Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 18:37, курсовая работа
Шылым шегу — қатерлi дерт. Бұл – тек бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң пiкiрi емес, бүкiл дүние жүзiндегi медицина ғалымдарының жылдар бойы жүргiзген зерттеулерiнiң нәтижесiнде белгiлi болған ұғым. Негiзiнен темекi шегу денсаулықтың қатерлi бұзылыстарына алып келедi. Адам ағзасын айықпас аурудан арашалап қалуды көздейтiн ақ халатты абзал жандардың сөзiне сүйенсек, темекi шекпейтiндермен салыстырғанда темекi шегетiндер өкпе iсiгiнен 3-9 есе жиiрек қайтыс болатын көрiнедi. Сондай-ақ, мамандар пiкiрi шылым шегетiн жандардың өкпе iсiгiне шалдығу қатерi, жүрек ишемиялық ауруына шалдығуы, миға қан құйылу қатерi темекi шекпейтiндермен салыстырғанда 2-3 есе көптiгiн көрсетсе, шылым шегетiн әйелдердi шылым шекпейтiндермен салыстырғанда жүрек-қан тамыры ауруларының даму қатерi әйелдердi шылым шекпейтiндермен салыстырғанда жүрек-қан тамыры ауруларының даму қатерi, 10 есе жоғары екенiн анықтайды.