«Қазақстан халықаралық
ұйымдардың мүшесі»
Дүние жүзіндегі көптеген
экономикалық және саяси жаһандау үдерістері
халықаралық құқықтың басты-басты
қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан
жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында
халықаралық құқықтың көпшілік таныған
нормаларын сақтауды көздейді.
Сондықтан да жас мемлекет
үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік
және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық
Еуропалық даму және қайта құру банктері,
Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО,
т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға
мүше болуы аса маңызды жағдай.
1992 жылғы 2 наурыздағы
БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА)
46-сессиясында Қазақстан Республикасын
БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі
қарарға қол қойылды. Халықаралық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
ерекше мән бере отырып, Қазақстан
БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған
қызметіне белсенді түрде қолдау
көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның,
бейбітшілікті қолдайтын шараларына
қатыса алатын резервтік келісімдер
жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке
айналды.
1998 жылы 16 қарашада БҰҰ
БА-ның 53-сессиясы «Халықаралық
ыңтымақтастық және тұрғындарды
сауықтыру Қазақстандағы Семей
аумағының экологиясы мен экономикалық
дамуы мақсатындағы жұмыстарды
үйлестіру» деп аталган қарар
қабылдады. Қазақстан басқа да
халықаралық ұйымдардың белсенді
мүшесіне айналды. 1998 жылы республика
БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік
кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия
құрамына кірді. Қазақстанның
БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен
(БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде
даму үстінде. Республикада «Бала
мен ана денсаулығы», «Базалық
білім беру», «Сумен қамтамасыз
ету және санитария ісі» және
басқа да бағдарламалар бойынша
жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан
БҰҰ-ның балаларға көмек қорының
Атқару Кеңесіне мүше болды.
1996 жылы мамырда ЮНЕСКО
(БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет
мәселелерімен айналысатын ұйымы)
делегациясының Алматыға сапары
кезінде үлкел ғаламдық ЮНЕСКО
бағдарламаларын («Адам және биосфера»,
«Халықаралық гидрология») жүзеге
асыру жөнінде келісімдерге қол
жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның
Париждегі Бас конференциясында
Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің
мүшелігіне қабылданды. 1994—1995 жылдарда
ЕҚЫҰ-ның төмендегідей құрылымдарымен
тұрақты ынтымақтастық байланыстар
орнады: аз санды ұлттар жөніндегі
институты, демократиялық институттар
мен адам құқығы бюросы. 1999 жылдың
қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ
орталығы тұрақты жұмыс істейді.
Қазақстан
Республикасы – Біріккен Ұлттар Ұйымының
мүшесі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы
бірегей халықаралық ұйым болып
табылады. Оның негізін Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін бүкіл әлемде бейбітшілік,
қауіпсіздікті қолдауға, елдер арасындағы
достық қатынастарды дамыту мен әлеуметтік
прогреске көмек көрсетуге, өмір сүру
мен адам құқығы саласындағы істің жағдайын
жақсартуға арналған бағытты жақтаушы
болып табылатын 51 елдің өкілдері қалады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының күшіне
енуінің бір жылдығы — 1945 жылғы 24 қазан
күні — 1948 жылдан бастап Біріккен
Ұлттар Ұйымы күні ретінде тойланады.
Дәстүр бойынша ол әлемде Ұйымның жетістіктері
мен мақсаттарына арналған мәжілістер,
пікірталастар мен көрмелер ұйымдастырумен
атап өтіледі.
1991жылдың 16 желтоқсанында
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін
жариялады. 20 желтоқсанда Президент
Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Бас
Хатшысы Бутрос-Галиге арналған
хатында Сыртқы Істер министрі
Ақмарал Арыстанбекованы осы
ұйыммен байланыстар мен ынтымақтастық
орнатуға жіберіп отырғанын жазды.
