Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 14:20, доклад
Шарт дегеніміз — азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Соңдықтан да шарт тиісті шарттық міндеттемелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады. Шарт ретінде тараптардың құкықтары мен міндеттері жазылып тиісінше ресімделген құжатты да түсінуге болады. Шарт пен мәміле ұғымдарының арақатынасы да ерекше: кез келген шарт мәміле болатын болса, ал мәміле әр кезде де шарт бола бермейді.
Шарт ұғымы және оның түрлері
Шарттық қатынастарды кездейсоқ
қатынастар ретінде түсінбеу керек. Олардың
табиғаты, мазмұны қоғам өмірінің материалдық
жағдайларымен шартта байланыста. Біздің
елімізде шарттық қатынастар нақтылы
шаруашылық жүйесімен анықталады. Нарықтық
экономика жағдайында шаруашылық қатынастарының
негізгі реттеушісі ретінде азаматтық-құқықтық
шарттар кеңінен колданыла бастады. Бүгінгі
танда кәсіпкерлік қызметтің жаңа субъектілері
пайда болуына орай жоспарлы шарттардың
орнында тараптардың еркі айқын аңғарылатын
еркін түрдегі шарттар жасала бастады.
Азаматтық-құқықтық шарт тәуелсіз тауар
өндірушілер мен таратушыларға дербестік
негізде тауар-ақша айналымында барабарлық
(эквиваленттік) және өтемелік принциптерін
толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
негізгі құқықтық нысан болып табылады.[1]
Шарт дегеніміз — азаматтық
құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту
және тоқтату туралы екі немесе одан да
көп адамның келісімі. Соңдықтан да шарт
тиісті шарттық міндеттемелік құқық қатынастары
туындауына негіз болатын заңды факті
болып табылады. Шарт ретінде тараптардың
құкықтары мен міндеттері жазылып тиісінше
ресімделген құжатты да түсінуге болады.
Шарт пен мәміле ұғымдарының арақатынасы
да ерекше: кез келген шарт мәміле болатын
болса, ал мәміле әр кезде де шарт бола
бермейді. Оларды, егер екі жақты немесе
көп жақты келісімдер жайлы әңгіме болғанда
бір мағынада қарастыруға болады. Мәміле
сонымен бірге заң бойынша өсиет қалдыру
жағдайларында бір жақты да бола алады.
Шарт ұғымы бұған қоса міндеттемеден де
ажыратылады. Егер де шарт заңды факті
деп танылса, ал міндеттеме азаматтық
құқық қатынасы деп есептеледі. Құқық
қатынасы ретіндегі міндеттеме шарттан,
сондай-ақ АК-тің 7-бабында көрсетілген
басқа да негіздерден туындауы мүмкін.
Шарттағы тараптар азаматтар, ұйымдар
бола алады. Шарт әр түрлі болып келеді:
1) Құқықтар мен міндеттердің тараптардың
арасында бөліну сипатына байланысты
шарттар бір жақты және өзара болып бөлінеді.
Бір жақты шарт ретінде тараптардың бірі
тек құқықтарға, ал екіншісі міндеттерге
ие болатын шарт танылады. Мысалы, бұларға
заем шарты келісімге сәйкес заем беруші
заем алушыдан ақша сомасын немесе сондай
түрдегі және сападағы заттардың тең санын
қайтаруды талап етуге құқылы. Ал заем
алушының оларды меншік иесіне қайтарып
беру міндеті ғана бар.
Өзара шарттар жағдайында екі тарап та
кұкықтарға да, міндеттерге де ие болады.
Осындай негіздерде тауар жеткізілімі,
сатып алу-сату және т. б. шарттары жасалады.
Мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша сатушы
сатып алушыға оның сатып алған заттарын
беруге (өткізуге) міндетті, ал сатып алушы
бұл заттарды өзіне беруді (өткізуді) талап
етуге кұқылы. Сонымен бірге осы шартқа
сәйкес сатып алушы сатып алған заттар
үшін келіскен соманы төлеуге міндетті
(осы шартқа сәйкес), ал сатушы оның төлеуін
талап етуге кұқылы. Өзара шарттың ерекшелігі
егер заңда, шартта немесе міндеттеменің
мәнінде өзгеше көзделмесе, екі жаққа
да міндеттемені бір мезгідде орындау
жүктелетіндігінен көріңеді (АК-тің 284-бабы).
Консенсуалды шарт тараптардың барлық
мәнді бөліктер бойынша келісімге қол
жеткізген сәтінде жасалды деп есептеледі.
