Еңбек құқығының субьектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 14:21, реферат

Описание

Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық – адамның негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бірі. Бұл құқық 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпы декларациясының 26-бабында, 1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 11-бабында және өзге де халықаралық актілерде бекітілген.

Содержание

1 Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі..........3

2 Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері..........5

3 Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру..........12

Работа состоит из  1 файл

енбек стажы.doc

— 37.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 
 
 
1 Әлеуметтік  қамсыздандырудың түсінігі..........3 
 
2 Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері..........5 
 
3 Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру..........12
 
 

1 Әлеуметтік  қамсыздандырудың түсінігі

 
 
Әлеуметтік  қамсыздандыруға құқық – адамның негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бірі. Бұл құқық 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпы декларациясының 26-бабында, 1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 11-бабында және өзге де халықаралық актілерде бекітілген. 
 
Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында бекітілген, бұл бапқа сәйкес: «Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, мүгедек болған,...
 
 

2 Әлеуметтік  қамсыздандырудың түрлері

 
 
 
Ақша құралдарының қайнар көзіне қарамастан, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру келесі түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін: 
 
- ақша төлемдері (зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылар, материалдық көмек және т.б.); 
 
- заттай көмек (дәрі-дәрмек, азық-түлік, мүгедектер үшін техникалық көмек құралдары);...
 
 
Әлеуметтік қамсыздандырудың демографиялық функциясы елдің халық санының көбеюін көтермелеуге бағытталған. Бұл мемлекеттің қалыпты дамуы үшін қажет. 
 
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні болып азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен, өтемақылармен қамтамасыз етумен, сонымен қатар процедуралық және құқық қорғаушылық сипаттағы қызметтер көрсетумен байланысты қоғамдық қатынастар табылады. Олар мыналарды қамтиды: 
 
· азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен және өтемақылармен қамтамасыз етумен байланысты қоғамдық қатынастарды; 
...
 
 
...Әлеуметтік қамсыздандырудың пәнінде, негізгі, зейнетақылық қатынастармен қатар туынды, процедуралық қатынастарды да бөліп қарастыруға болады. Оларға Зейнетақы қорын қалыптастыруға және пайдалануға қатысты қатынастар, әртүрлі жәрдемақыларды төлеуге қатысты қатынастар, азаматтарға медициналық және санаторийлық-курорттық көмек көрсетуге қатысты қатынастар, соғыс және еңбек ардагерлеріне мемлекеттік қайнар көздер есебінен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге қатысты қатынастар жатады. 
 
Бұл құқықтық қатынастардың барлығының жиынтығы әлеуметтік қамсыздандырудың пәнін құрайды. 
 
Әлеуметтік қамсыздандырудыңі тиісті түрлері болып мыналар табылады: 
 
1. зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылар; 
2.
 
 

3 Әлеуметтік  қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру

 
 
БҰҰ Бас  Ассамблеясы 1948 жылғы 10 желтоқсанда  қабылдаған Адам құқықтарының жалпы  декларациясы адамның белгілі бір  өмір сүру деңгейіне, соның ішінде тамақтануға, киінуге, тұрғын үйге, медициналық күтімге, оның өзінің және оның отбасының денсаулығы мен жақсы өмір сүруі үшін қажет әлеуметтік қызмет көрсетуге және жұмыссыздық, ауру, мүгедектік, жесірлік, кәрілік және өзге де жағдайлар орын алған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтарын бекітті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                             Еңбек стажы 

Еңбек стажы  – бұл зейнетақы төлеу кезінде  есепке алынатын жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы. Алайда, еңбек стажы тек ұзақтығымен  ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипатымен және еңбек қызметі өткен жағдайлармен де (зияндылық, қауіптілік және т.б.) сипатталады. 
Еңбек қызметінің ұзақтығына және сипатына қарай еңбек стажы жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін. Еңбек стажын бұлайша түрлерге бөлу зейнетақының әртүрлі түрлерін тағайындауға сай келеді… 
 
… Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы еңбек туралы» заңының 13-бабына сәйкес қажет еңбек стажын растайтын құжттар болып мыналар табылады: еңбек кітапшасы (болған жағдайда), жеке еңбек шарты, жұмысқа алу және одан босату туралы бұйрықтардан выписка. 
ҚР «ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 12-бабына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен расталады. 
Кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың барлық қызметкерлері үшін еңбек кітапшалары 1939 жылдан, ал ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорындарының (ұжымдық шаруашылықтардың) барлық мүшелері үшін – 1965 жылдан бастап толтырыла бастады. 
Еңбек кітапшасына жұмысқа қабылдау туралы, басқа тұрақты жұмысқа ауыстыру туралы, барлық негіздер бойынша жұмыстан босату туралы жазбаларды жұмыс беруші (басшылық) құжаттардың (бұйрықтар, өкімдер) негізінде және соларға сілтеме жасай отырып жазады. 
 
… Куәлардың көрсетулері бойынша анықталған еңбек стажының ұзақтығы зейнетақыны тағайындау үшін талап етілетін стаждың жартысынан аспауы тиіс. 
Жекелеген азаматтарда, діни ұйымдарда, ферма (шаруа) қожалықтарында жеке еңбек қызметі жағдайында істелген жұмыс уақыты куәлардың көрсетулерімен дәлелденбейді.

Информация о работе Еңбек құқығының субьектілері