Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 18:28, реферат

Описание

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дайындаушы – өткізу үшін тауар өндіретін жеке немесе заңды тұлға;
2) жарамдылық мерзімі – бітуіне қарай тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңі;
3) жұмыс – тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері материалдық сипатқа ие қызмет;

Работа состоит из  1 файл

зан.doc

— 140.50 Кб (Скачать документ)

30-бап. Сатушының (дайындаушының) тиісті сападағы 
              да, тиісті емес сападағы да тауарды сату 
              кезіндегі міндеттері     

1. Мыналарды: 
      дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды; 
      іш киімді; 
      шұлық-ұйық бұйымдарын; 
      жануарлар мен өсімдіктерді қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түлік емес тауар пайдалануда болмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды иелену фактісін растайтын құжат, егер шартта бұдан да ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сақталса, сатушы (дайындаушы) оны айырбастап беруді немесе қайтарып алуды қамтамасыз етуге міндетті. 
      Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалып қалса немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмесе, егер тұтынушы тауарды осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды айырбастап беру немесе қайтарып алу жүргізілуге тиіс. 
      2. Тұтынушы тауардан кемшіліктер тапқан және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда сатушы (дайындаушы) – оны дереу ауыстыруға, ал сатушының (дайындаушының) тауар сапасын қосымша тексеруі қажет болған кезде тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті. 
      Тауарды (жиынтықтаушы бұйымды) ауыстыру кезінде, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілді мерзім оны тұтынушыға берген күнінен бастап қайта есептеледі. 
      3. Егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тұтынушының келісімі бойынша сатушы (дайындаушы) тауардан табылған кемшіліктерді тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде жоюға тиіс. 
      Тауардағы кемшіліктер жойылған жағдайда кепілді мерзім тауар пайдаланылмаған мерзім ішіндегі уақытқа ұзартылады. Көрсетілген уақыт тұтынушы кемшіліктерді жою туралы талаппен жүгінген күннен бастап тұтынушының талабы орындалған кезге дейін есептеледі. 
      4. Сатушы (дайындаушы) кепілді мерзімін белгілемеген тауарға қатысты, не осы Заңның 17-бабы 2-тармағының төртінші абзацында көзделген жағдайда және тәртіппен, егер тұтынушы тауардың кемшіліктері тұтынушыға берілгенге дейін пайда болғанын немесе сол кезге дейін пайда болған себептерден туындағанын дәлелдесе, тауардың кемшіліктері үшін сатушы (дайындаушы) жауап береді. 
      Сатушы (дайындаушы) сатылған (дайындалған) тауардың кемшіліктері үшін олар жөнінде өзі білмеген жағдайда да жауап береді. Сатушыны (дайындаушыны) жауапкершіліктен босату туралы немесе оны шектеу туралы келісім жарамсыз болады. 
      5. Сатушы (дайындаушы) кепілді мерзімін белгілеген тауарға қатысты, сатушы (дайындаушы) егер тауардағы кемшіліктер оларды тұтынушыға бергеннен кейін тұтынушының тауарды пайдалану немесе оны сақтау ережелерін бұзуы не үшінші бір тұлғалардың іс-әрекеті немесе еңсерілмейтін күштің салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, тұтынушының талаптарын қанағаттандыруға міндетті. 
      6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін тауар (жұмыс) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді. 
      7. Тұтынушыға тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтарып беру кезінде сатушы (дайындаушы) одан тауарды толық немесе ішінара пайдаланғандықтан, оның тауарлық түрін жоғалтуынан немесе басқа да осы сияқты мән-жайлардан тауардың құны төмендеген соманы ұстап қалуға құқылы емес. 
      Кемшіліктері бар тауарды дәл сондай маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстырған кезде бағасын қайта есептеу жүргізілмейді. 
      Шартты бұзған кезде тұтынушымен есеп айырысу тауардың бағасы көтерілген жағдайда - оның шартты бұзған кездегі бағасының негізінде, ал бағасы төмендеген жағдайда тауардың сатып алу кезіндегі бағасының негізінде жүргізіледі. 
      Кемшіліктері бар тауарды басқа маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстырған кезде, егер ауыстыруға жататын тауардың бағасы ауыстырылып берілген тауардың бағасынан төмен болса, тұтынушы баға айырмашылығын төлеуге тиіс. Тұтынушы қосымша ақы төлеуден бас тартқан жағдайда тараптар шартты бұзып, тұтынушыға сатып алынған тауарға төленген ақшалай сома қайтарылады. Ауыстыруға жататын тауардың бағасы ауыстырылып берілген тауардың бағасынан жоғары болған жағдайда, баға айырмашылығы тұтынушыға төленеді. Көрсетілген есеп айырысуларда ауыстыруға жататын тауардың бағасы көтерілген жағдайда – оның талап қойылған кездегі бағасы, ал бағасы төмендеген жағдайда сатып алу кезіндегі бағасы қолданылады. 
      8. Сатушы (дайындаушы) тұтынушыға тиісті емес сападағы тауарды жеткізуге және (немесе) қайтарып беруге байланысты шығыстарды өтеуге міндетті. 
      9. Сатып алынатын тауарға ақы төлеу нысаны тұтынушы мен сатушы (дайындаушы) арасындағы келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады.      

