Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 15:51, реферат
Парламенттік монархия. Парламентгік монархияда монарх билігі заң шығарушылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені, үкімет парламенттік жолмен құрылады әрі өзінің қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке сенімсіздік көрсеткенде үкімет отставкаға кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламентгік сайлау өткізуді белгілейді.
Шет елдердегі парламенттік монархияның ұғымы.
Парламенттік монархия. Парламентгік
монархияда монарх билігі заң шығарушылық
процесінде болсын, мемлекет басқару ісін
жүзеге асыруда болсын шектеулі болады.
Өйткені, үкімет парламенттік жолмен құрылады
әрі өзінің қызметі жөнінде тек парламент
алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке
сенімсіздік көрсеткенде үкімет отставкаға
кетеді не болмаса парламент таратылады.
Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламентгік
сайлау өткізуді белгілейді. Парламентгік
монархияның дуалистік монархиямен салыстырғанда
басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Олар
жайында біздің ойымызша, белгілі бір
елдің мемлекеттік тәжірибесін оқып-зерттеу
барысында ғана нақты пікірлер айтуға
болады. Қазіргі кезде осындай басқару
түрі дүние жүзі елдері ішінде, мысалы,
Англияда (Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның
Біріккен корольдігі, мұндағы ресми мемлекет
басшысы—королева), Бельгияда (Бельгия
корольдігі, мемлекет басшысы — король),
Данияда (Дания корольдігі, мемлекет басшысы
— монарх. 1972 жылы қаңтарда ғана Маргрега
II мемлекет басшысы болып сайланды), Испанияда
(бұл елде парламенттік мұралық монархия,
мемлекет басшысы — король), Норвегияда
(Норвегия корольдігі, мемлекет басшысы
— король), Канадада (мемлекет басшысы
Ұлыбритания королевасы деп нақты қөрсетілген,
ол генерал губернаторды өзі тағайындайды),
Жапонияда (мемлекет пен халық бірлігі
ныша-ны — император), Люксембургте (Люксембург
ұлы Герцоттығы, мемлекет басшысы — ұлы
герцог) орныққан.
Республика —
бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын
негізінен халық болып табылатын басқару
нысаны. Республикалық басқару негізінен
екі түрге бөлінеді: президенттік және
парламенттік.
Президенттік республиканың басты сипаты
— президент қолына мемлекет басшысы
мен атқару билігінің басшысы өкілеттіктері
шошрланады (мысалы, Аргентина, Боливия,
АҚШ, Өзбекстан).
Президенттік республиканың алғашқы тарихи
әрі үлгілі түрі АҚШ болып табылады. Бұл
елде президенттік институт 1787 жылғы Конституция
негізінде енгізілген. АҚШ-тың мемлекеттік
билігі тыйым салу мен қарама-қайшылық
принципі негізінде құрылған. Бұл тыйым
салу мен қарама-қайшылық принципі АҚШ
конституциясының жобасын жасаушы авторлардың
бірі Дж. Мэдисонға тиесілі. Ешбір уақыт
ықпалына түспеген бұл идея мемлекет басқару
ісіндегі бірден-бір сәтті қадам болды.
Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері
біріне-бірі тәуелсіз, бірақ әрі өзара
байланысты болып, әрбірі жеке алғанда
қалған екеуімен шектеліп отыратын еді.
"Бірінің ниетіне екінші бірі қарсы
тұратын ниетті құруымыз кажет", — деп
Мэдисон текке айтпаған. Міне, осы қанатты
сөз әлі АҚШ саясаты мен саясаттануында
альфа мен омега (яғни басаяғы) болып отыр.
Мэдисон тыйым салу мен қарама-қайшылық
жүйесіне мемлекеттарапынан қиянат етушілікті
болдырмайынша тетік енгізе білді. Сөйтіп
тәуелсіз халықты өкіметтен "ажыратып"
әрі өкіметтің де төменнен жасалған қысымға
қатты бағынышты болмауы жағын да қарастыратын
реттерді ойластырды.
Тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі
төмендегідей 6 негізгі ережелерден тұрады:
1.Барлық штаттар тең құқыққа ие болады.
Жалпы халыктық үкімет бұлардың бірде-біреуіне
арнайы жеңілдіктер бере алмайды.
2. Басқарудың үш органы жүзеге асады. Олардың
бірі — заңдар шығару үшін, екіншісі —
оны орындау үшін, ал үшіншісі — құқықтық
мәселелерді шешу үшін құрылады.
3. Заң алдында барлық азаматтар тең, бай
да, кедей де, әлеуметтік дәрежесіне қарамай,
өз құқықтарының заңмен қорғалуын талап
ете алады.
4. Үкімет адамдардың емес, заң өкіметі
болуы тиіс. Заңнан жоғары ешкім де, ешнәрсе
де жоқ. Бірде-бір өкімет қызметкерінің
билікті конституция немесе занда рұқсат
етілгеннен өзге жағдайда пайдалануына
болмайды.
5. Халық конституцияны өзгерте отырып,
үкімет билігін өзгерте алады.
6. АҚШ аумағында АҚШ-тың конституциясы,
конгресс заңдары мен келісім-шарттары
ең жоғары зандар болып табылады.
Парламенттік республикада ең алдымен
мемлекеттік биліктің жоғары органдары
жүйесінде парламенттің үстемдік ету
сипаты
Басқарудың аралас нысандары. Басқарудың
мұндай нысанында парламенттік те және
президенттік республиканың да белгілері
болады. Осындай басқару нысанына ие Франция
Республикасы. Бұл елдің Конституциясына
сәйкес елдің жоғары лауазымды басшысы
Президент. Францияда 1962 жылы Президентке
тікелей сайлау енгізілген. Мемлекет басшысы
тарапынан үкімет құрылады әрі ел тек
президент алдында ғана жауап береді.
Президент өкіметті басқаруды жүзеге
асырады; Премьер-министр тек министрлер
кеңесі қарайтын құжаттарды даярлауды
қамтамасыз етеді.
Сол секілді басқарудың басқа да аралас
нысандары кездеседі. Мысалы, монархия
және республика элементтерінің аралас
түрі. Малайзия мемлекеті басшысы — монарх
9 штаттан, сұлтандар арасынан 5 жылға (Малайзия
федерациясында 13 штат бар, оның 9-ын мүрагерлік
жолмен сұлтандар басқарады. Бұл елдегі
монархтың ресми аталуы: Янгди-Петруан
Агонг) сайланады. Монарх Парламент алдында
жауапты премьер-министр мен министрлерді
тағайындайды, Парламент екі палатадан:
өкілдік палатасы (177 депутат) және сенаттан
(58 мүшеден) тұрады. Өкілдік палатасына
депутатгар тұрғандар тарапынан, ал сенаторлардың
26-сы (әр тараптан 2 адамнан) сайлау жолымен
сайланады, ал қалғандарын мемлекет басшысы
тағайындайды. Монахтың парламентті таратуға
не өзі отставкаға кетуіне құқы бар.
Мемлекеттік құрылым нысандары негізінең
екі түрде: унитарлық (біртұтас) және федерртивтік
(құрама) болады.
Унитарлық мемлекеттер қатарына: Бельгия,
Греция, Эстония, Қырғызстан Республикасы,
Түркменстан, Украина, Армения, Жапония,
Польша, т.б. жатады. Унитарлық елдер төмендегі
негізгі сипаттарымен ерекшеленеді: конституция
бірлігі; мемлекеттік биліктің жоғары
органдарының бірыңғай жүйесі; азаматтық
бірлігі; құқықтық жүйе бірлігі; сот жүйесінің
бірлігі; мемлекеттік рәміздерінің бірлігі;
унитарлық мемлекет аумағы тәуелсіз мемлекет
сипаттарына ие емес әкімшілік-аумақтық
жеке бірліктерге (жергілікті басқару
органдары мемлекеттің орталық органдарына
бағындырылған) бөлінеді.
