Бұйрықтық іс жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 12:33, контрольная работа

Описание

Біздің азаматтық іс жүргізу процесін реттейтін 1999 жылы жаңадан қабылданған Азаматтық іс жүргізу құқығы азаматтық іс жүргізуде жаңа бұйрық арқылы іс жүргізу институтытың құқықтық мәртебесін қалыптастырды және анықтады. Сонымен, жалпы іс қарау процедураның проблемасын шешті және кейбір категория істер үшін оларды оңайлатылған нысанда қарап сот бұйрығын шығару арқылы белгіленген.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................. .....3
І. Бұйрық арқылы іс жүргізу – азаматтық сот ісін жүргізу түрі.....................4
1.1. Сот бұйрығы.................................................................................................6

ІІ. Сот бұйрығын шығару ...............................................................................9
2.1. Сот бұйрығының күшін жою.................................................................. .10
Қорытынды.........................................................................................................12
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................14

Работа состоит из  1 файл

Буйрык бойынша).doc

— 55.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Ж О С П  А Р

 

Кіріспе............................................................................................................. .....3

І. Бұйрық арқылы  іс жүргізу – азаматтық сот ісін жүргізу түрі.....................4

1.1. Сот бұйрығы.................................................................................................6

 

ІІ. Сот бұйрығын шығару  ...............................................................................9

2.1. Сот бұйрығының күшін жою.................................................................. .10

Қорытынды.........................................................................................................12

Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................14 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұйрық арқылы  іс жүргізу  – азаматтық сот ісін жүргізу  түрі.

 

Біздің азаматтық іс жүргізу процесін реттейтін 1999 жылы жаңадан  қабылданған  Азаматтық іс жүргізу құқығы азаматтық іс жүргізуде жаңа бұйрық арқылы іс жүргізу институтытың құқықтық мәртебесін қалыптастырды және анықтады. Сонымен, жалпы іс қарау процедураның проблемасын шешті және кейбір категория істер үшін оларды оңайлатылған нысанда   қарап  сот бұйрығын шығару арқылы белгіленген.

Бұйрық арқылы іс жүргізу- бұл бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрі..

Бұйрық арқылы іс жүргізу  өндіріп алушының арызы бойынша  қоғалады.

Сот бұйрығы азаматтық  іс бойынша шығарылатын болғандықтан, оны шығарардан бұрын судьяның ұйғарымымен  іс қозғалады.  Бұл ұйғарым шағымдануға  жатпайды.

Сот бұйрығы- өндіріп  алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай ақ және сотта іс қарамай –ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арыз бойынша шығарылған судьяның актісі.

Сот бұйрығы- атқарушылық  құжат күші бар сот актісі , яғни мәні және күші бойынша сот шешіміне теңестірілген.

Сот бұйрығы азаматтық  іс жүргізу барысында  беріледі, бірақ оңайлатылған нысанда, мұнда тараптар ретінде талап қою бойынша іс жүргізуде сияқты  талап қоюшы мен жауапкер қатыспайды, ал сотқа жүгінге өндіріп алушы және борышкер-өндіріп алушының талабы бойынша  жауап беретін тұлға қатысады. Сот бұйрығы заңмен белгіленген мүліктік сипаттағы ақшалай сомаларды немесе жылыжымалы мүлікті  талаптар бойынша беріледі. Қалған барлығы- мүліктік емес сипаттағы және жылжымайтын мүлікті  өндіріп алу – бұл ережелерге сәйкес келмейді.

Сот бұйрығы  Азаматтық  іс жүргізу құқығының 140 бабында  аталған талаптар бойынша берілу мүмкін:

  1. Егер өндіріп алушы сот бұйрығын беру туралы арызбен қоса борышкердің міндеттелігін растайтын  құжаттарды олардың сәйкесті көшірмелерін ұсынса. Ал табыс етілмесе, судья арыз қабылдаудан бастартады.
  2. Жоғарыда аталған тараптар бойынша сот бұйрығы беріледі, егер ұсынылған құжаттар борышкердің міндеттелігін нақты және айқын растайтын болса (мысалы, ұсынылған жазбаша келісім шарттың шарттары түсінікті, дау болу мүмкіндігі жоққа шығаратын болса). Егер ұсынылған құжаттар негізінде шешуге жатпайтын құқық туралы дау көрініп тұрса, судья сот бұйрығын  беруден бас тартады.
  3. Сот бұйрығы берілу мүмкін, егер борышкерден  белгіленген мерзімде  мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түспесе. Егер борышкер қарсылығын білдірсе, судья сот бұйрығының күшін жойып, сот бұйрығын беруден бас тартады.

