Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 03:20, творческая работа
Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.
"Заң және заман" (тәрбие сағаты)
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаттың түрі: дөңгелек үстел.
Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.
Өту барысы: Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып,жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі прициптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта оқушылар арасында өтілген «Заң және мен» дөңгелек үстел.
Қанатты сөздер қолданылады: «Құқығыңды сақтап үйрен,бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық басталады».
Дөңгелек үстел 4 бөлімнен тұрады:
1. Күнделікті көрініс.
2. Мен заңды қаншалықты білемін?
3. Ешқандай заңы жоқ арал.
4. Қылмыскер бала қайдан шығады?
Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз.Құқықтық тілмен айытқанда бұл- заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.
1 бөлім. Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.
Көріністен кейін қойылған сұрақтар:
-Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?
--Кім қалай бұзды? ( Кім қалай бұзды).
Осы оқиғадан кейін балалардың Қылмыстық Кодекстін қандай бабымен танысуына тура келгендігін айтылады.
Мұғалім: 2-бөлім. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»? деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздерде, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыңыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.
1. Дүкенде спиртік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 2000 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары дүкеннен ақша ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады.
Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп аталады.
Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек,не болар еді? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Мұғалім: Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тіртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.
Мұғалім: 4-бөлім. «Қылмыскер бала қайдан шығады»
Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол-мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы.. Келесі бөлім балалардың жасаған қылмысы туралы болмақ.
-Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар? (оқушылардың жауаптары тыңдалады. )
Мұғалім: Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан , Абай атамызша айытқанда «көйлегі көктік, тамағы тоқтық , аздырар адам баласын». Оқушыларға екі сурет көрсетіледі: Біріншісі тіп- тік әдемі салынған үйдің суреті. Екіншісі- фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.
Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады? (Сурет жайлы оқушылар ойы тыңдалады.) Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата-ананың назарын аудару керек.
«Отбасы – барлығының басы, жан-жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата- анамен баланың қарым- қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп В.А. Сухомолинский айтқандай , алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.
Тақтаға тау бейнесі және таудың ортасынан жарып шығып келе жатқан жанартау бейнеленген сурет ілінеді. Жанартаудың төбесіне «Қылмыскер бала» деп жазылады. Мына суреттегі тау ортасынан көтерілгелі тұрған жанартауға қараңыз, тау бұл бала болса, ал тауды жарып шыққалы тұрған жанартау сол баланың қылмыскер болуы.
Мұғалім: Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата- ананың баланы бақылауынсыз жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы, 1- кестеде көрсетілген шарттар бірден-бір себеп. ( Осы шарттардың әрқайсысына түсініктеме берілу керек.) Мұның барлығын дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ, оны сақтап қалуға болады.
Мұғалім: Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден- бір жауапты ата-ана , ұстаздар өздеріңізсіздер. Бала тәрбиесінде басты ролді ата-ана атқаратындығын, олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп отыру керек. Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!