Қылмыс құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 10:21, реферат

Описание

Қылмыс дегеніміз - жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға қатерлі жасалған әрекет не әрекетсіздік. Бұл қылмыс анықтамасы көптеген Европа елдерінде формальды түрде қолданылады. Ал отанымызда қылмыстық құқық материалды – формальды анықтамаға ие, яғни формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсы екендігіне баса назар аударылса, ал материалды – формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсылығымен бірге оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді. Жоғарыда айтылған сөздерден байқайтынымыз – қылмыстың өзіне тән міндетті бірнеше белгілерінің бар екендігі. Оларға тоқталып кететін болсақ, қылмыс анықтамасының мәні ашылады. Сонымен қылмыстың өзіне тән төрт белгісі бар: 1. қоғамға қатерлі әрекет; 2. құқыққа қайшылық, яғни қылмыстық заңмен тиым салынған әрекеттер; 3. кінәлілік; 4. қылмыстық жазалылық.

Содержание

КІРІСПЕ
І ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ 4
1.1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері 4
1.2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны 5
ІІ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 7
2.1. Қылмыс объектінің ұғымы және түрлері 7
2.2. Қылмыс объективтік жағының түсінігі мен белгілері 9
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13

Работа состоит из  1 файл

Қылмыс құрамы.doc

— 112.50 Кб (Скачать документ)

Заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты жай немесе күрделі болып бөлінеді.Жай қылмыс құрамы – бұл құрам элементтерінің қиындық жоқ құрал. Онда ерікті қылмыс құрмайтын бір ғана әрекетті, тарауды не сатыны сипаттайды, яғни құрам элементтерінің барлығы тек бір-біреуден тұрады.Қандайда болсын құрам элементтерінің қиындығы бар болса, ол күрделі қылмыс құрамы. Мысалы, қарақшылық (яғни бұнда меншікке және меншік иесіне зиян келеді); зорлау (бірнеше әрекеттермен: психикалық не физикалық күш көрсету арқылы, не тұлғаның дәрменсіз халін қолданып жыныстық әрекет жасау); кінәнің екі түрімен (адамның дене мүшелерін трансплантация үшін не басқа жағдайларға пайдалануға мәжбүрлеп көндіру салдарымен абайсызда кісі өліміне әкеп соқса).

Күрделі қылмыс құрамының әр түрлілігі альтернативті  қылмыс құрамы деп аталады, онда қылмыстық әрекеттің (әрекетсіздіктің) бәрнеше нұсқалары көзделеді, олардың әрқайсысы өз алдына қылмыстық жауапкершілікке негіз бола алады, мысалы, заңдылық кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау, заңсыз кәсіпкерлік, тұтынушыларды алдау.

Қылмыстың объективті жағының жіктелуі практикада маңызды орын алады. Сондықтан қылмыс құрамын объективтік жағына қарай үшке бөлеміз: материалды, формальды және келтелік.

Салдарлар қылмыстың  аяқталуының қажетті белгісі  шығатын құрал материалдық қылмыс құрамы деп аталады.

Егер жасаған  әрекеттен салдарлар пайда болмаса, онда ол қылмыс деп танылмайды (мысалы абайсыз әрекеттер) не қол сұғушылық не қылмысқа дайындық деп сараланады (көздеген салдарлар туғызуға бағытталған қасақаналық әрекеттер).

Формальды қылмыс құрамы – бұл қылмыстық заңмен қарастырылған әрекеттіжасау қылмыс аяқталды деп санауға жетерлік құрам. Бұл жерде салдарлар қылмыстық міндетті белгісіне жетпейді. Мысалы, мемлекеттік сатқындық, зорлау. Егер қоғамға қауіпті салдар тұтас болса, олар формальды құрам не квалификациялау белгілерінің қызметін атқарып, жаза тағайындау кезінде есепке алынады. Мысалы, зорлау салдарынан жәбірленуші венералогиялық аурулар жұқтырса.

Заң шығарушы көп жағдайларда  қылмысты аяқтау қылмыстық әрекеттің  алдын ала сатысына, яғни дайындау не қастандыққа жатқызады. Бұндай қылмыстың аяқталуы үшін қылмыстық салдардың да, әрекетті соңына дейін жеткізудің де қажеті жоқ. Бұндай келтелік қылмыс құрамы деп аталады. Мысалы, қарақшылық, бандитизм.

