Меншіктің мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 10:10, реферат

Описание

Меншік экономиканың және экономикалық теорияның ең маңызды әрі күрделі категориялары мен мәселелерінің қатарына жатқызылады. Меншік бүкіл қоғамдық қондырғыны қамтитын объективті қатынас ретінде ойшылдарды бұрыннан қызықтырған. Түрлі өркениеттер өкілдері «Экономикалық билік кімге тиесілі және шешуші рөлге ие өндіріс құралдарын кім иеленеді?» деген сұрақтарға әрқашанда ерекше көңіл бөлген. Адамдардың тіршілік жағдайларына деген меншік кез келген экономикалық құрылымның, яғни бүкіл шаруашылықтағы өзара тәуелділіктердің тірегін қалыптастырады.

Содержание

Кіріспе 2
1. Меншіктің мәні мен мазмұны 3
2. Иемденудің түрлері мен формалары 7
3. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекеттік меншіктен шығару 9
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14

Работа состоит из  1 файл

Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі (реферат).doc

— 83.50 Кб (Скачать документ)

 

ЖОСПАР 

Кіріспе

     Меншік  экономиканың және экономикалық теорияның  ең маңызды әрі күрделі категориялары  мен мәселелерінің қатарына жатқызылады. Меншік бүкіл қоғамдық қондырғыны қамтитын объективті қатынас ретінде ойшылдарды бұрыннан қызықтырған. Түрлі өркениеттер өкілдері «Экономикалық билік кімге тиесілі және шешуші рөлге ие өндіріс құралдарын кім иеленеді?» деген сұрақтарға әрқашанда ерекше көңіл бөлген. Адамдардың тіршілік жағдайларына деген меншік кез келген экономикалық құрылымның, яғни бүкіл шаруашылықтағы өзара тәуелділіктердің тірегін қалыптастырады. Осы өзара тәуелділіктерді қолдау және нығайту үшін қоғам мүшелері белгілі бір тәртіп ережелеріне бағынуы тиіс. Мұндай жалпы ережелер сәйкес құқықтық заңдар мен нормаларда көрсетіледі. Оларды мемлекет бекітіп, өзінің билігінің шеңберінде қолдайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1. Меншіктің мәні  мен мазмұны

 

      Жалпы қатынастар мен құбылыстар кеңістігінде меншік заңды тәртіпте бекітілген мүліктік қатынастар ретінде көрініс табады. Меншіктің заң тұрғысындағы мазмұны келесідей дәстүрлі құқықтармен сипатталады: 

а)  иелену құқығы (затты физикалық иемдену);

б) пайдалану  құқығы (өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мүлікті өндірістік немесе жеке тұтыну);

в)өкім беру (сату, сатып алу, сыйға беру т.б. заттың тиесілігін өзгерту).

      Ағылшын заңгері Б.Оноре меншік құқықтарының жиынын толық көрсетіп, жалпы меншік қатынастарының жиынтығынан келесідей 11 элементті бөліп көрсетеді:

  • иелену құқығы;
  • пайдалану құқығы;
  • басқару құқығы, яғни меншік объектісінің қалай, кіммен және қандай талаптарға сәйкес пайдалану мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдау;
  • меншікті пайдаланудан табыс алу құқығы;
  • заттың капиталдық құнына құқық (иеліктен шығару, тұтыну, өзгерту, физикалық құрту құқығы);
  • қауіпсіздік құқығы – қарсы иммунитет;
  • мұраға қалдыру құқығы;
  • меншік құқықтарының мерзімсіздігі;
  • зиянды пайдалануға тыйым салу, яғни меншікті басқаларға зиян келтірмейтіндей пайдалану міндеті;
  • меншікті қарыз төлемі ретінде пайдалану мүмкіндігін көздейтін мүліктік жауапкершілік;
  • «қайтарым сипатындағы меншік құқықтары, яғни келісім-шарт мерзімінің бітуіне, оның талаптарының бұзылуына байланысты әлдекімге берілген құқық қабілеттілігінің  қайтарылуы.

