Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2012 в 13:40, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі демократияландыруда жергілікті шаруашылықты басқаруды жетілдіруде әкімшілік - экономикалық механизмдердің алатын орны бөлек. Мемлекеттің негізгі қызметті ұлттық егемендікті, меншік құқығын, заңды және тәртіп сақтауды қорғау және ақша айналысын, сыртқы сауданы реттеу және тағы да басқалай болып келсе, жергілікті шаруашылықты басқару аясына жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, жергілікті халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты барлық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету және т.б. кіреді.
Кіріспе..........................................................................................................
3
1
Муниципалды билік қызметінің теориялық негіздері............................
6
1.1
Муниципалды билік қызметінің мәні.......................................................
6
1.2
Муниципалды билік қызметін ұйымдастыру..........................................
9
2
Муниципалды билік қызметін ұйымдастыру жолдары.........................
13
2.1
Аймақтық муниципалды шаруашылықтардың экономикалық реформаларын басқару үрдісі...................................................................
13
2.2
Астана қаласының муниципалды билікті ұйымдастыру жолдары
24
Қорытынды..................................................................................................
28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................
| Мазмұны
|
|
| Кіріспе....................... | 3 |
1 | Муниципалды билік қызметінің теориялық негіздері..................... | 6 |
1.1 | Муниципалды билік қызметінің мәні.......................... | 6 |
1.2 | Муниципалды билік қызметін ұйымдастыру................... | 9 |
|
|
|
2 | Муниципалды билік қызметін ұйымдастыру жолдары....................... | 13 |
2.1
| Аймақтық муниципалды шаруашылықтардың экономикалық реформаларын басқару үрдісі........................ | 13
|
2.2 | Астана қаласының муниципалды билікті ұйымдастыру жолдары | 24 |
|
|
|
| Қорытынды..................... | 28 |
| Қолданылған әдебиеттер тізімі........................ | 30 |
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі демократияландыруда жергілікті шаруашылықты басқаруды жетілдіруде әкімшілік - экономикалық механизмдердің алатын орны бөлек. Мемлекеттің негізгі қызметті ұлттық егемендікті, меншік құқығын, заңды және тәртіп сақтауды қорғау және ақша айналысын, сыртқы сауданы реттеу және тағы да басқалай болып келсе, жергілікті шаруашылықты басқару аясына жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, жергілікті халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты барлық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету және т.б. кіреді.
"Қазақстан - 2030" Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты – муниципалды билік қызметінің аумақтық негіздері сонымен бірге аймақтық муниципалды шаруашылықтардың экономикалық реформаларын басқару үрдісі пайдалана отырып, экономикамызды көтеруге үлес қосу.
Курстық жұмысының міндетті - Астана қаласының жергілікті өзін – өзі басқаруды іске асырып, экономикамыздағы шешілмеген бірқатар мәселелердің шешілуі, қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамыту, еліміздегі жергілікті өзін - өзі басқарудың мәні мен оның құрылымы, қызметі мен облыстық деңгейде басқару әдістерін жан-жақты ашып көрсету болып табылады.
Жергілікті шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдерді қолданудың ерекшелігін оның әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді әрі уақытында шешім қабылдай алатындығынан көре аламыз. Жергілікті халықты еңбекпен қамтуда, оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесі де жергілікті басқару органдарының өкілеттігіне беріледі. Мәселен, олардың келесі жылдан бастап шетелдік инвесторларға мынадай шарт қоюға құқықтары бар: Инвесторлар бір жыл ішінде жергілікті белгілі бір салалар бойынша даярлайды, белгіленген уақыт өткен соң халық еңбекпен қамтылып, шетелден келген жұмыс күші өз елдеріне қайтарылады.
Мемлекеттік реттеудің экономикалық пен бірге әкімшілік және институционалдық та механизмдері де бар. Әкімшілік тұтқалардың жиынтығы құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттерді реттеуді қамтитын болса, экономикалық шараларға қаржы (бюджет, фискалды), ақша-несие (монетарлы) саясаты, бағдарламалау және болжау мәселелері жатқызылады. Жалпы алғанда, "қаржы саясаты" түсінігі - ауқымды категория. Ол екі жақты түсінік береді. Біріншіден, ол экономикалық саясат мақсатын, екіншіден, қаржылық шараларды жүзеге асыру механизмдерін білдіреді. Қаржыдан жергілікті басқаруда туындайтын бюджетаралық қатынастар мәселесі күн тәртібіне шындап қойылып отыр
Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдардың арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүние жүзілік тенденция ретінде ұсынылады.
Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді :
- өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль атқаруы;
- аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;
- еңбек ресурстары жылжымалығының күшейе түсуі;
- аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі;
Аумақтық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық маңызының артуы үдейеді.
Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында басқару функцияларын қайта бөлу , қайта қарастыру ;
Екіншіден, мемлекеттік аумақтық басқару мен жергілікті өзін өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.
Бұл жағдай Қазақсанға да тән, себебі мемлекттік тәуелсіздік құру экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфра- құрылымсыз мүмкін емес.
Егеменді мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажетті заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен іскерлігі есептеледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі керек. Аймақтар мен шаруашылық бірліктерінің өзін өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары мыналар болып есептеледі: өзін өзі басқару , серіктестік қалаудағы бостандық, өндіріс құрал жабдықтар рыногы валюталық қаражат және басқа элементер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстардың ерекшеліктерін барлық түрлерін барынша қамтуы тиіс.
Қазақстан Республикасындағы муниципалды басқарудың үйлестірілген жүйесі барлық билік деңгейлерінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуі және нарықтық қатынастарды дамытуға жағдай туғызуы қажет. Мұндай жағдай мемлекеттік басқару мен билік жүйесіндегі түпкілікті қайта құруды талап етеді.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде курстық жұмыс тақырыбының маңыздылығы, мақсат-міндеттері қаралған. Бірінші бөлімде муниципалды билік қызметінің теориялық негіздері және муниципалды билік қызметінің мәні, ұйымдастыру тұжырымдамасы қарастырылған.
Ал, екінші бөлімде муниципалды билік қызметін ұйымдастыру жолдары және аймақтық муниципалды шаруашылықтардың экономикалық реформаларын басқару үрдісі қарастырылған. Сонымен қоса, мысал ретінде Астана қаласының муниципалды билікгін ұйымдастыру жолдары көрсетілді.
Қорытынды бөлімінде муниципалды билік қызметін ұйымдастыру мәселесі бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар көтеріледі. Қосымша материалдарда әр түрлі кестелер келтіріліп, әдебиеттер тізімінде пайдаланылған әдебиеттер рет-ретімен жазылған.
1. Муниципалды билік қызметінің теориялық негіздері
1.1. Муниципалды билік қызметінің мәні
«Жергілікті қоғамдастықтың жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың мәселелерін түсіндіруде негіз болып табылады. Ол дамудың бағытын таңдауда кім басты субъект және дамуды бағалаудың критериі не екенін анықтайды. Аймақтық экономика өндіріспен тығыз байланыста қаралған дәстүрлі тәсіл дамудың критерилері мен басымдығы туралы басқа түсініктер қалыптастырады. Олар бағалаушы өндірістік көрсеткіштермен байланысты. Ал жергілікті тұрғындардың өмірін жақсартудың мақсаты - өндірістің дамуына байланысты қажеттілікті қамтамасыз ету.
Жергілікті қоғамдастықтың дамуы негізінде ең алдымен экономикалық жағдайын «жергілікті шаруашылық түсінігі арқылы сипатталады. «Жергілікті шаруашылық түсігіне қатысты әртүрлі пікірлер бар. Мәселен, ол туралы сөз болғанда белгілі бір жерде, яғни, қалада, ауданда, ауылда орналасқан әртүрлі кәсіпорындардың жиынтығын айтады. Бұл жерде жергілікті шаруашылық халық шаруашылығының бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр. Сондай-ақ жергілікті шаруашылық, коммуналдық шаруашылық, яғни жергілікті қоғамдастықтың халқына қызмет көрсетуші кәсіпорындармен теңестіріледі. Сонымен қатар көркейту талаптарын қанағаттандыруға бағытталған жергілікті билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекетін жергілікті шаруашылық ретінде қарастырады.
Әрбір жергілікті қоғамдастықтың өзінің жергілікті шаруашылығы болады. Ал шаруашылық деп жеке және мемлекеттік меншік түрлері бар, нақты аумақта орналасқан, өзінің атқаратын қызметімен сипатталатын шаруашылық субъектілердің жиынтығын айтамыз. Жергілікті шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығы, тұтыну кооперативтері, несиелік серіктестіктер, өндірістік бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын жатқызады. Жергілікті шаруашылық құрамына сол аумақта орналасқан жеке, коммуналды кәсіпорындар, қаржы-материалдық және еңбек ресурстарын жатқызамыз.
Кейбір пікірлерге қарағанда, «жергілікті шаруашылықң қалада, ауданда орналасқан түрлі өнеркәсіптердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл жерде «жергілікті шаруашылықң халық шаруашылығының бір бөлігі ретінде саналады. Сонымен қатар, жергілікті шаруашылық халық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған жергілікті басқару органдарының және жергілікті өзін-өзі басқарудың өзара іс-әрекеті деп қарастырылады.[3].
«Жергілікті шаруашылық түсінігі жергілікті халыққа қызмет көрсетудің нақты көзі ретінде түсіндіріледі. Зерттеліп отырған тақырыптың объектісі 2 басты шартқа сай құрылуы тиіс:
1. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің көбірек бөлігінің
нақты шешімі болуы тиіс;
2. Құрылымдық-тұтастық және салыстырмалы дербес әлеуметтік-
экономикалық жүйе болуы керек.
Муниципалды басқару аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жүйені зерттейтін ғылыми тәртіп. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасында жергілікті маңызды мәселелерді тұрғынның өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқаруды мойындаладың деп айтылған. Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару аймақтың тарихи, табиғи, экономикалық, демографиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін, сонымен бірге жергілікті салт-дәстүрді есерке ала отырып, ауылдық қалалық қоғамдастықта жергілікт өзін-өзі басқару органдарын тағайындау жолымен тәуелсіз тұрғындармен жүзеге асады. ТМД мүше елдердің жергілікті өзін-өзі басқару моделінің заңына сәйкес муниципалды құрылым – бұл ортақ аумақпен біріккен қалалық немесе ауылдық тұрғынмекені. Оның шегінде муниципалды өзін-өзі басқару жүзеге асады, муниципалды шаруашыықтағы жергілікті бюджетті және жергілікті өзін-өзі басқаруға тағайындалған сайланбалы органдары болады.
Муниципалды қызмет – бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарда жұмыс істейтін қызметтің тұрақты кәсіби іс-әрекеттері болып табылады. Муниципалды меншіктің аумақтық экономикасы географиямен тікелей байланысты. Муниципалды меншіктің бірінші кезекте менеджменттің сосын маркетингтің әдістерін қолдана отырып, экономикалық теорияны микро және макро әдістерін, экономика тарихын, статистика, әлеуметтік еңбек, социология, технология тағы басқа ғылымның әдістемелік тәсілдерін қолданады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың муниципалды басқару төмендегілерді қамтиды:
1. Жан-жақты терең білімге қол жеткізу – аумағы, табиғи ресурстардың потенциялы, тарихи, ұлты, демографиялық ерекшеліктері, экономиканың даму деңгейін жан-жақты зерттеу;
2. Міндеттілігі: мунципалды құрылымның ережелерін қабылдау, оны өңдеу, ереженің орындау барысын бақылау, муниципалды құрылымды экономикалық тұрғыдан қаржыландыру, табиғи ресурстарды пайдалануды бақылау, табиғатты қорғау, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру, халықты күнделікті тұтыну тауарлармен, мәдениетпен және бизнестің өркендеуін қамтамасыз ету, энергетика және тағы басқа ресурстармен қамтамасыз етуге міндеттейді.
3. Муниципалды басқару шешіп беру міндеттілігі:
- халықты жұмыспен қамту;
- аумақ ішіндегі және аумақтар арасындағы экономикалық
қарым-қатынастарды нығайту барысында қаржы және
экономикалық тәуелсіздікті шешіп беруге; - Қазақстанның
тұтастығын сақтауды;
- аумақтық нарықтарды қалыптастыру мәселелерін шешіп беру
тиіс.
1 Сурет - Муниципалды басқару әдістері
- Нормативтік әдіс арқылы қалалық және ауылдық тұрғындардың жақын күндегі немесе болашақтағы тауарлар мен қызметтеріне деген сұраныстарын анықтайды. Нормативтер өндірістік саланың функционалды дамуын, жаңа техника және Ғылыми технология пайдалану есепке алады.
- Баланс әдісі територияның құрылымындағы салалар мен айлық ішіндегі толықтырушы кешендер арасында дұрыс үйлесімдікті таңдауға мүмкіндік береді. Баланс аймақ пен аймақтар арасындағы муниципалды құрылым территориясындағы жеке кәсіпорынның орналасуының экономикалық негізін жасау қызметін атқарады. Баланс арқылы тауар мен ресурстардың сұраныстары анықталады. Баланстық есеп әр түрлі біліктілігі бар жұмысшы күшіне деген сұранысты анықтауға қажет. Баланс муниципалды құрылым территориясындағы шаруалардың жеке өндірістің қамтамасыз ету дәрежесін, сонымен қатар өнімнің кіріс пен шығыстың анықтауға мүмкіндік береді;
- Баланстық есеп әдісі муниципалды аумақтағы құрылыстың мақсаттарын бағалауға мүмкіндік береді және шаруашылық объектілердің өндірістік қуатын анықтауды (су, орман, жер, т.б.);
- Жүйелік талдау әдісі жан-жақты қарастырылған талдау болып табылады. Мақсаттың белгіленуі, міндеттің анықталуы ғылыми гипотезаның жасалынуы өндірістің оптималды ерекшеліктерін жан-жақты игеруді рет-ретімен жүргізілетін әдіс. Оптималды критериісі тұлғаның сұранысын қанағаттандыратын тиімділік болып табылады;
- Жүйелік талдау – бұл күрделі жүйенің тұтастығын зерттейді. Бұл талдау негізінде басқару 3 кезеңді қамтиды:
1. Басқару субъектінің қызметінің ауқымын, саласын анықтайды;
2. Жүйелік талдау тәуелсіз жүргізіледі;
3. Проблемаларды шешуде баламалы вариантты дайындау және оның ішіндегі ең тиімдісі таңдау.
- Экономикалық және математикалық әдісі арқылы аумақтарды әлеуметтік-экономикалық процестерді экономикалық-математикалық модельдеудің бағыттарын анықтауға болады:
1. Аумақтың тепе-теңдігі.
2. Шаруашылық салалардың үйлестірілуі.
3.Аумақтық құрылымының әлеуметтік-экономикалық жүйесінің құрылуы.
4. Басқару жүйесін құру.
- Статистикалық әдіс корреляциялық анализді жүргізу, индекстерді есептеу үшін муниципалды менеджментте қолданады.
1.2. Муниципалды билік қызметін ұйымдастыру
Өркениетті елдердің көпшілігінде жергілікті жұмыстарды муниципалды органдар жүзеге асырады. Муниципалды менеджмент аймақтағы әлеуметтік экономикалық жүйені зерттейтін ғылыми тәртіп. Муниципалды қызмет жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істейтін қызметкерлердің тұрақты кәсіби іс-әрекеттері болып табылады. Муниципалды менеджмент аймақтық экономикалық географиямен тығыз байланысты. Экономикалық география – аймақтық ұйымның шаруашылықтарын, өндірістік күштерін оқып үйренуге мүмкіндік береді. Ал, муниципалды менеджмент олардың аумақтық ішкі әлеуметтік экономикалық жүйесінжәне басқарылуын оқытады. Муниципалды органдардың негізгі ерекшеліктері халықтың сайлауы нәтижесінде басқарушының анықталынуы және өздерінен жоғары тұрған мемлекеттік органдарға тікелей бағынышты болмауда.
Бірқатар елдерде барлық жергілікті мәселелерді шешу міндеті орталық уәкілеттің өкілі болып жоғарыдан тағайындалатын бастықтың қолына беріледі. Ол әр жерде әр түрлі аталады. Олар мемлекеттік әкімшіліктің бір құрамы болып табылатын жергілікті басқару аппаратына жетекшілік етеді. Мұндай құрылым «тікелей мемлекеттік басқаруң деп аталады.
Нарықтық экономика жағдайында әр түрлі ерекшелікке ие болған аймақтарды бір орталықтан басқару нарықтық механизмдеріне толық жұмысын істеуіне кері әсерін итгізеді. Сондықтан орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдардың негізгі функциясын анықтаған жөн.
Муниципалды менеджменттің негізгі мақсаты жергілікті жерлердегі халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын, нарықтық экономика жағдайын жақсарту мен дамыту.
Мемлекеттің билігі таралатын барлық жүйе (аймақ, өлке, қала, поселка, село) сол мемлекеттің территориясы болып табылады. Ал, мемлекеттің территориялық құрылымы мемлекет пен оның аумағын құрайтын жеке бөліктердің қызметін облыстар, өлкелер, аудандар атқарады. Бұның түрлері әр елде әр түрлі болады. (провенция, департамент, қауым).
Мемлекеттің өз қызметін жүргізу үшін әкімдік-аудандық бөліктер құрады. Олар жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Әкімшілік-аудандық құрылымның географиялық құрылымнан айырмашылығы бар. Себебі, бұл жерде жергілікті биліктің жүйесін жасап, белгілі бір заңдардың нормасын белгілеу қажет. Сонымен бірге жергілікті билік жүйесінің өзінен жоғары тұратын билік деңгейлермен және мемлекеттік басқару органдары ара-қатынастарын заңдастыруы шарт.
Үлкен мемлекеттің әкімшілік-аудандық құрылымы көп сатылы болып келеді. Шағын ауданның бөліктері өздерінің ерекшеліктері шартты түрде иерархияларын сақтай отырып, өздерінің ірі аудандарға қосады. Абсолютті билік әлсіреп, қоғам дамыған сайын төменгі сатыдағы ауданда өзін-өзі басқару жүйесі қалыптасты. Қазіргі кезде мемлекеттің аудандық құрылымы конституция мен заңдар арқылы белгіленеді.
2-ші сурет - Жалпы мемлекеттің аумақтық құрылымы
Жерлігікті билік жүйесінің ұйымдастырылуына қарай унитарлық мемлекеттерді шартты түрде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
- Орталықтандырылған унитарлы мемлекеттік жергілікті автономия
жоқ, ал сол жердегі барлық билік қызметін жоғарыдан тағайындаған әкімшілік жүргізіледі.
- Орталықтандырылмаған унитарлы мемлекет орталық пен жергілікті
әкімшілік территория бөліктерінің арасындағы өкілдіктер заң жүзінде белгілеген.
Федерация бірнеше жеке құрылымдардың бір мемлекетке топтастырылуы. Олар орталықпен тең дәрежеде қарым-қатынас орнатады. Жалпы мемлекеттің мақсатының қажеттілігіне сай кейбір құқықтарды мойындайды. Федерация құрылымдағы субъектілердің өздерінің заң шығарушы органдары, сот органдары және кейбір жағдайда жеке конституциялары және азаматтығы да болады.
