Түсінігі мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 22:45, реферат

Описание

Халықаралық жария құқықтың әлі күнге дейін жалпыға танылған, бірыңғай қайнар көздерi турлерінің тiзiмi жоқ екенін айта кету қажет. Бұл тізімінің бiр нұсқауы ретiнде, БҰҰ Халықаралық сотының Статуты пайдаланылуы мүмкін. 38-бабында халықаралық құқық кайнар көздерiнiң санаттарын көрсетедi. Бiрiншiден, олар халықаралық шарт, халықаралық әдет-ғұрып пен құқықтың ортақ кағидалары.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 27.36 Кб (Скачать документ)

Түсінігі мен түрлері.

 

Халықаралық жария құқықтың әлі күнге дейін жалпыға танылған, бірыңғай қайнар көздерi турлерінің тiзiмi жоқ екенін айта кету қажет. Бұл тізімінің бiр нұсқауы ретiнде, БҰҰ Халықаралық сотының Статуты пайдаланылуы мүмкін. 38-бабында халықаралық құқық кайнар көздерiнiң санаттарын көрсетедi. Бiрiншiден, олар халықаралық шарт, халықаралық әдет-ғұрып пен құқықтың ортақ кағидалары. Екiншiден, құқықтың нормаларды аныктау үшiн көмекшi туралы ретiнде – сот шешiмдерi мен доктрина келтiрiледi. Біздің негiзгi назарымыз, сол аталған қайнар көздердің санаттарына белiнетiн болады. Сонымен бiрге, соған қоса біржақты актілердің маңызын, сондай-ақ iшкi мемлекеттiк заңдар мен халыкаралык құқықтық қайнар көздердің мәселесiне байланысты сот шешімдерінің маңызын сипаттаудың кажетті екендiгiн айтамыз. Халықаралық құқықтың жеке қайнар көздерiн қарастырудан бұрын, мына сұракка жауап берелiк – құқықтың қайнар көзі (мұнда халықаралық құқық жайындағы айтылады) сапасының аса зор маңызға ие болып отырғандығы нелiктен? Оның жауабы: осындай жагдайларда (бiрiншiден, мұндағы халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы даулар), халықаралық құқықтың сәйкес нормаларына сүйене отырып, өзiндiк позицияны негiздеудiң өзi өте қажет, ал оның, халықаралық құқық қайнар көзінің қандай да бiр түрінің шеңберінде объективтiленгенi қажет. Осыдан туатын сұрак – сол, не өзге де бiр акті, халықаралық құқықтың заңды қайнар кезi бола ала ма? (Мысалы, халықаралық шарт, әдет-ғұрып немесе жалпы құқық қағидасы түрiнде). Бұл сұрақтың шешiмiнен, халықаралық құқық субъектiсiнiң құқыққа тартымдылығынын қанағаттануы (немесе қанағаттанбауы) байланысты. Сондықтан да бұл сұрақтың өзi манызды тәжірибелік мәнге ие болып саналады.

 

Қазіргі таңдағы халықаралық  құқықтың негізін салушы қайнар көздердің бiрi болып – халықаралық шарт танылады, дегенмен жогарыда айтылғандай, халықаралық құқықтағы негiзгi реттестiрушi тәсілі болып-халыкаралық құқық субъектiлер еркілерінің санасу тәсiлi саналады, онын өзі, халықаралық шартты бекiту кезінде айқын көрiнедi. Халықаралық құқық қайнар көздерi ретiндегi халықаралық шарттың нормалары, халықаралық әдет-ғұрыптар секiлдi калыптасатын нормаларға қарағанда, қалауымызға жақын, дсгенмен де, “халықаралық шарт” ұғымы халықаралық әдет-ғұрып ұғымына қарағанда әлдеқайда анық болып табылады, даулы жағдайда, сол тәртіп ережелерінің әдеттегі құқықтық норма ретiнде барын дәлелдеудің өзiнде қиынға түседi (яғни сәйкес өлшемдер бойынша). Халықаралық шартқа байланысты мәселелер қазiргi кезде негiзгi үш келiсiмдермен реттеледі – 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығының Вена Конвенциясымен, 1986 жылғы халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясымен, сондай-ақ 1978 жылғы халықаралық шарттарға қатысты, мемлекеттердiң құқыққа иеленушiлiк жайындағы Вена Конвенциясымен реттеледi. Олардын ішіндегі ең маңыздысы болып, 1969 жылғы Конвенция танылады. Осы құжатқа сәйкес халықаралық шарт деп – мемлекеттер арасындағы жазбаша түрде бекiтiлiп, мұндай келісімнің бiр құжатта не бiрнеше өзара байланысы бар құжаттарда бар болуына, не оның нақты аталуына қарамастан, халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім түсіндірілуі мүмкін.