ІІ қылмыс құрамының ерекшеліктері

2.1. Қылмыс объектінің  ұғымы және түрлері

Объект құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан объектіміз заңмен қарастырылған  қылмыс ретінде қоғамдық қауіпті  әрекет белгілі бір объектіге  қол сұғады. Қылмыстық қол сұғу кезінде осы объектіге мәнді  зиян-залал келтіреді. Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқытық табиғатын, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің шегі мен үлгілерін түсінуге көмектеседі.Қылмыстың объектісін белгілеу қылмыстың құрамының бір-бірімен ұқсастығын ажыратуға, қылмыстық әрекеттің қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қылмыс объектісінің белгісі бойынша заң шығарушы қылмыстық-құқықтық нормаларды жүйелендіреді және кодификацияландырады.

Көптеген теоретик ғалымдардың  ойы бойынша қылмыс объектісі болып қоғамдық қатынастар шығады. Қоғамдық қатынастар – жалпы қатынастардың жан-жақты, күрделі түрлерінің бірі. Қатынастар әдістемеде «барлық құбылыстардың қатынасқа түсу кезеңі», — деп түсіндіріледі[6].

Қоғамдық қатынастардың  ерекше сипаты, онда әлеуметтік жол ретінде адамның танылуы. Қоғамдық қатынастардың өзі сипаты бойынша да, құрылымы бойынша да өте күрделі құбылыс болып табылады. Бірақ қоғамдық қатынастардың басты элементтері болып: қоғам, мемлекет және олардың бекітулері, құрылулар және олардың өкілдері, адамдардың бірлестіктері мен ұжымдары, жеке бөлек тұлғалар, материалдық әлемнің пәндерімен әртүрлі үлгіде көрінетін қоғамдық қатынастардың арасындағы байланыстар табылады.

Барлық қоғамдық қатынастар ылмыстық заңмен қорғала  бермейді. Тек қана заң шығарушының көзқарасымен қарағандағы ең құнды деген қоғамдық қатынастарға ғана қорғалады және олардың шеңбері әрқашанда қозғалыста болады. Бұл шеңбер бірқатар жағдайларға байланысты өзгереді (ерекше тарихи шарттар, нақты жағдайлар, уақыт, қоғамға қарсы әрекет не әрекетсіздіктің қауіптілік дәрежесі т.с.с.).

Қылмыстық заңда  қылмыстық қол сұғушылықтан қорғанатын маңызды қоғамдық қатынастар шеңбері  қамтыған. Сондай-ақ Қазақ ССР-ң қылмыстық  кодексінің 7-бабының мазмұнында да қоғамдық қатынастардың қатары айқын көрсетіген, яғни онда «қылмыс деп қоғамдық құрылысқа, саяси және экономикалық жүйеге, меншікке, жеке тұлғаға, жеке тұлғаның саяси, еңбектік, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына, сонымен бірге қоғамдағы құқықтық тәртіпке қарсы қоғамдық қауіпті әрекет не әрекетсіздік» — делінген. Осы айтылған маңызды қоғамдық қатынастарды қорғау қылмыстық заңның міндеті деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында былай деп бекітілген: «Осы кодекстің міндеттері: адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін, меншігін қорғау, ұйымдардың құқығын және заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қоршаған ортаның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасының территориясының бүтіндігін қорғау, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің мүддесін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмысты ескерту». Осы норма мазмұнынан қылмысқа қол сұғушылықтан қорғалатын объектілердің ауқымының кең екенін байқадық. Әрине, болашақта қылмыстық кодексте қылмыстық құқықтың объектілері туралы өз алдына бөлек норма шығарса жақсы болар еді. Мысалы: жеке тұлғаларды қорғау, ұжымдық, қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық мүдделерді қорғау туралы.

Қылмыс объектісін қылмыстық құқықтық реттеу объектісінен ажырата білу керек. Қылмыстық құқық  басқа құқық салалары секілді  ең алдымен құқықтық реттеу объектісі  арқылы өз алдына сала болып танылады.Құқықтық реттеу объектісіне мемлекет атынан қызмет ететін өкілетті органдар мен есі дұрыс белгілі жасқа толған азамат арасындағы қылмыспен жазаланатын әрекет пайда болатын қоғамдық қатынастар жатады[7].

Қылмыс объектісі  болып әртүрлі қоғамдық және мемлекеттік  құрылыстарда, адамдардың өндірістік, қоғамдық, ішкі және өмірлік процесінде құрылатын қоғамдық қатынастар табылады.

Қылмыс объектісінің жалпы түсінігінің сипаты қылмыс объектісінің жіктеу мәселесіне келіп  тіреледі, яғни қылмыс объектісінің түрлеріне  тоқталайық.

Қылмыстық құқық  теориясындағы қылмыс объектісін үш түріге жіктеген: жалпы, топтық және тікелей.

