Енбек құқығы субъектілерінің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2011 в 11:17, реферат

Описание

Енбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері. Кез келген құқық саласы сиякты еңбек құқығының да өзінің субъектілер шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықгалады.
Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде қол-даныстағы заңнаманың негізінде қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек заңнамасын сақтай отырып қатысатын еңбек қатынастарының қатысушылары танылады.

Работа состоит из  1 файл

enbek baiandama.doc

— 62.50 Кб (Скачать документ)

    Жұмыс берушілердің кұқықтық мәртебесі. Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыс беруші ретінде қызметкермен еңбек шартын бекіткен және оған жұмыс берген жеке немесе заңды тұлға табылады. Яғни, азаматтарға жұмыс беретін, олардың еңбегін төлейтін және жұмыс берушінің құкықтары мен міндеттерін орындайтын фермерлер, жеке кәсіпкерлер, ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар, шаруашылықтар, кооперативтер, серіктестіктер және т.б. жұмыс берушілер болып табылады.

    Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі жүмыс берушілерді жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар және мемлекеттік кәсіпорындар деп бөлуге болады.

    Каммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашьшық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооперативтер нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі мақсаты болып пайда табу табылады.

    Каммерциялық  емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік және заңда көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдарды меншік иесі қаржыландырады және олардың қызметі пайда табуды көздемейді. Коммерциялық емес ұйымдар кәсіпкерлік қызметті өздерінің мақсатына жету шегіңде ғана жүзеге асырады.

    Мүліктік  талап еңбектің ақылы сипатымен  байланысты және жұмыс берушінің жалданбалы еңбекті төлеу қабілетін білдіреді. Бұл үшін жұмыс берушіде белгілі бір материалдық (мүліктік) база болуы тиіс, алайда, шын мәнінде еңбек құқықсубъектілігі үшін жалақы қоры ғана аса зор мәнге ие.

    Еңбек ұжымының құқықтық мәртебесі. Соңғы кезде «еңбек ұжымы» түсінігінің орнына «қызметкерлер» түсінігін қолдану жиі белең алып жатады. Және де еңбек ұжымдары мемлекеттің саяси ғана емес, экономикалық өмірінде де қандай да бір рөлді иеленуден айырылғандай. Соған қарамастан, біздің ойымызша, еңбек ұжымдары еңбек құқығының субъектілері болған және одан әрі болады да.                    
 

    Қолданылған әдебиеттер

    1. Айымханова Қ.Р. «Еңбек құқығы», оқулық,- Алматы, 2002

    2. Ахметов А., Ахметова Г. «Еңбек  құқығы», оқу құралы, - Алматы, 2006

    3. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі: - Алматы,

    Жеті  Жарғы, 2007

Информация о работе Енбек құқығы субъектілерінің