Сол секілді басқа да унитарлық мемлекеттер
(Ұлыбритания, Испания, Италия, Дания, Финляндия)
бар. Олардың мемлекеттік құрылымы елінің
кейбір аумақтарында автономиялы әкімшіліктері
болуымен ерекшеленеді. Атап айтқанда,
Ұлыбритания құрамына Шотландия мен Солтүстік
Ирландия енеді, олар шектеулі автономиялық
құқықтарды пайдаланады. Шотландия өзіне
керегінде өзінің құқықтық және соттық
жүйесіне өзі ие әрі өз шіркеуі бар. Ал,
Солтүстік Ирландияға аумақтық жартылай
автономиялы құқық берілген, ол өзінің
екі палатадан: кауымдық палата (52 мүшесі
бар, олар 5 жыл мерзімге тікелей дауыс
беру арқылы сайланады) және сенаттан
(қауымдық палата сайлайтын 26 мүшеден),
кабинеттен (премьерминистр бастаған
8 министр) тұрады. Солтүстік Ирландияда
атқарушы билікті губернатор атқарады.
Барлық конституциялар мемлекеттін республикалық
немесе монархиялық басқару нысаның белгілейді
және бекітеді.
Бұл сұрақ бойынша конституциялық ұйғарымдар
әр түрлі болуы мүмкін. АҚШ конституциясы
бүкіл одақты басқару нысаны туралы ештене
айтпайды, бірақ штаттар үшін республикалық
басқару нысаның бекітеді: «Осы одақтағы
әр штатқа құрама штаттар республикалық
басқару нысанын қамтамасыз етеді...» (5
б.4 тарау) Конституциялар мемлекеттік
құрлым нысанын-унитаризм немесе федерацияны
орнатады және бекітеді, дегенмен негізгі
заңның мәтінінде тікелей ол туралы ұйғарылымның
болмауыда мүмкін (Франция, Жапония). Конституцияда
мемлекеттік құрылым нысаны туралы үнсіздіктін
болуы унитаризм екендікті білдіреді.
Дегенмен федеративті мемлекеттерде де
«федерация» термині кездесе бермейді.
Бір қатар конституцияларда синонимдер
қолданылады. Мысалы, АҚШ және Индия конституциялары
Одақ туралы айтады, ал Австрия конституциясы
«Одақтық мемлекет» терминің мазмұндайды.
Барлық конституциялар қай нысанда болмасын
азаматтар мен қол астындағылардың демократиялық
бостандықтарын жариялайды және бекітеді.
әдетте негізгі заңның мәтінің өзінде
осындай тарау немесе бөлімдер бар. Жаңа
конституцияларда, әсіресе латынамерикандық-
Мұндай конституциялар қатарына АҚШ, 1958ж. Франция және кейбір франко тілдес Африка мемлекеттерінің конституциясы жатады.Барлық конституциялар жоғарғы мемлекеттік билік органдарының жүйесінұйымдастыру қағидасын және оның жүйесіне бағыныштылардың қызмет тәртібін белгілейді. Олардың қатарына мемлект басшысы, үкіметжәне парламент кіреді.
Сонымен қатар конституцияларда сайлау,
референдум және заңшығарушылық сияқты
маңызды саяси үрдістарді реттеу негіздері
бекітіледі.
Конституциялармен
реттелетін сұрақтар шеңбері әр алуан.
Бірақта белгілі жақындау денгейі мен жалпы заңдылыққа
шығуға болады, әдетте ескі конституциялар
жалпыланған сипатта болады. Бұған мысал ретінде
болып, өзінде тек Одақ және штат арасындағы
құзыретті бөлу және орталық мемлекеттік
билікті ұйымдастырудын жалпы қағидаларын
мазмұндайтын АҚШ конституциясы табылады.
Қолданылған Әдебиеттер:
1) Мишин Е.А. Конституционное право зарубежных стран. М. Белые альвы, 2000 г.
2) Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. Учебник., 2-е изд.,
перераб. М.: Юрист, 2000. 600 с.
3) Конституция зарубежных стран. М. Юрид.лит.2001г.
Информация о работе Шет елдердегі парламенттік монархияның ұғымы