Рента шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 13:38, контрольная работа

Описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Рента шарты ». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
• Рента шарттарының мәні ;
• Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының ұғымы ;
• Рента шартының ерекшелігі;
• Қазақстан Республикасындағы рента шарттарының түрлері;
• Тұрақты рента шарты ;

Содержание

Кіріспе
1. Рента шарттарының мәні
1.1. Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының ұғымы
1.2. Рента шартының ерекшелігі
II - НЕГІЗГІ БӨЛІМ :
2. Қазақстан Республикасындағы рента шарттарының түрлері
2.1. Тұрақты рента шарты
2.2 . Ғұмырлық рента шарты
2.3. Өмір бойы асырауда ұстау шарты

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.docx

— 35.86 Кб (Скачать документ)

Қазақстан  Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Алматы қалалық Білім  басқармасы

Алматы Басқару және Нарық  колледжі

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Пән : Азаматтық құқық

  Тақырыбы : Рента шарты

 

 

 

 

 

 

Орындаған : Нұрғалиев Е. Е.

Мамандығы : «Құқықтану»

Тексерген : Асарбаева Б.Б.

 

 

Алматы  2013 жыл

I – БӨЛІМ :

Кіріспе 
1.    Рента шарттарының мәні 
1.1. Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының ұғымы 
1.2. Рента шартының ерекшелігі 
II - НЕГІЗГІ БӨЛІМ :

2. Қазақстан Республикасындағы рента шарттарының түрлері 
2.1. Тұрақты рента шарты 
2.2 . Ғұмырлық рента шарты 
2.3. Өмір бойы асырауда ұстау шарты 
III – ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ :

1. Қорытынды 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Рента шарты ». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:  

  • Рента шарттарының мәні ;
  • Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының ұғымы ;
  • Рента шартының ерекшелігі;
  • Қазақстан Республикасындағы рента шарттарының түрлері;
  • Тұрақты рента шарты ;
  • Ғұмырлық рента шарты ;
  • Өмір бойы асырауда ұстау шарты .

  Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: Рента шарттарының мәнін, тұрақты рента шартын , ғұмырлық рента шартын , өмір бойы асырауда ұстау шартын толықтай зерттеу болып табылады. Сонымен қатар , курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:

  • Кіріспе бөлімнің тақырыптары бойынша : Рента шарттарының мәні жайлы , сонымен қатар , рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының ұғымы туралы , сондай – ақ , рента шартының ерекшелігіне жалпы түсінік берілген.
  • Негізгі бөлімнің тақырыптары бойынша - Қазақстан Республикасындағы рента шарттарының түрлері , тұрақты рента шарты ғұмырлық рента шарты , өмір бойы асырауда ұстау шарты    қарастырдым. Негізгі барлық тақырыптарын жан-жақты қамтуға тырыстым.

Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері . Курстық жұмысымның мақсаты рента шартының  негіздерін ,  мәнін, жүйесін, мақсатын толығырақ ашып, толық мәліметтер беру.

Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспе бөлімінен , негізгі бөлімнен, қорытынды бөлімінен және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.  

Зерттеу пәні: Азаматтық құқық .

 

 

Шарт ұғымы. Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт – сату – сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.

Шарт дегеніміз – екі немесе одан да көп адамның азаматтық  құқықтар мен міндеттердің белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім.

Шарт еркіндігі – шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің қағидасы:

· шартты жасау еркіндігі;

· шартты жасауға итермелеуге жол  бермеу еркіндігі;

· жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;

· тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;

· тараптар заңда көзделген және көзделмеген  шарттарды да жасаса алатындығын  білдіреді.

Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп  тарптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды.Шарттың  мазмұны заңда көрсетілген реттерден  басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады.Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін.

Шарттың жіктелуі . Шарттарды жіктеудің маңызы өтезор. Шарттың дұрыс анықталуы тараптардың мүдделерін қорғауға септігін тигізеді. Шарттар жасалу уақытына байланысты (күшіне енуі) реалды және консенсуалды болып бөлінеді.

Консенсуалды  шарт бойынша шарт жасаушы жақтардың  келісімге келуі бұл шарттың  жасалғандығын білдіреді және сол  сәттен бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып-алу, мүлікті жалға алу, т.б.)

Реалды  шарт бойынша шартты жасасудың негізі – мүлікті немесе затты беру. Яғни, зат берілген уақыттан бастап шарт жасалынды деп есептелінеді. (Мысалы, несие шарты.)

Жеткізіп  беру шарты – бұл консенсуалды мәміле, құқықтық міндеттердің пайда  болу сәті тараптардың келісімімен  анықталады. Бұл жерде бір келісімге келу жеткілікті, мәселен, мүдделі тараптар келіскен мерзімде шарт бұзылса, екінші тарап шарттың дұрыс орындалуын, шығындардың орнын толтыруды, айыппұлды үстемелеуді және т.б. талап етуге құқылы.