Егер сот бұйрығын беру туралы арыз заң талаптарына сақтап берілсе және мемлекеттік баж төленсе, судья оны қабылдайды, оның көшірмесін дереу  борышкерге жібереді және борышкерге  сот бұйрығының көшірмесін алған күнен бастап  10 (он)  күн мерзім ішінде мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын беруге мүмкіндік береді. Сондықтан өндіріп алушының арызы  және оған қоса мәлім етілген талапты растайтын құжаттар көшірмелері борышкер саны бойынша берілсе, олар  борышкерге сот хабарлаулары немесе хат жіберіледі.

Егер борышкер белгіленген 10 (он) күн мерзімде  сотқа жауап бермесе немесе мәлім етілген талаппен келіскені туралы  жауап бермесе, судья сот бұйрығын береді.

Сот бұйрығы азаматтық  іс жүргізу заңымен белгіленген  нақты нысан бойынша шығарылады және оның мазмұыныда:

  1. жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;
  2. соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні;
  3. өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәлеметтер мен салық төлеушінің  тіркеу нөмірі  немесе, егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәлеметтер , банк реквизиттері мен салық төлеушінің  тіркеу нөмірі;
  4. борышкердің тегі, аты және әкесінің аты оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәлеметтер, оның жұмыс орны туралы мәлеметтер мен жұмыс орнының банк реквизиттері, оның банк реквизиттері мен салық төлеушінің  тіркеу нөмірі немесе,  егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы , нақты тұрған жері  не бырыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер, банк реквизиттері мен салық төлеушінің  тіркеу нөмірі;
  5. талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;
  6. өндіріп алынуғажататын ақша сомаларының мөлшері мен оның құны көрсетіліп отырып, талап етілуге жататын жылжымалы мүліктің белгіленуі;
  7. егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшері;
  8. борышкерден өндіріп алушының  пайдасына немесе жергілікті бюджетке  өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;
  9. сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.

Кәмелетке толмаған балаларға  алимент өндіріп алу туралы сот  бұйрығында жоғарыда айтылған  1)-5), 8) тармақшаларында көзделген мәлеметтерден  басқа, борышкердің туған күні  мен туған жері, оның жұмыс орны, оларды күтіп-бағуға алимент алып берілетін  әрбір  баланың аты мен туған күні, борышкердің ай саыйн  өндіріп алынатын төлемдердің мөлшері және өндіріп алудің  мерзімі көрсетіледі (АІЖК-нің 146 бабы).

   Судья қол қойған  сот бұйрығы екі данадан жасалады, оның біреуі сот жүргізетін істе қалады, екінішісі соттың мөрімен куәландырылады және өндіріп алушыға беріледі. Бұл сот ісін жүргізудің оңайлатылған ерекешелігі , сол сот бұйрығы:

    • сотта істі қараусыз;
    • өндіріп алушыны және борышкерді шақырмай-ақ;
    • және олардың түсіндірмелерін  тыңдамай-ақ  беріледі.

Оған қоса процессуалдық  әрекеттер жасалғаны туралы хаттама жүргізілмейді. Сот бұйрығы мазмұны бойынша сот шешіміне қарағанда айтарлықтай қысқа, оның сипаттау және дәлелдеу  бөліктері жоқ, тек атқару парақтарында көрсетілетін мәліметтері бар.

Даусыз талаптардың  түпкілікті  тізімі  Қазақстан  республикасының Азаматтық іс жүргізу  кодексінің 140 – бабында көрсетілген.

Сот бұйрығы судьямен жеке-дара шығарылады:

  1. егер талап нотариатты куәландырылған мәмілеге негізделсе;
  2. егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе  және оны жауапкер таныса;
  3. егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгеленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;
  4. егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттілігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
  5. егер азаматтардан  және заңды тұлғалардан салықтар мен  басқа да міндетті төлемдер бойынша борышын өндіріп алу  туралы талап  мәлімделген болса;
  6. егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген  жалақы мен өзгеде төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
  7. егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса;

7-1) егер Қазақстан  Республикасының  заң актілеріне  сәйкес лизинг  нысанасын даусыз  талап етілу туралы  талап мәлімделген  болса;

8) егер кепіл  беруші – борышкерге  кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы  ломбардтың  талабы мәлімделген болса, шығарылады.

Егер талап «Тұтынушылар құқықтарын қорғау  туралы» Заңының 20- бабының ережелеріне негізделген болса және борышкер  оны мойындаса, сомасы 50 (елу) айлық орта көрсеткішке  дейінгі мөлшердегі тұтынушылар  құқықтарын қорғау туралы  талап,  сот бұйрығын шығару тәртібімен қаралуға жатады. Тауардың  тиісті емес сапасымен  келтірілген шығындарды  өтеу туралы талаптарға ғана емес, өзге де өтеу туралы талаптар мәлімделген  кезде (моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру, айыппұл, іс жүргізу жөніндегі шығындарды өтеу) өтініш талап қою бойынша өндірісінің  тәртібімен  қаралуға жатады.