 

 

 

Халықаралық шарт пен ішкі заңдылық

Дата: 29th Декабрь 2011. Автор: admin. Рубрика: Юриспруденция

0

 

Мемлекет өз еріктерінің автономия қағидасына негізделе отырып, өздерiнің келісімдерiнде (мысалы, екі жақты келісімдерінде) сан алуан нормалары мен өз тәртіптерінің құқықтары мен міндеттемелерінің нұсқауларын және т.б. бекіте алады. Алайда олардың халықаралық құқықтың императивті нормаларына (jus cogens) қайшы келген жағдайында жоғарыдағы шартты ережелер өте шамалы ғана болып есептеледі.  Біздің пікірімізше, jus cogens нормаларынa тән бip мысал, олар халықаралык жария құқықтың қағида нормалары болып табыладыl: күш қолданбay және күшпен қатер төндiрмеу. Агрессияға тыйым салу, дауларды бейбіт жолмен шешу, мемлекеттердің егемендігін құрметтеу және олардың ішкі істеріне араласпау, адам құқығын қорғay және т.б. Дегенмен қазіргі халықаралық құқықта мұндай нормалардың жоқ екенін айтуға болады. Екiншi жағынан алып қарағанда, сондай тізімді қалыптастыру бізге мүмкін еместігі aйқын көрінеді, дегенмен халықаралық қатынастардың тарихи аспектісіндегi даму динамикасы өмірдегі стандарттардың әрқашан жаңартылып отыруын, оның өзгерілуін, толықтырылуын т.б. талап етеді.

 

Халықаралық құқық нормаларын топтастыру. Халықаралық құқық нормаларын, жалпы құқық нормалары секілді түрлі себептерге орай топтастыруға болады. Біздің ойымызша, ең өзіктілері мыналар болып табылады: 1. Реттеуші ықпалының мазмұны бойынша: – реттестіруші нормалар: осыған сай қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін, тәртіп ережелерін бекітетін нормалар; – қорғаушы нормалар, нақты жағдайларға қатысты алдын ала қарастырушы заңды жауапкершілігінің шаралары, яғни мұндағы халықаралық құқықтық сипатындағы жауапкершіліктер. Көп жағдайларда, екі түрі бірдей нормаларында жинақталады, алайда сирек кездеседі. 2. Реттеуші ықпалының сипаты бойынша: – императивті-абсолюттік, анықталған тәртіптің апелляциясыз қалыптасқан моделі бар нормалар (көбінесе оны орындамағандағы үшін санкциясы бар нормалар); – диспозитивті нормамен көрсетілетін, тәртіп моделін таңдап алу мүмкіндігін ұсынатын нормалар. 3. Осы щеңбердегі халықаралық құқық нормасының реттеуші ықпалының жүзеге асыратылатын уақыт мөлшеріне байланысты: – тұрақты күші бар (мысалы мерзімсіз сипатының нормалары; – уақытша күші бар, сонымен қоса, өзінің заңды күшін мерзімді растайтынын талап етуші номалар 4. Императивті сипаттағы нормалардың мынадай түрлерге бөлінетінін тағы бір атап көтеру қажет, яғни олар: – қарапайым императивті нормалар; – jus cogens императивті нормалар, бұлардың түсінігі жоғарыда айтылған болатын. Жалпы, былайша көрсетуге болады, яғни қандай да бір объектіні топтастырудың өзі (мұнда халықаралық құқық нормаларын топтастыру жағдайы айтылады) шартты болса керек, үлгілік, тәлімдік сипатын ұстанады. Сондықтан да айтатынымыз сөзсіз, жоғарыда аталған түрлердің шеңберінде әр түрлі элементтерді  біріктіретін нормалардың болуының өзі де ықтимал.

 

Популярность: 2%

 

Халықаралық азаматтық процесс

Дата: 29th Декабрь 2011. Автор: admin. Рубрика: Юриспруденция

0

 

Түсінігі

 

Халықаралық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық шарттарды орындау барысында тараптардың арасында даулар пайда болады. Бұл даулар көбінесе шартта көрсетілген міндеттерді орындамауға байланысты туындайды.

 

Сыртқы сауда тәжірибесі көрсеткендей бұл даулардың көпшілігі тараптардың өзара келісімдері арқылы шешіледі. Егер де даулар тараптардың өзара келесімдері арқылы шешілмесе, онда дау үшінші немесе арбитраж соттың қарауына беріледі.

