Аймақтың әлеуметтік экономикалық ерекшкліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:54, курсовая работа

Описание

ҚР «Қазақстан Республикасының әкімшілік - территориялық құрылғысы туралы» заңына сәйкес «аймақ – республика қажеттілігіне құрылған және басқарылатын бірнеше қоныстанған пунктілер қосылған республика территориясының бір бөлігі. Республикалық әкімшілік - территориялық құрылғының негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық округ аймақ болып келеді.

Работа состоит из  1 файл

Аймақ типологиясы.docx

— 24.02 Кб (Скачать документ)
  • экологиялық дағдарыстың тереңдеу үдерісінің алдын алу.
  • осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау.
  • қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарында орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін жағдай жасау.
  • шетілдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.

    Республика  аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

    Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің  салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден  бірнеше есе төмен, ал экономикасы  өнеркәсіптің аз әртараптандырылған құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар олардың дамуын ынтыландыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет – аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.

    Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері  болып табылатындар:

  • өндіріс қарқынының төмендеуі
  • халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі
  • жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі
  • демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т.б.

    Аймақ дамуының кез-келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде  дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай  дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен  анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Мемлекеттік  реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ  дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың  орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көруге болады және бұл мемлекеттің аймақтық саясаттың  табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.

    Аймақтық  саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар (1 сурет). Макроэкономикалық саясаттың  құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін  көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылу шарт. Олардың  қатарына: мемлекет пен жекелеген  аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша  пайдалану жатады. Осы суреттен көрініп  тұрғандай, аймақтық саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік реттеудің басқа  бағыттарымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.  

    Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан  Республикасының мемлекеттік аймақтың саясаты ең алдымен шектен тыс  аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды «тегістеу» саясаты болуы  тиісті. Бұл жағдайда орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тепе-теңдігі  қажет. Осыған орай аймақтық дамудың  шешілуін әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық және т.б. шаралар жүйесін санқырлы проблема ретінде қарастыруға болады.

    Нарықтық  экономикаға өту барысындағы  аймақтық саясат біршама өзгермелі  болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне  қарай, кейбір аймақта мемлекет тарапынан  нарықтық экономиканың қалыптасуы үшін жалпы құқықтық режимді қолдау жеткілікті болса, басқасында экономикалық белменділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т.б.

Экономикалық  саясат, еліміздің және оның жекелеген  аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге және қойылған мақсаттарға  жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Ал, аймақтық саясаттың  мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды басқару болып  табылады.

Информация о работе Аймақтың әлеуметтік экономикалық ерекшкліктері