Сот бұйрығының күшін  жою туралы  арыз бере алатын борышкер заңмен білгіленген мерзіммен шектелген. Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап 10 (он) күн мерзімде  байланыстың кез келген  құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын  бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы.

Бірақ мұндай арызды белгіленген  мерзімде беру  сот бұрығының күшін жою үшін әлі жеткілікті емес. Мұны жасау мүмкін, егер борышкер дәлелді себептер бойынша сот бұйрығының күшін жою туралы арызды  уақытылы ұсынуға мүмкіндігі болмағанын дәлелдесе.

Егер ондай  мән-жайлар болмаса, судья сот бұйрығының күшін жоюдан ба тартады. Бұл жағдайда  борышкер  сот бұйрығының күшін жоюдан  бас тарту туралы  ұйғарымына апелляциялық  тәртіпте  шағымдануға құқылы. Сонымен қатар ол қадағалау тәртібі бойынша сот бұйрығының өзіне шағым беруге құқылы.

Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген  талапқа келіспеген қарсылық түссе, судья сот  бұйрығының  күшін жойып, ол туралы  ұйғарым шығарады. Сот бұйрығының күшін жою туралы  ұйғарымда судья  өндіріп  алушы  мәлім  еткен  талаптың  талап қою боыйгша  іс жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін  екенін түсіндіреді. Сот бұйрығының  күшін жою туралы  ұйғарымының көшірмесі  оны шығарғаннан кейін  3 (үш) күннен  кешіктірілмей  тараптарға жіберіледі. Сот бұйрығының күшін  жою туралы ұйғарымы шағымдануға немесе наразылық келтіруге жатпайды.

Сот бұйрығын шығару.

Сот бұйрығын шығару туралы арыз ҚР АІЖК –нің 3 тарауында белгіленген  соттылықтың жалпы ережелері  сотқа беріледі, ал оған қоса тіркелетін құжаттар көшірмелерімен борышкерлер  саны ұсынылады.

Арыз жазбаша нысанда  беріледі. Арызда:

  1. арыз берілетін соттың атауы;
  2. өндіріп алушы жек тұлға болса оның аты, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлға болса-реквизиттері;
  3. борышкер жек тұлға  болса оның аты, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлға болса-реквизиттері;
  4. өндіріп алушының  (жеке немесе заңды тұлғаның) талаптары және негіздеген  мән-жайлар;
  5. мәлім етілген  талаптарды растайтын қоса тіркелетін құжатардың тізбесі көрсетілу тиіс.

Жылжымалы мүлік талап  етілген жағдайда арызда осы мүліктің құны көрсетілуі тиіс.

Арызға өндіріп алушы  немесе өкіл қол қояды  Өкіл беретін арызда оның өкілеттігін  куәландыратын  құжат қоса тіркелуі тиіс (ҚР АІЖК 64 бабы, 141 баптың 4 бөлігі.)

Сот бұйрығын шығару туралы  арызталап қою бойынша  іс жүргізу  тәртібімен сотқа талап қою арқылы  жүгінген жағдайда  дауға салынатын сомадан аудармаларды  негізге ала отырып, 50 (елу)  пайыз ставка мөлшерінде мемлекеттік баждың  төленуге тиісті  шотына есептеледі.

Арыз қабылдаудан бастарту туралы  судья ұйғарымы шығарады, ал оған өндіріп алушы жеке шағым беру мүмкін.

Арызды қабылдаудан  бастарту өндіріп алушы мен сол  талап бойынша  талап қою бойынша  іс жүргізу тәртібімен  талап  қою мүмкіндігіне жол береді.

Борышкер сот бұйрығының  көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде оның күшін жою туралы арызды сол сотқа беруге құқыл, егер ол дәлелді  себептер бойынша мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын  уақытылы  білдіруге мүмкіндік болмаса. Бұл жағдайда  судья сот бұйрығының күшін жояды, одан кейін өндіріп алушының мәлім еткен талабы талап қою бойынша  іс жүргізу тәртібімен қаралу мүмкін.

Сот бұйрығын күшін жоюдан бастарту туралы ұйғарымына жек шағым берілу мүмкін.

Егер белгіленген он күн мерзімде  борышкерден сотқа қарсылық келіп  түспесе, судья өндіріп алушыға  – оны орындауға  көрсету үшін  соттың мөрімен  куәландырылған  сот бұйрығын береді.

Өндіріп алушының өтіну бойынша  сот бұйрығы  және жергілікті   бюджеттің  кірісінде борышкерден  мемлекеттік  бажды өндіріп алу  үшін  соттың  мөрімен  куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы  тікелей соттың орындауы үшін жіберіледі.

Өндіріп алушыларға  берілген сот  бұйрығының көшірмесі  сот жүргізетін істе қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Бұйрықтық іс жүргізу