Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 16:42, реферат
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы.
2. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
Демократиялық
мемлекет құру және дамыту туралы ой-толғамдар,
идеяларды қазақ ойшылдарының шығармашылық
мұраларынан да көптеп кездестіруге
болады. Солардың бірі Абай Құнанбаев
болып табылады. Ол құқықтық мемлекеттің
қағидаттарын құру мәселесі бойынша бірқатар
салмақты ой-пікірлер білдірді, олардың
біразы күні бүгінге дейін өз мән-маңызын
жойған жоқ. Ақын мемлекеттік егемендік
позициясын жақтады, адамдарды ұйымдастыру
мен қорғаудың жоғарғы формасы заң деп
таныды. Заңның рөлі туралы Абай былай
деп жазды: «бізге ата-бабаларымыздан
мұра боп қалған заңдардың жиынтығын -
Қасым салған қасқа жолды, Есім салған
ескі жолды, Тәуке ханның «Жеті жарғысын»
білу қажет». Демократияның маңызды бір
буыны, Абайдың пікірі бойынша, заңның
салтанат құруы болып табылады. Соттық
биліктің тәуелсіздігі туралы Абай идеялары
Қазақстан Республикасы және дамыған
елдер Конституцияларының сот туралы
ережелерімен астасып жатыр. Ол соттарды
шектеусіз мерзімге сайлауды жақтайды,
олардың ауыстырылмауын қалайды: «білімді
және білікті адамдарды, осы орында отыру
мерзімін анықтамай-ақ, сайлау қажет, тек
өз істерін адал атқармағандарды ауыстыру
керек».
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өте
созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның
қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға
ортақ өркениетті даму жолына қайта түсуімен
сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция
Қазақстан Республикасының ең қымбат
қазынасы — адам, оның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары деп жариялады. Бұл
ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген
1995 жылғы Конституция да, 1-баппен бекітті.
Құқықтық мемлекеттің бір белгісі мемлекеттік
билікті ұйымдастыруда биліктерді бөлу
қағидаттарын жүзеге асыру болып табылады.
Тұңғыш рет ол жүйе құрушы қағидат ретінде
1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Қазақ
КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы»
декларацияның 7-бабында айшықталды. Соған
сәйкес, мемлекеттік биліктің барлық жүйесін
реформалау жүргізілді. Қазақстан Республикасы
Конституциясы 3-бабының 4-тармақшасында
Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы,
атқарушы және сот билігіне бөліну қағидатына
сәйкес жүзеге асырылады деп атап көрсетілген.
Заң шығарушы билікті Қазақстан Республикасының
Парламенті, атқарушыны — Үкімет, сот
билігін — Жоғарғы сот және Қазақстан
Республикасының төмен тұрған соттары
жүзеге асырады. Тежемелік және тепе-теңдік
жүйесінің болуы - жаңа Конституцияның
өзіндік ерекшелік-терінің бірі. Тежемелік
және тепе-теңдік жүйесі элементтеріне
парламенттік импичмент, Үкіметке сенімсіздік
вотумын білдіру, Президенттің парламентті
таратып жіберу құқығы, Үкіметті және
оның мүшелерін орнынан босатуы жатады.
Қазіргі кезде конституциялық бақылау
механизмі құрылуда. Республикада конституциялық
бақылаудың қалыптасуы құқықтық мемлекет
құру туралы пайда болған конституциялық
бағыт-бағдарлармен тығыз байланысты.
Басқа нормативтік актілерден Конституцияның
сөзсіз басым болуы құқықтық мемлекеттің
белгілерінің бірі болып табылады. Құқықтық
мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаты
мемлекеттің өзінің және оның органдарының
Қазақстан Республикасы Конституциясына
міндетті түрде бағынышты болуынан көрінетін
құқықтық үстемдігі болып табылады.
