Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 20:55, доклад
Ал енді конституциялық құқықтық нормалармен ұқсастығы қандай және құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан конституциялық құқықтық нормалар қалай ерекшеленеді деген екі бағытта қарастырамыз.
Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қорғаушылық қызметті атқарады.
1. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ал енді конституциялық құқықтық нормалармен
ұқсастығы қандай және құқықтың басқа
салаларының құқықтық нормаларынан конституциялық
құқықтық нормалар қалай ерекшеленеді
деген екі бағытта қарастырамыз.
Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық
нормалардың барлық белгілері тән. Оларды
мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар
қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін
құрал болып табылады. Олар басқа да заң
нормалары сияқты, екі: реттеушілік және
қорғаушылық қызметті атқарады. Реттеуші
нор-маларға құқықтық қатынас мүшелеріне
субъективтік құқық беру және оларға заңдық
міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің
белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық
нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның
азаматтың құқы мен бостандығы туралы
бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы
нормаларға субъектілер тәртібін, олар
тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік
мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен
анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар
жатады. Мұндай конституциялық-құқықтық
нормалар кем емес. Конституциялық құқық
қорғау нормалары салыстырмалы түрде
көп болмағанымен олардың мәні мейлінше
зор, олар конституциялык құрылысты нығайтуда,
азаматтардьің құкы мен бостандығьш корғауда,
саяси тұрақтылыкты сақтауда үлкен рөл
атқарады. Құқық қорғаушы нормаларға Президенттің
импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген
мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық
ережелер жатады.
Конституциялық құқықтың нормаларын
түсіну үшін конституциялық реттеуші
нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы,
міндеттеуші нормаларға бөлудің айтарлықтай
мәні бар.
Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық
нормалар субъективтік құқықты жағымды
мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда,
субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық
бірлестікке, азаматтарға) кандай да бір
жағымды әрекет жасауға құқық береді.
Осындай құкық беруші нормалар көп мөлшерде
азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың
саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары
туралы конституциялық нормалар. Құқық
беруші нормаларға Қазақстан Республикасы
Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің,
Конституциялык Кеңесінің конституциялык
өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.
Конституциялық заңдарда тыйым салатын
нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі
бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық
жауапкершілігін белгілейді. Айталық,
Конституция діни негізде саяси партиялар
құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға
тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық
нормалар мемлекетгің конституциялық
негіздерін, зандылық пен құқықтық тәртіпті
қорғауды көздейді. Бұл туралы Конституцияда
анық айтылған. 5-баптың 3-тармағында: "Мақсаты
немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялык
құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын
бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан
келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық,
діни, тектік-топтық және рулык араздықты
қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер
құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ
заңдарда көзделмеген әскерилендірілген
құрамалар құруға тыйым салынады" делінген.
Міндеттеуші конституциялык нормалар
адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің,
мемлекеттік оргаңдардың белгілі бір
жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін
белгілейді. Конституция Парламент Палаталары
Төрағаларына бірқатар жауапкершілік
жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да конституциялық
жауапкершілігін есте сақтаған жөн.
Конституциялық-құқықтық нормалардың,
оларды құқық саласының басқа құқықтық
нормаларынан ажырататын ерекшеліктер
бар.
1. Конституциялық-құқықтық нормалар ерекше
қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құкықтық
нормалар адам мен азаматтың құқықтық
мәртебесінің негіздерін бекітуге қатысты
конституциялык құрылыс негіздерін нығайтумен,
мемлекет органдары жүйесін анықтауға
байланысты қатынастарды реттеуді көздейді.
2. Конституциялық-құқықтық нормалардың
үлкен заңдық күші бар. Басқа құқықтық
нормалар Конституцияға қайшы келмеуі
тиіс. Барлық басқа нормативтік актілер
Конституция негізінде шығарылады. Конституция
қағидаларына қайшы келетін құқықтық
актілердің күші жойылуы тиіс. Конституциялык
нормаларды қорғау құқы Конституциялық
Кеңеске және Прокуратураға берілген.
3. Материалдық және іс-жүргізуші конституциялық-құқықтық
нормалар өзіндік кырымен ерекшеленеді.
Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықтан
айырмашылығы конституциялық құқықтың
конституциялық нормаларды жүзеге асырудың
жалпы біржақты тәртібін белгілейтін
мамандандырылған іс жүргізуші саласы
жоқ. Алайда, бұл конституциялық құқықта
іс жүргізетін нормалар жоқ деген сөз
емес. Конституциялық кұқықтық нормалармен
реттелетін қоғамдық қатынастар тобының
қай-қайсысыньщ да өзіндік іс жүргізу
нормалары бар. Айталық, Парламенттің
зандар қабылдауының белгілі бір тәртібі,
Президент импичментінің, Парламентке
депутаттар сайлауын өткізу, референдум
өткізу тәртібі және басқалары конституциялык
нормалармен белгіленеді.
Қазақстанның тәуелсіздігін
Қазақстанның жаңа конституциялық заңдарының
қалыптасу тарихы Қазақ КСР Конституциясына
Қазақ КСР-ның "Президенттің қызмет
орнын белгілеу туралы" 1990 жылдың 24
сәуірдегі заңымен өзгеріс енгізу кезеңінен
бастау алады 2. Бұл заң Конституцияға
бұрын талай енгізілген өзгерістердің
катарына жатпайды. Аталған заң мемлекеттің
басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс
әкелді. Президенттің қызмет орны республикада
жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық
қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық
құрылысты нығайту мақсатында белгіленеді.
Одан кейінгі оқиғалар көрсеткендей, тәуелсіз
Қазақстан мемлекетінің президенттік
басқару жүйесін қалыптастыру осы заңнан
басталады.
1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-ының мемлекеттік
егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің
конституциялық сипаттағы маңызды актісі
болып табылады. Ол жәй "көздеушілік
Декларация" емес еді, оның нормативтік
құқыктық сипаты болды.
Декларацияда Қазақ КСР-ының басқа республикалармен
бірге КСРО-ға ерікті түрде бірігетін
және олармен шарт негізінде өзара қарым-қатынас
құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы
бірінші рет жарияланды. 1937 жылғы Конституцияда
Қазақ КСР-ы, КСРО-ының басқа да тең құқылы
республикаларымен бірге, ерікті түрде
бірікті делінді. Ал Қазақ КСР-ының 1978
жылғы Конституциясында, тек кіріспесінде
ғана Қазақ КСР-ы КСРО құрамындағы тең
қүқылы республика деп атап көрсетілді.
Декларация Қазақстанның егемендігін
ғана емес, сондай-ақ одақтас республикалар
арасыңдағы шарттың қажеттігі туралы
конституциялық идеяны да жариялады.
Сонымен бірге Декларацияда: "Қазақ
КСР-ы ұлттық мемлекеттікті қорғау, сақтау
және нығайту жөнінде шаралар қолданады"
(2-бап) деп бірінші