Енбек кукыгы тусиниги жане заннамалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 22:32, реферат

Описание

Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Заңның және еңбек туралы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң алдында артықшылығы бар және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, олар тiкелей қолданылады.

Содержание

Кіріспе
І. Еңбек құқығының пәні, әдістері және принциптері
ІІ. Еңбек құқығының қайнар көздері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

енбек кукыгы.docx

— 25.11 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

      ЕУРАЗИЯ АКАДЕМИЯСЫ  
 
 
 
 
 
 

    РЕФЕРАТ

    «Еңбек құқығы» пәні бойынша

    Тақырыбы: «Еңбек құғығы түсінігі және заңнамалар» 
 
 
 
 
 

                Орындаған: 1 курс, мамандық «Заңтану»

                Тексерген:  
                 
                 
                 
                 
                 

    Орал-2011 ж. 
 
 
 

Жоспар 

Кіріспе

    І. Еңбек  құқығының пәні, әдістері және принциптері

    ІІ. Еңбек  құқығының қайнар көздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

      Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып  жарияланып, өз тәуелсіздігіне қол  жеткізген сәттен елдің ішкі –  сыртқы саясаттарын реформалауға көп  көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде  бірнеше нормативтік құқықытық  актілер, ережелер жиынтықтары қабылданып, өз күшіне енді. Солардың қатарында  халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру және бақылау мақсатында 1999 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан Республикасының Коснтитуциясына негізделе отырып, осы Заң мен қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтiн, нормалары осы Заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін реттейді.

      Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық  шарттардың осы Заңның және еңбек  туралы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң алдында артықшылығы  бар және халықаралық шарт бойынша  оны қолдану үшiн Қазақстан  Республикасының заңы шығарылуы  талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, олар тiкелей қолданылады.

Еңбек құқығы адамның қоғамдық қызметінің негізгі түрін және еңбекке қатысуын жанама түрде білдіретін құқықтың маңызды  саласы болып табылатындықтан, оның қоғамда алатын орны ерекше. Еңбек  құқығы қызметкер мен жұмыс берушініңарасындағы  қатынастарды реттеп, бақылап отырады.  
 
 
 
 
 
 
 

І. Еңбек құқығының  пәні, әдістері мен принциптері

      Еңбек құқығы адамның қоғамдық қызметінің негізгі түрін – еңбекке  қатысуын жанама түрде білдіретін құқықтың маңызды  саласы болып табылады. Еңбек құқығы пәнінің негізін еңбекті қолдану  жөніндегі жеке – дара қатынастар құрайды. Олар қызметкер мен жұмыс  берушінің арасында қалыптасады  және жұмысқа алу, жұмыс уақыты, жалақы төлеу, еңбек тәртібі және басқа  бірқатар  мәселелер бойынша түрлі  әлеуметтік байланыстарды қамтиды. Еңбек процесінің өмірде болу фактісінің өзі еңбек құқықтарымен  байланысты және сондай – ақ еңбек құқығының қолданылу аясына енетін қоғамдық қатынастардың тұтас кешенінің пайда болуына объективті түрде алып келеді. Олардың біреулері еңбек қатынастарынан бұрын (мысалы, жұмыспен қамтылмаған халықты еңбекке орналастыру жөніндегі қаты настар), екіншлері олармен қатар жүреді (мысалы, жұмыс беруші, еңбек ұжымы,кәсіптік одақтар жіне өзге де ұйымдар арасында қалыптасатын ұйымдастыру – басқарушылық қатынастар), үшіншілері – солардан туындайды (мысал1ы, қызметкердің денсаулығына  келтірілген зиянды өтеу жөніндегі іс жүргізу – еңбек қатынастары  және т.б).

      Сонымен, еңбек құқығының пәні еңбекке  қабілеттілікті іске асыру, еңбекті  ұйымдастыру мен басқару жөніндегі  мемлекеттік  және жеке ұйымдарда  азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде  қалыптасатын жеке - дара да, сондай –ақ ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды.

      Еңбек құқығының әдістері саланың пәніне енетін жоғарыда аталған қатынастарды реттеудің жолдары мен тәсілдерінсипаттайды.

      Оларға  мыналар жатады:еңбек құқықтық қатынастарын орнықтырудың шарттық сипаты;өзара  міндеттемелерді орындаудың ерекше режимі; еңбек жағдайларын орталықтан және жергілікті жерде, нормативтік  және шарттық реттеуді үйлестіру; сыйақының  ұжымдық және жеке – дара еңбек  нәтижелеріне байланыстылылығы; санкцияларды қолданудың соттан тыс тәртібі және т.б.

      Еңбек құқығының принциптері – еңбек  қатынастарын және олармен тығыз байланысты қоғамдық  қатынастарды реттеу кезінде басшылыққа алынатын бастапқы постулаттар,идеялар.

      Қазақстан Республикасының Конституциясында еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің мынадай принциптері  баянды етілген: еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау мүмкіндігі; мәжбүрлі еңбекке тиым салу және жұмыссыздықтан қорғау; денсаулықты қорғау құқығы; бірлестіктер бостандығына құқығы; еңбегі үшін ешқандай кемсітушіліксіз және жалақының ең аз мөлшерінен кем емес сыйақы алу құқығы; демалуға құқыға. Бұл конституциялық принциптер еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің салаларалық принциптеріне жатады, еңбек құқығында осы саланың өзіндік ерекшелігі ескеріле отырып құқықтар нақтыланады және мынадай түрде белгіленеді.