Жалпы объектіге  қылмыстық заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы жатады. Қылмыстың жалпы объектісі қылмыстың  әлеуметтік мазмұнын және оның қоғамғажәне  мемлекетке деген қоғамдық қауіптілігін сипаттайды.

Топтық объект бұл бір немесе барлық қылмысқа емес, тек қылмыстар тобына тән объект. Топтық объект қылмыстар тобы қол  сұғатын біртекті қоғамдық қатынастар. Мысалы, топтық объектіге мыналар  жатады: ұрлық, тонау, қарақшылық, яғни меншікке қарсы қылмыстар; тұлғаның өміріне, денсаулығына бостандығына, ар-намысы мен абыройына қарсы қылмыстар, яғни жеке тұлғаға қарсы қымыстар тобы болып табылады. Бұл топтық объект қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің тарауларында орын алған.

Тікелей объект бұл бөлек бір қылмыстың нақты қоғамдық қатынасқа бағытталуы. Тікелей объект қылмысты саралап, жазасын анықтағанда, бір қылмыстан екінші қылмысты ажыратқанда үлкен маңызға ие.

Қылмыстың тікелей  объектісінде нақты қоғамдық қатынастың сипаты ретінде мүддені алсақ  қателесеміз.

Мүдде қоғамдық қатынас, бірақ оның нақты көрінуі, яғни субъектілердің арақатынасы және мүддесі болмаса, қоғамдық қатынаста  жоқ. Қоғамдық қатынастар қоғамдағы  адамдар арасындағы көп түрлі  байланыстар жиынтығы. Бұл байланыстар  материалды (өндірістік), адамгершілікті, құқықтық және басқа да қатынастар болып келеді. Ол қатынастар әлеуметтік топтар немесе белгілі бір адамдардың мүддесін бейнелейді. Мүдденің тұлғасы ғана емес, сонымен бірге өз объектісі — әлеуметтік құнды игілігі де бар[8].

Қылмыстық құқық  теориясында объектісінің негізгі, толықтырушы және факультативті деп үшке бөледі.

Негізгі объектісі  – бұл қылмыстық норманың қорғау үшін қалыптыстырылған объектісі. Бұндай объект қылмыстық кодексінің ерекше бөлімдегі норманың орнын анықтау  үшін қажетті критерий болып табылады.

Толықтырушы объект – бұл негізгі объектіге қарсы  бағытталған қылмысты жасау жолында  залалға ұшыраған объект. Мысалы, толықтырушы  объект – нақты тұлғаның денсаулығы.Қылмыстың  факультативті объектісі – бұл  бір қылмыс мүмкін қатынастар. Мысалы, бұзақылық негізінде тұлғаның мүддесіне зиян келеді. Бірақ негізгі объект қоғамдық тәртіп болып табылады. 2.2. Қылмыс объективтік  жағының түсінігі мен белгілері

 Қылмыс құрамының  келесі бір маңызды элементі  болып қылмыстың қылмыстың объективтік  жағы табылады. Қылмыста осы объективтік жақтың белгілері жоқ болса, онда қылмыс құрамы да жоқ деп саналады.

Қылмыс құрамының  объективтік жағы қылмыстың құқық  диспозициясында көрсетілген құқықтық әрекеттің сыртқы белгілерінің жиынтығы, яғни қылмыстық объективтік жағы адамның ішкі жан дүниесі, сезімі көңіл-күйінен емес, оның сыртқы салалы түрдегі іс-қимылымен сипатталады.Сонымен бірге қылмыстың объективтік жағы қоғамға қауіпті салдарды және әрекет немесе әрекетсіздіктің себепті байланысында қамтиды.

Қылмыстың объективті жағын сипаттағанда, қоғамдық қауіптілігін, өзіндік ерекшеліктерін, мәнін ашатын белгілерді бекіткен. Нақты қылмыс құрамының объективтік жағы тек қана қылмыстық қарсы және қоғамдық қауіпті белгілерге ие. Мысалы, ұрлықтың объективтік жағы-бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау, зорлық-физикалық күш қолдану арқылы немесе дәрменсіз жағдайын қолданып, жәбірленушіні жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу (120 б), бұзақылық-дөрекі түрде қоғамдық тәртіпті бұзу (257 б) және т.б.

Қылмыстық объективтік  жағына жататын белгілер: әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамға қауіпті салдар, әрекет не әрекетсіздік арасындағы себепті байланыс, уақыт, орын, жағдай, әдіс-тәсіл, қылмыс жасау құралы.