Конституциялық кеңес заңдар және басқа
да нормативтік актілерді, егер олар Конституцияға
қайшы келетін болса, Конституцияға сәйкес
келмейді деп тануға құқылы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
адам, оның құқықтары мен бостандықтары
ең қымбат қазына деп мойындай отырып,
адамның құқықтары мен бостандықтарын,
ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен
қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті
болып табылады деген тұжырымды алдыға
тартады. Конституция саяси, заңдық және
басқа да кепілдіктердің нақтылы жүйесін
құру үшін негіз қалады. Ол өз кезегінде
баршаның заң мен сот алдындағы теңдігін,
мемлекет пен түлғаның екіжақты жауапкершілігін
қамтамасыз етеді.
Конституция Қазақстан Республикасында
азаматтық қоғам қалып-тастыруға ықпал
жасайды. Бұл Конституцияда идеологиялық
және саяси әралуандылық танылатынынан
айқын көрінеді (5-бап). Бұқаралық билікті
саяси әралуандылық негізінде жүзеге
асырады. Конституция саяси партияларға,
қоғамдық бірлестіктерге, қозғалыстарға
саяси және мемлекеттік өмірге қатысу
үшін тең мүмкіндік береді. Үстемдік етуші
ретіндегі қандай да бір идеологияның
белгіленуіне жол берілмейді. Азаматтық
қоғам мемлекет және азамат, тұтынушы
және өндірушінің әлеуметтік серіктестігі,
нарық шаруашылықтары меншік түрлерінің
әралуандылығымен сипатталады.
1995 жылғы Конституцияның басты бір жетістігі
барлық деңгейдегі соттардың тәуелсіздігінің
кепілдігі болып табылады. Сот билігінің
тәуел-сіздігі судьялардың өкілеттігін
сайлаудың, тағайындаудың және тоқтатудың
ерекше тәртібімен, сонымен бірге сот
құрамын құруға Жоғарғы Сот Кеңесі және
Әділет біліктілік комиссиясы сияқты
тәуелсіз органдардың қатысуымен айқындалады.
Судьялардың тұрақтылығы қағидаты бекітілген
(79-бап, 1-т.), судьялар өмірлікке сайланады
және тағайындалады. Қазақстан Республикасының
Конституциясына 1998 жылғы 7 қазанда Парламент
енгізген қосымшалар сот ісін жүргізуді
демократизациялауға бағытталған. 75-баптың
2-тармағына сәйкес қылмыстық сот ісін
жүргізу заңмен белгіленген белгілі бір
жағдайларда өзге де нысандар арқылы жүзеге
асырылады. 1995 жылғы 20-желтоқсанда қабылданған
"Қазақстан Республикасындағы соттар
және судьялардың мәртебесі туралы"
Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңы, өзгерістері және толықтыруларымен,
соттарды жеке билік ретінде бекіткен,
соттар өз қызметінде заң шығарушы және
атқарушы биліктерден тәуелсіз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының
1-бабы Қазақстанды құқықтық мемлекет
деп жариялайды. Демек Қазақстан құқықтық
мемлекет құру және оның негізгі белгілерін
конституциялық бекіту жолында тұр.
Құқықтық
мемлекет
Құқықтык мемлекет дегеніміз - жеке адам
және коғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі
мен құқық принциптеріне негізделген
мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру
ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық
тәртіптің және заңдылық принциптерінің
сақталуына негізделеді.
Құқықтық мемлекеттің негізі:
- Құқықтық мәдениет;
- Азаматтық қоғам;
- Заңдылық және құқықтық тәртіп;
Құқықтық
мемлекеттің белгі-нышандары:
1. Заңның үстемдік етуі.
2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі.
3. Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.
4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
шын мәнділігі, олардың құқықтық және
әлеуметтік қорғалатындығы.
5. Саяси және идеологиялық плюрализмнің
болуы.
6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық
құкықтық нормалар мен принциптерге сәйкес
келуі.
Информация о работе Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар