Ұлттық патриотизм жалпықазақстандық патриотизмнің бастауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 07:40, реферат

Описание

Қоғамымыздың қазіргі замандағы даму сатысы едәуір дәрежеде қоғамдық өмірдің саясаттандырылуымен сипатталады. Бірақ, бұл бірден-бір жалғыз процесс емес, демократиялану және жаһандану жағдайында адамдардың тарихи және ұлттық санасының қайта жаңғыруы процестері де ерекше маңызға ие болады. Өйткені, олармен едәуір дәрежеде саяси және үлгілік-өнегелік мәдениеттердің қалыптасуына байланысты, оларсыз ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің де болуы неғайбіл.

Содержание

1. Жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастырудың саяси аспектісі;
2. Жалпықазақстандық патриотизмдік тәрбие;
3. Ұлттық патриотизм жалпықазақстандық патриотизмнің бастауы.

Работа состоит из  1 файл

Патриотизм.docx

— 24.18 Кб (Скачать документ)

Жоспар: 
 
 

1. Жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастырудың саяси аспектісі; 

2. Жалпықазақстандық патриотизмдік тәрбие; 

3.  Ұлттық  патриотизм  жалпықазақстандық патриотизмнің  бастауы.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қоғамымыздың қазіргі замандағы даму сатысы едәуір дәрежеде қоғамдық өмірдің саясаттандырылуымен сипатталады. Бірақ, бұл бірден-бір жалғыз процесс емес, демократиялану және жаһандану жағдайында адамдардың тарихи және ұлттық санасының қайта жаңғыруы процестері де ерекше маңызға ие болады. Өйткені, олармен едәуір дәрежеде саяси және үлгілік-өнегелік мәдениеттердің қалыптасуына байланысты, оларсыз ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің де болуы неғайбіл. Мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының патриотизмі маңызды орынға ие. Өз елінің мүддесіне қызмет етуден көрінетін Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған және солай болып қала бермек. Бұл биік сезім өз елінің тағдыры үшін жауапкершілікті түйсінушілікке дейін ұлғаяр болса, ол жекелеген адамдардың күнделікті іс-әрекеттеріндегі маңызды серпінге, осыдан келіп, тұтастай қоғам ілгерілеуіндегі қуатты қозғаушы күшке айналады. Дәл осы патриотизм қоғамның саяси бірлесуі мен тұтасуына септеседі немесе, керісінше, қоғамның ыдырауы мен бөлінісіне әкеліп соғады. Қазақ халқының ұлттық тарихына деген қызығушылығын дамыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру оның патриоттық сезімін тәрбиелеуде шынайы бағдар бола алады.

     Ұлттың тарихы туралы, оның өткен замандағы басқа ұлыстармен қатынастары туралы ұғымдарға көп ретте халықтың ұлтаралық қарым-қатынас өрісіндегі саяси бағдары байланысты. Өз тарихын білу - ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі, ол этникалық тұтастықтың сақталуы мен оның келесі буындардағы ұдайы өндірісіне септеседі. Жеке тұлғаның өз халқымен бірлігін сезінушілігі өзін оның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры да, олардың нақты сақтаушысы әрі жалғастырушысы да сезінуін діттейді.

     «Патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауырбасушылықты білдіреді. Осылайша, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар субъектісі қашанда белгілі бір ұлтқа, ұлысқа жатады. Сонымен қатар, өкілі болғандығы үшін ғана сол субъектіге өзін өз елінің «шынайы» патриоты санауға айрықша я жеке-дара құқық беретін ұлт жоқ, және болуы да мүмкін емес.

      Қазіргі заманда, мысалы, өзге халықтардың тәуелсіздігін құрметтемеушіліксіз, олардың тең құқылылығын мойындамаушылықсыз, ұлттар арасындағы достық пен түрлі салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықсыз тәуелсіздік үшін, ұлттық жаңғыру мен даму үшін күресті елестету қиын. Қазақстан тәрізді көпұлтты елде жалпықазақстандық патриотизм ұлттық және жалпыадамзаттықтың үйлестігінсіз болуы мүмкін емес. Былайша аталатын, «қазақ идеясының» басқа халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен тарихи жолын құрметтеушілік идеясымен теңдестігі қазақтардың өзіндік ерекшеліктерінің өзге ұлттардың мәдени-өркениетті ерекшеліктерімен үйлестікте сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті басқа халықтармен өзара қатынастарының тиімді үлгісі болып қызмет ете алады. Бұған қоса, бұндай үйлесім ұлыстардың ұлттық ар-намысына қысымшылықсыз мәдениеттердің, ұлттардың өзара байытылуына әкеліп қана қоймай, сонымен бірге, қоғам өміріндегі жаңа жетістіктерді жеделдетуші болып табылатыны да заңдылық.

      Патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімінің өзгеруі – бұл қоғамның өнегесізденуінің, халықтың тұрақсыздануы мен ыдыраушылығының ажырамас сипаты. Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғамның барлық күші нарықтық қайта құрулардың жағымсыз салдарларын жоюға, қоғамның қауіпті қылмыстық деңгейімен және көптеген басқа да әлеуметтік тұрғыдан қайшы құбылыстармен күреске шоғырландырылып, бағытталуы тиіс.Қазіргі заманғы Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік қоғамдық қатынастарды демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде; Адамды, оның өмірін, игілігін, адамдық ар-намысын, адамға лайықты еңбекақы төлеу шарттары мен өмір сапасын жоғары құндылық деп тану негізінде; мемлекетте ілгерілеуші әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу негізінде қалыптастырылады. Бұндай жаңарған қазақстандық патриотизм мазмұнын заманауи қоғам мен заманауи озық мәдениет құндылықтары ғана емес, сондай-ақ, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары, оның айрықша руханилық, азаттық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Өткеннің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере отырып, қазақстандықтар өз елін ең алдыңғы қатарлы шепке қайта шығара алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жаңарған патриотизмі қайта кепіл бола алады.

     Патриоттық тәрбие болашақ Отан азаматы тұлғасын қалыптастыруды мақсат тұтады. Бір қарағанда, айқан болып көрінетін бұл мақсаттың мәнін көптеген халыққа білім беру қызметкерлері жете зерделей бермейді, бұл осы мақсатқа жетудің шектеулі, көбіне-көп үстірт әдіс-тәсілдеріне алып келеді. Бұл ретте, қарапайым ақиқат естен шығып кетеді: біздер, яғни, ересектер үшін талассыз болып табылатын нәрсе балалар үшін, әсіресе, жоғары сынып жасөспірімдері мен кәмелетке жаңа толған жастар үшін дәйім талассыз бола бермейді. Соның нәтижесінде патриоттық тәрбиенің маңызды бөлігі – Отаншылдық сезімін, оған деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, басқаша айтқанда, оның дәйекті дүниетанымдық мәні мен өнегелік қозғаушы негізі түсіп қалады.

     Осыдан келіп, жастарға патриоттық  тәрбие беру саласында салмақты  әдістемелік зерттеулер қажеттігі  туралы тұжырым жасауға болады. Қазіргі кезде мемлекеттің жаңа саяси және әлеуметтік құрылымдармен өзара әрекеттестігінің жаңа сапалы деңгейі жағдайындағы патриоттық тәрбиенің әлеуметтік мәні ашылмаған, патриоттық сана-сезімнің қоғамдық сана-сезім құрылымындағы орны мен білім беру жүйесінің Қазақстан тұрмыс-тіршілігінің қазіргі кезеңіндегі тұлғаның патриоттық қасиеттерін қалыптастырудағы ролі зерттелмеген. Іс-жүзінде қоғамның, ұлттық-мемлекеттік құрылымның және адамның қоғаммен байланыстарын жүзеге асыру формаларының түрленуіне сәйкес, қоғамдық санада патриоттық сезім, пікір-пайым, салт-дәстүр мазмұны, «Отан», «Атамекен» ұғымдарының мағыналық мазмұны елеулі өзгерістерге ұшырады. Дүниетаным, идеология, мораль, адамдардың жалпы мәдениеті мен білімінің мазмұны мен деңгейі өзгеріске түсті, бұлардың жиынтығына адамның өзінің қоғаммен, мемлекетпен қатынастарын ұғынуы байланысты, сондай-ақ, адамның өз қоғамына қатысты қызмет-қайраткерлігінің барлық түрінде өзгерістер болды. Е.М.Фрадлиннің айтуынша, «заманауи дүниетаным аясындағы патриотизм маңызды негіздік ұстаным мен қоғамның рухани мәдениеті құндылығы болып табылады, бұдан адам мен қоғам, азамат пен мемлекет, жеке тұлға мен оның макроәлеуметтік ортасы, жеке және қоғамдық мүдде арақатынасы жиынтық түрде көрініс табады. Дамыған патриоттық сана адам мен қашанда сөздің кең мағынасында әлеуметтік категория болып табылатын оның Отаны, Атамекені арасындағы жоғары дәрежедегі ортақтық, тұтастықты өз бойында тұтады.