  1. Еңбек бостандығы еңбек шарты боостандығының салалық принципіне ауысады.
  2. Денсаулық сақтау құқығы қауіпсіздік пен тазалық талаптарына жауап беретін еңбек жағдайлары құқығында анықталады.
  3. Еркін бірлестіктерге құқық – нақ өндірістік кәсіптік мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау үшін кәсіптік одақтарға  бірігу құқығы – еңбек құқығы принципіне ауысады.
  4. Өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқығын қоса алғанда, оларды шешудің заңмен белгіленген әдістерін пайдалана отырып  жеке - дара және ұжымдық еңбек даулары құқығында нақтыланады.
  5. Демалыс құқығы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты Конституцияның өзінде, заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мерекелік күндерге, ақы төленетін жыл сайынғы демалысқа белгіленген кепілдікпен нақтыланады.
  6. Еңбекке ақы төлеу принципі де конститциялық деңгейде сала ретінде белгіленген, өйткені ол адам қызметінің тек жекелеген нәтижесінің төлемін алумен ғана емес, оның процесімен байланысты.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек туралы заңдардың міндеттері

      Еңбек қатынастары саласындағы құзыретті органдардың барлық жағдайларда қолдануға есептелген нормативтік нұсқаулардан тұратын құқықтық актілері еңбек құқығының көздері болып табылады. Әдебиетте бұл көздер «еңбек туралы нормативтік актілер», «еңбек туралы заң актілері», «еңбек құқығының нормативтік актілері» және т.б. деп аталады.

Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы нормативтік – құқықтық актілер  мыналар болып табылады:

      Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын заң Қазақстан Республикасының  Конституциясы болып табылады, еңбек  туралы барлық нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасындағы  Еңбек туралы Заңынан және соған  сәйкес қабылданған:

  • Заңдардан және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулыларынан;
  • Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының нормативтік қаулыларынан;
  • Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік – құқықтық актілерінен тұрады.
  •  Қазақстан Республикасы Конституциясының – 4 бабының        4 -тармақшасына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты еңбек туралы нормативтік – құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
  •  Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының еңбек туралы нормативтік – құқықтық актілеріндегіден өзгеше ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады.  

      Халықаралықшарттан  оны қолдану үшін республика ішілік нормативтік құқықтық акті шығару талап  етілетін жағдайлардан басқа, халықаралық  шарттар еңбек қатынастарына  тікелей қолданылады.

Жұмыс берушілер мен барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заң 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы» болып табылады. Бұл заң 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу  туралы  Қазақстан Республикасының заңына сәйкес  Қазақ КСР – інің 1972 жылғы 21 шілдедегі Еңбек туралы заңдар кодексі  2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика аумағында күшін жойды деп танылды. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін  бұл кодекс көп жағдайда оның нарықтық экономика мен жеке кәсіпкерліктің қалыптасуының шарттарына сәйкес келмеді.

Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы»  жаңа заңы, өкінішке орай, Кодекс нысанында  қабылданбады және негізінен еңбек  қатынастарының  «Еңбек туралы»  заңына қайшы келмейтін бөлігін  сақтап қалған заңдар және басқа нормативтік  – құқықтық актілер  реттемейтін  саласын реттейді. Оларға, мысалы, мына заңдар жатады: 1992 жылы 4 шілдеде қабылданған  «Ұжымдық шарт туралы»; 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған «Еңбекті қорғау туралы»;1993 жылы 3 сәуірде қабылданған «Кәсіптік  Одақтар туралы»; 1996 жылы 8 шілдеде  қабылданған «Ұжымдық еңбек даулары  мен ереуілдер туралы»; 1998 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» және т.б.

      Орталықтандырылған  тәртіппен қабылданған нормативтік  – құқықтық актілер, әдетте, жалпы  ережелерді белгілейді, олар ұйымдарда  қолданғанда нақтылауды талап етеді  немесе соған жол береді. Ұйымдарда  қабылданған нормативтік актілер  жұмыс берушінің актілері деп  аталады. Оларға бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері  жатады.

      Еңбек заңдардың негізгі міндеттер  мыналар болып табылады:

  1. Еңбек саласындағы нарықтық қатынастардың құқықтық негіздерін бекемдеу;
  2. Еңбек бостандығы мен  еңбек туралы шарттар бостандығын бекемдеу;
  3. Еңбек қатынастарындағы қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтық мәртебесін белгілеу;
  4. Әлеуметтік серіктестік қатынастарын реттеу;
  5. Қызметкерлердің, оның ішінде уақытша жұмыссыздардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер жүйесін орнықтыру.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

      Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары  Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтiн, нормалары осы Заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 

      Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық  шарттардың осы Заңның және еңбек  туралы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң алдында артықшылығы  бар және халықаралық шарт бойынша  оны қолдану үшiн Қазақстан  Республикасының заңы шығарылуы  талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады және тiкелей қолданылады. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының  аумағындағы еңбек қатынастарын реттейдi.

      Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. 

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншiк иелерi (толығынан немесе iшiнара) шетелдiк  заңды немесе жеке тұлғалар болып  табылатын ұйымдардың қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының еңбек  туралы заңдары қолданылады. 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы.
  2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы N 528 Заңы.
  3. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 493 Заңы.
  4. Ұжымдық еңбек даулары мен ереуiлдер туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 1996 жылғы 8 шiлде N 20-I.

Информация о работе Енбек кукыгы тусиниги жане заннамалар