Халықаралық шиеленістерді реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 23:10, реферат

Описание

Халықаралық даулар проблемасы бүгінгі таңда халықаралық қатынаста үлкен маңызға ие болып отыр және ол алдымен халықтар мен ұлттардың өз тағдырын өзі шешу,аумақты зорлықпен басып алуға тыйым салу, қалыптасқанмемлекеттік шекараларды бейбіт жолмен және халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес уағдаластықтар бойынша шешуге байланысты.Әлемдік қауымдастық ықтимал және шын мәніндегі халықаралық даулардың қауіпті қарулы қақтығыстарға айналып кету қаупіне байланысты осы проблемаға аса назар аударып отыр.Ал кез келген әскери қақтығыс халықаралық құқықты бұзу болыпесептеледі,өйткені күш қолдануға және күш қолданамын деп қоқан лоққы жасауға тыйым салады және мемлекеттерге барлық даул

Работа состоит из  1 файл

Халықаралық шиеленістерді реттеу.docx

— 16.42 Кб (Скачать документ)

 

Халықаралық шиеленістерді  реттеу

 

Халықаралық даулар проблемасы бүгінгі таңда халықаралық қатынаста  үлкен маңызға ие болып отыр және ол алдымен халықтар мен ұлттардың  өз тағдырын өзі шешу,аумақты зорлықпен  басып алуға тыйым салу, қалыптасқанмемлекеттік шекараларды бейбіт жолмен және халықаралық  құқықтың нормаларына сәйкес уағдаластықтар бойынша шешуге байланысты.Әлемдік  қауымдастық ықтимал және шын мәніндегі халықаралық даулардың қауіпті қарулы қақтығыстарға айналып кету қаупіне байланысты осы проблемаға аса назар аударып отыр.Ал кез келген әскери қақтығыс халықаралық құқықты бұзу болыпесептеледі,өйткені күш қолдануға және күш қолданамын деп қоқан лоққы жасауға тыйым салады және мемлекеттерге барлық дауларды бейбіт құралдар арқылы шешуді міндеттейді.Халықаралық дауларда қарулы қақтығыстардың пайда болу себептерін халықаралық даулардың өзінен және оның пайда болу көздерінен іздеу керек.Әрбір тараптың белгілібір аумақты өзінікі деп есептеуі және сол себепті қандай да бір ымыраға барғысы келмеуі немесе басқа тараптың қандай да бір құқықтарын мойындағысы келмеуі қарулы қақтығыстың пайда болуының обьективті алғышарты болып табылады.Ал мұның бәрі аумақтың бір учаскесінде болуына байланысты,екі жақтың да әскери және азаматтық тұлғалары сөзсіз байланысып қалады да,қақтығыстың туындауына себеп болады.

Кейбір халықаралық дауларда тікелей қарулы қақтығыстар болмайды, дегенмен ұсақ шекаралық қақтығыстар  арқылы ушығып, ірі әскери қимылдарға айналып кету қаупін төндіріп тұрады.

БҰҰ ға мүше мемлекеттер  өздеріне «бейбітшілікке қауіп төндіруі мүмкін халықаралық даулар мен жағдайларды  шешкен кезде халықаралық құқықтың әділдік қағидаларына сәйкес,бейбіт құралдар арқылы жүргізуді...» міндет етіп жүктеді.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасын жүзеге асыру  тетігі мұндай реттеудің халықаралық  құқықтық құралдарының жүйесі түрінде көрінеді.

