Халықаралық келісімшарт, Конституциялық әдет ғұрып, соттық прецедент Конституциялық құқықтың қайнар көзі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 21:32, реферат

Описание

Тақырып: Халықаралық құқықтың түсінігі.
Халықаралық құқықтың түсінігі мен реттеу пәні.
Халықаралық құқық терминінің пайда болуы.
Халықаралық құқық жүйесінің түсінігі мен элементтері.

Работа состоит из  1 файл

7-халыкаралык куык.doc

— 42.50 Кб (Скачать документ)

                           Дәрiс №7

Тақырып: Халықаралық құқықтың  түсінігі.

  1. Халықаралық құқықтың түсінігі мен реттеу пәні.
  2. Халықаралық құқық терминінің пайда болуы.
  3. Халықаралық құқық жүйесінің түсінігі мен элементтері.

 

Халықаралық құқық  дегеніміз – ынтымақтастықпен қауіпсіздік бейбітшілікке жету мақсатында, халықаралық құқық субъектілері тарапынан туындайтын, мемлекетаралық қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтық принциптермен нормалардың жиынтығы. Халықаралық құқықтың негізгі қайнар көздері ретінде халықаралық әдет-ғұрыпты, келісім шартты және халықаралық ұйымдардың шешімдерін атауға болады. Халықаралық құқық деген атау тарихи жолмен пайда болған. Орта ғасырда мемлекетаралық қатынастарды реттейтін құқық жүйесін құру қабілеттілігі туындағанда, заңгерлер керекті терминді Рим құқығынан іздеген. Рим құқығы жүйесінде мемлекетаралық қатынастарды реттейтін қатынасты дәл анықтайтын термин болмағанмен, онда “халықтар құқығы” деген түсінік бар болатын.  Уақыт өте келе осы термин өзгеріске ұшырап, жаңа  “халықтар арасындағы құқық” немесе “халықаралық құқық” деп аталатын болды. Заң ғылымында, осы  терминнің ағылшынша :::::, орысша “Международное право” – атты эквиваленттер қолданылды. Халықаралық ерекше құқықтық жүйесі ретінде негізінен мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейді, сондықтанда оның дұрыс және дәл аудармасы “мемлекетаралық құқық” болуы керек еді, алайда “халықаралық құқық ” деген термин теория мен практикада кең таралды.Халықаралық құқық жүйесін бір-бірімен тәуелдік байланыста болатын халықаралық құқықтың принциптермен нормалар, институттар мен салалар құрайды. Халықаралық құқық жүйесінің негізін халықаралық құқықтың басты принциптерінде бекітілген императивтік нормалар халықаралық құқық жүйесінің ең ірі элементі болып құқық салалары болып табылады. Халықаралық құқық саласы дегеніміз – халықаралық қатынастардың белгілі бір кең аймағындағы, халықаралық қатынастардың субъектілерінің іс әрекетін реттейтін әдетті (обычный) нормалар мен келісім шарттық нормалар жинытығы. Халықаралық құқықтың негізгі салаларына төмендегілер жатады:

1. халықаралық келісім  шарт құқығы саласы

2. халықаралық теңіз құқығы саласы.

3. халықаралық қылмыстық құқық  саласы.

4. халықаралық экономикалық құқық  саласы

5. Халықаралық қауіпсіздік құқығы  саласы.

6. халықаралық ұйымдар құқығы  саласы.

7. халықаралық экономикалық құқық  саласы.

8. Дипломатиялық консулдық құқық  саласы.

9. Халықаралық әуе құқығы саласы.

10. Халықаралық ғарыш құқық саласы.

11. және тағы басқалар.

               Бүгінгі күні халықаралық қатынастардың  даму заңдылығына жауап беретін адамзаттың мемлекеттердің және халықаралық қатынастардың басқада субъектілерінің басты мүддесін қамтамасыз ететін халықаралық қатынастардың негізін қалайтын императивті (әміршіл) универсалды (барлық субъектілерді орындауға міндетті) халықаралық құқықтық нормалар халықарлық құқықтың принциптері деп атаймыз. Халықаралық құқықтың принциптерінің негізгі белгілері: барлық мемлекеттермен халықаралық қатынастардың барлық субъектілерінің орындауына міндетті. (бұл белгі БҰҰ-ң уставының 2-ші бабының 6 тарауында бекітілген.) Халықаралық қатынастың басқа нормалардың  үстемділігі бұның заңды күші (БҰҰ-ң уставының 103 бабы, 1969 жылғы және 1986 жылғы Вена конвенцияларының 53 бабы). Тек принциптердің ғана уақытты кері күші бар. Халықаралық принциптерді бұзған іс-әрекет халықаралық қылмыс деп саналады. (БҰҰ-ның уставының 5,6,40,47 баптарында бекітілген шаралар қолдану мүмкіндігі туады). Мысалы: экономикалық, дигланотикалық т.б.  Тікелей реттеуші нормалардың жоқтығында принциптер халықаралық қатынастарды реттеудің құқықтық негізі бола алады.

