Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 21:13, доклад
Маркетингтің эволюциялық даму кезеңі ғасырдан астам уақытқа созылып келеді. Ірі ауқымды өндіріс қалыптасып, бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайларында өндірісті басқару және өнімді өткізу әдісі ретінде ол, ең алғаш АҚШ-та, содан кейін Еуропа елдерінде де пайдаланыла бастады XX ғасырды4 60-жылдары маркетинг ғылыми негізделді және толысқан нарық жағдайында өнімді сатудың тиімді әдісі ретінде кең қолданылды, 70-жылдары өнеркәсіпте белсенді пайдаланылды, ал 80-жылдары қызмет көрсету саласына және коммерциялық емес іс-әрекетке де енгізіле бастады.«Маркетинг» ұғымы ағылшынның «mаrкеt» (нарық) сөзінен шыққан
Жарнама құралдарын 5 үлкен топқа бөлуге болады: баспасөз, телевидение, радио, жарнама, кино.
Жарнама тағы да көркемділік безендіру жағынан: қара – ақ, біртүсті, екі түсті, түрлі – түсті, мәтінді, суретті, фото, пайдаланылған және де затты жарнамалар: брелок, оттық, қалам, кәдесый, т.б. Сонымен қатар «тірі» жарнамалар да бар. Бұған модельдердің дүкендерде жүріп, атақты фирма киім үлгілерін көрсету жатады.
Жарнаманың негізгі функциялары:
-эканомикалық (утилитарлы) – бұл сауда көлемін көбейтіп, кірісті арттыру.
-ақпараттық шығарушылар – бұл белгілі бір тауарлар жайлы толық ақпарат беру.
-маркетингтік (коммерциялық) – тауардың сауда нарығында жылжуына себеп болады.
-қатынасты (идеологиялық) – бұқараға назар аудартады.
-тәрбиелі (ұйымдастырулы) – жарнаманың бұқара санасына әсер етуі.
-мәдениетті – эстетикалық қанағаттанушылықты толықтырады.
Жарнама мақсаты:
-сауда нарығын кеңейту
-бұқараға тауар жайлы хабарлау
-фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру
-тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау
-қарсыластарға тойтарыс бере алу.
Сонымен, жарнама – бұл ой, және де оны пайдаланушыға жеткізе білу шарт.
/tatar_agent007/