Мұсылман құқығының қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 20:57, реферат

Описание

Мұсылман құқығының қайнар көздерін топтарға бөлуде негізінен әр ғалымның ойы әртүрлі. Мысалы, Сарсембаевтың ой пікіріне келетін болсақ ол мұсылман құқығының қайнар көздерін негізінен екі топқа бөледі: негізгі қайнар көздер және қосымша қайнар көздер деп. Яғни негізгі қайнар көздерге Құран (барша мұсылманның қасиетті кітабы) және Сүнне (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың жасаған амалдары), Фил (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың әңгімелері), Такрих (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір баяны), Каул (Амалдары). Ал қосымша қайнар көздерге Иджма, Қияс, Пәтуа (Фетва), Адат (әдет-ғұрып нормалары), Шариғат (діни нормалар) (иттихад, ильтихад, иджтихад) жатады.

Работа состоит из  1 файл

Салыстырмалы құқықтану жобалық жұмыс.docx

— 48.08 Кб (Скачать документ)

   Доктор Абдулкарим Зәйдан кітабында өмірін тоқтатқан мәзһабтардың аттарын береді: «Құрушылары дүниеден өтісімен немесе өлімдерінен азды-көпті уақыт өткесін жойылған мәзһабтардың бар екенін жоғарыда айтып өттік. Сол мәзһаптарға Имам әл-Әузаидің, Суфян әс-Сәуридің, әл-Ләйс ибн Сағттің, Дәуіт әз-Заһиридің және Ибн Жәрир әт-Табаридің мәзһабтары жатады.» (Абдулкарим Зәйдан, а.а.е., 148-149 бб.).

   Замана белесінен сүрінбей өткен мәзһабтарға Ханафи, Малики, Шафии және Ханбали мәзһабтары жатады.

   Ал, енді мәзһабтың шариғаттағы терминдік мағынасына келелік: Мәзһаб – арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен бірізділікпен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығы.

   Анықтамаға мұқият назар аударсаңыздар, мәзһабта үкім шығаруда иек артылатын «арнайы тәсілдер мен ережелер» болады екен. Бұл тәсілдер мен ережелерді мәзһабтың мужтаһид ғалымдары орнатады олардың жиынтығын усулул-фиқһ, яғни фиқһ негіздері деп атайды.

   Мәзһабта үкім шығарылатын қайнар көз – Құран мен сүннет. Қазіргі таңда кейбір бауырларымыз «Құран, сүннетпен жүресіңдер ме, әлде мәзһабпен жүресіңдер ме?» деген қате сұрақ қоюды әдетке айналдырып алған. Бұл сұрақтың астарында «Мәзһаб Құран мен сүннеттен бөлек дүние» деген білімсіздіктен туындаған қиыс ой жатыр.

 

Мәзһабта  үкім шығаруда бірізділік бар. Бірізділік – мың өзгеріп, мың құбылмаудың  кепілі. Яғни, хазреті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.), сахабалардың кезінде қалай  үкім берілсе, жаңадан туындаған  мәселелерге дәл солай үкім беруге тырысып бағу деген сөз. Бұл бірізділікті бізге мужтаһид ғалымтардың қойған тәсілдері мен ережелері қамтамасыз етеді. Бұл тәсілдер мен ережелерді мына бір мысал әңгімемен түсіндіруге  тырысып көрелік:

   Мәселен, бір шебер құрылысшы әке балаларына баспана тұрғызуды көздейді. Көз өлшемімен өлшеп, ешқандай қалыпсыз, күректің өзімен ойып кірпіш құяды. Қолмен жасаған кірпіштермен ол үй соға бастайды. Кірпіштер бір қолдан шыққан соң, бейне бір әйелдердің қолмен үзген зуала нандарындай барлығы бір келкі. Сәйкесінше үйдің де дуалы түп-түзу. Алайда үйдің жартысына жеткенде ол діттеген мақсатына жете алмай дүние салады. Ендігі жерде оның балалары әкелері бастаған үйді жалғастырмақ болады. Әкелері құсап, кірпішті қолмен құймақ болған ұлдары оңды нәтижеге қол жеткізе алмады. Себебі олар жасаған кірпіш әкелерінің кірпішіне мүлде ұқсамай, үйдің дуалы қисық өріле бастады. Бұл кірпіштермен дуалды өруге болмайтынын кеш болса да, түсінді. Осы кезде ақылдасып, әкелері жасаған кірпіштің бір данасын алып, оның сыртынан қалып жасатады. Міне енді ғана сол жасалған қалыпты қолданып құйған кірпіштері әкелерінің кірпіштерінен аумай, үйдің дуалы бір қолдан шыққандай, бірізділікпен өрілді. Міне осы мысалдағыдай, Құран мен хадистерден алдыңғы буындарға ұқсап, үкім шығара білу үшін де белгілі бір қалыптар қажет. Қарапайым үй құрылысының өзінде қалып қажет болып тұрса, шариғат сияқты аса күрделі мәселеде қалыптың болуы әлдеқайда маңыздырақ. Ол қалыптар ғұламалардың үкім шығаруда қолданған өміршең тәсілдері мен ережелері болып табылады. Бұл мақала кемерінен аспасын деп ол тәсілдер мен ережелер жайында жаза алмай отырмыз.

   Бірізділік Құран мен хадисті дұрыс түсіну, әрі одан дұрыс үкім шығару үшін қажет екенін түсінген болсақ, әңгімемізді хазреті Омардың (р.а.) оқиғасымен жалғастыралық:

   «Хазреті Омар (р.а.) бір күні жалғыз отырып терең ойға шомады. Дереу Абдуллаһ ибн Аббасқа (р.а.) хабаршы жеберіп, шақыртып алып, оған былай деп сұрақ қояды:

   «Бұл үммет қалай ғана түрлі ағымдарға бөлініп кетеді? Олардың Құраны, пайғамбары және қыбыласы бір емес пе?» дейді. Сонда Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) былай деп жауап береді:

   «Ей, мүминдердің әміршісі, Құран біздің заманымызда түскендіктен біз қай аяттың қашан, не үшін және не жайында түскенін жақсы білеміз. Бізден кейін келетін буындар болса, олар Құран оқиды, алайда қай аяттың қашан, не жайында түскенін білмегендіктен олардың ойлары сан саққа жүгіреді».

   Бірақ хазреті Омар (р.а.) Абдуллаһтың айтқан сөздеріне ашуланып, оған ұрысты. Абдуллаһ орнынан тұрып, шығып кетеді. Алайда, Омар Абдуллаһтың айтқан сөздерін тағы ой елегінен өткізіп, дұрыс екенін түсініп оны құзырына қайта шақыртады дағы алғысын айтады». Хадисті Табарани, Ибраһим әт-Тәймиден риуаят етеді. (Һайсәми, «Мәжмауз-зауаид», І том, 162-бет; Мухаммад Юсуф Кандаһләуи, «Хаятус-сахаба», ІІІ том, 497-бет.)

   Бұл оқиғадан сахабалардың кезінде бірізділіктің болғанын байқаймыз. Себебі олар шариғаттың негізі – Құран мен хадисті жете түсінді. Бұл жағдай сахабаның тәрбиесін көрген табиундарға да тән. Әрине сахабалар мен табиундардың кезеңдерінде ғұламалар арасында келіспеушіліктер туындап отырды. Алайда бұл қайшылықтар діннің негізіне қатысты мәселелерде емес, негізден тармақталып шыққан ұсақ дүниелерде ғана болып отырды.


Информация о работе Мұсылман құқығының қайнар көздері