31-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауардың 
              (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері 
              салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына 
              және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды 
              (зиянды) толық көлемде өтеу жөніндегі міндеттері      

1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауардағы (жұмыстағы,  көрсетілетін қызметтегі) құрастыру,  рецептілік немесе өзге де  кемшіліктер салдарынан не тауар  (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы  толық емес, дұрыс емес немесе  уақтылы берілмеген ақпарат салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге міндетті, сондай-ақ талап берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұтынушыға зиянды өтеу туралы жауап беруге не тұтынушының талаптарын қанағаттандыру үшін тиісті шаралар қолдануға тиіс. 
      Оның кінәсіне және тұтынушының онымен шарттық қатынастарда болғандығына немесе болмағандығына қарамастан, келтірілген зиян сатушының (дайындаушының, орындаушының) өтеуіне жатады. 
      2. Тауардағы (жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі) кемшілік фактісі расталған жағдайда сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарға (жұмысқа, көрсетілген қызметке) сараптама жүргізумен байланысты тұтынушыға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне, қауымдастықтарға (одақтарға) келтірілген шығыстарды толық көлемде өтеуге міндетті. 
      3. Тауардағы кемшіліктерден және тауардың қауіпсіздік нормаларының бұзылуынан туындаған зиян, егер ол тауардың белгіленген жарамдылық мерзімі (қызмет ету мерзімі) ішінде келтірілген болса – өтелуге, ал егер жарамдылық мерзімі (қызмет ету мерзімі) белгіленбесе – тауар өндірілген күннен бастап он жыл ішінде өтелуге тиіс. 
      Тауардағы кемшіліктер салдарынан келтірілген зиянды тұтынушының таңдауы бойынша тауарды сатушы немесе дайындаушы өтеуге тиіс. 
      Жұмыстағы немесе көрсетілген қызметтегі кемшіліктер салдарынан келтірілген зиянды олардың орындаушысы өтеуге тиіс. 
      4. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) зиянның үшінші тұлғалардың әрекеттері не еңсерілмейтін күш немесе тұтынушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) пайдаланудың, сақтаудың белгіленген ережелерін бұзуы салдарынан келтірілгеніне дәлелдер ұсынған кезде жауапкершіліктен босатылады.     

