Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 16:12, реферат
Еңбек құқығы, құқықтың дербес саласы ретінде өз субъектілерінің ауқымымен сипатталады. Еңбек қатынастарына қатысушылардың сипаттамасы еңбек құқығының пәнімен, әдісімен және қағидаттарымен бірлесе отырып бұл саланың Қазақстан Республикасы ұлттық құқығының жалпы жүйесіндегі өзіндік ерекшелігін ашады. Қазіргі күшіндегі заңдарға сәйкес қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, оның құқықтық регламентациясына, еңбекті қорғауға және еңбек заңдарының сақталуына қадағалау және бақылау жүргізуге қатысушы жеке және заңдық тұлға еңбек құқығының субъектісі болып табылады.
Кіріспе
Еңбек құқығының субъектілері
1. Еңбек құқығының субъектілері түсінігі және оларды топтастыру
2. Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде
3. Жұмыс берушінің құқықтық мәртебесі
4. Кәсіпшілік одақтар еңбек құқығының субъектісі ретінде
5. Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
ЖОСПАР
Кіріспе
Еңбек құқығының субъектілері
1. Еңбек құқығының субъектілері түсінігі және оларды топтастыру
2. Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде
3. Жұмыс берушінің құқықтық мәртебесі
4. Кәсіпшілік одақтар еңбек құқығының субъектісі ретінде
5. Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Еңбек құқығы, құқықтың дербес саласы ретінде өз субъектілерінің ауқымымен сипатталады. Еңбек қатынастарына қатысушылардың сипаттамасы еңбек құқығының пәнімен, әдісімен және қағидаттарымен бірлесе отырып бұл саланың Қазақстан Республикасы ұлттық құқығының жалпы жүйесіндегі өзіндік ерекшелігін ашады. Қазіргі күшіндегі заңдарға сәйкес қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, оның құқықтық регламентациясына, еңбекті қорғауға және еңбек заңдарының сақталуына қадағалау және бақылау жүргізуге қатысушы жеке және заңдық тұлға еңбек құқығының субъектісі болып табылады.
Еңбек құқығының субъектілеріне заң ерекше қасиет - құқықтық мәртебе береді, ол оның нақты құқықтық қатынастарға қатысуына, мүмкіндік тудырады. Құқықтық мәртебенің мазмұны мен сипаттамасы, бұл жағдай да, тараптардың еңбектегі құқықтық субъектілігін, олардың субъективтік құқықтары мен заңдық міндеттерін жүзеге асыру кепілдігін, сондай-ақ міндеттемені орындау жауаптьыығын қамтиды. Бұл элементтердің жиынтығы еңбек құқығының субъектісі ұғымы туралы бүтіндей түсінік береді.
Еңбектегі құқықтық субъектілік дегеніміз еңбек құқығы субъектілерінің заңдық міндеттемелер құқылы болу және оларды көтеру қабілеттігі, яғни еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында нақты құқықтық қатынастарға қатысушы болу мүмкіндігін (қабілетін) иемдену (еңбектегі құқық қабілеті). Сонымен қатар еңбектегі құқықтық субъектілік дегеніміз еңбек құқығы субъектілерінің өз әрекеттерімен субъективтік құқық иемдену және заңдық міндеттерді көтеру қабілеті (еңбек әрекеттілігі). Ал еңбек құқығының субъектілері үшін оларда еңбектік құқық қабілеттілігі мен әрекеттілігінің екеуінің де бірдей болуы тән. Басқаша айтқанда, еңбектік құқық әрекеттілігі ерекше қасиет, ол тек еңбек құқығының субъектілерінде ғана болады.
Еңбек құқығы субъектілерінің субъективтік құқықтары мен заңдық міндеттерінің көлемі мен сипатына байланысты жалпы және арнайы құқықтық мәртебелер болады. Жалпы құқықтық мәртебе Қазақстан Республикасының Конституциясынан және еңбек туралы заң актілерінен тікелей туындайтын және еңбек құқығы субъектілерінің әрбір түрі үшін бірдей болып табылатын субъективтік құқықтар мен міндеттерді қамтиды.
Заңнан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді мәртебелілік деп атау қабылданған (нақты еңбектік құқық қатынастарының мазмұнынан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерден өзгеше), себебі олар еңбек құқығы субъектісінің құқықтық статусының негізін құрайды.