Несие шарты – бұл реалды шарт, құқықтар мен міндеттер несие алушының ақша қаражатын алғаннан бастап пайда  болады.

Шарттарды ақылы және ақысыз деп екіге бөліп  қарауға болады. Ақылы шарттың  өзінің атынан көрініп тұрғандай, шарт бойынша өзінің міндетін атқарған жақ  тиісті ақысын алуы қажет. Белгілі бір  қызмет көрсеткен адам сол көрсеткен  қызметінің ақысын алады. Ал егер бір  тарап екінші тарапқа одан ақы  алмай немесе бірдеңе бермей затты  ұсынуды міндетіне алған болса, онда мұндай шарт ақысыз шарт болып  есептеледі. Оған біреуге бір нәрсені  сыйға беруді, т.б. жатқызуға болады.

Шарттарды сонымен қатар, біржақты міндеттеуші  және өзара келісілген деп жіктеуге болады. Шарттардың басым көпшілігі  өзара келісілген, яғни құқықтар мен  міндеттер екі жақты да бірдей.

Мәселен, сатып алу – сату шарты бойынша  сатушы сатылған тауарды беруге мінлетті және оның ақысын талап етуге құқылы, екінші тарап – сатып алушы  тауарды талап етуге құқылы және оны қабылдап ақысын төлеуге міндетті. Көріп отырғанымыздай екі тарапта  да құқықтар мен міндеттер бар, яғни сатушы мен сатып алушының арасындағы шарт өзара келісімді. Сыйға беру шарты керісінше, бір жақты міндеттеуші  шарт. Сыйға алушының ешқандай міндеті  жоқ, тек құқықтарға ие және сыйды  қабылдау немесе қабылдамауды өзі шешеді.

Жария шарт. Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай  оған өтінішпен келетін әркімге  қатысты тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі  оның міндеттемелерін белгілейтін  шартты жария шарт деп атайды. Бұл  шарт, негізінен байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, т.б. салаларда қолданылады.

Коммерциялық  ұйымдардың шарт жасау немесе жария  шартын жасау барысында бір тарапқа  көмек көрсетуден бас тартып, екінші бір тарапқа жеңілдік беруге құқығы жоқ.

Жария шартының талаптары барлық тұтынушыларға  бірдей қойылады. Яғни, жария шартын жасауға ниет білдіргендердің барлығы  тең болуы тиіс.

Сенімхат  – бір тұлғаның (сенім білдіруші) екінші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі.

Сенімхаттың мынадай түрлері болады: негізгі, арнайы және бір мезгілді. Шекті  мерзімі – 3 жыл. Егер сенімхатта жарамды  мерзімі көрсетілмесе, онда ол берілген күннен бастап 1 жыл бойына жарамды  болып есептеледі, ал егер сенімхатта берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.

 

 

Рента шарттарының мәні . Рента шарты құқық саласындағы азаматтық-құқықтық реттеудің алатын орны ерекше. Осы шарт құқықтық сипаты бар нормативтік заңдармен, актілермен және нормалармен бекітілуі тиіс.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 28 тармағы рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарына арналған. 

Рента шарты тарихының дамуы  мына жағдаймен қызықты болып  келеді. 1922 жылғы Азаматтык кодексте рента және оның түрлері жайлы  айтылмаған. Бірақта осындай келісімдер тәжірибе жүзінде жасалынатын. Аса  кең таралушылық мұндай шарттар 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде  және ол аяқталғаннан кейін алды. Ол түсінікті, өйткені сол кезде  көпшілік үшін рента түріндегі ұстауды  беру күн көрудің басты көзіне айналды, ең алдымен, мүгедектер, асыраушысын  жоғалтқан тұлғалар, зейнеткерлер және тағы басқалар үшін. Сот тәжірибесі сондай жағдайлармен кездескен болатын.Бұның бәрі 1963 ж. Қазақ ССР Азаматтық кодекста Өмір бойы асырауда ұстау талабы негізінде үйді иеліктен шығару шарты деген тараудың пайда болуына әкеп соқтырды. Көрсетілген тарауда рента термині қолданылған емес, бірақ, белгіленген шарт ранта шартының бір түрі болды. 

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында болған зейнетақы мөлшерінің тез  арада өсуіне байланысты осы қатынастардың  дамуының қажеттілігі болмады, және рента шарты тәжірибеде сирек  қолданылды. 

ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдардың  басында рента қатынастары тағы да белсенділік танытты, осы шарттарды  теріс пайдалану жағдайларының  болуына байланысты, олардың қатаң  құқық реттеушіліктің қажеттілігі  туды. 

Қазіргі уақытта Азаматтық кодекстің 28 тарауымен регламенттелген рента  – бұл мүлікті иеліктен шығарумен  байланысты, кепілді табысты қамтамасыз ететін азаматтық құқықтың дербес институты. 