Муниципалды басқарудың бірқатар айрықша белгілері бар:
1. Әлеуметтік бағдарға ие, яғни бұл басқару адамдарға, тұрғындарға жақын, олардың өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етеді;
2. Муниципалды меншік түрінде жеке басқару объектісіне ие. Осыған қатысты жергілікті билік органдарына иелену құқығы, пайдалану құқығы муниципалды меншікке бір уақытта жауапты болу құқығы берілген;
3. Жергілікті басқарудың негізгі функциялары сайланбалы муниципалды органдар өзін-өзі басқарудың ұжымдық органдары атқарады. Бұл демократиялық бастаманың, еркіндіктің едәуір толық пайда болуы және муниципалды басқаруға тұрғындардың тікелей қатысуын растауға мүмкіндік береді.
3-ші сурет - Муниципалды басқарудың мақсаттары мен міндеттері
Муниципалды басқарудың мақсаттары мен міндеттері 2 топтан тұрады:
1. Әлеуметтік мақсаттар мен міндеттер тобы:
- Аумақ тұрғындарының негізгі өмір сүру жағдайын, тұрғын-үй, тұрмыстық қызметтер, коммуникация құралдарын басқада қажетті өмір сүру құралдары сияқты аса қажетті құндылықтарға қол жеткізуді құру, қамтамасыз ету, қолдау көрсету және жақсарту;
- Өзінің білім, еңбек, шығармашылық әлеуметін пайдалану мен дамытуда азаматтардың тең бастапқымүмкіндіктерін қамтамасыз ететін жағдайлар құру;
- Осы топтың келесі мақсаты еңбекпен қамту, жұмыссыздықты төмендету;
- Тұрғындардың едәуір әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау;
-Әлеуметтік қақтығыстардың алдын-алу, әлеуметтік текетіресті болдырмау.
2. Экономикалық мақсаттары мен міндеттері:
- Муниципалды құрылымның экономикалық ресурстарын ұтымды пайдалану оның ішінде муниципалдық билік органдары иелік ететін табиғи, еңбек, материал, қаржы, ақпараттық ресурстар бар;
- Муниципалдық құрылымдар аумағында экономикалық және қаржылық жағдайын тұрақтандыру экономикалық және қаржылық дағдылардың алдын-алу, өндірістің өсуіне ықпал ету;
- Кәсіпкерлікті қолдау, кәсіпорындардың әр түрлі меншік формаларын дамыту;
- Аймақтық нарықтарды дамыту, муниципалды құрылымдардың аумағында өндірілетін өнімнің, тауардың, қызметін бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату және жағдай жасау.
Муниципалды басқарудың объектілері мен субъектілері:
Муниципалды (меншіктің) басқарудың экономикалық объектілеріне муниципалды меншіктің объектілері және муниципалды басқаруға берілген және мемлекеттік меншіктің объектілері болады. Мұндай объектілерге қатысты муниципалды органдар тікелей, жанама әдісті қолдануға құқылы.
Муниципалды басқару субъектілеріне аумақтарды бірлікті тұрғындардың еріктері мен тілектерін шынай өмірге айналдыруға бағыт алған жергілікті өзін-өзі басқару органдары кіреді. Муниципалды органдар мемлекеттік билік жүйесіне кірмейді және олардың статусын анықтайтын заңды және тағы басқа нормативті-құқықтық актілермен тағайындалған жеке компентенция шеңберінде тәуелсіз қызмет жасайды.
2. Муниципалды билік қызметін ұйымдастыру жолдары
2.1. Аймақтық муниципалды шаруашылықтардың экономикалық реформаларын басқару үрдісі
Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдардың арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүние жүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді :
- өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль
атқаруы;
- аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;
- еңбек ресурстары жылжымалығының күшейе түсуі;
- аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене
түсуі;
- аудандық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен
халықаралық маңызының артуы үдейеді.
Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында басқару функцияларын қайта бөлу , қайта қарастыру ;
Екіншіден, мемлекеттік аумақтық басқару мен жергілікті өзін өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.
Бұл жағдай Қазақстанға да тән, себебі мемлекттік тәуелсіздік құру экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфра- құрылымсыз мүмкін емес.
Егеменді мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажетті заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен іскерлігі есептеледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі керек. Аймақтар мен шаруашылық бірліктерінің өзін өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары мыналар болып есептеледі: өзін өзі басқару , серіктестік қалаудағы бостандық, өндіріс құрал жабдықтар рыногы валюталық қаражат және басқа элементер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстардың ерекшеліктерін барлық түрлерін барынша қамтуы тиіс. Басқаруды стандарттандыру кейде өктемдік тәрізді әсер етіп, ол ұлттық өндірістің тарихи құндылықтарын күйзелтуі мүмкін. Ал аймақтық қағидаларда және экономикалық ұлттық ерекшеліктерді тоталитарлық жүйе тұсында елемеу күрделі зиян келтіреді .
Әрбір мемлекетте екі түрлі аумақтық құрылымдар бар . Олар ұлттық деңгейден төмен. Біріншісі - аралық аудандық құрылымдар және соған сәйкес билік ететін органдар мен басқару. Екіншісі – ең төмендегі (негізгі) әкімшілік- аудандық құрылымдар және жергілікті басқару органдары.
Аралық басқару органдары сипаттайтын негізгі белгі - дербестік өмір сүру мүмкіндігі . Оның шарты: өзіне қарасты ( автономдық) бюджет және аудандық бөлімдерге әкімшілік бақылау жүргізу.
Сонымен, аралық орган дегеніміз - аймақтарда, облыстарды басқаратын органдар. Олар өз қызметтерін өз ауданында мейлінше тәуелсіздік қағидалар негізінде жүргіуге тырысады.
Жергілікті билік жүргізетін- ол төменгі әкімшілік органдар. Олар өз қызметтерін қалалық болмаса селолық аудандарда іске асырады.
Аралық және жергілікті билік органдары қаражаттандырудың негізгі үш кіріс көзі бар: Салықтар - мемлекетке міндетті түрде қайтарылмайтын төлемдер; Салықтық емес табыстар, басқа да барлық табыстар (әртүрлі жәрдемдер, займдар, т.б.); Субсидиялар - пайызсыз берілетін ақшалай жәрдемнің түрі.
Жаңа кезеңде әлеуметтік- экономикалық дамуды аймақтық басқару саласы онан әрі өріс алып, ерекше әсер етуі күмән келтірмейді.
Аймақтық рынокты объект ретінде екі жағына қарауға болады.
Бірінші жағынан, ол елдің халық шаруашылық рыногының ажыратылмайтын бөлігі, екінші жағынан, дербестік жүйе. Аймақтық рыноктың екі жақтығы әуелі аймақтық өз ішіндегі субъектілері де нарықтық қарым қатынастары қалыптастыру арқылы білінеді. Содан кейін аймақ щеңберінен тыс шарушылық субъектілердің жалпы ұлттық болмаса дүние жүзілік рынокпен ұштасуымен көрінеді.
Оған көп себептердің бірі рыноктық факторлардың аймақтық саралануы (дифференциация). Материалдық әлеуметтер, ұйымдық құрылымдар өндірістің әртүрлі реттеушілері аймақтарда бірдей емес, олар әртүрлі болады. Мұнымен қатар айта кететін бір фактор өндіріс күштерінің аймақтарда әртүрлі орналастыруы мен дамуы.
Барлық деңгейде бюджетті қалыптастыру мен пайдалану жүйесін енгізуде жергілікті органдарының өкілеттілігін арттыру қажет. Республикалық және жергілікті әрекеттестік тиімділігін қамтамассыз ету келесідей негізгі бағыттарда жүргізілуі керек:
- аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамассыз ету,
соның мүдделі пайдалануын бақылау тетіктерін әзірлеу ;
- жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдаудың нысандарын
жаңарту, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып білімге, денсаулық сақтауға, тұрғындарды әлеуметік қорғауға мұдделі субвенциаларды бөлуді тәжірибеге енгізу;
- экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен дағдарысқа
ұшырағын шағын және орта қалалар, алыстағы селолық ауылдардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден және т.б. режимдерден жеңілдіктер енгізу қажет.
Барлық елдердің тәжиребелері көрсетіп отырғандай, елдің дамуы , оның ғылыми түрде дұрыс жасалған стратегиялық жоспарларға әсіресе олардың мезгілімен орындалуына байланысты болады.
4-ші сурет – Аумақ дамуының стратегияның тараулары
Әлеуметтік экономикалық жағдайды талдау өндіріс қуатының жағдайы, экономика дамуының ішкі және сыртқы тенденциялары, мемлекеттік реттеушілер жүйесі жұмысының нәтижелігі мен әрекеттілігін, өндіргіш күштердің сапалылығы мен оның дамуы сонымен бірге осыларға әсер етуші процесттерді айқындап оның әлемдік экономиканың дамуымен салыстыра көрсету қажет. Әлеуметтік әкономикалық дамудың тұжырымдамасы әлеуметтік - әкономикалық саясаттың стратегиялық мақсаты мен міндеттерін, басым бағыттырын, сондай-ақ оларға жету жолындағы ұлттық бағдарламалар тізбесін анықтайды.
Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарларында кеңейтілген өндірістің бүкіл процессі көрінуі қажет. Ауданның экономикасының дамуындағы құбылыстар мен процесстердің көп жақты және қиын жиынтығын анықтау үшін экономикалық көрсеткіштер қажет.
Аймақтың экономикасының жоспарына қажетті көрсеткіштер жүйесі әдістемелік және тәжірибелік сипатта болады. Және де бұл жүйе облыстық қаланың және аймақтың экономикасының жоспарлы объектілерін және шекараларын анықтайды.
Ағымдығы аймақтық жоспардың көрсеткіштер жүйесі келесі талаптарға сай келуі керек:
- біріңғай ағымды экономикалық жоспарды салалық тапсырмаларды біріктіруге мүмкіндік беретін бүкіл экономикалық масштабындағы көрсеткіштердің бірлігін қамтамассыз ету;
- республика жоспарының бір бүтін болуы мен бірге әр аймақтың ерекшеліктерін есепке алу, бұл көрсеткіштер жүйесіне нақты адрестік сипаттама береді, және де аудандық және салалық шаруашылық тапсырмаларды шешуде дифференциалды қарауға мүмкіндік береді.
- салалық тапсырмаларды біріктіруде қажетті координацияны қамтамассыз ету;
- сала аралық және экономикалық байланыстар мен пропорцияларды жасау;
-статистикалық көрсеткіштер жүйесімен сәйкес келетін, және бірігетіндей болуы керек.
Табиғат ресурстары, әдетте , натуралды бірліктермен есептеледі;
Бұл жоспарлау органдарына жердің минералдық және биологиялық шикізаттардың тепе-теңдігін жасауға мүмкіндік береді. Табиғи ресурстардың тиімді және кешенді қолдануды қамтамассыз ететін экономикалық механизмді қалыптастыру мақсатында аймақтық ресурстардың сапасы мен орналасқан жерін есепке ала отырып , оның бағасы жайлы мәселені шешу қажет.
Аймақтың маңызды экономикалық ресурсы негізгі қорлар болып табылады. (өндірістік және өндірістік емес) негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтеру аймақтағы өнім өндіруді қосымша капитал салмастан-ақ жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қолданысқа өндірістік емес негізгі қорларды енгізу халықтың тұрмыс деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорларды сипаттайтын көрсеткіштер капиталдық салымдардың салалық жоспарының бағалануына мүмкіндік береді. Бұл үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады:
- негізгі қорлардың құрылымының көрсеткіштері, негізгі қорлар
құрылымы өндіріс сипатына байланысты болады. Сондықтан да спецификаның салалық факторлардың есепке ала отырып, әр салаға жекелеп бағыттылуы тиіс.
- Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері, яғни негізгі қорлардың
жалпы және жекеше түрлерінің абсолютті өсімінің көрсеткіші;
- қор, энерго- механикалық қаруланудың көрсеткіші.
Аймақтық өндіріс процестің көрсеткіштері өздерінің экономикалық табиғаты бойынша экономикалық жүйесінің бірлігі ретінде экономика дамуының бағыттарымен жалпы құбылыстардың синтетикалық өлшеуіші болып табылады. Олар көптеген тапсырмалардың шешілуіне еркін аудандық жоспарлауды қолданылады. Бірінші кезекте аймақтық материалдық өндіріс салаларында өндірілген материалдық қызметтер мен өнімдердің жиынтық көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тапсырманы аймақтық экономикалық өсуін сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер көмегімен шешуге болады. Атап айтсақ:
ЖҰӨ-нің адам басына шаққандағы өсімі және шынайы ЖҰӨ-нің атаулы уақыттағы өсуі. Осыған байланысты экономикалық өсудің көрсететін статистикалық көрсеткіш ЖҰӨ өсімінің жылдық пайыз түріндегі өлшемі болып табылады.
Мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі демократияландыруда жергілікті шаруашылықты басқаруды жетілдіруде әкімшілік - экономикалық механизмдердің алатын орны бөлек. Мемлекеттің негізгі қызметті ұлттық егемендікті, меншік құқын, заңды және тәртіп сақтауды қорғау және ақша айналысын, сыртқы сауданы реттеу және тағы да басқалай болып келсе, жергілікті шаруашылықты басқару аясына жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, жергілікті халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты барлық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету және т.б. кіреді.
"Қазақстан - 2030" Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.