Сол жылы 31 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының БҰҰ-ға мүше болып
қабылдануы туралы Елбасымыз
қол қойған өтініш Бас хатшыға
табыс етілді. 1992 жылдың 23 қаңтарында
БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі өз
мәжілісінде Бас Ассамблеяға
Қазақстанды бейбітшіл мемлекет
ретінде БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды
ұсынды.
1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның
Бас Ассамблеясының 46-сессиясы Қазақстанды
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше
етіп қабылдады. сөйтіп, біздің
еліміздің тәуелсіздігі халықаралық
тұрғыдан танылды. Сол жылғы
15 сәуірде Президент Назарбаев
өз Жарлығымен А.Арыстанбекованы
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның
жанындағы Тұрақты өкілі етіп
тағайындады, өкілеттік кұрамы 6
адамнан тұратын еді. Біріккен
Ұлттар Ұйымы Қазақстандағы өз жұмысын
1992 жылғы 5 қазанда Президент Назарбаевпен
сол кездегі БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Бутрос
Гали арасында келісімге қол қойылғаннан
кейін 1993 жылдың басында бастады.
Қазақстан Біріккен
Ұлттар Ұйымына мүше болып
кіргеннен соң басты екі мәселе
көтерілді. Біріншіден, біздің еліміздің,
ең алдымен, Арал мен Семейдің
әлеуметтік экономикалық және
экологиялық проблемаларын шешуге
қолдау жасау мақсатымен БҰҰ-ның әртүрлі
қорлары мен бағдарламаларымен ынтымақтастықты
жөнге қою. Екіншіден, Қазақстан БҰҰ-ның
әртүрлі органдарының, ең алдымен, Бас
Ассамблеясының жұмысына қатысу арқылы
саяси, экономикалық және гуманитарлық
салаларда халықаралық проблемаларды
шешуге өз үлесін қосуға тиісті болды.
1992 жылы өткен БҰҰ-ның
46-47 сессияларында Қазақстан Президентінің
сыртқы саяси бағдары жарияланды,
олардың ішінде қарусыздану, саяси
проблемалар, Таяу Шығыстағы жағдай,
БҰҰ-ның бейбітшіл қызметі, халықаралық
Экономикалық ынтымақтастық есірткі
бизнесі және терроризммен күрес,
адам құқығы мен гуманитарлық
ынтымақтастық мәселелері бар.
Қазақстан Біріккен
Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары
мен принциптерін мойындайтынын,
оның халықаралықаралық кұкыктық
нормаларын қатаң сақтайтынын
мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы,
әсірссе, Қазақстанның ядролық
қарудан ерікті түрде бас тартқан
дүние жүзіндегі бірінші мемлекетке
айналғанын және біздін еліміз-дің
әлемде бірінші болып ядролық
полигонды жабу жөніндегі шешімін
жоғары бағалады. 1994 жыддан бастап
Бас Ассамблеяның қатарынан үш
сессиясы ядролық қарусыздану
жөніндегі барлық қарарларында
Қазақстанның қосқан үлесін ерекше
атап көрсетті. 1996 жылғы қыркүйекте
Қазақстан БҰҰ-ның ядролық сынақтарға
тыйым салу жөніндегі келісіміне
қол қойды.
Қазақстанның БҰҰ шеңберіндегі
жұмысының ең манызды бағыты
Қазақстан аумағындағы экологиялық
апаттарға байланысты проблемалардың
шешілуіне дүниежүзілік қоғамдастық
тарапынан көмек алдыру соның
ішінде, ен алдымен, бұрынғы Семей
полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарын жою болып табылады.
1997 жылдың 16 желтоксаныңда
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясынын 52-сессиясы
Семей аймағы халқының денсаулығы
мен қоршаған ортасының ахуалын
сауықтыруға жәрдем көрсету жөнінде
арнайы қарарын қабылдады.