БҰҰ Жарғысының 33бабына сәйкес, кез келген дауға қатысушы тараптар,оны жалғастыру халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін болса, ең алдымен дауды»келіссөздер,зерттеулер,делдалдық, татуласу,төрелік сот,сот талқылауы,аймақтық органдар мен келісімдерге жүгіну немесе өздерінің таңдаулары бойынша өзге де бейбіт құралдар арқылы» шешуге ұмтылуы тиіс.Аталмыш бапта бүгінгі күнге белгілі дауларды бейбіт жолмен шешу құралдарының барлығы дерлік аталып өткен,дегенмен олардың тізбесі мұнымен бітпейтіндіктен,мемлекеттер жанжалдарды шешу барысында халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына қайшы келмейтін өзге де бейбіт құралдарды қолдануларына болады.Келіссөздер жүргізу халықаралық қатынастар тәжірибесінде мемлекеттердің түрлі салалардағы ынтымақтастығын дамыту үшін кеңінен қолданылады.Олар түрлі нысандарда жүргізіледі:тұрақты дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық өкілдік орналасқан елдің билік өкілдерімен келіссөздер жүргізуінен бастап,жоғарғы деңгейде жүргізілетін келіссөздерге дейін.Келіссөздер халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу құралының бірі болып табылады және осындай нысанда әдетте арнайы делегациялар арасында,әсіресе аумақтық даулар мен шекара туралы басқа да мәселелерде көбірек қолданылады.Бұл басқа бейбіт құралдарының ішінде жетекші рөл атқаратын,дауларды бейбіт жолмен шешудің ең тиімді,икемді құралы болып табылады,өйткені келіссөздердің нақты мақсаттары,қатысушыларының құрамы,өкілдіктер деңгейі,олардың ұйымдастырушылық құрамы,өкілдіктер деңгейі,олардың ұйымдастырушылық нысандары және өзге де рәсім мәселелерін дауласушы тараптардың өздері келіседі.

Келіссөздер жүргізу бүгінгі  таңда халықаралық дауларды шешудің  ең тиімді құралы болғанымен,олар екі  ұшты нәтижелерге әкелуі мүмкін:оң немесе теріс нәтижелерге де.Оң нәтижелерге:даудың тікелей шешіліуі және дауды шешуге басқа бейбіт құралды қолдану  туралы келісімге қол жеткізу  жатады. Келіссөздер жүргізудің теріс  нәтижелеріне оның сәтсіздікке ұшырауы  жатады.Кейбір авторлар келіссөздердің сәтсіздікке ұшырауы тікелей  қарулы қақтығысқа алып келеді деп есептейді.Тағы бір авторлар бұл көзқараспен егер келіссөздер дипломатиялық қатынастың үзілуіне байланысты тоқтатылған жағдайда келісуге болады деп есептейді.

Халықаралық дауларды келіссөздер  арқылы шешу төрелік сот және сот  нысанында шешуге қарағанда,оның дауласушы  тараптардың келісіміне негізделуі арқылы ерекшеленеді,яғни халықаралық  құқықтың негізгі қағидаларымен  қайшылыққа келмей ақ ,олар өздеріне қолайлы  деген кез келген ымыраға және өзара жол беруге бара алады.Осы  ерекшелікке орай , келіссөздер арқылы қабылданған шешім анағұрлым  тұрақты және орындауға ыңғайлы  болады.

Ізгі қызмет және бітістіру  халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің бір құралы болып табылады және дауласушы тараптардың өздері дауды бейбіт реттеу үшін қажетті  байланыстар орната алмаған кезде  қолданылады.Ізгі қызмет деп нақты  дауға қатыспайтын мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың дауласушы  тараптардың арасында тікелей келіссөздерді  орнатуға немесе қайта жаңғыртуға бағытталған  әрекеттердің  жиынтығын айтады.Бітістіру  келіссөзде үшінші тараптың тікелей  қатысуын көздейді және мұндай жағдайда үшінші тарап дауды немесе алауыздықты  шешкге өз шешімн ұсына алады.Бірақ,мұндай ұсынысты тараптар даудың келісілген шешімі ретінде қабылдамаса,ол жай  ұсыныс күйінде қалады.

