Неке және отбасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 19:33, реферат

Описание

Ертедегі Герман тайпалары ірі- ірі 5 топқа бөлінген.
Гиллевиондар Скандинавияның оңт.стігінен Дат (Дания) аралдарын мекендеген.
Ингвеондар ютландияның оңтүстігінен бастап Эльба бойын, Солтүстік теңіз жағалауын жайлаған.
Иствеондар Везер мен Рейн аралығын қоныстанған.
Эрминондар Эльба бассейні мен жоғарғы Дунай аралығында болған.
Шығыс герман тайпалары тобы төменгі Одер мен Висла өзені сағаларында өмір сүрген.

Содержание

Кіріспе:
Герман тілдері.
Негізгі бөлім:
Герман тілдерінің шығу тарихы.
Герман тілдері туралы мәлімет беру.
Қорытынды: Герман тілдерінің маңызы.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Работа состоит из  1 файл

герман.docx

— 21.10 Кб (Скачать документ)

  

                                   Жоспар.

Кіріспе:

Герман  тілдері.

Негізгі бөлім:

  1. Герман тілдерінің шығу тарихы.
  2. Герман тілдері туралы мәлімет беру.

Қорытынды: Герман тілдерінің маңызы.

Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                       Герман тілдері.

Ертедегі  Герман тайпалары ірі- ірі 5 топқа бөлінген.

  1. Гиллевиондар Скандинавияның оңт.стігінен Дат (Дания) аралдарын мекендеген.
  2. Ингвеондар ютландияның оңтүстігінен бастап Эльба бойын, Солтүстік теңіз жағалауын жайлаған.
  3. Иствеондар Везер мен Рейн аралығын қоныстанған.
  4. Эрминондар Эльба бассейні мен жоғарғы Дунай аралығында болған.
  5. Шығыс герман тайпалары тобы төменгі Одер мен Висла өзені сағаларында өмір сүрген.

   Герман тілдерінің үлкен бір тармағы- скандинав немесе солтүстік тілдері. V-X ғасырларда ертедегі скандинав диалектілерінің, әсіресе гиллевион диалектілерінің шоғырлануы  нәтижесінде үш скандинав халқы-швед, дат, норвеж халықтары қалыптаса бастады. Дат ұлт тілі XVIII ғасыр аяғында әбден қалыптасты. Қазіргі дүние жүзінде 5 миллионнан астам датчан бар.

Норвеж  тілі дат тілінің негізінде қалыптасқан (дұрысы- дат диалектілері негізінде десе де болады). Қазірдің өзінде Норвегияда дат әдеби тілі кеңінен қолданылады. Норвеждер- 5 миллиондай адам.

Скандинав тобына жататын ертерек кездегі  шетланд тілін XVIII ғасырда ағылшын тілі ығыстырған. Скандинав тобына жататын тағы да бір тіл- фарер тілі. Қазірде 36 мыңдай ғана фарерлік бар. Олардың жазуы XIX ғасырда ғана қалыптасқан.

Енді  бірі- исланд тілі. Жаңа исланд тілі XVIII- XIX ғасырда қалыптасты. Исландиядағы исландықтар – 200 мыңнан астам ғана адам.

Батыс герман тармағына ағылшын, нидерланд, африкандар, фриз, неміс, идиш тілдері  жатады. Ағылшын ұлт тілі XV-XVI ғасырларда Лондон диалектісі негізінде қалыптаса бастады. Қазірде дүние жүзінде 300 миллиондай адам ағылшын тілін – ана тілім деп есептейді. Олардың негізі- Великобританиядағы 44 миллион ағылшын, АҚШ –тағы 178 миллион американдықтар. Канадалықтар да ағылшынша сөйлейді. Бұлармен қатар, ағылшындар жер шарында мынандай елдерде: Орталық және Оңтүстік Америкада- 100 мыңдай ағылшын, Австралия мен Океанияда – 700 мыңдай, Африкада- 450 мыңдай, Индияда- 160 мың , Азияның кейбір елдерде 100 мыңнан астам ағылшын бар.

Ағылшын тілінің кейбір басты ерекшеліктері. Ағылшын тілі батыс герман тобына жатады дедік. Ағылшын тілі, негізінен  V-VI ғасырларда Бритпнияға қоныс аударған герман тайпаларының тілі. Ол тайпалар- англдар, сакстар, юттар т.б. Осы тайпалардың тілдері қазіргі ағылшын тілінің алғашқы нұсқасы ең басы болып саналады.