     Тарихтың барлық кезеңдерінде патриотизм адамдардың қоғамға қатысты парызын, өз мемлекетіне қатысты азаматтық борыштарын атқарушылыққа деген қатынасымен тікелей байланысты болған». Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдері азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс. Патриоттық тәрбиеде тұлға үшін барынша жақын әрі мейлінше маңызды қоршаған әлем ретіндегі Отанның, Атамекеннің, мемлекеттіліктің мәнділігі көрінетін түрлі нысандар, қатынастар, символдар мен нормалар шоғырланады. Жүзжылдықтар бойы қалыптасқан тәрбие дәстүрлеріне орай, батыстың дарашылдық үлгісі қазақстандық қоғамда тамыр жая алмады. Қазіргі заманғы дүниеде әрбір елдің өз ұлттық мүдделерін, өзіндік ерекшелігін қорғауы – бұл мемлекеттік саясат пен халықаралық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан, дерексіз қоғам тұлғасын бағдар ететін тәрбие жеткілікті тиімді емес. Бұндай тәрбие нәтижесінде қара басының мүдделерін күйттеуші дерексіз «азаматтық қоғам» өкілдері шығады. Сол себепті, бүгінде біз қоғамды осындай дәрежеге жеткізбеуіміздің жолын іздеуіміз қажет.

     Осыған орай, ғалым Жұмабек Кенжалиннің әділ атап кеткеніндей: «Қазақстандық патриотизм жалаң ұран, сөзуарлықтың жиынтығынан ада болуы тиіс. Себебі, әлеуметтік әділетсіздік, принципсіздік орын алған жерде халықтың патриоттық сезімін оятатын факторлар жойылады. Ал ондай сезімі, отаншылдық рухы сөнген елдің болашағы да бұлыңғыр болатынын тарих дәлелдеп отыр. Сондықтан, біздің ойымызша, қазақстандық патриотизмнің дәстүршілдік және жаңашылдық сыпатына айрықша назар аударып отырған абзал». Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – бұл, сондай-ақ, тұлғаның рухани-өнегелік және саяси-әлеуметтік әлеуетінің тәжірибе жүзіндегі көрінісі. Өкінішке орай, тәрбие жұмысында «ұлттық»-ты жалпыадамзаттықтың игілігіне жұмыс істейтін факторға айналдыру мүмкіндіктері әлі де әлсіз пайдаланылуда. Ал, онсыз жалпыадамзаттық құндылықтардың өздерінің ұлттық қатынастар жүйесіндегі дамуы мен тәжірибе жүзіне асуы үйлестігіне жету қиын. Ал, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті іс жүзінде жалпыадамзаттық типті ұлтаралық қатынастардың ұдайы өндірісінің маңызды шарты ретінде көріне алады және көрінуге тиісті де.

      Қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру процесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік дүниенің ғылымына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді. Тек тұлға ғана өзінің Отанға деген қатынасын ішкі, қастерлі сезім ретінде пайымдауға қабілетті. Сол себепті, патриотизм де тұлғаның биік даму деңгейін сипаттайтын аса маңызды рухани игілік ретінде түсініледі.

      Патриотизмді қалыптастыру – бұл мемлекеттік міндет, қоғамның әлеуметтік тапсырысы. Патриотизм өмірдің, жағдайдың, оқиғаның барлық жекелеген қырлары мемлекеттің, Отанның, Атамекеннің тұтастығы мен бірегейлігімен тікелей байланыста алып қарастырылатын қоғамдық қатынастардың мәні мен құндылықтарын зерделеу тәсілі ретінде көрінеді. Патриотизмді тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін діттейді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.