Жергілікті шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдерді қолданудың ерекшелігін оның әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді әрі уақытында шешім қабылдай алатындығынан көре аламыз. Жергілікті халықты еңбекпен қамтуда, оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесі де жергілікті басқару органдарының өкілеттігіне беріледі. Мәселен, олардың келесі жылдан бастап шетелдік инвесторларға мынадай шарт қоюға құқықтары бар: Инвесторлар бір жыл ішінде жергілікті белгілі бір салалар бойынша даярлайды, белгіленген уақыт өткен соң халық еңбекпен қамтылып, шетелден келген жұмыс күші өз елдеріне қайтарылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу елдің экономикалық саясатымен байланысты және оны жүзеге асыруға бағытталады. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасында аймақтық экономикалық саясаттың алатын рөлі зор.
Мемлекеттік реттеудің экономикалық пен бірге әкімшілік және институционалдық та механизмдері де бар. Әкімшілік тұтқалардың жиынтығы құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттерді реттеуді қамтитын болса, экономикалық шараларға қаржы (бюджет, фискалды), ақша-несие (монетарлы) саясаты, бағдарламалау және болжау мәселелері жатқызылады. Жалпы алғанда, "қаржы саясаты" түсінігі - ауқымды категория. Ол екі жақты түсінік береді. Біріншіден, ол экономикалық саясат мақсатын, екіншіден, қаржылық шараларды жүзеге асыру механизмдерін білдіреді. Қаржыдан жергілікті басқаруда туындайтын бюджетаралық қатынастар мәселесі күн тәртібіне шындап қойылып отыр
Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдардың арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүние жүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді :
5-ші сурет - Тенденциялар
Аудандық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық маңызының артуы үдейеді.
Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында басқару функцияларын қайта бөлу , қайта қарастыру ;
Екіншіден, мемлекеттік территориялық басқару мен жергілікті өзін өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.
Бұл жағдай Қазақсанға да тән, себебі мемлекттік тәуелсіздік құру экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфра- құрылымсыз мүмкін емес.
Егеменді мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажетті заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен іскерлігі есептеледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі керек. Аймақтар мен шаруашылық бірліктерінің өзін өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары мыналар болып есептеледі: өзін өзі басқару , серіктестік қалаудағы бостандық, өндіріс құрал жабдықтар рыногы валюталық қаражат және басқа элементер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстардың ерекшеліктерін барлық түрлерін барынша қамтуы тиіс. Басқаруды стандарттандыру кейде өктемдік тәрізді әсер етіп, ол ұлттық өндірістің тарихи құндылықтарын күйзелтуі мүмкін. Ал аймақтық қағидаларда және экономикалық ұлттық ерекшеліктерді тоталитарлық жүйе тұсында елемеу күрделі зиян келтіреді .
Аралық басқару органдары сипаттайтын негізгі белгі - дербестік өмір сүру мүмкіндігі . Оның шарты: өзіне қарасты ( автономдық) бюджет және территориялық бөлімдерге әкімшілік бақылау жүргізу.
Сонымен, аралық орган дегеніміз - аймақтарда, облыстарды басқаратын органдар. Олар өз қызметтерін өз ауданында мейлінше тәуелсіздік қағидалар негізінде жүргіуге тырысады.
Жергілікті билік жүргізетін- ол төменгі әкімшілік органдар. Олар өз қызметтерін қалалық болмаса селолық аудандарда іске асырады.
Аралық және жергілікті билік органдары қаражаттандырудың негізгі үш кіріс көзі бар: Салықтар - мемлекетке міндетті түрде қайтарылмайтын төлемдер; Салықтық емес табыстар, басқа да барлық табыстар (әртүрлі жәрдемдер, займдар, т.б.); Субсидиялар - пайызсыз берілетін ақшалай жәрдемнің түрі.
Жаңа кезеңде әлеуметтік- экономикалық дамуды аймақтық басқару саласы онан әрі өріс алып, ерекше әсер етуі күмән келтірмейді.
Аймақтық рынокты объект ретінде екі жағына қарауға болады.
Бірінші жағынан, ол елдің халық шаруашылық рыногының ажыратылмайтын бөлігі, екінші жағынан, дербестік жүйе. Аймақтық рыноктың екі жақтығы әуелі аймақтық өз ішіндегі субъектілері де нарықтық қарым қатынастары қалыптастыру арқылы білінеді. Содан кейін аймақ щеңберінен тыс шарушылық субъектілердің жалпы ұлттық болмаса дүние жүзілік рынокпен ұштасуымен көрінеді.
Оған көп себептердің бірі рыноктық факторлардың аймақтық саралануы (дифференциация). Материалдық әлеуметтер, ұйымдық құрылымдар өндірістің әртүрлі реттеушілері аймақтарда бірдей емес, олар әртүрлі болады. Мұнымен қатар айта кететін бір фактор өндіріс күштерінің аймақтарда әртүрлі орналастыруы мен дамуы.
Барлық деңгейде бюджетті қалыптастыру мен пайдалану жүйесін енгізуде жергілікті органдарының өкілеттілігін арттыру қажет. Республикалық және жергілікті әрекеттестік тиімділігін қамтамассыз ету келесідей негізгі бағыттарда жүргізілуі керек:
- аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамассыз
ету,соның мүдделі пайдалануын бақылау, тетіктерін әзірлеу ;
- жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдаудың нысандарын
жаңарту, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып білімге, денсаулық сақтауға, тұрғындарды әлеуметік қорғауға мұдделі субвенциаларды бөлуді тәжірибеге енгізу;
- экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен дағдарысқа
ұшырағын шағын және орта қалалар, алыстағы селолық ауылдардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден және т.б. режимдерден жеңілдіктер енгізу қажет.
Барлық елдердің тәжиребелері көрсетіп отырғандай, елдің дамуы , оның ғылыми түрде дұрыс жасалған стратегиялық жоспарларға әсіресе олардың мезгілімен орындалуына байланысты болады. Стратегиялар мына тараулардан тұрады.
- Әлеуметтік -экономикалық жағдайларды талдау;
- Әлеуметтік – экономикалық дамудың тұжырымдамасы ;
- Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер;
- Ұлттық бағдарламалар;
Әлеуметтік экономикалық жағдайды талдау өндіріс қуатының жағдайы, экономика дамуының ішкі және сыртқы тенденциялары, мемлекеттік реттеушілер жүйесі жұмысының нәтижелігі мен әрекеттілігін, өндіргіш күштердің сапалылығы мен оның дамуы сонымен бірге осыларға әсер етуші процесттерді айқындап оның әлемдік экономиканың дамуымен салыстыра көрсету қажет. Әлеуметтік әкономикалық дамудың тұжырымдамасы әлеуметтік - әкономикалық саясаттың стратегиялық мақсаты мен міндеттерін, басым бағыттырын, сондай-ақ оларға жету жолындағы ұлттық бағдарламалар тізбесін анықтайды.
