Құқыққатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 09:47, реферат

Описание

Адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы өмірлік қарым-қатынастардың әр түрлі жақтары және сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары болады. Олар моральдік, саяси, ұлттық, діни, соған қосымша құқықтық болуы мүмкін. Әрбір қоғамдық қатынастар қиын және көпжақты құбылыстар, оларға әр түрлі қоғамдық мүдделердің бөлімдері және қажеттіліктері қосылуы ықтимал. Кейбіреулері құқықтық реттеумен қамтылса, басқалары қамтылмайды. Мысалы, отбасы өмірінде заңды нысандарға көшетін әдеттегідей, материалдық қарым-қатынастар адамдардың дінг

Работа состоит из  1 файл

Құқыққатынастар.docx

— 39.56 Кб (Скачать документ)

    Құқықтық қатынастар

    Адамдардың  және олардың ұйымдарының арасындағы өмірлік қарым-қатынастардың әр түрлі жақтары және сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары болады. Олар моральдік, саяси, ұлттық, діни, соған қосымша  құқықтық болуы мүмкін. Әрбір қоғамдық қатынастар қиын және көпжақты құбылыстар, оларға әр түрлі қоғамдық мүдделердің  бөлімдері және қажеттіліктері қосылуы  ықтимал. Кейбіреулері құқықтық реттеумен  қамтылса, басқалары қамтылмайды. Мысалы, отбасы өмірінде заңды нысандарға көшетін  әдеттегідей, материалдық қарым-қатынастар адамдардың дінге, өзіне қатынасы, құқықтық реттеу аясынан сыртта болады. Соған  байланысты, қоғамдық қатынастардың  бәрі бірдей толық көлемде заңды  нысандарға көшпейді. Құқықтық қатынас  адамдар арасындағы құқық нормаларымен белгіленген анық қатынастарды көрсетеді. Барлық қоғамдық құбылыстар объективті түрде заңды бола алмайды. Қатынастар құқықтық сипатты тек әлеуметтік маңызы бар актілерді жүргізуге арналғанда ғана алады. Ал, оймен сезімге сәйкес олардың қимылын көрсетпейтін болса, олардың заңды табиғаты туралы айтудың да қажеті жоқ.1

    Құқықтық  қатынас – тек құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны. Н.М. Коркунов айтқандай, ғылыми зерттеулер үшін ең маңыздысы, жалпы заңдылық нысанындағы бір жақты қатынастарды әр түрлі мазмұндарынан айыру. Сол мақсат үшін, заңгерлер ой күйінде, заңды қатынастарды құрайды, тек олар түгелімен, қалтарыссыз бір ғана құқық нормаларымен белгіленуі қажет.2

    Құқықтық  қатынас – жалпы құқықтық нормалардағы бағдарламаларды (объективтік құқық) белгілі (субъективтік) құқыққа және қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың міндетіне айналдыратын құрал болып  табылады. Құқық объективтік мәнінде  құқық нормаларының жиынтығы, құқықтың мазмұнын, жекеленіп белгіленбеген  субъектілер ортасының міндетін белгілейді. Онда құқық нормаларының аясындағы көп адамдарға қатынасы бар бағдарламалар бар.

    Құқық субъективтік жағынан алғанда, жекеленген құқық, ондағы жалпы заңды құқықтар және міндеттер белгілі адамдарға арналған, сондықтан оны құқықтық қатынас арнасына көшіреді.

    Құқықтық  қатынас – мемлекетпен қорғалатын жақтардың арасындағы пайда болатын, заңдылық құқыққа және міндеттілікке  сай біріккен қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынас сыртқы еркіндіктің  өлшемі, оның қатынасушыларына құқық  нормалары арқылы беріледі.

    Біріншіден, құқықтық қатынас құқық нормаларының негізінде болатын қоғамдық қатынастардың  нысаны. Адамдар өздерінің өмір сүру процесінде бір-бірімен әр түрлі  қатынастарда болады. Оларға еңбек, отбасы, мүліктік, достық, сүйіспеншілік қатынастар жатады және қоғамдық ұйымдарға мүше болуына байланысты қатынастарға жатқызуға  болады. Дегенмен, өмірлік қатынастардың  барлығы бірдей, құқық нормаларының көмегімен реттелмейтіндігін ескеруіміз қажет. Олардың көбісі – моральдік, қоғамдық ұйымдардың ғұрып нормаларымен реттелетін қатынастар.

    Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың  қарым-қатынасы: құқық нормаларында адамдардың жалпы заңды құқықтары  мен міндеттері бекісе, құқықтың ұйғарымына сай адамдардың мүмкіндігі, не болмаса міндеттеріне айналған қоғамдық қатынастардың кейіптік үлгісі белгіленеді. Олар белгілі адамдармен құқықтың талаптарына сай орындалса, яғни құқықтық қатынастарға кірсе іске асады. Құқықтық қатынастардың жақтары белгілі заңдылық құқықтарымен және міндеттермен құқық нормаларында бекітілген жалпы нысанда қамтамасыз етіледі. Соған байланысты құқықтық қатынастар арқылы, құқықтық нормалардың талабы нақтылы түрде іске асырылады.

    Екіншіден, құқықтық қатынастардың, қатынасушылары өзара заңды құқықтармен және міндеттермен қамтамасыз етілген. Егер, құқықтық қатынастың бір субъектісінің  құқығы болса, екіншісіне заңды міндеттер  жүктеледі. Мысалы, сату-сатып алу  шартына байланысты, сатып алушы, сатушыдан сапалы затты беруді талап  етуге құқығы бар. Осы ойды К.Маркс  «құқық міндетсіз болмайды, міндет те құқықсыз болмайды», - деп тұжырымдаған.

    Үшіншіден, құқықтық қатынас сапалы-ерікті сипатта болады. Жеке адамдардың еркінен тәуелсіз объективті пайда болатын экономикалық қатынастардан айырмашылығы, құқықтық қатынас әр уақытта жеке-ерікті сипатта болады. Сапалы-еріктегі құқықтық қатынастың мазмұны, бір-біріне аралас екі бағыттан тұрады. Бір жағынан, олар құқық нормаларының негізінде пайда болған сапалы-еріктегі адамдардың қызметі (құқықтық шығармашылықтағы органдар). Екінші жағынан, құқықтық қатынастардың субъектілері құқықтық нормалармен белгіленген заңдылық құқықты және міндеттерді өздерінің ерікті, саналы қимылдарымен іске асырады.

    Төртіншіден, құқықтық қатынас мемлекет кепілдігіне  алынады және қажет болған кездерде оның күшімен қорғалады. Мемлекет құқық  нормаларын толық іске асыру үшін, қажетті экономикалық, әлеуметтік жіне басқа да жағдайларды қарайды.3

    Құқықтық  қатынас әр түрлі негіздерге байланысты бөлінеді:

  1. салалық белгісі бойынша құқықтық қатынастар конституциялық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық және т.б. болып бөлінеді;
  2. сипаты бойынша – материалдық (қаржылық, еңбек және т.б.) және іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және т.б.) құқықтық қатынастар;
  3. құқықтық функциялары бойынша – реттеуші және қорғаушы құқықтық қатынастар; реттеуші құқықтық қатынастар құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық қатынастар мемлекеттік мәжбүрлеумен және заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты болады;
  4. қатысушылардың құрамына қарай – жай және күрделі құқықтық қатынастар; жай құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары);
  5. субъектілердің анықталу дәрежесіне қарай – абсолюттік жіне қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік-құқықтық қатынастарда тек бір жақ қана – субъективтік құқықты иеленуші – анықталады, ал өатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады;
  6. жалпы және нақты құқықтық қатынастар; жалпы құқықтық қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынастар заңды фактілердің – әрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілерінің – нәтижесінде пайда болады.4

    Құқықтық  қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.

    Құқықтық  қатынастар құқық субъектілерінің  арасында пайда болады. Арнайы міндеттер  мен құқықтарға ие болушыларды құқықтық қатынастардың субъектілері деп  атайды. Қоғамда ешкім иемделмейтін құқықтар мен міндеттер болмайды. Сондықтар құқық субъектілері құқықтануда ең маңызды және негізгі ұғымдар болып табылады. Ал, құқық субъектілері бола алатындарды құқық нормалары айқындайды. Заң ғылымында құқықтық қатынастардың субъектілері екі түрге бөлінеді:

    1. Жеке тұлға.
    2. Заңды тұлға.