32-бап. Дайындаушының (орындаушының) тауардың жарамдылық 
              мерзімін, сақтау мерзімін және қызмет ету 
              мерзімін белгілеу жөніндегі міндеттері     

1. Қазақстан  Республикасының техникалық реттеу  туралы заңнамасына сәйкес дайындаушы  тұтынушылық қасиеттері уақыт  өте келе нашарлауы мүмкін  тауарлардың жарамдылық мерзімін және (немесе) сақтау мерзімін белгілеуге міндетті. 
      2. Сатушы (дайындаушы) жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі белгіленген тауарларды тұтынушыға оларды жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі өткенге дейін мақсатына сай пайдалана алатындай етіп беруге міндетті. 
      3. Тауардың жарамдылық мерзімі тауар әзірленген кезден бастап есептеледі. Егер әзірлеу кезі мен пайдалануға дайын болу кезі сәйкес келмесе, тауардың жарамдылық мерзімі пайдалануға дайын болу кезінен бастап қолданыла бастайды, ол жөнінде тұтынушы хабардар етілуге тиіс. Белгіленген жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі өткеннен кейін тауарды, сондай-ақ жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі белгіленуге тиіс, бірақ олар белгіленбеген тауарды өткізуге тыйым салынады. 
      4. Белгіленген мерзімінен тыс пайдаланылуы тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға қауіпті болып табылатын тауарлардың қызмет ету мерзімі белгіленеді.     

33-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) 
              иелігінде бақылау-кассалық машинаның және 
              омырау карточкасының болуы міндеттері     

1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) бақылау-кассалық машинаны  Қазақстан Республикасының салық  заңнамасында көзделген тәртіппен  және жағдайларда қолдануға міндетті. 
      Сатушы (дайындаушы, орындаушы) бақылау-кассалық машиналары тұрған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі және бақылау-кассалық машиналарын қолданудың тәртібі бұзылған жағдайда оның салық органына жүгіну құқығы туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастырады. 
      2. Сатушы тауарды сату (жұмысты орындау жөніндегі, қызмет көрсету жөніндегі) жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғада оның тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) жазылған және фотосуреті бар омырау карточкасының (бейджінің) болуын қамтамасыз етеді.

5-тарау. ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ (ҚЫЗМЕТ  КӨРСЕТУ)     

34-бап. Жұмысты орындау (қызмет  көрсету) мерзімдері     

1. Егер Қазақстан  Республикасының заңдарында өзгеше  белгіленбесе, орындаушы жұмысты орындау (қызмет көрсету) туралы шартта белгіленген мерзімде жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) міндетті. 
      2. Шартта жұмысты орындаудың (қызмет көрсетудің) бастапқы және түпкілікті мерзімдері, сондай-ақ жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері (аралық мерзімдер) айқындалуы мүмкін. 
      Егер жұмыс (көрсетілетін қызмет) шарттың қолданылуы мерзімі ішінде бөліп орындалатын (көрсетілетін) болса (мерзімді басылымды жеткізу, техникалық қызмет көрсету), жұмысты орындаудың (қызмет көрсетудің) аралық мерзімдері көзделуге тиіс. 
      3. Жұмысты орындаудың (қызмет көрсетудің) шартта көрсетілген бастапқы, түпкілікті және (немесе) аралық мерзімдері тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін. 
      4. Егер орындаушы жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзімдерін – жұмысты орындауды (қызмет көрсетуді) бастау және (немесе) аяқтау мерзімдерін және жұмысты орындаудың (қызмет көрсетудің) аралық мерзімдерін бұзса, оны мерзімінде аяқтау анық мүмкін болмаса, онда тұтынушы шарттан бас тартуға және залалдарды өтеуді талап етуге құқылы. 
      Егер жұмысты орындау кезінде оның тиісті дәрежеде орындалмайтыны айқын болса, тұтынушы кемшіліктерді жою үшін орындаушыға жаңа мерзім тағайындауға және осы талапты белгіленген мерзімде орындаушы орындамаған кезде шарттан бас тартуға не жұмысты орындауды орындаушы есебінен үшінші тұлғаға тапсыруға, сондай-ақ залалды өтеуді талап етуге құқылы. 
      Егер орындаушы жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзімдерін өткізіп алу еңсерілмейтін күш салдарынан немесе тұтынушының кінәсінен болғанын дәлелдесе, тұтынушының осы тармақта белгіленген талаптары қанағаттандырылуға жатпайды. 
      5. Орындаушы жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) кірісуге және оны аяқтауға тиісті, тұтынушының тағайындаған жаңа мерзімдері шартта көрсетіледі. 
      Тағайындалған жаңа мерзімдер күнтізбелік он күннен астам уақытқа өткізіп алған жағдайда тұтынушы осы баптың 4-тармағында белгіленген өзге де талаптарды қоюға құқылы. 
      6. Жұмыс (қызмет көрсету) уақтылы орындалмаған жағдайда шартты бұзған кезде орындаушының жұмысты орындау (қызмет көрсету) процесінде өзінің жұмсаған шығындарын өтеуді, сондай-ақ орындалған жұмысқа (көрсетілген қызметке) ақы төлеуді талап етуге құқығы жоқ.     