Сөйтіп ізгі қызмет пен  бітістірушілік өз өздерінен дауды  шешпейді,отек дауласушы тараптардың  келіссөздер жүргізуіне жәрдемдесу.Ізгі қызмет көрсетудің өзі дауды бейбіт жолмен шешу жолын және тараптар арасындағы келіссөздерде даудың өзін шешуді айқындамайды.Дауласушы тараптардың басқа бейбіт құралдарға жүгінуі осындай келіссөздер нәтижесі болуы мүмкін. Ізгі қызметтер дауды мәні бойынша шешу тұрғысынан емес,оны бейбіт жолмен шешу жағынан алғанда маңызды болады.Өйткені ізгі қызмет көрсету туралы мәселе дауласушы тараптар арасында шиеленісті қатынастар немесе қарулы қақтығыстар болған жағдайда туындайды.Мұндай жағдайларда ізгі қызметті пайдалану дауласушы мемлекеттердің тайталасын әлсіретуге,олардың арасындағы қарулы қақтығыстардың алдын алуға не тоқтатуға мүмкіндік береді.

Бітістіру қызметі де осындай  мәселелерді шешеді.Алайда,бітістірудің мақсат міндеттері әлдеқайда кеңірек  болады,себебі ол халықаралық дауларға өз шешімін ұсына алады,сондай ақ дауласушы тараптар арасындағы әскери қимылдарды тоқтатуға шарт қоя алады.Осы тұрғыдан алғанда,бітістіру қызметі ізгі қызметке қарағанда анағұрлым тиімді болуы мүмкін.Дегенмен, бітістіруші ұсынатын шешім тек факультативті сипатта болады.Көбіне көп дауды шешу бұл сатыда аяқтала қоймайды.

Алайда ізгі қызмет пен  бітістірудің тиімді жүзеге асуы үшін үшінші тарапта белгілі бір қасиеттері болуы керек,мысалы, дауласушы екі  тарап үшін де жеткілікті беделінің  болуы,өз миссиясын жүзеге асыруға  қажетті мүмкіндіктерге ие болуы,жанжалдасушы екі мемлекетке де тең қарауы,олардың  ішкі істеріне қол сұғудан өзін тыюы және т.б.Бітістіруді жүзеге асыру  тәртібінің регламенті халықаралық  қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу туралы 1899 және 1907 жылдардағы Гаага конвенциясында мазмұндалған.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу құралдарының жүйесі ішінде БҰҰ ның Халықаралық Соты ерекше орын алады.Халықаралық  сотта соңғы  шешімді шығару дауласушы тараптардың  еркіне байланысты еместігінен көруге болады,ал келіссөздер жүргізу,ізгі қызмет пен бітістіруде керісінше  сипатта.Шығарылған шешімнің аяқталған  сипаты мен оның тараптар үшін міндеттілігі халықаралық соттың басты және негізгі белгілерінің бірі. Халықаралық сотта дауларды қарудың тұрақты және жақсы белгілі рәсімі бар.БҰҰ ның Халықаралық соты халықаралық жанжалдарды бейбіт шешу құралдарының ішіндегі ең қатаңдауы болып келеді.Ол көбіне мемлекеттер арасындағы дауларды қараудың ең соңғы сатысы және оны мәні бойынша шешудің соңғы нысаны болып табылады.Сондықтан,Халықаралық Сот мемлекеттер арасындағы даулар мен алауыздықтарды бейбіт жолмен шешу және әлемдегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету стратегиясының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады.

Халықаралық дауды шешкен кезде,кез келген дауды шешудегі сияқты мән жайдың ақиқаттығын анықтау  проблемасы туындайды.Барлық дәлелдемелер мен тараптардың сөздерін зерттеп,түпкілікті қателікті тауып,кінәлі тарапты  анықтау ең дұрыс жағдай болып  есептеледі.Алайда, іс жүзінде әрқашан  олай бола бермесі анық және мұндай жағдайда халықаралық даулардың өте күрделі және шиеленіскен оқиғаларын көптеп мысалға келтіруге болады және онда заңи мәселелерге қауіпті саяси проблемалар да қосылатындықтан, бастапқы оқиға тарих тереңіне кіріп кетеді.


Информация о работе Халықаралық шиеленістерді реттеу