Арнайы құқықтық статус еңбек құқығы субъектілерінің кейбір түрлерінің ерекшеліктерін сипаттайды. Статустық деңгейдегі жалпы субъективтік құқықтар мен міндеттер азаматтардың, кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және еңбек құқығының басқа субъектілерінің арнайы құқықтық мәртебесінде көрініс тауып нақтыланады. Еңбек туралы арнайы заңнамада бекітілген субъективтік құқықтар мен міндеттер еңбек құқығы субъектілерінің еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында туындаған нақты құқықтық қатынастарға қатысуы үшін алғышарт болып табылады. Жалпы және арнайы құқықтық мәртебенің тұтастығы мен ара қатынасы еңбек құқығының тұтастық және бөлшектік принципінің көрініс тапқаны.
Еңбек құқықтары субъектілерінің құқықтық мәртебесі оны жүзеге асыру тетігімен толықтырылады. Еңбектің құқық субъектілігі, статустық және арнайы құқықтар мен міндеттерден басқа құқық мәртебесінің мазмұнына осы құқықтар мен міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін заңдық кепілдемелер мен міндеттемелерді орындауға жауаптылық кіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (13 бап) әркімнің өзін құқық субъектісі деп танытуға құқығы бар және өз құқықтары мен міндеттерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы.
Заңдық кепілдіктер өздерінің мақсаты, мазмұны және субъектік құқықтар мен міндеттерді қамтамасыз ету тәсілдері бойынша бөлектенеді. Заңдық кепілдік сипаттамасының маңызды жақтарының бірі — жұмыскерлер өкілдерінің (оның ішінде кәсіподақтың) еңбек жағдайларын белгілеуге, жұмыскерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға тікелей қатысуы. Мысалы, азаматтар құқықтарын жүзеге асыру кепілдіктерінің қатарына олардың жұмыс түрін таңдаудағы бостандығын, олардың еңбек құқығын қорғауды ("Халықтың жұмыс пен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы); еңбек құқығын жүзеге асырудағы тең мүмкінділікті, ешкімнің еңбек құқығының шектелмейтіндігін немесе оларды жүзеге асыруда жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрған жеріне, діни сеніміне, азаматтылығына, қай қоғамға кіретіндігіне, сондай-ақ жұмыскердің іскерлік сапасымен және оның еңбегінің нәтижесімен байланысты емес басқа да мән-жайлар арқылы қандай да бір артықшылық алмауын жатқызуға болады. Бұл жұмыскердің теңдей еңбек үшін қандай да бір кемсітушілік болмай бірдей еңбек ақы алу құқығына да жатады. Әңгіме қазақстандық жұмыскер мен шет елдік жұмыскерлерге бірдей еңбек ақы төлеу жайында. Кемсітуге ұшыраған адамдардың еңбек құқығының сот арқылы қорғалатыны заңда көрсетілген (Еңбек туралы Заңның 4 бабы).
Субъективтік құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кепілдемелері және міндеттемелерді орындауға жауаптылық еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесіне, егер еңбекті қолдану саласында нақты құқық қатынастары орнап, ары қарай сақталса, қандай да бір тұрақтылық береді. Мұны, еңбек туралы заңнамада көзделген кепілдеменің, бір жағынан - еңбек құқығы субъектілерінің өз құқықтарын және өздеріне жүктелген міндеттемелерін орындауға итермелейтіндігі, екінші жағынан — өз міндеттерін орындамағандығы немесе дұрыс орындамағандық үшін санкция белгілейтіндігі ескерілген. Мысалы, қызметкерді өз тұрғысынан жұмыстан заңсыз босату, соттың жұмысқа қайта қабылдау туралы шешімін орындамау, сол сияқты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соқтырған еңбек туралы заңдарды басқаша да бұзған лауазымды адамға сот арқылы айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге басқа бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға дейін жазалауды көзделген. (ҚР ҚК-нің 148 бабы)
Аталып өткендей, еңбек құқығының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарға әртүрлі субъектілер қатысуы мүмкін. Құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін ескере отырып, оларды мынадай негізгі топтарға болуге болады: 1) азаматтар; 2) жұмыс берушілер; 3) кәсіпкерлер одағы; 4) мемлекеттік органдар. Бұл топтардың әрқайсы, өз кезегінде, түрлерге болінеді. Мысалы, азаматтар, еңбек құқығының субъектісі ретінде жұмыскер (жалданба еңбек адамы) және кәсіпкер бола алады. Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар еңбек қатынастарыңда ерекше жағдайда тұрады.