    Жеке  тұлға – қоғам мүшесі, индивид  ретінде құқық субъектілік қабілетіне ие болу. Жеке адамға құқықтық қатынастың субъектісі ретінде – мемлекеттің азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ сол жер көлемінде тұратын адамдар жатады. Құқықтық қатынастың жекелеген субъектісі адам ғана емес – объективтік құқықпен құрылған оның тек бір ғана қасиеті. Азаматқа арналған барлық еркіндік және міндеттердің жиынтығын құқықтық мәртебе деп атайды. «Құқықтық мәртебе» атауы толығымен адамның құқықтық жағдайын сипаттауға пайдаланылады.5

    Құқықтық  мемлекеттің азаматтары құқықтық заңдармен  белгіленген барлық толық құқықтағы  еркіндікпен және міндеттілікпен анық пайдаланады. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар құқықтық қатынастың қатынасушылары ретінде, басқа мемлекеттің  жерінде, өздерінің құқықтық жағдайларына байланысты, оның меншікті азаматтарымен  теңестіріледі. Олар толық құқықты  мүліктік, қаржылық және көптеген басқа  да теңдікте көрсетілетін құқықтар және еркіндіктер кепілденеді, соған қосымша, өздерінің жекелеген, мүліктік, отбасылық және басқа құқықтарын қорғау үшін, сотқа және басқа мемлекеттік органдарға арыз беруге құқықтары бар. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық қабілеттілігін тежеу мемлекеттік өмірдің арнайы жақтарына байланысты болады. Мысалы, олар шет мемлекетте әскери борышты өтемейді, белгілі мемлекеттік лауазымды орындарда істемейді, мемлекеттің өкімет органдарына сайлануға және сайлауға құқықтары жоқ.

      Құқық субъектілігі деген – тікелей немесе өзінің өкілі арқылы құқықтары мен заңды міндеттерін іс жүзіне асыру қабілеттілігі. Құқық субъектілік жалпы, салалық және арнайы болып бөлінеді және құқықтық қабілеттілік және әрекет қабілеттілігі ұғымдарын қамтиды.

    Құқыққабілеттілік – құқық субъектісінің азаматтық құқықтар мен міндеттерге заң негізінде ие болу мүмкіндігі. Адамдарды құқықтық қабілеттілігі туған сәттен пайда болып, қайтыс болумен аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым-қатынас жасауға т.б. құқықтары бар. Құқықтық қабілеттілік сот үкімімен немесе шешімімен қажет болған жағдайда шектелуі де мүмкін. Мысалы, судья дәрігерді қылмыстық әрекеттері үшін үкіммен медициналық қызметпен шұғылдануына тыйым салуы мүмкін.

    Әрекетқабілеттілік  – тұлғаның өз әрекеттері арқылы құқығын  пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіктің басты шарты кәмелеттәк немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып  табылады. Әрекет қабілеттілігі үш түрге бөлінеді:

  1. Толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік, яғни 18 жасқа толған субъект. Бұл жасқа толған адам өз атынан, өз әрекетімен құқықтар мен міндеттерін іс жүзіне асыра алады. Мысалы, үйленуге, дауыс беруге, мүліктерін сатуға, айырбастауға және т.б.
  2. Шамалы әрекет қабілеттілігі – 14 және 16 жас аралығындағы жасөспірімдерді қамтиды. Олардың әрекет қабілеттілігінің мүмкіндіктері бойынша өз аттарынан, әрекеттерімен ұсақ тұрмыстық мәміле жасауға құқықтары бар. Мысалы, өзіне тиісті затты айырбастауға құқық бар.
  3. Шектелген әрекет қабілеттілігі – жеке тұлғалардың құқықтарының сот шешімімен немесе үкімімен шектелуі. Мысалы, маскүнемдікке салынған адамның өз бетімен айлық табысын алуды шектеу, психикалық ауруға шалдыққан адамдарының құқықтарының шектелуі және т.б. шектеулер.6

    Құқықтық  жауаптылық мүмкіндігі (деликтқабілеттілік) – құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктің) адамның тәртіп бұзғаны үшін заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі. Бұл мүмкіндік Республиканың қылмыстық істер заңы бойынша 16 жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар жасаған жағдайда 14 жастан басталады.7

    Құқықтық  субъектіліктің шарттар жасап басқа  да келісімдер жүргізуге негіз болатын  мүмкіндігі келісім қабілеттілігі  деп аталады. Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім  қабілетіне ие болады. Кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгілер үшін келісімді  олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары не қамқоршылары жасайды.

    Құқықтық  қабілеттілік пен әрекеттілікке  заң актілерінде қарастырылған  тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды. Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер  қойылады:

  • кәмелеттік жасқа толмаса адамдардың саяси құқығы болмауы, үйленуге (жанұя құруға), қылмыстық жауапкершілікке тартуға, жұмысқа орналасуға, әскер қатарына шақыруға шектеулер бар. Оларды бұзуға тыйым салынған (шектеудің түрлері):
  • адамдардың денсаулығының нашар болуы;
  • туысқандық-қандас болу;
  • егерде азамат сотталған болса;
  • діни нормаларға шектеу.

    Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу  немесе басқару құқығындағы оқшау  мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын сотта  талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. 8 Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі мемлекеттік органға тіркелген сәттен пайда болады. Заңды тұлғалар субъектілердің түрлері бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес болып бөлінеді. Мемлекеттік заңды тұлғаларға мемлекет, мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар жатады. Ал мемлекеттік емес заңды тұлғаларға діни ұйымдар, жеке фирмалар, қоғамдық ұйымдар жатады.

    Мемлекеттік ұйымдар және мекемелер (парламент, үкімет, сот, милиция, мемлекеттік мекеме, жергілікті өкімет органдары және басқалар) әдеттегідей, жалпы, көпшілік мақсатын көздейді. Бұл олардың үлкен тұрақтылығын, сонымен бірге жекелеген адамдардың тәеулсіхдігін қамтамасыз етеді, себебі олар заңды тұлғалардың қатарына кіреді. Көпшіл-құқықтық сипаттағы  заңды тұлғалардың өмір сүруін тоқтата алмайды, тіпті барлық министрлер кабинетінің мүшелері отставкаға кеткен жағдайда да үкімет сақталған.

    Мемлекеттік оқу орындары, оның басшысының зейнеткерлікке кетуіне байланысты жабылмайды. Отставкаға кеткен министрлер кабинетінің орнына жаңа кабинет құрылады, оқу орнын басқа жаңа адам басқаратын болады, сот жаңа адамдармен өз құрамын толтырады – тек осылай ғана, көрсетілген ұйымдар қызметтерін заңды тұлға ретінде және жалпы құқықтық қатынастардың субъектілері болып жұмыстарын жалғайтын болады.  
Құқықтық қатынастардың арнайы субъектісі – мемлекеттің өзі болады. Ол мемлекеттік-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастардың басты қатынасушыларының бірі болып табылады. Қылмыспен күресу жолында, мемлекет қылмыстық-құқықтық қатынастардың субъектісі болады. Халықаралық аренада елдің арнайы өкілі ретінде, мемлекет халықаралық-құқықтық қатынастарының негізгі субъектісі болады.

    Құқықтық  қатынастардың объектісі – құқықтық қатынастың не нәрсеге бағытталып ықпал етуі. Құқықтық қатынас неге ықпал ететінін білу үшін, ең алдымен құқық нормаларының объектісін анықтау қажет. Олардың ықпал жасайтын объектісіне адамдардың ерікті тәртібі жатады. Құқықтық қатынас құқық нормаларымен белгіленген, жеке субъектілерге арналған жалпы құқық пен міндеттілікті анықтайды. Сондықтан, құқықтық қатынастың объектісіне оған қатынасушылардың шын тәртібі жатады. Субъективтік құқықтың мазмұндарына және заңды міндеттеріне байланысты құқықтық қатынастардың мүшелері өз тәртіптерін құрайды.

Информация о работе Құқыққатынастар