Нақты шартты жасау үшін келісімге кол
жеткізуден басқа тараптардың заттарды
немесе ақшаны беру өткізу түріндегі нақты
іс-қимылы талап етіледі. Осылайша заем,
тауар жеткізілімі және т. б. шарттар жасалады.
[2]
Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар. Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн. Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 268-377-баптары). Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады.
Шарт еркiндiгi. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi. Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады.
Аралас шарт. Тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың элементтерi бар шарт жасаса алады (аралас шарт). Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келiсiмiнен немесе аралас шарттың мәнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтерi бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады.
Ақылы және ақысыз шарт. Шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бiр нәрсенi ұсынуды мiндетiне алған шарт ақысыз шарт болып табылады. Егер заңдардан, шарттың мазмұнынан немесе мәнiнен өзгеше туындамаса, шарт ақылы болуы мүмкiн.
Шарттың қолданылуы. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады (осы Кодекстiң 393-бабы). Тараптар өздерi жасасқан шарттың ережелерi олардың шартты жасасуға дейiн пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгiлеуге құқылы. Егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзiмi көзделсе, осы мерзiмнiң аяқталуы, шарт бойынша тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына әкелiп соқтырады.
Қолданылу мерзiмi көрсетiлмеген шарт тараптардың онда белгiленген мiндеттемелердi орындауы аяқталып бiткен кезге дейiн қолданылады деп танылады. Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы тараптарды осы мерзiм бiткенге дейiн орын алып келген шартты бұзғандық үшiн жауапкершiлiктен босатпайды.
ҚР 11.07.97 ж. № 154 Заңымен 387-бап өзгертiлдi
Жария шарт. Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету және т.б.).
Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт жасасу жөнiнде бiреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ.
Тұтынушылардың кейбiр
категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен
жол берiлетiн жағдайларды
Тұтынушыға тиiстi тауарлар
(жұмыс, қызмет) ұсыну мүмкiншiлiгi
бола тұра коммерциялық
Коммерциялық ұйым жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған жағдайда осы Кодекстiң 399-бабындағы 4-тармақта көзделген ережелер қолданылады.
Заң құжаттарында көзделген
жағдайларда Қазақстан
Қосылу шарты. Ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгiлеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады. Егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмегенiмен, бұл тарапты осындай шарттар бойынша берiлетiн құқықтардан айыратын болса немесе мiндеттеменi бұзғаны үшiн басқа тараптың жауапкершiлiгiн жоятын немесе шектейтiн болса не қосылған тарап үшiн онда анық қиындық келтiретiн, шарттың талаптарын белгiлеуге қатысатын мүмкiндiгi болып тұрғанда өзiнiң ақылға қонымды түсiнiлетiн мүдделерiн негiзге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса, шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы.
Алдын ала жасалатын шарт. Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға мiндеттенедi. Алдын ала жасалатын шарт негiзгi шарт үшiн заңдарда белгiленген нысанда, ал егер негiзгi шарт нысаны белгiленбесе, жазбаша түрде жасалады. Алдын ала жасалатын шарт нысаны туралы ережелердiң сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады. Алдын ала жасалатын шартта негiзгi шарттың мәнiн, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайларын белгiлеуге мүмкiндiк беретiн ережелер болуға тиiс. Алдын ала жасалатын шартта тараптар негiзгi шартты жасасуға мiндеттенетiн мерзiм көрсетiледi.
Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзiм белгiленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап бiр жыл iшiнде жасалуға тиiс. Алдын ала шарт жасасқан тарап өзi көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтiрiлген залалды екiншi тарапқа өтеуге мiндеттi. Алдын ала жасалатын шартта көзделген мiндеттемелер, егер тараптар негiзгi шартты жасасуға тиiс мерзiм бiткенге дейiн ол жасалмаса не тараптардың бiрi екiншi тарапқа бұл шартты жасасуға ұсыныс жiбермесе, тоқтатылады. Егер ниеттер туралы хаттамада (ниеттер туралы шартта) тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшiн беру ниеттерi тiкелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды және оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкелiп соқтырмайды.
Шарт жасасатын жер
Егер шартта оны жасасатын жер көрсетiлмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерiнде немесе оферта жiберген заңды тұлғаның орналасқан жерiнде жасалған болып танылады.
Тараптар шарттың қолданылуын жаңа мерзiмге ұзартуға құқылы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. http://www.sachok.kz
2. Шарт .http://kk.wikipedia.org/wiki/
3.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
http://e.gov.kz/wps/wcm/