Жұмыс берушілер — заңды тұлғалар меншік түріне қарай мемлекеттік және жеке, қызметінің ұйымдық-құқықтық формасы бойынша - коммерциялық ұйымдар (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер) және коммерциялық емес ұйымдар (мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, діни ұйымдар және заң актілерінде көзделген басқа формалар түріндегі) болуы мүмкін. Бұл ұйымдардың еңбектік құқық субъектілігі олардың жарғылық құжаттарымен анықталады.
Азаматтар өздерінің материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында әртүрлі қоғамдық қатынастарға қатысуы мүмкін. Азаматтар, өздерін құқық субъектісі ретінде кәсіби қызметтің қандай да бір түрінде өзін көрсете алатын, қабілетін жүзеге асыра алатын мүмкіндік тудырушы құқықтық қатынасарды ерекше боліп алуы керек. Еңбектік құқық субъектілігі бар азаматтар белгілі бір ұйымдық-құқықтық формадағы еңбекке, кәсіпкерлік қызметке қабілетін жүзеге асырады. Жалданатын еңбек адамдарында (жұмыскерлерде), жеке кәсіпкерлерде, шет ел азаматтарында өз құқықтық мәртебесі болады.
Субъективтік құқықтар мен міндеттердің көлеміне және сипатына қарай еңбек құқығының субъектісі ретінде кейбір санаттағы азаматтардың құқықтық мәртебесі жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы құқықтық
мәртебе Қазақстан
Қазіргі күшіндегі еңбек заңнамасы азаматтардың еркін еңбекке құқығын нақтылайды, оған кәсіптің, жұмыстың түрін таңдау, қабілетіне, мүмкіндігіне, кәсіби дайындығына, біліміне қарай және қоғамның мұқтаждығына сай жұмыс жасау құқығы кіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыскерлер демалуға, жыл сайын төленетін демалыс алуға құқылы, қолайлы және қауіпсіз жұмыс жағдайына, кәсіподаққа бірігуге, т.б. құқылы.
Еңбек туралы заңнама жұмыскердің жалпы міндеттерін де көздейді. Оларға жататындар: адал еңбек, еңбек тәртібін бұзбау, мүлікті ұқыптылықпен сақтау, еңбек нормаларын орындау, еңбек өнімділігін арттыру, кәсіби шеберлігін ұштау, жұмыстың және шығаратын өнімнің сапасын жақсарту.
Еңбек құқығында арнайы еңбектік құқыққабілеттілік деген ұғым бар, оның мағынасын құқықтық қатынастардың кейбір түрлеріне (тобына) кірудің заңдық мүмкіндіктерінің жиынтығы құрайды. Мұндай құқықтық қатынастар субъектісі тек азамат ғана болады, ол қандай да бір лауазым, кәсіп, мамандық иесі үшін заңда белгіленген арнайы біліктілік талаптарын қанағаттандыруы тиіс.1 Еңбек құқығының субъектілері ретінде жұмыскерлерге еңбектік құқық субъектіліктің жалпы критерийлері: жастық, жігерлік және әлеуметтік критерийлер таралады. Бұл жағдайда адамның нақты еңбек ету қабілеті, яғни заңнамада және жақтардың келісімінде белгіленген жағдайдағы жүйелі, жолға қойылған жұмысқа қабілеті.
Жас өлшемі критерийі адамның еңбектік құқық субъектілігін белгілі бір жас мелшерімен байланыстырады. Төменгі және жоғары шегі Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жас еңбекке қабілетті жас деп саналады. Еңбек заңнамасында жұмысқа қабылданатын ең кіші жас 16 жас деп белгіленген. Орта білім алса немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кетсе, 15 жасқа жеткен адам ата-анасының, қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шартына отыра алады. Жастарды өндірістік еңбекке дайындау үшін 14 жасқа толған оқушыны, сабақтан бос уақытында, ата-анасының біреуінің (қамқоршысының) рұқсатымен, денсаулыққа зиян келтірмейтін жұмысқа тартуға болады. Келісім жазбаша формада (арыз) беріледі. Жеке еңбек шартына кәмелетке толмағанмен бірге ата-ана (қамқоршы) да қол қояды (Еңбек туралы Заңның 11 бабы).
Мемлекеттік қызметке тұратын адам 18 жастан кіші болмауға тиіс, егер мемлекеттік қызметкерлердің тиісті санатына қатысты республика заңында басқадай көрсетілмеген болса (1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 б. 2 т.). 1998 жылғы 7 қазандағы "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы"1 Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік қызметте болудың ең жоғарғы шегін алып тастады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 б. 4 т.)
Ерік критерий адамның еңбекке деген жігеріне байланысты. Психикасы бұзылған және жігері шағылган адам еңбек міндеттерін ұғынып орындай алмайды және өз іс-әрекетін бақылай алмайды. Психикасы бұзылғандықтан және ақылы ауысқандықтан сот арқылы жұмысқа қабілеті жоқ деп танылған адам еңбек құқығының субъектісі бола алмайды.
Әлеуметтік критерий барлық азаматтар үшін теңдей еңбектік құқықсубъектілігін белгілеумен байланысты. Еңбек туралы қазіргі күшіндегі заңда барлық еңбек қабілеті бар азаматтарға кәсіп, мамандық және жұмыс түрін таңдауға бірдей мүмкіндік берілген. Жұмысқа қабылдаған кезде жынысына, нәсіліне, ұлтына және діни сеніміне байланысты қандай да бір тікелей немесе жанама шек қоюға не тікелей немесе жанама артықшылық беруге болмайды.
Сонымен қатар еңбек заңнамасында азаматтардың кейбір санаттарына, олардың денсаулығына, өндірістік қызметінің сипатына, еңбектің өте мұқият қорғалатындығына және т.б. байланысты қосымша кепілдіктер беру қарастырылған. Атап айтқанда, мүгедектердің еңбекке жарамдылық мөлшері мен шамасы дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының ұсынысы негізінде, олардың денсаулық жағдайы, еңбекке мүмкіндіктері мен қабілеті ескеріле отырып белгіленуі мүмкін.
Еңбек жағдайына қатысты кейбір жеңілдіктер екі қабат әйелдер мен бір жарым жасқа толмаған баласы бар әйелдер үшін де заңда қарастырылған (Еңбек туралы заңның 66, 67 баптары).
Жалпы ереже бойынша 18 жасқа толмаған жұмыскер еңбектік құқық қатынастарында кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ол еңбекті, жұмыс уақытын, демалыстарды және басқа бірқатар еңбек жағдайын қорғау саласында еңбек заңнамасында белгіленген жеңілдіктерді пайдаланады.
Еңбек туралы жаңа заңға сәйкес, жалданған жұмыскерге, бірнеше жұмыс берушімен жеке еңбек шартын жасасуға құқық берілген.
Еңбек құқығының субъектісі шет ел азаматтары да бола алады. Шет ел азаматтарын келісім-шарт бойынша жұмысқа тарту практикасы бірлескен кәсіпорындар ашуға, республика экономикасына шет ел капиталын тартуға, т.б. байланысты кең өріс алуда. Бұлар басқа елдердің республика аумағында уақытша тұратын, елшілік пен миссияларды қамтамасыз етумен байланысты емес жұмыс атқаратын адамдары болуы мүмкін. 1994 жылғы 24 желтоқсандағы "Шет ел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасы заңының 25 бабына сәйкес шет ел қатысқан кәсіпорын қызметкерінің, оның әкімшілігінің, бақылау кеңесі мүшелерінің құрамына шет ел азаматтары да кіруі мүмкін. Шет ел қатысқан кәсіпорынның шетелдік жұмыскеріне еңбек ақы төлеу, демалыс беру, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері олардың әрқайсымен жасалған жеке еңбек шартында шешімін табады.
Информация о работе Еңбек құқығының субъектілерінің құқықтық мәртебелері