Рентаға тән белгі бұл оның мүлікті  рента төлеу үшін берген мүлік  иесінің кәсіпкерлік қызметінің байланысы жоқ екендігінде. Рента  міндеттемесі тек қана шарт негізінде  пайда болады. Рента шарты шынайылық, ақысы төленетін болады, сондай –  ақ мезгілсіз (тұрақты рента) немесе рента алушының өмір ұзақтығы уақытына (ғұмырлық рента иесі өмір бойы асырауда ұстау) жасалуы мүмкін. 

Рента реалдық (шынайылық) шарт, өйткені  рента алушы рента төлеушінің меншігіне қандай да бір мүліктің берілу сәтінен басталады, ал шарт талаптарына  сай жақтар келіскен сәттен пайда  болмайды. Егер де заңнамалық актілерге  сәйкес шарт жасасу үшін мүлікті беру қажет болған жағдайда, қандай да бір  мүлік берілген сәттен бастап шарт жасалды деп есептелінеді (АК 393-бабының 2 тармағы). Егер де мүлікті иеліктен шығару туралы шарт нотариалдық куәландыруға немесе мемлекеттік тіркеуге жататын  болса, онда сатып алуда меншік құқығы нотариалдық куәландыру немесе мемлекеттік  тіркеу сәтінен бастап пайда болады, ал шарттың нотариалдық куәландыруы  да, мемлекеттік тіркеуі де керек  болған жағдайда – оны (шартты) тіркеу сәтінен бастап. Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндетті. Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзімсіз немесе өмір бойы төлеу міндетін бекітуге жол беріледі. Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі.

Шарттың ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сәйкес меншік қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар  өз кезегінде материалдық  игіліктерді белгілі тұлғалар иеленетінімен  немесе материалдық игіліктер біреуге  жататынмен сипатталады. Ренталық қатынастарға меншіктің екінші ағымды күйі де тән  болып келеді және айта кететін болсақ , ренталық қатынастардың осы күйін  ескерген кезде ғана оларды анықтау  қажеттігі пайда болады .

Рента қарым – қатынастарын рейттейтін әмбебап нормалар Қазақстан Республикасының  заңнамасында тұңғыш рет қабылданған  соң пайда болды. Онда рента шартына 517 – 519 баптар арналған .

Рента шартының ерекшелігі – мүлік  төлемақы төленіп , не болмаса төленбей берілуі мүмкін.  Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 519 бабы бойынша  осыған қарап сатып алу , сату шарты  немесе сыйға тарту шарты туралы ережелер қолданылады. Бұл осы шарттың  мәнісіне қайшы  болмауы керек . Аталған  екі шарт нормаларының қолданбауы тікелей  рентаға қатысты нормаларымен қарастырылуы мүмкін .

Рента қазіргі азаматтық  құқықта оларға реалдық мінезі берілген аздаған шарттың қатарына жатады . Ол бойынша құқықтар мен міндеттер пайда болуы үшін мүлік рента төлеушіге берілуі керек .

Рента шарты бір жақты шарт болып  табылады.  Мүлік берілгеннен  кейін жалпы тәртіп бойынша рента  алушыға ешқандай міндеттеме жүктелмейді . Рента төлеуші рентаны сатып  алу құқығына ие болады , бірақ бұл  құқық негізгілердің қатарына жатпайды .

Рента төленуін қамтамасыз ететін норманың міндетті мәні бар . Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 521-  бабының 1 – тармағына сәйкес , рентаны  алушы  рента төлеуші міндетін қамтамасыз ету мақсатында сол мүлікке  келіп құқығын иеленеді .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы  рентаның түрлері. Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл мезгіл рента төлеп отыруға міндеттенеді .

Қазақстан Республикасының заңнамасымен рента шартының үш түрі көрсетілген :

  1. Тұрақты рента шарты ;
  2. Ғұмырлық рента шарты ;
  3. Өмір бойы асырауда ұстау шарты .

Жалпы нормалар шарттың аталған  үш түріне де бірдей қатысты болып  табылады.

Тұрақты рента және ғұмырлық рента  шарттары мүлік рента төлеушіге  ақыға немесе тегін берілетініне , мүлік қозғалатын ба әлде қозғалмайтын ба , соған байланысты бөлінуі мүмкін. Өмір бойы асырауда ұстау шарты осы  екі шарттан едәуір ерекшеленеді .

 

Рента шарты бойынша рента  алушыға рентаны мерзімсіз (тұрақты  рента) немесе өмір бойы төлеу (ғұмырлық рента ) міндетін бекітуге жол беріледі. Ғұмырлық рента азаматты өмір бойы асырап отыру жағдайларында белгіленуі мүмкін.

Рента шартының нысаны -  рента шартын нотариат куәландыруға тиіс , ал рентаны төлеу үшін қозғалмайтын мүлікті игіліктен айыру көзделетін шарт та мемлекеттік тіркелуден өтуге  тиіс .

Информация о работе Рента шарты