Өсиет бойынша мұрагерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 18:49, реферат

Описание

Өсиет бойынша мұрагерлік - азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды. Азамат өзінің барлық, мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................... 3
Өсиет бойынша мұрагерлік туралы түсінік..................................4
Нотариатта куәландырылған мұрагерлік......................................7
Өсиеттің жарамсыздығы................................................................10
Қорытынды..................................................................................….......12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................13

Работа состоит из  1 файл

осиет бойынша мурагерлик жиберу.doc

— 107.50 Кб (Скачать документ)

   Егер  нотариат куәландырған өсиет куәнің қатысуымен жасалса, өсиетте куәнің аты, тегі және тұрақты тұратын жері көрсетілуі тиіс. Осындай мәліметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да енгізілуі тиіс. Өсиет қалдырушының тілегі бойынша нотариус өсиеттің мазмұнымен таныспай-ақ оны куәландырады. (құпия өсиет). Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупімен, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қол қойылуға, екі куәнің және нотариустың қатысуымен ккуәлар қол қоятын конвертке салынып, желімденуге тиіс.

   Нотариус  жоқ елді мекендерде тқұратын адамдардың өсиетін заң актілерінде нотариат әрекеттерін жасауға уәкілдік берілген лауазымды адамдар куәландырады.

   Нотариатта  куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер. Нотариатта куәландырылған өсиеттерге: 1) ауруханалар, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерінде емделіп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердің, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердің директорлары, бас дәрігерлері куәландырған өсиеттері; 2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери емдеу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілер мен басқа адамдардың оыс госпитальдардың, санаторийлердің және басқа да әскери-емдеу мекемелерінің бастықтары, кезекші дәрігерлер куәландырған өсиеттер; 3) жүзу кезңнде Қазақстан Республикасының жалауымен теңіз кемелерінде немесе ішкі жүзу кемелерінде жүрген азматтардың осы кемелердің капитандары куәландырған өсиеттері және тағы басқа да куәландырылған өсиеттерімен теңестіріледі. 4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi; 5) нотариустары және нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан мекендерiндегi әскери қызметшiлердiң өсиеттерi, сондай-ақ осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң де әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi; 6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi теңестiрiледi.

   Талап қойылған өсиет  қатысты мұра алуды  белгiлi бiр талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады.

   Мұрагерлiктiң мынандай негiздерi бар:

   1. Мұрагерлiк өсиет және заң бойынша  жүзеге асырылады. 

   2. Өсиет қалдырылмаған не бүкiл  мұраның тағдыры айқындалмаған  кезде, сондай-ақ осы Кодексте  белгiленген өзге де жағдайларда  мұрагерлiк заң бойынша орын  алады.

   Ортақ бiрлескен меншiк болып табылатын мүлiкке мұрагерлiк мынандай жағдайлармен қарастырылады:

   1. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушының  қайтыс болуы оның меншiктегi үлесiн  айқындау және ортақ мүлiктi бөлу  не осы Кодекстiң 218-бабында белгiленген тәртiппен одан қайтыс болған қатысушының үлесiн бөлiп шығару үшiн негiз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне, ал мүлiктi заттай бөлу мүмкiн болмаған кезде - үлестiң құнына қатысты ашылады.

   2. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушы ол қайтыс болғаннан кейiн осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын ортақ мүлiктегi өз үлесiне өсиет қалдыруға құқылы.

   Өсиет қалдырушы  өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болған, оны  қабылдамаған не одан бас тартқан немесе тәртiппен лайықсыз мұрагер ретiнде мұрагерлiктен шеттетiлген жағдайда, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагер тағайындай алады (мұрагердi қосымша тағайындау).

   Азаматық Кодекстiң 1044-бабына сәйкес мұрагер бола алатын кез келген адам қосымша тағайындалған мұрагер болуы мүмкiн.

     Өсиет бойынша мұрагердiң қосымша  тағайындалған мұрагерге пайдасы  тимейтiн бас тартуына жол берiлмейдi.

   Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгi мұрагерлiкке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлiнедi.

   Бұл мұрагерлердiң қатарына заң бойынша  мүлiктiң басқа бөлiгi өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кiредi.

   Өсиет оның жасалған жерi мен уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс.

   Мыналар:

   1) нотариатта куәландырылған өсиеттер;

   2) нотариатта куәландырылғандарға  теңестірiлетін өсиеттер тиiсiнше  ресiмделген болып танылады.

   Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет.

   Егер  өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша оған нотариустың  немесе өсиеттi куәландырушы басқа  адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзi қол қоя алмауының себебiн көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкiн.

   Қазақстан Республикасы заңының ережелерiне сәйкес өсиеттi жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезiнде куәлар қатысуға тиiс болған жағдайларда:

   1) нотариус немесе өсиеттi куәландыратын  өзге адам;

   2) пайдасына өсиет жазылған немесе  өсиет қалдырудан бас тартылған  адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелерi мен шөберелерi, сондай-ақ өсиет қалдырушының  заң бойынша мұрагерлерi;

   3) толық әрекетке қабiлеттiлiгiн  иеленбейтiн азаматтар; 

   4) сауатсыз және өсиеттi оқуға қабiлетсiз  басқа да адамдар; 

   5) жалған жауап бергенi үшiн соттылығы  бар адамдар куә бола алмайды,  сондай-ақ өсиет қалдырушының  орнына өсиетке қол қоя алмайды.

   Өсиеттiң күшiн  мына кезде жоюға және оны өзгертуге болады:

      Өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.

      Өсиеттiң  күшi:

          нотариат  кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң  толық күшiн жою туралы өтiнiш  беру;

          жаңа  өсиет жасау жолымен жойылуы  мүмкiн.

      Өсиет:

          нотариат  кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң белгiлi бiр бөлiгiн өзгерту туралы өтiнiш беру;

          бұрын жасалған өсиетті бөлiктерi бойынша  өзгертетiн жаңа өсиет жасау жолымен  өзгертiлуi мүмкiн.

Бұрын жасалып, кейiнгi өсиет арқылы толық  немесе iшiнара күшi жойылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезегiнде соңғысының күшiн жойса немесе өзгертсе, қалпына келтiрiлмейдi.

   Нотариустың, өсиеттi куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың  мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күшi жойылуына немесе өзгертiлуiне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ. 
 
 
 
 
 
 
 

   Өсиеттiң  жарамсыздығы 

   Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиеттi жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландырудың тәртiбiнiң бұзылуы салдарынан өсиеттi жарамсыз деп танудан мүлiктiк зардап шеккен адамның талабы бойынша өсиет жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

   Eгep сот мұра қалдырушының өз еркін  білдіруін түсінуге әсер етпейді  деп белгілесе, өсиетті жасау,  қол қою немесе оны растау  кезінде жіберілген емле қателері  және техникалық сипаттағы басқа  да елеусіз қателер өсиетті  жарамсыз деуге негіз бола алмайды.

   Өсиеттегi жекелеген өкiмдердiң жарамсыздығы өсиеттiң қалған бөлiгiнiң жарамдылығын қозғамайды.

   Өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда, осы  өсиет бойынша мұрадан айрылған мұрагер, заң бойынша мұра алу  құқығына ие болады.

   Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебiнен өсиеттiк бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бiр немесе бiрнеше адамның (бас тартылушылардың) пайдасына қандай да болсын мiндеттеменi (өсиеттiк бас тарту) орындауды жүктеуге құқылы.

   Заң бойынша мұрагерлер қатарына кiретiн адамдар да, кiрмейтiн адамдар да бас тартылушылар (легатарийлер) болуы мүмкін.

   Өсиеттiк  бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудiң  құрамына кiретiн заттарды бас тартылушының меншiгiне, пайдалануына немесе өзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кiрмейтiн мүлiктi беру, ол үшiн белгiлi бiр жұмысты орындау, оған белгiлi қызмет көрсету және т.б. болуы мүмкiн.

   Өсиет қалдырушы өсиеттiк бас тартуды  жүктеген мұрагер, оны тек оған ауысқан  мұраның шын мәнiндегi құны шегiнде  және мұра қалдырушы қарыздарының өзiне артылған бөлiктерiн шығарып тастап орындауға тиiс.

   Егер  өсиеттiк бас тарту жүктелген  мұрагердiң мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы болса, оның бас тартуды орындау  мiндетi өзіне ауысқан мұраның  оның міндетті үлесінің құнынан асатын құнымен шектеледi.

   Егер  өсиеттiк бас тарту барлық немесе бiрнеше мұрагерге жүктелсе, өсиетте  өзгеше көзделмесе, ол мұрагерлердiң  әрқайсысына мұрадағы үлесiне мөлшерлес  салмақ салады. Тұрғын үй немесе өзге де тұрғын үй-жай ауысатын мұрагерге  өсиет қалдырушы тұрғын үй-жайды немесе оның белгiлi бiр бөлiгiн басқа адамға өмiр бойы пайдалануға беру мiндеттемесiн жүктеуге құқылы. Тұрғын үй-жайға меншiк құқығы кейiннен ауысқан жағдайда өмiр бойы пайдалану құқығы күшiн сақтайды.

   Өмiр  бойы пайдалану құқығы иелiктен айырылмайды, берiлмейдi және бас тартылушының мұрагерлерiне ауыспайды.

   Бас тартылушыға берiлген өмiр бойы пайдалану  құқығы, егер өсиетте өзгеше көрсетiлмесе, оның отбасы мүшелерiнiң тұруына  негiз болмайды.

   Өсиеттiк  бас тарту жүктелген мұрагер  қайтыс болған жағдайда немесе ол мұраны қабылдамаған жағдайда өсиеттiк бас тартуды орындау оның үлесiн алған басқа мұрагерге, не мүлiк иесiз қалса, мемлекетке ауысады.

   Өсиеттiк  бас тарту мұра ашылғанға дейiн  немесе ашылғаннан кейiн бас тартылушы  қайтыс болған жағдайда, бiрақ өсиет бойынша мұрагер оны қабылдап үлгерген кезге дейiн орындалмайды.

   Бас тартылушы мұра қалдырушының борыштары  үшiн жауап бермейдi.

   Өсиет қалдырушы  өсиеттi орындауды мұрагер болып  табылмайтын, өсиетте өзi көрсеткен  адамға (өсиеттi орындаушыға), өсиет  жүктелген өкiлге тапсыра алады. Бұл адамның өсиеттi орындаушы болуға келiсiмi оның не өсиеттiң өзiне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берiлген өтiнiште көрсетiлуге тиiс.

   Егер  өсиетте оның орындаушысы көрсетiлмесе, мұрагерлер өзара келiсiм бойынша  өсиеттi орындауды мұрагерлердiң бiрiне не басқа адамға тапсыруға құқылы. Мұндай келiсiмге қол жетпеген жағдайда бiр немесе бiрнеше мұрагердiң талап етуiмен өсиеттi орындаушыны сот тағайындауы мүмкiн.

   Өсиеттi орындаушы өсиет бойынша мұрагерлердi бұл жөнiнде күнi бұрын хабардар етiп, өзiне өсиет қалдырушы жүктеген мiндеттердi атқарудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Өсиеттi орындаушы өз мiндеттерiнен мұрагерлердiң арызымен соттың шешiмi бойынша да босатылуы мүмкiн.

   Өсиеттi орындаушы:

   1) мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асыруға;

   2) мұраның өз пайдасына ашылуы  туралы барлық мұрагерлер мен  бас тартылушыларды хабардар  ету үшiн мүмкiн болған барлық  шараларды қолдануға; 

   3) мұра қалдырушыға тиесiлi ақша  сомасын алуға; 

   4) мұра қалдырушының еркi мен  заң актiлерiне сәйкес мұрагерлерге өздерiне тиесiлi мүлiктi беруге;

   5) мұрагерлердiң оларға жүктелген  өсиеттiк бас тартуды орындауын  қамтамасыз етуге; 

   6) өсиеттiк жүктеудi атқаруға не  өсиет бойынша мұрагерлерден  өсиеттiк жүктеудi атқаруды талап етуге;

   7) мұраны борыштардан тазартуға тиiс.

   Өсиеттi орындаушы өз атынан сот iстерiне және мұраны басқару мен өсиеттi орындауға  байланысты басқа iстерге араласуға  құқылы, сондай-ақ мұндай iстерге қатысуға тартылуы мүмкiн. Өсиеттi орындаушы  мұраны борыштардан тазарту, мұра қалдырушыға тиесiлi сомаларды өндiрiп алу және барлық мұрагерлердiң мұраны иеленуге кiрiсуi үшiн қажеттi қисынды мерзiм iшiнде өз қызметiн жүзеге асырады.

Информация о работе Өсиет бойынша мұрагерлік