Ата-бабаларымызға, қазақ халқының дарынына, оның Қазақстанның мақтанышы ғана емес, әлемдік өркениеттің  игілігіне айналған жасампаз еңбегі мен өнеріне сүйсінушілік, құрмет сезімдерін тәрбиелеу ұлтаралық  қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың  басты алғышарттарының бірі болып  табылады. Саяси тұрақтылық – түрлі субъектілер мен саяси күштер мүдделерінің тепе-теңдігіне жету негізінде, туындайтын мәселелер мен қайшылықтарды дер кезінде заңды түрде шешу негізінде азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтауды қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар мен факторлардың болуымен сипатталатын саяси жүйе ахуалы. Жалпы әлеуметтік тұрақтылықты, ең әуелі, саяси тұрақтылықты негізгі қызметтерін сатылы түрде, бірізді атқаратын саяси жүйе қамтамасыз етеді. Ал, бұл оның туындайтын мәселелер мен қайшылықтарды дер кезінде анықтап, оларды шешудің сәйкес шараларын қабылдайтындығын білдіреді. Сондықтан, қоғам тұрақтылығын өз іс-қызметінде тек заңдар мен басқа да нормативтік актілерге сүйенетін мемлекет «жоғарыдан» қамтамасыз етеді. Осы арқылы жүйенің қызмет ету қарқындылығы қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда барша саяси билік субъектілерінің қызмет-қайраткерлігін бақылау зор маңызға ие болады. Алайда, тұрақтылық, оның ішінде, саяси тұрақтылық қоғам демократиялығының дамуына қарай, азаматтардың жүзеге асыратын шынайы саясаты, саяси басшылығының дұрыстығы негізінде билік органдарына деген сенімінің күшеюіне қарай едәуір нығайып, мейлінше тұрақты бола түседі. Бұл жағдайда тұрақтандарушы сана патриоттық санамен «қабысып», қоғам дамуы мен нығаюының күшті тұрақтандырушы факторы маңызын иеленеді. Жоғары да айтылып кеткендей, дәл осы патриотизм қоғамның саяси бірігуіне, ынтымақтасуына немесе, керісінше, саяси жіктелуіне, бөлінісіне әкеле алады. Ақпараттық-бағдарлық тұрғыда дәл осы патриоттық көзқарастар әрекет етуші саяси жүйе туралы саналы білімді бойына тұтып, осыған байланысты адамдар мінез-құлқының саяси бағыттаушысы болып табылады. Дәл осы патриотизм адамның өз Отанында үстемдік ететін саяси билік жүйесін қолдауының немесе, керісінше, оған қарсы болып, күресуінің негізгі себептерінің біріне айналады. Осылайша, кеңінен ұғынылатын патриотизмнің саяси ролі саяси қатынастарды тікелей реттеушілігінен көрінеді. Қоғамның саяси-әлеуметтік құбылысы ретіндегі патриотизм саяси билікке тікелей ықпал етеді; ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; саяси және саяси-әскери тұрақтылыққа қолдау жасайды; қоғамның саяси мәдениетін қалыптастырады және т.б. Шынайы патриотизмді жаңғырту – Қазақстанды жаңғыртуға жасалған қадам. Дәл осы патриотизм халықтың рухани игілігі, қоғамдық сана мен қоғамдық және мемлекеттік жүйелер тұғырының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, олардың тіршілік әрекеті мен тиімді қызметінің рухани-өнегелік негізін құрайды.

      Қазақстанда жаңа әлеуметтік құрылым орнықты. Қоғам тепе-тең әрі ұзақ мерзімді тұрақтылық күйіне енді. Бұл өзгерістер бұқаралық сананың және, сәйкесінше, патриоттық сананың ішкі феномендік құрылымдарының біржола түрленуіне алып келді. Бұқаралық та, патриоттық та сана иесі Қазақстан халқы болып табылады. Қазақстан халқы – тарих пен мемлекеттің өзегі, және де, бұқаралық сана мен мінез-құлық субъектісі ретінде, ол жаңа сапалық сипатта танылды. Іс жүзінде салыстырмалы тұрақтылыққа, экономикалық өрлеуге, билік үстемдігін бекітуге қол жеткізілді.