Жергілікті басқаруды жетілдіру үшін ең маңызды - қаржы мәселесі жыл санап өз шешімін таба береді. Қазір оларға дербестік берілсе, бюджеттің шығыс бөлігін қамтамасыз ететін қаржы кезін қайдан алмақ? Әлеуметтік қамсыздандыру саласы ақсап жатса, ол облыс шеңберінде саяси наразылық туғызады. Демек, әр облыс өз бетінше өмір сүре алатын жағдайға жетпей, орталықтың билігін шектеуді енгізу ерте екендіп көрініп тұр. Ал әкімдерді сайлау мәселесіне тоқталсақ, әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыр аймақта әкімдерді сайлау кері әсер беруі мүмкін. Экономикалық дағдарыстан жаңа шыға бастаған ел үшін толассыз сайлаулар экономиканың өсу қарқынын бәсендетуі әбден мүмкін. Жергілікті шаруашылық тек қана коммуналды қызмет көрсетумен шектелмейді, яғни жоғарыда аталып өткендей, болашағы бар елді мекендерде басқа да қызмет түрлерін ұйымдастыруға болады. Мәселен, туризм, балық, аң шаруашылықтарымен байланысты. Тіпті жерге байланысты да, себебі біздің мемлекетімізде жер тек қана мемлекет меншігінде емес.
2005 жылға арналған қалалық бюджеттің жобасын жасау Қазақстан Республикасының «2005-2007 жж. арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері туралы және «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралың Заңдарының жобасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, салық кодексіне енгізілген өзгерістер есепке ала отырып жүзеге асырылды.
Аймақ басқару объектісі ретінде болады. Мамандардың пікірінше, аймақ дегеніміз жеке элементерінің (ресурстары) өзара әрекетігінен және аймақты басқару жүйесінің элементтерін тәуелді болатын әлеуметтік-экономикалық дамыған әкімшіліктерді құрылымы. Сондықтан атқарушының әлеуметтік және экономикалық дамуын тек еңбек, материалдарды-техникалық, табиғи, қаржы және ақпараттық ресурстарды пайдалану жағдайына тәуелді етпей атқарушыны экономиканы басқару жүйесінен алға қойылған орта ұзақ мерзімді және стратегиялық бағдарламаларға жетудің мақсаттық бағыттылығынан да тәуелді. Қазақстан Республикасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруң заңының жобасында жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізін муниципалды меншік, жергілікті қаржылар, мемлекеттік меншіктегі және жергілікті басқару органдарының басқаруға берілген мүліктер құрайды.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізі болатын материалды, қаржы ресурстар, жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін анықтайды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін муниципалды құрылым тұрғындарының мүдделеріне сай муниципалды меншіктің жергілікті бюджетінің және басқа да жергілікті қаржылардың қалыптасуымен, пайдалануына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы құрайды. Экономикалық негіздер жергілікті өзін-өзі басқарудың шаруашылық дербестігін қамтамасыз етеді, тұрғындар қажеттіліктерін қанағаттандырады. Оның өмір сүру үшін жағдайлар құрайды, жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін нығайту және дамыту Қазақстанның экономикалық жағдайына ықпал етеді. Бұл дегеніміз мемлекеттік билік органдары жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық нарықтың дамуына үлес қосуы тиіс.
Жергілікті қауым муниципалды меншікті пайдалану құқығына ие субъекті болып табылады және олар сол муниципалыд құрылымның қорларын тікелей немесе жергікіті өзін-өзі басқарудың органдары арқылы пайдаланады.
1. Муниципалды меншіктің құрамына:
- жергілікті бюджеттің қаржылары
- муниципалды бюджеттің тыс қорлары
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүліктері
- муниципалды кәсіпорындар мен бірлестіктер
- муниципалды банкілер мен басқа да қаржы-несие ұйымдары
- муниципалды тұрғын үй қоры
- тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар
- ғылым, денсаулы, мәдениет, спорт мекемелері кіреді.
2.Жергілікті өзін-өзі басқару орган заң нормаларына сай муниципалды меншіктің объектісін уақытша немес тұрақты түрде пайдалануға жеке және заңды тұлғаға беруге, жалға тапсыруға заңды жолмен қайтарып алуға құқықты.
3. Муниципалды меншікті жекешелендірудің тәртібі мен шарттарын жергілікті тұрғынды тікелей анықтайды немесе жергілікті өзін-өзі бсқарудың өкілдік органдары шешді. Муниципалды мемлекетке жататын объектілерді жекешелендіруден түскен пайда толық түрде жергілікті бюджетке беріледі.
4. Муниципалды меншік мемлекет, жеке меншік түрлерімен бірдей болып саналады және мемлекет тарапынан да дәл солай сияқты қорғалады.
6-шы сурет - ҚР-ң Конституциясына сәйкес билік келісімдерді қамтамасыз ету тиіс
ТМД елдеріне арналған заң актісінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржы экономикалық негізі арнайы бөлім ретінде белгіленген, яғни 29- бапта жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізін муниципалды меншік жергілікті қаржы көздері мемлекет иелігіне жататын, бірақ жергілікті өзін-өзі басқару органдакрына берілген мүліктер және муниципалды құрылымның ішіне кіретін қанағаттануға жұмсалатын басқа да меншік құрайды.
Облыстық әкімият республикада біртұтас атқару жүйесіне кіреді. Облыстық әкімият әкімнен, оның орынбасарларынан әкім аппаратының жетекшілерінен, атқару органдарының І-ші жетекшісінен тұрады. Облыс әкімі ақпаратпен ұйымдастырушылық, сараптама, құқықтық және материалдық базамен әкім аппараты қамтамасыз етеді. Орталық атқарушы органдарының аймақтық бөлімшесі орталық атқарушы органның функциясының аймақтық-әкімшілік деңгейдегі құрылымы болып табылады. Аймақтық бөлімшесінің бастығы тиісті орталық органның басшысы әкімнің келісімінсіз тағайындайды. Бұл аймақтық деңгейді кадр мәселесін шешуге үкімет мүшелерінің персоналды жауапкершіліктерін жоғарылатады. Жергілікті бюджеттің қаржыларын атқарушы орган облыс әкімінің қалауымен құрылады. Ол ұйымдық іс-әрекеттерімен құзыреттерін анықтайды.