 

Халықаралық сыртқы саудада пайда болатын даулар, яғни үкімет аралық экономикалық келісімдер орындалмағаннан туындайтын даулар. Бұл даулар келіссөздер арқылы немесе үшінші мемлекеттің делдалдық қатысуымен шешіледі. Екінші шаруашылық жүргізетін субъектілердің арасындағы туындайтын даулар. Олар аралық соттарда егер келісімге ескертпе болған жағдайда қаралады. Ал егер ескертпе болмаған дағдайда немесе екі тарап келіскен жағдайда дауларды жалпы соттарда яғни мемлекеттік соттарда, жауапкердің немесе мүліктің тұрған жері бойынша, сондай-ақ басқа соттылығы бойынша қарастырады.

 

Бұл жерде тағы бір айтатын жәйт – ол халықаралық арбитраж және мемлекеттік арбитраж – әр түрлі ұғымды анықтайды. Халақаралық коммерциялық арбитраж – ол халықаралық сыртқы саудада келіссөздерден туындайтын дауларды қарайды. Ал мемлекеттік арбитраж ол мемлекеттің ішіндегі субъектілердің арасындағы дауларды қарайтын сот. Халықаралық коммерциялық арбитраж дегеніміз – ол түрлі мемлекеттерден шыққан тараптардың немесе шетелдік элементі бар тараптардың өздері тағайындаған бейтарап арбитрлардың немесе арбитрдің шешу тәсілі. Оның шешімі міндетті күшіне ие болады.

 

Халақаралық коммерциялық арбитраждың  жалпы мемлекеттік соттан айырмашылығы.

Халақаралық коммерциялық арбитражды тараптар өздері тағайындайды.

Халақаралық коммерциялық арбитражда дау жабық түрде жүргізіледі, ал мемлекеттік сотта дау ашық және жабық түрде де жүргізіледі.

Халақаралық коммерциялық арбитражда даулар қысқа мерзімде шешіледі, ал мемлекеттік сотта көптеген процедуралардан өту керек.

Халақаралық коммерциялық арбитраж дауды өздерінің жеке ережелерімен және тараптардың келіскен материалдық құқықтарымен шешеді, ал мемлекеттік сот өз елінің материалдық құқығына жүгінеді.

 

Арбитраждың тағы бір ерекшелігі оған шағым талап қоюға болмайды. Арбитраждың шешімі міндетті күшке ие және соңғы шешім болып табылады, оған шағым жасалмайды. Дауды шешу үшін үшінші сотқа беру кезінде арбитраждық келісім керек. Арбитраждық келісім – тараптардың арасында нақты құқықтық қатынасқа байланысты өзара туындаған немесе туындауы мүмкін белгілі бір немесе барлық дауды оның шарттың немесе керісінше сипатына қарамастан арбитражға беру туралы келісім. Арбитраж туралы шарттар қойылған келісім арбитраждық ескеру деп аталады. Ескеруде тараптар дау туындаған кезде қандай арбитражға жүгінетінін және қандай тәртіппен қарайтынын көрсетеді. Арбитраждық келісімнің ерекшелігі ол тараптар үшін міндетті және сол көрсеткен арбитражға ғана жүгінеді. Халақаралық сыртқы сауда тәжірибесінде арбитраждық келісімінің заңды күші туралы сұрақтар туындайды. Мысалы: Францияда сотқа қарсылық білдіре алатын, сотта істі қысқартуға келісім беретін арбитраждық келісімдер танылады. Сондай-ақ шетел арбитражының шешімін орындау үшін оның орындалуы тиісті жердің азаматтық сот өкілінің үкімі қажет.

 

Жалпы, арбитраждық келісім өзіндік автономиялық заңды күші бар келісім. Яғни, бұл дегеніміз арбитраждық келісімінің растығы жасалған шарттың растауына байланысты емес.

 

1958 жылғы «Шетел арбитражының шешімін тану және орындау туралык» Нью-Йорк конвенциясы және 1961 жылғы «Сыртқы сауда арбитражы туралы» Еуропалық конвенцияға сәйкес арбитраждық келісім жазбаша жасалған ескерту, сондай-ақ, тараптардың арасында хат, телеграмма арқылы жасалған келісім болып табылады.