35-бап. Тұтынушының орындалған  жұмыстан (көрсетілген 
              қызметтен) кемшіліктер табылған кездегі құқықтары      

1. Тұтынушы  орындалған жұмыстан (көрсетілген  қызметтен) кемшіліктер табылған  кезде өз таңдауы бойынша: 
      1) орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді өтеусіз жоюды; 
      2) орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін сыйақыны тиісті мөлшерде азайтуды; 
      3) сапасы дәл сондай біртектес материалдан басқа затты өтеусіз жасап беруді немесе жұмысты қайта орындауды (қайта қызмет көрсетуді); 
      4) тұтынушылардың кемшіліктерді жою құқығы шартта көзделгенде, оларды жоюға арналған өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы. 
      2. Егер орындаушы орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаса не егер жұмыста (көрсетілетін қызметте) шарт талаптарынан ауытқулар немесе жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) өзге де кемшіліктер айтарлықтай және жойылмайтындай болса, тұтынушы шартты бұзуға және залалды өтеуді талап етуге құқылы. 
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар – жұмысты (қызметті) қабылдаған кезде немесе оны орындау (көрсету) не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер ішінде пайдалану барысында кемшіліктер табылған жағдайда, ал жұмысты (көрсетілетін қызметті) қабылдаған кезде кемшіліктерді табу мүмкін болмаған жағдайда – кепілді мерзім ішінде, жасырын кемшіліктер табылған жағдайда – бір жыл ішінде, ғимараттармен және құрылыстармен байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ жұмыс түріне қарамастан – орындаушы қасақана жасырған кемшіліктерге қатысты жұмыстарды қабылдап алу күнінен бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін. 
      Жұмыстың (көрсетілген қызметтің) тұтынушының өзінің және басқа да адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін кемшіліктерін өтеусіз жою туралы талапты тұтынушы немесе оның құқық мирасқоры жұмысты (көрсетілген қызметті) қабылдаған кезден бастап үш жыл ішінде қоюы мүмкін. 
      Мұндай талап бұл кемшіліктердің қашан табылғанына қарамастан, оның ішінде кепілді мерзімі аяқталғаннан кейін анықталған кезде де қойылуы мүмкін. 
      4. Жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) оны орындау (көрсету) барысында табылған кемшіліктер және орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктер, егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде жойылуға тиіс. 
      Кемшіліктерді жоюдың тұтынушы тағайындаған немесе тараптармен келісілген мерзімі шартта жазылады. 
      5. Жұмысты орындауды (қызмет көрсетуді) бастау және аяқтау мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) кемшіліктерді жою мерзімдерін бұзғаны үшін орындаушы, егер шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мерзімін өткізіп алудың әрбір күні үшін жұмыс (көрсетілетін қызмет) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге тиіс.     