Меншікті  анықтау барысында меншік субъектілері мен объектілері қарастырылады.

Меншік  субъектісі – меншік объектісін иелену мүмкіндігі мен құқыққа ие меншік қатынастарының белсенді жағы.

    Меншік  объектісі – келесідей түрдегі  меншік қатынастарының пассивті жағы:

а) жылжымайтын  мүлік - жер учаскелері, сондай-ақ ғимараттар, құрылыс және жермен тығыз байланысты өзге де мүліктер, яғни орны ауысқан жағдайда негізгі қызметіне айтарлықтай көлемде (қалпына келместей) нұқсан келетін объектілер;

б) жылжитын мүлік - көлік құралдары, айналыстағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқықтар, т.б.

в) ақыл-ой меншігі (интеллектуалды меншік) –  рухани, ой қабілетімен байланысты іс-әрекеттің нәтижелері және оларға теңестірілетін келесідей индивидуализация құралдары: фирмалық ойлау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, ноу-хау, авторлық құқық, технологиялық жобалар т.б.

     Меншік  мазмұнының экономикалық тұрғысы оның заңдылық тұрғысынан біршама ерекшеленеді. Осы ерекшеліктердің талдауы  меншіктің экономикалық мазмұнындағы негізгі сипаттарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Біріншіден, экономикалық ғылымды игіліктерді жаулау, сыйлау, мұраға алу т.б. жолдармен иелену қызықтырмайды. Экономикалық ғылыми игіліктерді өндіріс, айырбас, бөлу жолымен иеленуді зерттейді.

     Екіншіден, экономикалық тұрғыдан иелену объектісі  өте маңызды болып табылады. Объектілерді бір жағынан өндіріс факторлары, талаптары және құралдары, екінші жағынан  тұтынушылық игіліктер деп бөлу шешуші әлеуметтік экономикалық мәнге  ие. Алайда, меншік жүйесіндегі басты анықтаушы объект өндіріс құралдары болып табылады деп есептеу жөн емес. Жұмыс күші, ақпарат, ақыл-ой өнімі, сондай-ақ ақша қаражаттарына деген меншік те экономикалық үрдістерге айтарлықтай дәрежеде әсер етеді.

   Үшіншіден, өндіріс құралдарымен бірігу сипаты меншіктің экономикалық мазмұнындағы басты нәрсе болып табылады. Ол адамдардың өндірістік-экономикалық іс-әрекетінің әлеуметтік сипатын және өнімнің әлеуметтік формасын анықтайды. Өндіріс жағдайын монопольды иеленетін тұлға дәл сондай құқықтары мен еркіндіктері бар, бірақ ондай мүмкіндіктері жоқ басқа адамдарға қатысты ерекше әлеуметтік мәртебеге ие болады. Өндіріс жағдайын монопольды иеленген субъектілер тап болған ерекше артық жағдайдағы экономикалық биліктің пайда болуына алып келеді. Меншік қатынастарына қатысушы біреулердің экономикалық билігін басқалардың экономикалық тәуелділігіне алып келеді.

   Төртіншіден, «иемдену» түсінігі меншік сипаттамаларының бастылары қатарына жатады.Мұнда  тек табиғаттың дайын өнімдерін  иемдену ғана емес, ең бастысы өндірістік экономикалық іс-әрекет үрдісіндегі иемдену жөнінде сөз болып отыр. Бұл жағдайда игілікті бір қатысушының иемденуі келесісінің осы игіліктен бас тартқандығын (жоғалтқандығы) білдіреді.

   Бесіншіден, меншіктің жүзеге асуының ең маңызды  экономикалық формасы әрі ең басты экономикалық белгісі  табыстар болып табылады. Табыст4ардың формалары (жалақы, пайда, рента, пайыз) меншік иелерінің жағдайларымен тығыз байланыста болғандықтан олардың дәрежесін анықтайды.