Келе- келе Британ империясы өзінен әлсіз елдерді отарлай бастады. Олар Солтүстік Америкаға ал XVIII ғасырда- Үндісианға, XIX ғасырда Австралияға, XX ғасырда басында Оңтүстік Африкаға жетті. Ағылшын тілінің негізгі екі түрі бар: британ ағылшын тілі, американ ағылшын тілі. Британ ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, орталық, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге бөлінеді. Ал Американ ағылшын тілінде диалектілер айтарлықтай жоқ. Ағылшын тілінде мынандай ерекшеліктер бар:

а) Фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі  біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, ағылшын тілінде сөз  мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі  мүмкін.

б) Морфология саласындағы өзгешелік: сын есім мен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері сондай- ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде жойылып кеткен, яғни тарихи өзгерістерге түскен.

Соған орай ағылшын тілінде сөз бен  сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай ақ көмекші етістік  сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тіліндегі  жазба ескерткіштер VII ғасырлардан бермен қарай белгілі. Ол кезде ағылшындар руна алфавитін пайдаланыпты. Руна алфавитімен тасқа, сүйекке, ағашқа ойып жазған екен. Келе- келе Британияға христиан діні таралған. Соған орай сол VII ғасырдан бастап-ақ Британияға руна алфавитін латын алфавиті ығыстырған. Ағылшындар содан бері қарай латын алфавитін қолданып келе жатыр.

Зерттеушілердің айтуынша ағылшын әдеби тілі XV ғасырларда Лондон диалектісі негізінде қалыптасты. Бұған Англияда капитализмнің дамуы  себеп болған. Ағылшын тілінде  1476 жылы кітап бастыру ісі пайда болған. Бұл жағдай ағылшынның жазба әдеби тіл нормасын қалыптастырды.

XII ғасырда голланд- фламанд әдеби тілі қалыптаса бастады. XIV ғасырда фриз жазуы пайда болды, бірақ ол әрі қарай дами алмады. Келе- келе XVII ғасырда индерланд әдеби тілі әбден қалыптасты.

Голланд тілінің бір диалектісі есепті тіл- африкандар. Бұл тілде бір кездегі  бурлар сөйлейді. Африкандар тілінде  сөйлеушілер 3,5 миллиондай адам. Олардың  көпшілігі ЮАР да, біразы Радезияда. 150 мыңнан астам гвиандықтар да осы африканер тілінде сөйлейді. Жалпы алғанда, нидерланд тілінде 24 миллионнан астам адам сөйлейді.

Фриздер- 400 мыңнан астам адам. Олар негізінен Нидерландияға аздап Дания мен ФРГ да мекен еткен. Көптеген фриздіктер голланд тілін ана тілім деп есептейді. Сөйте тұра олар өз тілімен қоса фриз тілін де қолданады.

Неміс тілі ұлт тілі әдеби тіл ретінде  XVI-XVII ғасырларда қалыптасқан. Неміс тілінің екі диалектісі- жоғарғы неміс және төменгі неміс диалектілері бар. Осы диалектілер негізінде жеке жеке дерлік ірі диалектілер пайда болды. Олпр мыналар: люксембург диалектісі, швейцар- неміс диалектісі, идиш яғни шығыс еуропа еврейлері тілі.

Жалпы неміс тілінде 100 миллионнан астам адам сөйлейді. Неміс тілі халықаралық тілдің бірі (ағылшындар, француз, орыс тілдерімен қатар).  Неміс тілі негізінен, ГДР-да, ФРГ-де, Батыс Берлинде, Австралияда, Швейцарияның бір бөлігінде қолданылады. Неміс тілі – Люксембургтегі екі ресми тілдің бірі. Неміс тілі тарихын ірі үш дәуірге бөледі: көне жоғарғы дәуір (VIII-XI ғ), орта жоғарғы дәуір (XII-XIII ғ), ертедегі жаңа жоғарғы неміс тілі дәуірі (XIV-XVI ғ). Немістің ұлттық тілінің қалыптасуына неміс әдебиеті мен философиясының гүлденуі, әсіресе К. Маркс пен Ф. Энгельс еңбектерінің жарық көруі үлкен әсер етті.

Қазіргі неміс тілінде 46 дауысты, 3 дифтонг, 49 дауыссыз және 3 аффрикат фонема бар. Дауыстылар қысқа және созылыңқы, ашық және жабық айтылады. Бұл жағдайда сөз мағынасы әсер етеді. Мысалдар: қат- тарақ, қаат- келді т.б. Дауыссыздары шұғыл, ызың, діріл болып бөлінеді. Дауыстыларға тән ерекшелік- аблаут, умлаут және сыну. Бұлар морфологиялық қосымша функция атқарады. Дәлдеңкірей түссек, бұлар жекеше, көпше, жақ, рай мағыналарын білдіреді. Tragt, nimmt – алып жүреді, оқиды, алады т.б. Екпін сөздің түбір буынына, көбінесе бірінші буынға түседі. Сөз қорын байытуға әсіресе термин жасауда сөзді біріктіру тәсілінің маңызы зор.  Баяндауыш сөйлемде екінші орында, ал бастауыш оның тікелей  не алдынан не соңында тұрады. Сайып келгенде, қазіргі герман тілдес халықтарды шартты түрде үш топқа бөлуге болады.

