып отырып былай деп жазады: "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би”  дегендей, анық қазақтың өз ортасында  сөйленіп жүрген танымал сөзден шежіре алып жазған біреуі де жоқ”, – дейді.  

     Жақында ғана осы олқылықтың орнын толтырып Мәшһүр Жүсіптің оныншы томы – "Қазақ  шежіресі” Павлодар қаласынан жарық  көрді. Бұл еңбек халық сусап  күткен танымды дүние. Құрастырушылар тарапынан берілген түсінікте: "Қолжазбалардағы  материалдар мазмұнына қарап, ғалымның тарих, мәдениет, әдебиет мәтіндерін бір-бірінен бөлмей тұтас ұсынғанына назар аударамыз. Сол себепті мәтін тұтастығын сақтау мақсатында орын алған фольклор, әдебиет үлгілері, фәлсафалық-діни ойлары қолжазбадағы жазылу реті бойынша аралас беріліп отыр. Мәшһүр қолжазбасындағы кейбір мәтінді тарихқа да, әдебиетке де жатқызуға болатынын ескерген жөн”, – десе, бұл өте дұрыс бағамдалған мәселе деп білеміз. Мәшекең орта жүз болғандықтан көбінесе өз елін жан-жақты жазған. Ұлы жүзді де, кіші жүзді де, қожаны да, төрені де ара-тұра болса да сөз етеді. Арғындардың арғы атасы жайлы Бұқар жырау:  

     Бәрімізді сұрасаң,

     Құтан байдың баласы.

     Арғындардың сабасы,

     Қарақожа  бас болып,

     Қабыл болған дұғасы, – дейді.  

     Ал  Мәшһүр Жүсіп арғын, найман, тарақты, қыпшақ аталарын жеке-жеке таратып, олардың ішінен шыққан сұлтан, би, батыр, әнші, ақындар жайлы да әжептәуір мәлімет береді.   

     Мәшһүр  Жүсіп өмірге көзқарасында, әлеуметтік болмыстарды түйіп-бақылауда сыншылдық  идеясын ұстанды. Ол кейде өзі  өмір сүрген тұстың қалтарыс-қатпары көп көлеңкелі жақтарын барынша батыл сынайды, патша шенеуніктерінің, би-болыстардың "алсам, жесемнен” басқаны білмейтін озбырлығын қатты шенеп айтады. 1905 жылғы халық көтерілісі жайлы тебірене толғап, патшаның 17 қазандағы манифесі көз бояйтын жалған бұйрық екенін ешнәрседен тайсалмай айтқан да Мәшһүр Жүсіп еді.  

     1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар  баспаханасынан Мәшһүр Жүсіптің "Хал-ахуал”, "Тірлікте көп  жасағандықтан көрген бір тамашамыз”, "Сарыарқаның кімдігі екендігі” деп аталатын үш кітабы бірдей жарыққа шықты деп жоғарыда айттық. Бір айта кететін жәйт, "Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз” атты жинақ "Хал-ахуал” кітабының толықтырылып басылған түрі десе де болғандай.  

     Ақынның осы кітаптарын қадағалап оқыған адам оның сол кездегі Ресейдің саяси хал-жағдайымен белгілі бір дәрежеде таныс екеніне көзі жетеді. Оның бұл өлеңдерінен 1905 жылғы халық көтерілісінің де әсері бар екені көрініп тұр. Осы кітаптардың ішінде патшаның отаршылдық саясатына қарсы айтылған пікір де кездеседі. Мәшһүр Жүсіп Ресеймен қосылудың прогрессивті жақтарымен бірге, қиындығы да аз болған жоқ деп айтыпты. Егер біз осы үш жинақта жырланған дүниелерді түйіп айтар болсақ, халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тірлігін, іс-әрекетін, жан-дүниесін біршама суреттеп беруімен де құнды дер едік.  

     Мәшһүр  Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістанға  үш рет сапар шегеді. Бірінші рет 1887 жылы, яғни 29 жасында барады. Бұл  жолы Бұхарада оқып, білімін көтерген сияқты. Арабша, парсыша шыққан кітаптарды қадағалап зерттейді.  

     Екінші  рет барғаны турасында:

     Зубаржат  шығыс бапқа бұл барғаным,

     Жылым қой, отыз жеті жасым еді, – деп  анықтама береді.  

     Мәшһүр  Жүсіптің өз айтуынша, ол 1895 жылы араға  сегіз жыл уақыт салып, жоғарыдағы аталған қалаларға қайта барыпты. Ақынның бұл екі сапары да оның білімін көтеру мақсатынан туғандығы көрінеді.   

     Ал, енді Бұхара, Ташкентке 1907 жылы үшінші рет баруының жөн-жосығына келсек, ол алдыңғы екі сапардан басқашалау. Оның себебі, ақынның осы жылы жарық  көрген үш кітабында кедей-кембағалдың мүддесін көп толғағандығынан да болса керек. Бұл жөнінде нақты мәліметті Ә.Қоңыратбаев береді. Ол: "Мәшһүр Жүсіптің жоғарғы үш кітабының заңға ілігіп таратылмауы, оны басып шығарған Қазандағы Құсайыновтарға 12 мың сом ауыр айып салынуы, ақынның қамалушылар тізіміне ұшырап ел ішінде бұғып жүруі осыдан”, – деп тұжырымдайды.

     Ақын  Бұхараға, Ташкент жақта төрт жыл  жүріп оралған соң да жағдайының жөнді болмайтынын түсініп, бұл  жолы Еділ, Жайық жағалауын аралайды.   

