Жаупкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 14:45, реферат

Описание

Зерттеу мақсаты- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұғымына және түрлеріне жеке-жеке тоқталу, қорғау, құрылтай құжаттарының, жарғылық капиталының түсінігін беру.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы
1.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұғымы және оны құрудың алғышарттары..................................................................................................6
1.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары және басқару органдары.........................................................................................10
ІІ. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтай құжаттары
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы және оны тексеру, ұлғайту заңдылықтары....................................................................16
2.2Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату негіздері............................................................................................................22
Қорытынды...............................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................27

Работа состоит из  1 файл

Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.doc

— 212.21 Кб (Скачать документ)

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының азайтылуын серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген орган серіктестікке талаптар мəлімдеу үшін кредит берушілерге ұсынылған мерзім аяқталған соң тіркейді Егер серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген органға серіктестікке кредит берушілер талаптарының көшірмелері түссе, серіктестік осы талаптардың орындалғанының дəлелдерін ұсынған не мəлімдеген кредит берушілердің серіктестік жарғылық капиталының азайтылуын тіркеуге қарсылықтары болмаған жағдайда, жарғылық капиталдың азайтылуы тіркеледі.

     Егер серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде серіктестік қайта тіркеу туралы арыз бермесе не қажетті дəлелдер ұсынбаса, жарғылық капитал азайтылмаған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғылық капиталдың азайтылуына байланысты жарғылық капиталдың жаңа мөлшерінен асатын таза активтердің бір бөлігі шегінде ғана өз қатысушыларына төлемдер жасауға құқылы. Төлемдер жарғылық капиталдың азайтылуы тіркелген соң, серіктестік жарғысы немесе жалпы жиналыстың жарғылық капиталды азайту туралы шешімі белгілеген мерзімде, бірақ тіркеу кезінен бастап үш айдан кешіктірмей жасалады. Төлем серіктестікке қатысушылар үлестерінің мөлшеріне сəйкес жасалады.

       Қатысушылар өз салымдарын құрылтай құжаттарында мəлімделген жарғылық капиталдың толық мөлшеріне дейін салған соң ғана жарғылық капиталды азайту жүзеге асырылуы мүмкін.

     Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың үлестері.

      Барлық қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері жəне тиісінше олардың шаруашылық серіктестік мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлес), егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың жарғылық капиталдағы салымдарына бара-бар болады. Кез келген негіз бойынша үлеске деген құқықтан айрылу қатысушының жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен шығуына əкеп соғады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары серіктестіктің бір қатысушысында болуы мүмкін үлестің ең көп мөлшерін шектей алады. Мұндай шектеуді белгілі бір қатысушы жөнінде белгілеуге болмайды. Сол сияқты құрылтай құжаттарында серіктестікке қатысушылар үлестерінің ара қатынасын өзгерту мүмкіндігі шектелуі мүмкін.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкіндегі қатысушы үлесіне құқық заттық емес, міндеттемелік сипатта болады.  Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының серіктестік мүлкіндегі өз үлесіне билік етуі

       Қатысушының жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкіндегі үлесі салым төленіп қойылған бөлігінде ғана салым толық төленгенге дейін иеліктен алынуы немесе кепілге берілуі мүмкін.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату негіздері

     Жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен таратылуы мүмкін.

     Сот шешімі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

     1) банкрот болған;

     2) серіктестікті құру кезінде жоюға болмайтын сипатта заң бұзушылыққа жол берілуіне байланысты оның тіркелуі жарамсыз деп танылған;

     3) қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе заң актілерімен тыйым салынған қызметті не заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған жағдайларда;

     4) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда мұндай серіктестік таратылуға тиіс. Бұл орайда серіктестікті тарату жөніндегі тарату комиссиясын (таратушыны) серіктестік құрылтайшысын таратуды жүргізетін тарату комиссиясының (таратушының) өтініші бойынша сот тағайындайды.  Соттың жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату туралы шешімімен таратуды жүзеге асыру жөніндегі міндеттер серіктестіктің өзіне; серіктестіктің уəкілетті органына;  оның құрылтай құжаттарымен серіктестікті таратуға уəкілетті органға, не сот тағайындаған өзге органға (адамға) жүктелуі мүмкін.

     Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тəртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді.  
 
 

     Қорытынды   

     Қорытындылай келе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің көптеп құрылуы елдің экономикасының дамуына зор үлес қосады. Экономикада әртүрлі  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру - құқылық формаларымен т.б. бөлінеді.

     Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің көптүрлі болуы кез келген мемлекеттің экономикасының тиімді қызмет істеу негізін құрайды.

     Бір немесе бірнеше адам құраған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты заңдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.

     Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.

     Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл соамлар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша  жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

     ЖШС коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және ҚР-ңзаңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады.

     ЖШС өзі орналасқан жерден тыс жерлерде ҚР азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 43-бабына сәйкес филиалдар құрып, өкілдктер ашуға құқылы.

     Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекет оның келісімімен уәкілдік берген орган арқылы ғана қатысушы бола алады.

     Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауға тиіс.

     ЖШС құру үшін оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасауымен басталып, серіктестіктікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс.

     Серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат ЖШС-ның жарғысы болып табылады. Жарғыда серіктестіктің қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін. Серіктестіктің жарғысын нотариат куәландыруға тиіс.

     Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді әділет органдары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

     Қазақстан Республикасының 50 озық  елдің қатарына шығар жолында заңды тұлғаларды құру жүйесін Халықаралық стандарттарға сай дамыту керек. Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Заңды тұлға азаматтық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі. Қазақстан Республикасында заңды тұлға туралы ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларымен реттелген.

     Заңды тұлғаны, соның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің зерттеу, қолданыстағы заңнаманың ережелеріне және оларды қолдану тәжірибесіне талдау жасау барысында нақты бір теориялық және тәжірибелік қорытындылар жасауға болады.

     Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.  

     Аталған  тақырыптағы курстық жұмысымның зерттеу мақсатының орындалғандығына келетін болсам, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ерекшеліктері нақты зерттеліп, бұл тұрғыда төменде аталған міндеттер шешілді: курстық жұмысының зерттеу пәні болып табылатын   жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру, қайта құру, тіркеу, таратуға байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастардың элементтеріне толықтай сипаттама берілді.

     Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер орындалды:

  1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы ұғымның теориялық негізі зерттелді;
  2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәселелерін ауқымды түрде көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізілді.

     Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге жауапкершілігі шектеулі серіктестікке деген сұраныс артуда. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                         Пайдаланылған әдебиеттер:

     Нормативтік-құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. ҚР-ның азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 27.12.1994ж.
  3. ҚР-ның 'Нормативтік құқықтық актілер туралы' 24.03.1998 жылғы заңы
  4. ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» 1992 жылғы 4 шілдедегі заңы
  5. ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлік туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы заңы
  6. ҚР-ның Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңы 22.04.1998 жылғы заңы
  7. ҚР-ның Банкроттық туралы 21.01.1997 жылғы заңы
  8. Шаруашылық серіктестіктер туралы 02.05.1995 жылғы ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы

     Арнайы әдебиеттер:

     1.Төлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы, оқулық, 1том, Алматы, 2001

     2.Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. Азаматтық құқық, оқулық, 1том, Алматы, 2003

     3.Жайлин Г.А. Азаматтық құқық жалпы бөлім, Алматы, 2003

     4.Гражданское право под ред. Диденко А.Г., учебное пособие, Алматы, 2003

     5.Гражданское право под ред. Сулейменова М.К., Басина Ю.Г., учебник, том 1,2., Алматы, 2002,2003

     6.Гражданский кодекс РК  (особенная часть). Комментарий. Ответ? Ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2000

     7.Гражданское право под ред. Толстого Ю.К., Сергеева А.П., учебник, часть 2, М, 1997

     Газет-журналдар:

     1.Пак Е. Банкроттық туралы. //Фемида А., 1997. № 6.  

     2.Базарбайұлы Б. Заңды тұлға-мүлік иесі. //Фемида А., 1996. № 12.

     3. Базарбайұлы Б. Жеке адамның экономика саласындағы заңдылық

жағдайы. //Фемида А., 1996. № 8. 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Жаупкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік