Патент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:47, доклад

Описание

Патент (лат. патентс – ашылым)
1. Мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) беретін және онын өнертапкыштыкты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат.
2. Салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын құжат; белгіленген шарттарды сақтау мен төлемді енгізу (патенттік алым) кезінде, белгілі бір қолөнер кәсібі немесе тірлікпен (сауда, тауарды сатып алу және т.б.) айналысуға руқсат беретін құжат.

Работа состоит из  1 файл

Патент.doc

— 37.00 Кб (Скачать документ)

                                                             Патент

 

Патент (лат. патентс – ашылым)

 

1. Мемлекеттің жеке адамға (фирмаға)  беретін және онын өнертапкыштыкты  белгілі бір мерзім ішінде  пайдалануына ерекше құқықты  мойындауды қамтамасыз ететін  құжат.

 

2. Салық төлеушілердің жекелеген  топтары үшін жеңілдетілген салық  режимін тағайындайтын құжат;  белгіленген шарттарды сақтау  мен төлемді енгізу (патенттік  алым) кезінде, белгілі бір қолөнер  кәсібі немесе тірлікпен (сауда,  тауарды сатып алу және т.б.) айналысуға руқсат беретін құжат.

 

                                      Патенттік құқық

 

Патенттік құқық (ағылш. патент рігһт;) Патентті беру жолымен — өнертапкыштыктың — техникалық және басқа шешімдерінің құқығын қорғау жүйесін бекітетін  құқықтық нормалардың жиынтығы. Патенттік құқық дербес сала болып саналмайды. Пагенттік құқықтың негізгі көзі — өнертапкыштық зияткерлік меншіктің басқа нысандарымен байланысты құқықтық қағынастарды реттейтін арнайы зандар болып саналады.

 

                                        Патент заңы

 

Патент заңы (ағылш. патент лау;) Осы  Заңмен енеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға  байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі.

 

Интеллектуалдық меншіктін өзге объектілерін (селекциялық жетістіктер, интегралдық микротәсім топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердін атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актілерімен реттеледі.                                          

                                      

                                             Патент туралы түсінік

 

      Салық кодексінің 429,430,431,432 баптарына  сәйкес патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға  сай келетін :

 

 -         қызметкердің  еңбегін пайдаланбайтын

 

-         жеке кәсіпкерлік нысандағы қызметті  жүзеге асыратын

 

-         салық кезеңіндегі (күнтізбелік  жыл салық кезеңі) табысы  республикалық

 

бюджет туралы заңда  белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының 200 еселенген(17439*200) мөлшерінен  аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.

 

             Дара кәсіпкер патент негізінде   арнаулы салық режимін қолдану  үшін оны қолдана бастағанға  дейін орналасқан жері бойынша  салық органына салықтық өтінішті және өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент алуға арналған есеп –қисапты табыс етеді.

 

Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлегенін,міндетті зейнетақы  жарналарын аударғанын растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса беріледі.

 

Кезекті патентті алуға арналған есеп-қисап  осының алдындағы патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін табыс  етіледі.

 

Патент бір айдан  кем емес және он екі айдан  аспайтын мерзімге беріледі, дара кәсіпкердің  мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі  көрсетілмейінше патент жарамсыз болады.

 

Патент негізінде арнаулы  салық режимін қолдану кезінде  кәсіпкерлік қызмет уақытша тоқтатыла тұрған жағдайда дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына  салықтық өтініш табыс етеді.

 

Патент негізінде арнаулы  салық режимін қолдануды тоқтату  салық төлеушінің  салықтық өтініші  негізінде немесе Салық кодексінің 428 және 429 баптарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактісін анықтаған кезде салық төлеушіні сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке салық органының шешімі негізінде  ауыстырады.

 

Патент негізінде арнаулы  салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін шарттар туындаған жағдайда, дара кәсіпкер:

 

-шарттармен сәйкессіздік  туындаған сәттен бастап бес  жұмыс күні ішінде арнаулы  салық режимін қолдануды тоқтату  туралы салықтық өтінішті, сонымен  қатар нақты табысы Салық кодексінің 429 бабының 3 тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асып түсетін болса, асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге;

 

- осындай шарттар  туындаған айдан кейінгі айдан  бастап жалпыға бірдей белгіленген  тәртіпке немесе өзге де арнаулы  салық режиміне ауысуға міндетті.

 

Патент құнын есептеу  салық салу объектісіне (табыс) 2 пайыз  мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен ,яғни патент құнының ½  жеке табыс  салығына, әлеуметтік аударымды алып тастағаннан кейінгі патент құнының  ½  әлеуметтік салыққа төленуге жатады.

 

Әлеуметтік аударым  сомасы әлеуметтік салық сомасынан  асып түскен  жағдайда әлеуметтік салық  сомасы нөлге тең болады.

 

Сонымен қатар нақты  табыс патенттің қолдану мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген  табыс мөлшерінен асып түссе дара кәсіпкер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисап табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.

 

Дара кәсіпкерді іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің қолдану мерзімі  өткенге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

 

Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін тұрған жері бойынша салық органына төмендегі  құжаттарды ұсыну қажет:

 

-         дара кәсіпкерді тіркеу есебіне  қою туралы салықтық өтініш

 

-         жеке куәлік  көшірмесі (тұпнұсқасын көрсетеді)

 

-         3,5х4,5  фото

 

-         тұрған  жерін растайтын құжат

 

-         дара кәсіпкерді  мемлекеттік тіркегені үшін алым (2 АЕК) сомасының бюджетке төленгенін  растайтын құжат

 

Салық органы  дара кәсіпкерді тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді.


Информация о работе Патент