     1940 жылы шыққан "Қазақ әдебиеті  хрестоматиясына” Мәшһүр Жүсіптің "Шайтанның саудасы” енсе, осы жылы Мәскеуден жарық көрген "Дала әні” атты қазақ поэзиясының антологиясында бір өлеңі басылды. Сондай-ақ, "ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” (1983ж.) атты кітапқа бірнеше өлеңдері енді (құрастырушылар Т.Әбдірахманов, Қ.Жармағамбетов), М.Мағауиннің құрастыруымен 1978 жылы "Советский писатель” баспасынан шыққан "Поэты Казахстана” деген кітапта "Шайтанның саудасы” тағы да басылды. Ол 1889-1894 жылдар аралығында "Дала уалаяты” газетінде бірнеше проблемалық материалдар, "Айқап” журналының 1912 жылғы екі санында көлемді мақала жариялады.   

     Ақын  бұл шығармаларында да көпшілік қауымды  еңбекке, оқу-білімге, адалдыққа үндейді. Әсіресе қолыңнан келгенше кісіге жақсылық істе, кедей-кембағалдың қажетін  өтеу адамдық борышың. Ал, халық үмітін ақтарлық игілікті ісің болмаса, кісі санатына қалай қосылмақсың? – деген пікір қорытады.  

     Ол  адалдық, адамдық жайындағы толғамды ойларын өлең, мақала, аңыздың айналасында  ғана айтпай, көптеген дастан да жазған. Оларды жоғарыда атап өттік.  

     Мәшһүр  қазақтың көптеген білікті адамдарымен  кездескен. Соның бірі – атақты Қажымұқан  балуан. Ол онымен 1925 жылы таныс-біліс  болып, екеуі Баянауылда бірнеше  күн бірге жүріпті. Бірі ақын, бірі балуан – өнер адамдары іштей түсінісіп, қыл өтпес дос болып, қимай-қимай ажырасыпты. Сондай-ақ, Атбасар дуанының тұрғыны Мейрам Жанайдарұлымен де сырлас дос болыпты. Бұл кісі өз заманының оқымысты адамы екен. Арабша, парсыша, орысша сөйлей де, жаза да біліпті. Айрықша қасиеті – ауыз әдебиетін көп жинапты. Сонымен бірге "Мың бір түннің” бір тарауын өлеңмен жырлап, 1895 жылы "Дала уалаяты” газетінің 41-49 нөмірлерінде жариялапты. Мейрам жырлаған бұл дастан Ү.Сұбханбердина құрастырған "Қисса-дастандар” (1986 ж., 28-32-беттер) атты кітапқа енді.  

     Мейрам  қара сөзбен емес, тақпақтап, мақалдап-мәтелдеп сөйлейді екен. Оның бізге жеткен мұрасы жоқтың қасы. Ол адамға Мәшһүр Жүсіп мінездеме бере келіп: "Ақылды адамда күлкі де жоқ, ашу да жоқ, кемдік көріп, тарығып сасу да жоқ, басына Қап тауындай бақыт қонса, шалқасынан шалқайып тасу да жоқ”, – деп бағалапты.  

     Жолмұрат  Жүсіпұлы өз қолжазбасында Мәшһүр Жүсіптің атақты Бөгембай батырдың немересі Саққұлақпен  де тығыз қарым-қатынаста болғанын, ол адамнан ақынның халқымыздың  әдеби мұрасын көшіріп алғандығын да айтады.  

     Мәшһүр  Жүсіп Ақан серімен бірнеше рет кездескенін, онымен сырласып, пікір алысқанын айта келіп, былайша тебірене сөз етеді: "Ақан серінің Құлагері өлген соң бұрынғы серілік мінезді қалдырып, көп бас қосатын ас, жиын-тойға жүрмейтін, бармайтын болып, дүние махаббатынан мүлде көңілін суытты. Ақан сері адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі еді, жігіттің құлпы жібегі еді”.   

     Мәшһүр  Жүсіп ел ішін көп шарлап, ақсақалды  қарт, ақ самайлы әжелердің аузынан  халық ауыз әдебиетін жинайды. Сол  мақсатпен кейде баратын ауылына  жете алмай далаға қонса, кейде таудың ішіндегі бұлақтың басына түнейді.  

     Ақын  мал соңында салпақтап күндіз-түні еңбек етіп жүрген кедей шаруаның ауыр азабын, жетім мен жесірдің көз жасын өлеңге қосты. Сол қиындық  бейнебір өз басынан өтіп жатқандай  сезінді:  

     Болмайды  түн күндізсіз, күндіз-түнсіз,

     Ай  кірсіз деген сөз бар, Құдай мінсіз,

     Шаттық  пенен қапалық кезек нәрсе,

     Бірінен соң бірі бар артық – кемсіз,   

     –деген  жолдармен дүниенің бірқалыпты тұрмай өзгеретінін, алдағы жақсы күннен күдер  үзбеу керектігін жырлайды, елге демеу, сүйеу болып, басу айтады. Біз осы жолдардан ақын өз қара басының ғана қамын ойлап қоймай, өзгенің де өзегіндегі өксігін, өкінішін бар жанымен сезіне алатындығын көреміз.  

     Кейде қара қылды қақ жаратын туралығымен  де Мәшһүр Жүсіп ел ішінің пысықтарына жақпай қалатын кездері болыпты. Сол себепті бірде момын шаруалармен көңілі өсіп жүрсе, бірде өзін жүдеп-жадап жалғыз қалғандай сезінеді. Ондайда ол қасқайып тұрып жырлап кететін:  

     Бұл сөзім алты алашқа таныс болсын,

     Адамзат ермін десе намыс болсын.

     Бір Құдай болысқанға дұшпан оңай,

     Көптігі қопадағы қамыс болсын.

Информация о работе Мәшһүр Жүсүпов-Өмір баяны