   Алтыншыдан, меншіктің экономикалық мазмұнын ашуда: өндіріс үрдісі кімге тиесілі? - деген сұраққа жауап басты орынға ие. Меншік жемістері (табыстары) олардың пайда болу үрдісін иемденген адамға тиесілі болады.

   Жетіншіден, «өкім беру» түсінігін заңгерлер  де, экономистер де пайдаланады, алайда әр түрлі мағынада қарастырады. Заңгерлер заттың тағдырын анықтау мүмкіндігіне сілтейді, яғни сату, сыйға беру, құрту т.б. Өкім берудің экономикалық мағынасы табысты бөлу әрекетінің нәтижелерін нақты иемденуге жағдай жасауда көрініс табады.

    Сонымен, меншіктің экономикалық мазмұны мынадан

тұрады:

1. Меншік - бұл адамдардың заттарға деген қатынасы ғана емес, бұл экономикалық ресурстар мен тұтынушылық игіліктерді иемдену жөніндегі экономикалық агенттер арасындағы қатынастар.

2. Бір  субъектінің өндіріс жағдайларын монополизациялауы, басқалардың олардан бас тартуы (жоғалтуы) немесе жұмысшылардың өндіріс жағдайларына деген бірдей құқықтары меншіктің әлеуметтік-экономикалық мазмұнын сипаттап, өндірістің негізгі факторларының бірігу сипаты мен нәтижелерді иемдену тұрғысын анықтайды.

3. Табыстардың формалары меншіктің экономикалық жүзеге асуын қалыптастырып, меншік қатынастарындағы субъектілердің орнымен анықталады.

  Меншік қатынастарының мәнін ашуда иемдену қатынастары басты сипатқа ие.

      Иемдену - заттарды, табиғат және қоғам құбылыстарын, олардың пайдалы қасиеттерін тіршілік әрекетінің нақты жағдайларына (талаптарына) айналдыру әдісі ретіндегі экономикалық үрдіс. Иемденудің құрамдастары болып бір уақытта заңды да, құқықты да экономикалық та категорияларды білдіретін иелену, пайдалану, өкім беру және жауапкершілік ету қатынастары табылады.

      Иелену - меншік субъектісінің заңды құжатталған қарастылығын белгілейтін меншіктің бастапқы формасы. Меншік қатынастарының бұл функциясы басты, алғашқы және статистикалы болып табылатынын айта кеткен жөн. Әлеуметтік-экономикалық мағынада меншік тек иеленуді ғана емес, сондай-ақ объектіге қатысты өкім беру және оны пайдалануды қарастырады.

      Пайдалану - меншік объектісін, оның атқаратын қызметіне және пайдаланушының қажеттілігі мен шешіміне сәйкес қолдануды білдіретін меншік қатынастары. Иелену мен пайдалану бір субъектінің қолына шоғырлануы немесе әр түрлі субъектілер арасында бөлінуі мүмкін. Затты оның иесі бола тұрмай пайдалануға, керісінше, иесі бола тұрып, пайдалану құқығын өзгеге беріп, меншік объектісін пайдалануға болады.

      Өкім  беру - субъектіге сату, сатып алу, айырбастау, сыйға беру т.б. арқылы заттың тиесілігін өзгерту құқығын беретін меншік объектісі мен субъектісінің  арасындағы қатынастарды жүзеге асырудың жоғарғы әдісі. 

     2. Иемденудің түрлері мен формалары

     Меншік  формаларын зерделеу барысында базистік түсініктердегі қарама-қайшылықтарға  байланысты бірегей атаулар негіздерінің жоқтығына тап болуға тура келеді. Жалпы халықтық, мемлекеттік, қоғамдық, ұжымдық сияқты меншік формалары бір авторларда синонимдер ретінде қабылданса, басқаларында әр түрлі түсініктер болып қарастырылады. Мұндай жағдай жеке, индивидуалды, өздік меншікке де қатысты. Осыған байланысты меншік формасы дегеніміз не екенін, қандай критерийлермен анықталатынын, меншіктің қандай формаларын өзара ажырата білу қажет екенін анықтап алу қажет.