БҰҰ аясында 1999 жылы
Токиода Семей аймағынын проблемалары
жөнінде халықаралық конферениия
болып өтті. Конференцияның қорытындылары
ядролық сынақтар салдарының
проблемаларына деген хааықаралык
қоғамдастықтың айтарлықтай мүдделілік
танытып отырғанын, Семей аймағын
сауықтыру жөніндегі ынтымақтастықтың
дамуына үлес қосуға өзір екендіктерін
көрсетті. 2002 жылдың басындағы мәлімет
бойынша Семей аймағын сауықтыруға
тартылған БҰҰ қаражатынын жалпы
сомасы 26 млн. АҚШ долларың құрайды
Қазақстанның бағлары БҰҰ –ның
күн тәртібіндегі барлық мәселе
бойынша салмақты және жүйелірек
болды, сөйтіп, мүше-мемлекетгердің
құрметіне бөленді.
Бірінші рет Қазақстанның
бастамасы бойынша 1996 жылдың қазанында
Алматыда БҰҰ-ның Қауіпсіздік
Кеңесі мәжіліс өткізіп, онда
Ауғанстан бойынша өзінің бірінші
саяси қарарын қабылдады. Бірінші
рет Қазақстан БҰҰ-ға өзінің
ғарыштық мемлекет екендігің
құлатады, біздің ел 1993 жылы өткен
қызу кеңестерден соң, Ғарыштық
кеңістікті бейбіт мақсатта пайдалану
жөніндегі комитетке мүше болып
кірді.
1994 жылы БҰҰ-ның Бас
Ассамблеясының 48-сессиясында бірінші
рет Орталық Азия мемлекеттерінің
транзиттік көлік жүйесін дамытуға
қолдау көрсету туралы арнаулы
қарар қабылданды, бұл халықаралық
базарларға шығып, саудаға араласуына
мүмкіндік берді. Сонымен, БҰҰ
Орталық Азияда транзиттік аймақтық
жүйе құруды маңызды деп тапты,
себебі, аймақ елдері ашық теніздерге,
дүниежүзілік рыноктарға шығуда
көп қиындықтарға тап болуда.
Сондыктан да Қазақстан 2003 жылы
халықаралық ұйымдар мен демеуші
елдердің қатысуымен өтетін, теңізге
шығу жолдары жоқ дамушы елдер
тобына мүше мемлекеттер —
Көлік министрлерінің халықаралық
конфереңциясын өткізуге ерекше
үміт артып отыр.
Соңғы 19 жылда БҰҰ агенттіктері
макроэкономикалық реформа жүйесінде
бірқатар стратегиялар, бағдарламалар
мен заң жобаларын әзірлеуге,
денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны
сақтау саласындағы басқаруды жақсартуға
қолдау көрсетті. Олардың ішінде айтарлықтай
маңыздысы «Қазақстан-2030» ұзақмерзімдік
даму бағдарламасы болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы
жүйесінде жұмыс істей отырып
әрбір агенттіктің өз мандаты
бар және қызметтің белгілі бір
түріне назар аударады. Агенттік басшылары
БҰҰ Тұрақты үйлестірушінің жетекшілігімен
БҰҰ Елдік Командасын қалыптастырады.
БҰҰ Елдік Командасы агенттіктің
ұжымдық мықты жақтарына сүйене
отырып дамудың ұлттық басымдықтарына
қол жеткізу үшін стратегиялық үлес
қосуды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда
Біріккен Ұлттар Ұйымының мынадай мамандандырылған
агенттіктері, бағдарламалары мен қорлары
жұмыс істейді:
- Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ)
- БҰҰ АИВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС)
- БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы (БҰҰ ГМҮБ)
- БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы (БҰҰ АҚЖКБ)
- БҰҰ Еріктілерінің бағдарламасы (БҰҰЕ)
- БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ)
- БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті (БҰҰ ҚАД)
- БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ)
- БҰҰ Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО)
- Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі біріккен ұлттар ұйымы (ЮНЕСКО)
- БҰҰ Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы (БҰҰ Әйелдер)
- БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ)
- БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ)
- БҰҰ Халық саласындағы қоры (ЮНФПА)
- БҰҰ Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығы
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)
Мыңжылдық Саммиті кезінен
бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысы
Президент Нұрсұлтан Назарбаевты
қоса алғанда әлем жетекшілері 2000 жылғы
қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойған Мыңжылдық
Декларациясында белгіленген мақсаттарға
сәйкес жүргізіліп келеді. Мыңжылдық
Даму Мақсаттары (МДМ) деп аталған
бұл мақсаттар мемлекеттердің 2015
жылға қарай миллиондаған адамдардың
өмір сүру жағдайын жақсартуға деген
ұмтылысына қол жеткізудің нақты
және өлшемді көрсеткіштерін белгілейді.
МДМ кедейлікті қысқарту, ана
мен баланың денсаулығын жақсарту,
гендерлік теңдік, ғасыр ауыруларымен
күрес, бастапқы білімге көптеп қол
жеткізу және экологиялық тұрақтылық
сияқты дамудың маңызды салаларын
қамтиды.
Қазақстан МДМ бастапқы қойған
кедейлікті қысқарту, бастапқы білімге
көптеп қол жеткізу және әйелдер
құқығын ілгерілету сияқты мақсаттарының
кейбіріне әлден-ақ қол жеткізіп
отырғандықтан, үкімет өзіне «МДМ+»
тәртібі бойынша, демек Қазақстанда
орындалған МДМ бойынша мақсаттарды
жоғарылатуға міндеттеме қабылдады.
Сонда да, қалған МДМ бойынша
әлі де шешімін таппай отырған, үкімет
тарапынан қатты көңіл бөлуді
талап ететін мәселелер баршылық.
Мысалы ана мен бала өлімі, АИВ/ЖИТС,
туберкулез жағдайлары анағұрлым маңызды.
Қоршаған ортаның тұрақтылығы мәселесі
әлі де күрделі күйінде қалуда.
Барлық агенттіктердің, бағдарламалар
мен қорлардың елдік деңгейдегі
қызметтері үшін біріктіретін басты
құжат Даму мақсатында көмек көрсету
жөніндегі БҰҰ-ның Негіздемелік
бағдарламасы болып табылады (ЮНДАФ).
ЮНДАФ ұлттық басымдықтарды іске
асыру және Мыңжылдық даму мақсаттары
(МДМ) шеңберіндегі проблемаларды және
даму саласындағы басқа да халықаралық
міндеттемелерді шешуде БҰҰ жүйесінің
ұжымдық, келісілген және интеграцияланған
көмегін қамтамасыз етуге арналған
негізгі стратегиялық құжат болып табылады.
Бағдарлама бес негізгі бағдарламалық
принциптерге құрылады: адам құқығын сақтау,
гендерлік теңдік, қоршаған ортаның тұрақтылығы,
нәтижеге бағдарланған басқару және әлеуетті
нығайту.
Бүгінгі күні Қазақстанда 2005-2009
жылдарға арналған ЮНДАФ табысты
іске асырылды және 2010-2015 жылдарға арналған
ЮНДАФ күшіне енді. 2010-2015 жылдарға арналған
ЮНДАФ негізгі мақсаты – Қазақстан
Республикасына ұлттық стратегиялар мен
бәсекелестікті көтеру жөніндегі жоспарды,
бұл ретте ел аймағында тұратын
барлық халықтың игілігі үшін адамның
дамуына ерекше көңіл бөле отырып
іске асыруға жәрдемдесу. Бағдарлама
ынтымақтастықтың мынадай үш негізгі
бағыттарын қамтиды:
- Әйелдерді, балаларды, оралмандарды, босқындарды, жастарды, қарттар мен мүгедектерді қоса алғанда халықтың неғұрлым осал топтарына ерекше көңіл бөле отырып – барлығы үшін экономикалық және әлеуметтік игілік жасау.
- ИУР, климаттың өзгеруіне және табиғат апатымен және басқа ТЖ байланысты проблемалармен күреске ерекше көңіл бөле отырып – қоршаған ортаның тұрақтылығы.
- Институттандыру әлеуетін, азаматтық қоғамды және бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ адам құқығына көңіл қоюды қоса алғанда, мемлекетті тиімді басқару.