Адамның әрекет немесе әрекетсіздігі кез келген қылмыс құрамының міндетті белгісі  болып табылады. Ал қоғамға қауіпті салдар, себепті байланыс, уақыт, орын, жағдай, әдіс-тәсіл, қару және қылмыс жасау құралы қылмыс құрамының факультативті белгілері деп аталады.Егер осы аталған белгілер қылмыстық құқық нормасының диспозициясында атап көрсетілмеген жағдайда, міндетті белгілер қатарына жатпайды.

Қылмыстық объективтік  жағын жете түсінуіміз үшін осы жоғарыда аталған белгілерге тоқталып өтейік.

1. Қоғамға қауіпті  әрекет немесе әрекетсіздік.

Әрекет –  бұл активті мінез-құлық. Қылмыстық  кодексте қарастырылған қылмыстардың басын көпшілігі тек қана әрекет арқылы жасалады.

Қылмыстық мінез-құлықтың нақты үлгісі әр түрлі болып келеді. Қылмыс құралының барлығы дерлік бір-бірімен қоғамдық қауіпті мінез-құлық  үлгісі арқылы ажыратылады. Мысалы, ұрлық  біреудің мүлкін жасырын ұрлау; тонау-біреудің мүлкін ашық түрде ұрлау, қарақшылық-тұлғаның өміріне және денсаулығына зиян келетін физикалық күш көрсету арқылы меншігіне қол сұғу; алаяқтық-сенімге кіріп, біреудің мүлкін пайдалану.

Адам әрекеті  оның сыртқы еркінің көрінісі. Сондықтан  ол саналы және белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған. Әрекетті ерікті мінез-құлық сипатында көру тұлғалы кінәсіз деп тануға себеп емес.

Әрекетке адамның  рефлекстік дене қозғалысы, сондай-ақ ауру адамның сандырақтау жағдайындағы әрекеті немесе өз санасын бақылай алмайтын жағдайлары жатпайды. Сонымен бірге адамның саналы мінез-құлқы, егер ол табиғаттың дүлей күшінің әсерінен болатын болса, бұндай әрекеттер қылмыстық құқықтық мәнсіз келеді.

Әрекет немесе әрекетсіздік осы жоғарыда аталған  жағдайда жасалса, бұл қылмыстар қылмыс болып табылмайды. Сондықтан тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі оның еркінен тыс жасалған деп есептеледі.

Егер күш  көрсету арқылы қоғамға қауіпті  әрекет жасалғанда, күш көрсетілген  тұлғаның қарсылық білдіруге мүмкіндігі болмаған жағдайға ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Сондықтан тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеттерді  ұру арқылы жасауы қылмыстық жауапкершілікті  жоққа шығармайды, себебі бұл жерде  тұлғаның өз бетімен әрекет ету мүмкіндігін  жоққа шығара алмайды.

Психикалық  мәжбүрлеу басқаша мәнге ие. Әрекетті психикалық мәжбүрлеу арқылы жасау жалпы түрде қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығармайды. Психикалық мәжбүрлеу анықталған жағдайларда қауіпті қажеттілік жағдайына ауысуы мүмкін. Мысалы, кассир өзіне сеніп тапсырылған ақша сомаларын, өлтірумен қорқытып тұрған қарақшыға берген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды[9].

Қылмыстық әрекетсіздік – бұл тұлғаның міндетті және мүмкін болатын әрекеттерді жасамауынан  көрінетін пассивті мінез-құлық. Әрекетсіздікті қарастырушы қылмыстық құрамы көп емес. Мысалы, қауіптілікке қалдыру, ауруға көмек көрсетпеу және т.б.

Әрекетсіздіктің енді бір тобын аралас әрекетсіздіктер  құрайды. Мысалы, қоймашы өзіне сеніп  тапсырылған мүлікке ұқыпсыз  қарау салдарынан заттардың бұзылуы. Бұл жерде қылмыс құрамы үшін тұлғаның әрекетсіздігінен зиянды салдарлар пайда болады, яғни әрекетсіздік қылмыстық-құқықтық маңызға ие болады.

Активті әрекеттер  жасауға міндеттейтін әр түрлі негіздер бар. Бұндай міндеттемелерді бірқатар жағдайларды қылмыстық заң бекітеді. Мысалы, әскери міндетті тұлға әскери комиссариатқа шақырылған уақытында баруға міндетті; жүргізуші жол көлік оқиғасынан кейін жәбірлеушіге алғашқы дәрігерлік көмек беруге міндетті. Бұл міндеттер заңды бұйрық немесе қызметтік ережемен негізделуі мүмкін. Мысалы, жолда жүру ережелерін сақтау, жұмыскер бастығының айтқанын орындау және т.с.с.

Информация о работе Қылмыс құрамы