 

 

Әдет-ғұрып, сот прецеденті

Дата: 29th Декабрь 2011. Автор: admin. Рубрика: Юриспруденция

0

 

Халықаралық шарттағы жактар тек халыкаралык құқық субъектiлерi ғана бола алады, сонымен бгрге мемлекеттер осыган шектеусiз қатыса алады. Бұған мысал ретiнде, халыкаралык құқық кабіеттiлiгi шектелген, жүргiзушi субъектілер ретiндегi – халықаралық ұйымдардың құрылтай шарты мен жарғысына байланысты, ал федерация субъектiлерi – федеративтi мемлекеттің iшкi заңдарына байланысты және т.б.  Халықаралық шарт, екі жақтың келiсiмiн белгiлi мәселелері бойынша бiлдiредi, басқаша айтқанда, заңды мiндеттiлiктiң оған, екі жактың келтiруiмен жүзеге асуы қажет, демек барлық жақтарымен келтiрiлуi қажет. Егер де халықаралық шарттың немесе онын кандай да бір бөлiмiне қатысты жақтардың келiсiмiне негiзделген күдiк болған жағдайында, сол шарттың занды әрекетін дауға салып шешуге болады. Тағы бiр айта кететін жағдай, мемлекеттер өз тәртiбiн, сондай-ақ өзінің iшкi мемлекеттiк зандарының актiлерiне сәикес, халықаралық шартты дайындау, бекiту, оны орындау мен заңды күшiнiң токтатылуына катысты мемлекет атынан кызметті жүзеге асыруға кұзірет бар органдар мен жақтардың тәртiбiн қалыптастыра алады. Халықаралық шарттар мен оларды бекiтушi мемлекеттер, сол не өзге мемлекеттің ұлттық құқығына бағынышты бола алмайды. Халықаралық құқықтың қайнар көздері ретiндегi халықаралық шарттардың жалпы сипатының шеңберiнде, өзге де оларға ұқсас сипаттарынан айырмашылықтарына назар аударудың кажетті екендiгiн санай аламыз, яғни мұндағы халықаралық құқық субъектiлерi мен жеке тулғалар арасындағы шарттарды, джентльмендiк келiсiмдерi мен саяси ойлары жайлы мәлiмдемелерiн айтса болады. Мемлекеттер мен жеке тұлғалар арасындагы шарттар (халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар сирек жүредi), шетел занды және жеке тұлғалары, халықаралық жеке құқық саласына тән нәрсе. Сондай-ақ оларды халықаралық шарттар ретiнде мойындау меселесінің өзi өте жиi байкалады. Әдеттегідей, ұлтаралык, компаниялармен жасалатын мемлекеттердiң шарттарына қатысты мәселесі бойынша. Мұндай мойындаудьң беретiнiне және ұлтаралық компания үшiн оның қандай маңызы бар? Жауабы өзi айтып отырғандай, онда бұл келiсiм мемлекеттің ұлттық юрисдикциясының саласынан шығуы қажет, яғни ұлтаралық, компаниямен болған келiсiм жақтары (демек халықаралық құқықгық ережелерге, халықаралық кағидаларға бағынышты болуы мүмкін). Бiрiншiден, pacta sunt servanda кағидасына, (яғни – “шарттар орындалуы тиіс” дегенін бiлдiредi). Осындай шарттан туындайтын даулар да, аталған мемлекеттің ұлттық соттарында емес, өзге жолдармен шешiлуi қажет. Устем етушi пiкiрге сай, осы тарау авторының өзi бөлiп керсетiп отырғандай, мұндай шарттар, қайткенмен де халықаралық болып саналмауы қажет. Біржакты пiкiрге бұл мәселе бойынша, елi де болса өз максатына жете койган емес. Оның күрделiлiгi, мемлекетгердiң “интернационалдандырылған” деп аталатын жеке тұлгалармен шарттарының әр түрлi болып келуiмен күшейе түседi. Жоғарыдaғы шарттар бойынша оларға қолданылатын құқық сондай-ақ олардан пайда болатын құқықтық катынастар үшiн – халықаралық түpi болып табылады немесе былайша делінетін “құқықтың жалпы қағидалары немесе тек осы шарттың ғана нормалары болып табылады (бiр жақтың ұлттық құқығы емес). Бiздiң пiкiрімiзге сай, мұндағы айтылып отырган мәселе қайткенмен де халықаралық шарттар жайында емес, шетел элемент; бар жеке құқықтық келiсiм-шарттарың (контрактiлердiң:) арнайы түрлерi жайында айтылады. Джентльмендiк келгсiмдерге келетін болсақ, мұнда көптеген ғалымдардың пікipi бойынша, жеке тұлғалар арасындағы ауызша түрдегi келiсiмдiлiгi жайында айтылады, әдеттегідей өз мемлекеттерін халықаралық аренада таныстыру құқығына ие болады. Аталган келiсiм, мемлекеттер үшiн мiндеттi түрдегi занды салдарға әкеп соқтырмауы қажет.


Информация о работе Түсінігі мен түрлері