  Халықаралық қатынастардың  принциптері мемлекеттердің іс-әрекеттерінің  құқықтылығының негізгі критериі  болып табылады. Халықаралық құқықтың  принциптерінің мазмұнын білу  мемлекеттердің, саясатының қаншалықты құқықты екенін айқындауға қатысты. Халықаралық құқықтың принцпитерінің мазмұны, БҰҰ уставына сәйкес 1970 жылы Бас ассамблея қабылдаған, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарға және ынтымақтастыққа қатысты. Халықаралық құқықтың принциптері Деклорациясында және 1975 жылғы Европадағы қауіпсіздікпен ынтымақтастық жайында кеңесуінің қорытынды актісінде айқындалады. Деклорацияда халықаралық қатынастардың Халықаралық құқықтың 7 принципі жазылған. Олар:

  1. Күші және күшпен қорқытуды пайдаланбау.
  2. таластарды бейбіт жолмен шешу.
  3. басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау
  4. Ынтымақтастық.
  5. Халықтардың тең құқылығы мен әр халықтардың өз тағдырын айқындау.
  6. Мемлекеттердің егеменді теңдігі
  7. Міндеттемелерді өз еркімен орындау

Осыған қосымша 1975 жылғы  қортынды актісінде 

  1. Мемлекеттердің аумақтық тұтастығы;
  2. Мемлекеттердің шекарасының бұзылмауы;
  3. Адам құқығы мен бостандығын қастерлеу принциптері бекітілді. Бүгінгі күнгі халықаралық қатынаста, ресми түрде халықаралық қатынастардың он принципі бекітілген.

              Халықаралық құқық субъектісі дегеніміз- құқықтық нормалар негізінде заңды құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыра алатын, халықаралық қатынастарға қатысушы тұлғалар. Халықаралық құқықтың негізгі субъектілері:

1. Мемлекеттер.

2. Халықаралық ұйымдар.

3. Тәуелсіздік алу үшін күрестегі ұлттар.

Халықаралық қатынаста  тұрақты және уақытша субъектілер  болуы мүмкін.  Тұрақты субъекттер ол мемлекеттер болып табылады. Халықаралық  субъектісі болып тек күресті  жүргізу кезеңінде тәуелсіз мемлекеттер  құрғанға дейін, тәуелсіздігі үшін күрестегі ұлттар болып табылады. Ал кейбір халықаралық ұйымдар алдында қойылған мақсатқа жеткенше ғана өмір сүреді.

Халықаралық құқық субъектісіне келесі белгілер тән:

  1. Халықаралық қатынастарға бір тұлға ретінде қатысу.
  2. Белгілі сыртқы ерекшелігі
  3. Өзінің ерігін жүзеге асыру мүмкіндігі.
  4. Халықаралық құқықтық нормаларды қабылдауға қатысуы. Халықаралық құқық субъектілерінің құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі болуы керек.

түсінігі

2. халықаралық құқық  бұзушылықтың түсінігі мен элементтері

3. халықаралық құқық бұзушылықтың түрлері

4. халықаралық құқықтық  жауапкершіліктiң түрлері мен  нысандары

 

            Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Сәрсенбаев М.А. Международное право.  Учебник, А., 2001г. (кiтапханада бар)
  2. Международное право. Учебник /под ред. Ю.М.Колосова, В.И.Кузнецова. М.1995г.
  3. Международное право. Под ред. Ю.М.Колосова М.1998г.
  4. Международное право. Учебник для Вузов. Отв.ред. Г.В.Игнатенко. И.Тиунов М, 1999г.
  5. МПП. Учебник. Под ред. Бекяшева К.А. М.1999г
  6. И.И.Лукашук. МП. Учебник. Общая и особенная часть М. 1996г
  7. Н.А.Ушаков. МП. Учебник, М., 2000г
  8. Дониленко М.М. Обычай в современном праве, М., 1988г
  9. Гуго Гроций. О праве войны и мира перевод с латинского А.П. Саккерти М., 1956г.
  10. Мартенс Ф.Ф. Современное международное право цивилизованных народов. Том І М., 1996г.

 

ІІ.  Халықаралық құқықтың маңызды актілері

 

  1. Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995г.
  2. Устав ООН от 26 июня 1945г.
  3. Венская Конвенция о праве международных договоров 1969г.
  4. Венская Конвенция о праве преемства государств 1978г.
  5. Венская Конвенция о дипломатических сношениях 1961г.
  6. Венская Конвенция
  7. Всеобщая декларация прав человека 1948г.
  8. Договор по Антарктиде 1959г.
  9. Международный пакт о гражданских и политических правах 1966г.
  10. Международный пакт об экономических, социальных и культурных правах. 1966г.
  11. Конвенция о ликвидации всех форм расовой дискременации М. 1965г.
  12. Сборник нормативных актов “Действующее международное право” З томах. Ю.Н.Колосов, Э.С.Кривчикова М. 1999г. и др.

Сборник документов по Международному праву. В З томах под общей редакцией Токаева, А. 1998г

 

 

 

 


Информация о работе Халықаралық келісімшарт, Конституциялық әдет ғұрып, соттық прецедент Конституциялық құқықтың қайнар көзі ретінде