Скандинавтықтар. Бұған жататындар- шведтер, норвеждер, даттықтар, исландықтар, фарерлер. Бұлардың скандинавтықтардың жалпы саны= 20 миллионнан астам адам.

Континенталды – германдықтарға жататындар мыналар: немістер, герман швейцарлар, австриялықтар, люксенбургтер, эльзас пен лотарингтер европалық еврейлер, голландықтар, африканер бурлар, голланд тілдес гвиандықтар, фламандар, фриздер. Бұл топтағы халықтардың жалпы саны- 470 миллионнан астам адам.

Ағылшын тілдес германдықтарға жататындар мыналар: ағылшындар, ағылшын тілдес шотландықтар, ольстерліктер, ағылшын-африкандар, ағылшын- австралиялықтар, ағылшын- жаңазелендықтар, ағылшын- канадалықтар, американдықтар, либериліктер, ағылшын тілдес гвиандықтар мен ямайлықтар, ағылшын тілдес антильдіктер, триниадтықтар бермудтықтар, богамдықтар, фольклендіктер, цейлондық «брюгерлер». Бұл топтағы халықтардың жалпы саны -250 миллионнан астам адам. Жалпы қазіргі герман тілдес халықтар саны-450 миллиондай адам.

Шығыс герман тобына жататын екі тіл- остгот және вестгот тілдері жойылып кеткен. Бұл тілдерде сөйлегендерді III- VI ғасырлар аралығында германның басқа тайпалары ассимиляциялаған.

Жалпы герман тілдерінің сөздік қоры мен  грамматикалық құрылысында ортақ  жайлар өте көп. Олар зат есім, сан  есім, етістіктер жүйесі мен атауларынан  айрықша көрінеді. Дыбыстық жүйесі жағынан консонантизмдерге әсіресе  фрикативті дауыссыздарға бай. Вокализмдері көп емес сөз басы лепті екпінмен басталады. Алфавитті латын графикасына  негізделген.

Герман  тобының үндіевропа семьясына жататын  басқа тілдерден басты бір  айырмасы сын есімдердің екі түрлі  жолмен (күшті септеу, әлсіз септеу) септелетіні етістіктерінің өзіндік  құрылымдарының болуы. Бұл ерекшелік  әсіресе неміс, исланд тілдерінде басым, герман тілдерінің ертедегі жазба ескерткіштерінде келер шақты білдіретін және етістерді  саралап көрсететін арнайы формалар болмаған, сөз екі түрлі жолмен жіктеледі.

Герман  тілдерін зерттеуде Қайта өрлеу  және Реформация дәуірі, капитализмнің  дамуы, ұлттық қозғалыстардың күшейе түсуі  әсер етті. Салыстырмалы – тарихи әдіс негізін салушылардың бірі Расмус Раск пен Якоб Гримм германистиканы қалыптастырып, дамытуда үлкен үлес қосты.

Дүние жүзінде бірді- екілі немесе ондаған ғана емес, мыңдаған халық тілі бар екен. Мәселен, 1980 жылы Герман Демократиялық Республикасында жарияланған мағұлматтарға қарағанда дүние жүзінде 5661 тіл бар делінген. Бірақ олардың ішінде 1400- ден астамы дер кезінде дами алмай қалыпты, сөйтіп бұл күнде көне өлі тілге айналып кетіпті. ГДР ғалымдарының айтуынша сол 5661 тілдің 4200-і жеке, дербес тілдер, ал олардың ішінде бірсыдырғы тәп- иәуір кеңірек те жақсырақ зерттелгендері бес жүздей ғана.

Бұған қоса 1987 жылы француз 5алымдары мынандай деректерді  нақтылай түсті, қазір дүние жүзіндегі 210 мемлекетте 5 миллиардтан астам адам негізінен 651 ғана тілде сөйлейді.

Сөйтіп  тіл туралы  ғылымның тілдердің  құрылымы мен зерттейтін саласы типологиялық тіл білімі деп аталады. Бұл айтылғандардан шығар бір қорытынды: тілдегі фонетикалық өзгерістер сөздің морфологиясына әсер етеді, ал морфологиялық өзгерістер синтаксистік тіркестер мен қолданыстар конструкцияларына  ықпал жасайды. Сайып келгенде тіл атаулы жетіле береді, дами береді. Сөйтіп өзінің негізгі функцияларын атқара береді, атқара бермек. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Неке және отбасы