      Меншік  формасы - бұл жұмысшының өндіріс құралдарымен бірігуінің сәйкес әдісі мен механизмін белгілейтін экономикалық, өндірістік және шаруашылық байланыстардың тұрақты жүйесі.

      Меншік  түрі игіліктерді иемденудің нақты тәсілі мен шаруашылық етудің әдістерімен сипатталады.

      Кестеде көріп отырғандай, қазіргі экономикалық жүйе меншіктің көптеген формаларымен ерекшеленеді.

   Сонымен, меншік формасы - материалды игіліктерді  экономикалық қатынастарға қатысушы белгілі бір субъектінің реттелген объективті құқық пен иемдену жағдайын бейнелейтін түсінік. Жалпы айтқанда, меншік формаларының жиынтығы мыналарды қамтиды:

  • Жалпы халықтық – қоғамның барлық мүшелеріне жалпы және бірдей қол жеткізетін халықтың пайдалануындағы табиғи байлықтар түріндегі меншік.
  • Мемлекеттік – жалпы халықтық меншіктің бөлігі болып табылатын, халықтың еркімен және халық билігі органдарының шешімімен белгілі бір топтарға сәйкес теңдей жауапкершілікпен мемлекеттік органдар өкіміне берілген табиғи байлықтар, негізгі өндіріс құралдары, айналым қаражаттары, ақпарат;
 
 
Меншік  түрі Қоғамдық   Жеке    
 
 
 
Аралас
Меншік  формасы Мемлекеттік Ұжымдық Индивидуалды  еңбек ету Жалдамалы

еңбек ету

 
Меншік  түрі Муниципалды Кооперативтік Акционерлік Қоғамдық ұйымдар  меншігі Діни мәдени ұйымдар меншігі жеке тұлғалық Жанұялық 
Индивидуалды  жалдамалы еңбектің қатысуымен Монополистік Корпоративті Мемлекеттік- ұжымдық Мемлекеттік жеке Жеке-ұжымдық Біріккен шет  ел капиталын қолдана отырып   Тағы басқа
 
  • Аймақтық  мемлекеттік-аймақтық мемлекеттік  органдар өкіміне берілген меншік;
  • Коммуналды, муниципалды-жергілікті органдар өкіміне берілген меншік;
  • Ұжымдық - тұлғалар ұжымына белгілі бір немесе шектеусіз мерзімге берілген жалпы халықтық, мемлекеттік, аймақтық меншіктің бөлінбес бөлігін білдіретін, сондай-ақ заңмен келісім-шартпен, жарғымен белгіленген ережелер мен нормалар жүйесіне сәйкес жалға берілетін немесе пайдаланылатын меншік. Бұл меншік құқығын өткізу (беру) нәтижесінде пайда болатын меншіктің туынды формасы;

     Жалпы - алғаш екі немесе бірнеше тұлғаларға, ассоциацияланған топ мүшелеріне тиесілі, олардың заңмен жалпы белгіленген ережелер және шектеулерді сақтай отырып өз қажетінше пайдаланылуында болған мүлік, құндылықтар, ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар, т.б. (мұндай формаға белгілі бір дәрежеде акционерлік, ұжымдық - үлестік, кооперативтік меншік те жатады). Жалпы меншік біріккен және аралас болып бөлінеді. Біріккен меншік шеңберінде меншік объектісі барлық қатысушылар мен тұлғаларға теңдей дәрежеде тиесілі болады. Үлестік меншік барысында әрбір қатысушының, тұлғаның жалпы меншік құқығындағы үлесі жеке-жеке белгіленеді.

Информация о работе Меншіктің мәні мен мазмұны