Құқық бұзушылықтың алдын алу басты - міндет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 12:40, реферат

Описание

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 89.20 Кб (Скачать документ)

Руханилық пен имандылықтың қайта жандануы елдегі криминалдық  жағдаймен тікелей байланысты. Келеңсіз үрдістердің біртіндеп жинақталуы қоғамның, әсіресе зиялылардың сапалық  күйінен көрініс тапты. Мұны қылмыстық статистика талдамасы, автордың зерттеулері көрсетіп отыр. Мысалы, руханилық деңгейді анықтауға және моральдық тиянақтың бар-жоқтығына қатысты сұрақтарға респондент – студенттердің 13,7%-ы әдептілік, өнегелік дегенді ұмытып, өте анайы, дөрекі сөздермен жауап берген. Олардың 15,4%-ы тоталитарлық режимге қайта оралу керек екендігін ашық айтқан.

Ұлттық рухани және имандылық қасиеттерінің қайта  жандануы исламдық этикаға негізделуі тиіс, оның моральдық нормалары жастарды тәрбиелеудің қазіргі тұжырымдамасында өз орнын алуы керек.

Қазіргі тәрбиедегі басты мәселелердің бірі – еркін тәрбие мен мәжбүрлеп тәрбиелеудің шегін анықтау. Педагогикада адам бостандығының дәрежесіне қарай тәрбие процесінде гуманистік және авторитарлық бағыттар бөлініп алынады. Гуманистік бағыт адамды қоғамдық дамудың жоғарғы мақсаты және құндылығы деп қарастырады, ал авторитарлық, керісінше, адамды оның қоғамға қосқан үлесіне қарай бағалайды. Яғни, тәрбиенің қазіргі тұжырымдамасы осы екі бағытты ұстауы тиіс. Мысалы, авторитарлық бағыт, кәмелетке толмаған құқық бұзушылар арасында және олар үшін жабық типтегі мекемелерде оқу ұйымдастырғанда тиімді болар еді.

Сендіру әдісі шегінде авторитарлық педагогиканың тәрбиелік ықпалының әртүрлі тәсілдері, амалдары және құралдары қолданылады: криминалдық ортадағы жалған көзқарастар мен бедел иелерін әшкерелеу; жақын немесе әйгілі адамдарға еліктеуге болатындай келбет жасау; қандай да бір құқыққа қарсы іс-әрекеттің теріс салдарларын, оның психологияға және өнегеге жат жақтарын көрсету.

Ықпал ету өрісіне байланысты (мысалы, санаға, мінезге, көңіл-күйге) тәрбие процесінің әдістері де, амалдары да, тәсілдері де өзгереді. Басқа сөзбен айтқанда, негізінен, құқықтық пікірлерді, білімді, теріс қылықты бағалауды, оң мінездің бағыттылығын және т.б. қалыптастыруға бағытталған әдістер бар. Оларды сананы қалыптастыру әдістері дейді. Және де әдеттерді, таптаурын мінез-құлықты, бір типті реакциялар қалыптастыруға бағытталған әдістер де бар. Оларды мінез-құлықты қалыптастыру әдістері деп атайды. Кейде қосымша деп аталатын, оң мінездің қалыптасуына біршама көмек ететін, көңіл-күймен байланысты да әдістер бар (мадақтау, жазалау, жарысу және т.б.). Автор, бірінші топтың әдістерінің көмегімен кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкері жасөспірімде оң мінез-құлақтың нормалары туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы ұғым қалыптастыра алады деп ойлайды. Екінші топ әдістері кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметінде тәрбиені қолдануды іске асырады. Үшінші топтың әдістерінің көмегімен кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкері тиісті ықпал арқылы құқық бұзушының мінез-құлқын, іс-әрекетін реттей алады, себебі ресми құптау немесе құптамау мінез-құлаққа әсер етеді, құпталған қылық бекітіліп қалады, құптау таппаған іс-әрекет тежеледі. Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері жеке-дара сақтандыру ықпалының нәтижелерін талдауға және бағалауға бағытталған, олар адамның оң мінезінің қалыптасуына жанама әсер етеді.

Жеке-дара сақтандыру ықпалының әдістері мен тәсілдерін қолданудың негізгі ұйымдық-тактикалық нысандарына келесілер жатады: сақтандыру мақсатында әңгімелесу, құқық бұзушының мінез-құлқын ұжымда талқылау, жасы толмағандарды қоғамға пайдалы жұмысқа тарту.

Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі 

1 Ной И.С. Методологические проблемы криминологии. – М., 1999. – 106 с.

2 Советский энциклопедический словарь. – М.: Сов. энц., 1981. – 1029 с.

3 Психология. Педагогика. Этика: учебник для вузов. – М., 1999. – 257 с.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектердің  тізімі 

1 Характеристика социальных условий, влияющих на противоправное поведение // Теоретические и практические вопросы предупреждения преступности: в деятельности правоохранительных органов и институтов гражданского общества: международный опыт и национальная практика Казахстана: мат-лы междунар. науч.-практ. конф. 12-13.10.2006. – Алматы: Казахстанская криминологическая ассоциация, 2007. – Б. 155-159.

2 Криминологическое направление предупреждения противоправного поведения // Повышение правосознания правовой грамотности граждан в условиях развития правового государства и демократизации общества: мат-лы междунар. науч.-теорет.конф. 28.02.2007. – Алматы: Университет им. Д.А. Кунаева, 2007. – Б. 78-81.

3 Жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлықтарын түрлері бойынша талдау // Актуальные проблемы борьбы с преступностью на современном этапе: мат-лы междунар. науч.-практ. конф. 07.06.2008. – Алматы: Академия МВД Республики Казахстан, 2008. – Б. 43-48.

4 Характеристика социальных условий, влияющих на противоправное поведение // Фемида. – 2007. – № 1. – Б. 12-13.

5 Этические направления предупреждения противоправного поведения // Предупреждение преступности. – 2007. – № 1. – Б. 23-25.

6 Құқыққа қарсы мінез-құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы // Тураби. – 2007. – № 3. – Б. 61-63.

7 Құқыққа қарсы мінез-құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы // Заң. – 2007. – № 6. – Б. 20-22.


Информация о работе Құқық бұзушылықтың алдын алу басты - міндет