36-бап.  Жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) 
              арналған смета     

1. Шартта көзделген жұмыстарды  орындауға (қызметтерді көрсетуге)  смета жасалуы мүмкін. 
      Егер тұтынушы немесе орындаушы талап етсе, сметаны жасау міндетті болып табылады. 
      2. Егер тұтынушы жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) келісім бермесе немесе орындаушыға осындай жұмыстарды орындауды (осындай қызметтер көрсетуді) тапсырмаса, орындаушының олар үшін және сметаға енгізілмеген қосымша шығыстар үшін ақы төлеуді талап етуге құқығы жоқ. 
      Егер сметаны арттыру қажеттігі туындаса, орындаушы ол жөнінде тұтынушыны дереу ескертуге тиіс. Бұл жағдайда тұтынушы сметаға сәйкес орындалған жұмысқа (көрсетілген қызметке) қатысты өзі жұмсаған шығыстарды орындаушыға өтей отырып, шарттан бас тартуға құқылы. 
      Егер орындаушы сметаны арттыру туралы тұтынушыға ескертпесе, ол сметадан тыс шығыстарды өтеуді талап етпей, жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) міндетті.      

37-бап.  Жұмысты орындаушының материалынан  орындау     

1. Егер тұтынушы жұмысты  өз материалынан орындауды талап  етпесе, орындаушы шартта айқындалған  жұмысты өз материалынан және  өз қаражаты есебінен орындайды. 
      Жұмысты өз материалынан орындайтын орындаушы оның тиісті сапасы үшін жауапты болады. 
      2. Егер тараптардың келісімінде орындаушының материалдары үшін есеп айырысудың өзгеше тәртібі көзделмесе, тұтынушы шарт жасасу кезінде толық мөлшерде немесе тұтынушы орындалған жұмысты орындаушыдан алған кезде түпкілікті есеп айырыса отырып, шартта көрсетілген мөлшерде орындаушының материалына ақы төлейді. 
      Шартта көзделген жағдайларда орындаушы материалды кредитке беруі мүмкін. Кредитке берілген материал құнының кейіннен өзгеруі қайта есептеуге әкеп соқпайды.     

38-бап.  Жұмысты тұтынушының материалынан орындау     

1. Егер жұмыс толық  немесе ішінара тұтынушының материалынан  орындалатын болса, орындаушы  сол материалдың сақталуына, оның  дұрыс пайдаланылуына жауапты  болады. 
      2. Орындаушы: 
      1) тұтынушыны оның берген материалының жарамсыздығы немесе сапасыздығы туралы ескертуге; 
      2) материалдың жұмсалғандығы туралы есеп беруге және оның қалдығын қайтаруға міндетті. 
      3. Орындаушы тұтынушыдан қабылдап алынған материалды жоғалтқаны және бүлдіріп алғаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауап береді. 
      Орындаушыға берілетін материалдың құнын тұтынушы шартта немесе оны иеленуді (сатып алуды) растайтын өзге құжатта (түбіртекте, тапсырыста) айқындайды. 
      4. Егер орындаушы тұтынушыны материалдың жоғалуына (бүлінуіне) әкеп соғуы мүмкін айрықша қасиеттері туралы ескерткен болса, орындаушы тұтынушыдан қабылдап алған материалды толық немесе ішінара жоғалтқаны (бүлдіріп алғаны) үшін жауапкершіліктен босатылады. 
      5. Орындаушы тұтынушының нұсқауларын сақтау және тұтынушыға байланысты өзге де мән-жайлар орындалатын жұмыс сапасының өзгеруіне әкеп соғатыны не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтіні жөнінде тұтынушыны уақтылы ескертуге міндетті. 
      Егер тұтынушы орындаушының уақтылы және негізді ескертуіне қарамастан, шартта белгіленген мерзімде жарамсыз немесе сапасыз материалды ауыстырмаса, жұмысты орындау тәсілі туралы нұсқауларын өзгертпесе не жұмыс сапасының өзгеруіне әкеп соғатын өзге де мән-жайларды жоймаса, орындаушы шартты бұзуға құқылы.     

Информация о работе Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы