ТМД құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 16:55, реферат

Описание

1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Гүржістан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

Содержание

Кіреспе
1.ТМД тарихи шолу
2.ТМД-ның Қазақстанға әсері
3.Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы
4.ТМД елдерінің арнаулы қызметтерінің қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастығы
5.Қазақстан Республикасы заңнамасы мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы ұсыныстық заңнамалық актілерінің арақатынасы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл