Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 20:16, реферат
Сайлау жүйесі
Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.Мазмұны
1 Мажоритарлық сайлау жүйесі
2 Пропорционалды сайлау жүйесі
3 Қазақстан Республикасының сайлау органдары
4 Сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттері
5 Сайлау округтері
6 Сайлау учаскелері
7 Пайдаланған әдебиет
Төте
сайлау құқығы - Президентті, Республика
Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары
депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары мүшелерін азаматтардың тікелей
сайлауы.
Жанама
сайлау құқығы - Парламент Сенаты депутаттарын
сайлауға таңдаушылардың - мәслихаттар
депутаттары болып табылатын Қазақстан
азаматтарының қатысуы. Таңдаушылар сайлауға
тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы
бір дауысқа ие.
Президентті,
Парламент пен мәслихаттар
Дауыстарды
санау жүйесі
Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы»
Конституциялық заңның «Сайлау жүйелері»
деп аталатын 9-бабына сәйкес, Президентті,
Парламент Сенаты депутаттарын және
Қазақстан халқы Ассамблеясы
сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын
сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай
жүйесі қолданылады:
Мыналар:
дауыс
беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың)
елу процентінен астамының
қайта
дауыс беру кезінде басқа кандидатқа
қарағанда дауыс беруге қатысқан
сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс
санының көпшілігін алған кандидаттар
сайланған болып саналады.
Парламент
Мәжілісінің партиялық тізімдер
бойынша сайланатын депутаттары
біртұтас жалпыұлттық сайлау округі
бойынша партиялық тізімдер бойынша
сайланады.
Мәслихаттар
депутаттарын сайлау кезінде басқа
кандидаттарға қарағанда дауыс
беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс
санының көпшілігін алған кандидат
сайланған болып саналады.
Өзге
де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
мүшелерін сайлау кезінде дауыс
беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі
жақтап дауыс берген кандидаттар
сайланған болып саналады.
Республика азаматтарының өзінің сайлау құқығын ерікті жүзеге асыруына зорлық-зомбылық, алдау, қоқан-лоқы көрсету, пара беру арқылы немесе басқа да бір тәсілмен кедергі келтірген тұлғалар заңмен көзделген жпуапкершілік тартады.