Осылайша, қазақстандық қоғам тұрақтылығының қуатты факторы ретіндегі патриотизмнің  саяси-әлеуметтік маңызы аса зор. Оның біріктіруші, тұтастырушы, тұрақтандырушы роліне ешкім күмән келтірмесі анық. Бұған қоса, оның осы тұтастырушы, тұрақтандырушы маңызына күллі тарихи даму барысы айғақ бола алады.

      Қазақстандық патриотизм қазақ халқына да, сол сияқты, Қазақстан бірден-бір Отаны болып табылатын басқа халықтарға да тән екендігін атап өткен жөн. Әлбетте, қазақстандық патриотизм қазақ ұлттық патриотизмінен бастау алады, алайда, ол Қазақстанның құрамына жаңадан еніп отырған басқа халықтарды да шарпиды. Профессор Р.Б.Әбсаттаровтың атап көрсеткеніндей, «Қазақстандық патриотизм тәрбиесі – бұл адамға оның бойында белгілі бір патриоттық көзқарастарды, пікір-пайымдарды, нормалар мен принциптерді қалыптастыру, сондай-ақ, оны сол көзқарастар мен принциптерге сәйкес іс-әрекетке бағыттау мақсатымен әсер ету жүйесі. Патриоттық ұстанымдардың беріктігі айқын мақсатқа жетелейді, қазақстандық азаматқа ұлттық өмірге тар өріс аясынан тыс ұстаным тұрғысынан қарауға және қарапайым адамды екіұдай күйге түсіретін қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Сондықтан, бүгінгі таңда біздің бүкіл патриоттық тәрбие жұмысымыздың міндеті – қазақстандық патриотизмді әрбір азаматтың өмірлік серігіне айналдыру». Осылайша, Қазақстан патриоттарының сезімдері мен іс-әрекеттері Отанға (елге, Қазақстанға) және оның халқына бағытталған. Патриотизм – бұл саяси идеология, оның басты қағидасы Отанға, өзінің халқына, Атамекеніне деген сүйіспеншілік болып табылады. Бұл өз еңбегімен, жанкешті ерліктерімен елінің беделін арттырып, халқының абыройын асыратын қазақстандық азаматтардың күнделікті өмірінде пайда болады. Бірақ, ол Отан мен Қазақстан халқына қауіп төнген сындарлы жағдайларда, әсіресе, айшықты әрі қарқынды түрде туындайды. Күнделікті тіршілікте ол азаматтардың өндірістегі, ғылымдағы, өнердегі, спорттағы, сондай-ақ, жауынгерлерді туған өлкені батыл қорғауға, өз халқының, елінің, Атамекенінің егемендігін, «құрмет көрсетіліп, қастерленуі» тиіс шекарамыздың бұзылмауын, қоғамдық құрылыстың мызғымастығын қамтамасыз етуге даярлайтын әскери қызметтегі жасампаз еңбегінен көрінеді. Осылайша, біз патриотизмнің қоғам өміріндегі күрделі рухани және саяси-әлеуметтік құбылыс болып табылып, рухани және саяси өмірді байланыстырушы, тұтастырушы қуатты күшке ие екенін көреміз. Қазақстандық қоғам өмірінің, тарихының қиын-қыстау кезеңдерінде ол саяси сипат алады. Бұл жағдайда патриотизм ортақ мақсаттар мен мүдделерге жетуде бірінші дәрежелі, басым маңызға, мақсатты сипатқа ие болады. Терең рухани ой-зерде, биік өнегелі мінез-құлық нәтижесі ретіндегі патриотизм іс жүзіне асыру процесінде жаңа сапалы мәнге – Қазақстан мемлекетінің әрбір адал азаматының саяси қызмет-қайраткерлігінің нышанына айналуда. Ол Қазақстанның гүлденуі, қазақстандық азаматтардың әл-ауқаты артуы жолында елімізді инновациялық және шығармашылық тұрғыдан өзгертуге ұмтылатын бүкіл саяси институттардың өмірі мен іс-қызметінің өзекті мәселесі болып табылады.

Информация о работе Ұлттық патриотизм жалпықазақстандық патриотизмнің бастауы