Жергілікті атқарушы органдарының аудандық деңгейі. Аудандық әкімиятты ауданның әкімі құрады. Оның құрамында әкім орынбасарлары, әкім аппаратының тиісті атқару органдарының І-ші басшылары болады. сонымен қатар атқарушы органның аймақтық бөлімшелерінің І-ші жетекшілері де болуы мүмкін. Аудан әкімиятының жұмыстарына орталық атқарушы органның аймақтық бөлімшелерінің басшылары қатыса алады. Аудан әкімі өзінің маслихатының функцияларын жүзеге асыруға міндетті. Өзінің және аудан әкімиятының құзыреті бойынша ҚР-ң Президенті және облыс әкімі алдында жауапты.
7-ші сурет - Аудандық органдар
Республикалық маңыздылыққа немесе қала (Астана) аудандағы қала, поселка, ауылдар.
Республикалық маңызы бар қала (Астана) қалалық, аудандық, поселка, ауылдық жерлерде әкімият болмайды. Олар заңға сәйкес азаматтық шағымдарын, азаматтық еркіндігі мен құқықтары бойынша шешім қабылдайды. Салық және басқа да бюджетке түсетін төлемдерді жинайды, сметаларды дайындап маслихаттың бекіту үшін әкім аппаратына ұсынады, ҚР-ң жеке және заңды тұлғаларының нормаларын жүзеге асырады, өзінің құқықтық шеңберінде жерді реттейді, құрылысты ұйымдастырады және жөндеуден өткізеді. Сонымен бірге тұрғын үй қорын ұйымдастыруға, жолды жөндеуге, шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді, әскери борыш туралы заңның жүзеге асыуын қамтамасыз етуді, азаматтық тұрмысы туралы актіні тіркеуден өткізуді, тарихи және мәдени ошақтарын қорғауда іс-шараларын ұйымдастырады, жергілікті жердің әлеуметтік құрылымын дамытуды қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыруда, жергілікті басқару органдарын бірге жұмыс жасауды қарастырады. Олар жоғары тұрған әкім алдында жауап береді, республиканың маңызы бар қаладан аудан әкімін, аудандағы қала әкімі, поселк, ауыл, ауылдық округтегі әкімдердің ҚР-ң Президентінің анықтаумен тағайындалады немесе сайланады.
2.2 . Астана қаласының муниципалды билікті ұйымдастыру жолдары
Астана қаласының мәслихаты жергілікті өкілеттік орган бола тұрып, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрекет жасай отыра, қала халқының ерік-қалауын білідіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отыра оның жүзеге асырылуына қажетті шараларды анықтайды, олардың орындалуын бақылайды. Мәслихат жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығының негізінде құпия сайлау арқылы қала халқымен бес жылдық мерзімге сайланады. Астана қаласы мәслихатының құрамына бір мандаттық аймақ бойынша сайланған 24 депутат кіреді. Депутаттар арасынан сайланып, өз қызметін босатылған негізде атқаратын қалалық мәслихат хатшысынан басқа қалалық мәслихат депутаттары өз қызметтерін босатылмаған негізде атқарады. Мәслихат заңды тұлға құқықтарына ие болмайды. Мәслихат өз қызмет бабының шегінде жоспарларды, Астананы дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекітеді, қалалық бюджетті бекітіп,оның атқарылуын бақылайды, жер және әкімшілік-аймақтық орналастыру мәселелерін реттеуді іске асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының нормаларын, Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін орындауына әрекет жасасады. Мәслихат өз өкілдігін қалалық мәслихаттың, сессия төрағасының және мәслихат хатшысының, қалалық мәслихат депутаттарының тұрақты комиссиялары арқылы сессияларда іске асырады.
Сессия – мәслихат қызметінің негізгі түрі. Сессия заңға сәйкес жылына төрт реттен кем өткізілмеуі тиіс. Алайда қажет болған жағдайда депутаттардың немесе қала әкімінің бастамасымен шақырылатын мәслихаттың кезектен тыс сессияларының өткізілуі заңмен қарастырылады. Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру, мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін іске асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған:
- бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөнінде;
- заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөнінде;
- құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелері жөнінде
- әлеуметтік– мәдени даму мәселелері жөнінде.
Маңызды және қоғамдық мәнді мәселелерді талқылау мақсатында тұрақты комиссияларға депутаттардың, атқарушы органдардың, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтардың қатысуымен көпшілік тыңдаулар өткізіледі. Сонымен қатар комиссия мәслихат шешімінің, қабылданған бағдарламалардың және мемлекеттік билік пен басқару органдарының басқа да актілерінің орындалуын бақылауды іске асырады. Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған мәслихат алдында жауапты және өз қызметі жөнінде жылына бір реттен кем есеп бермеуі тиіс. Депутаттардың тұрғылықты жер халқымен жұмыс істеуіне негізгі көңіл бөлінеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихат депутаттары императивті мандатқа ие және өз аумағының сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасап тұруға, оларды мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қызметі, мәслихат шешімінің орындалуы жөнінде әрдайым хабардар етуге міндетті. Депутаттар тұрғылықты жер сайлаушыларын қабылдауды тұрақты түрде жүргізіп отырады, өздеріне түскен үндеулерді қарастырады. Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу тәртібі, сұрақтар енгізу және оларды қарастыру, мәслихат органдарын сайлау және құру және басқа да ұйымдастырушылық рәсімдік мәселелер сессияда бекітілетін мәслихат регламентімен анықталады.
мың,адам
№ | Көрсеткіш | 1кезең | 2 кезең |
| |||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | |||||||||||
| Мақсатты индикаторлар: |
| |||||||||||||
2015 жылы стратегиялық міндеттер мен мақсаттарға жету деңгейі 100% | - | - | - | - | 100 | ||||||||||
Тиімді жергілікті өзін-өзі басқаруымен қамтылған әкімшілік-аумақтық бірліктерінің үлесі | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | ||||||||||
2015 жылы жергілікті атқарушы органдармен электронды құжат айналымының жүргізу үлесін 100% дейін үлкейту; (2009 жылы - 75%) | 85 | 90 | 95 | 100 | 100 | ||||||||||
2015 жылға - қаржы жылының нәтижелері бойынша қала бюджетін 100% орындау (2009 жылы – 87,6%) | 99,5 | 99,6 | 99,7 | 99,8 | 100 | ||||||||||
Ескерту: Кесте ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің деректері бойынша құрылды |
Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге жету жолдары:
Электронды құжат айналымының жүйесі мемлекеттік басқару тиімділігін әлеуметтік-экономикалық дамуында жоғарылауына жол ашады.
Нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын даярлау сапасын жақсарту, әкімдік пен оның органдарының қызметі туралы халыққа ақпарат беру есебінен депутаттар, жеке және заңды тұлғалардың әкім аппаратының ұсынылған қызметтерінің сапасына қанағаттылық деңгейлері ұлғаяды.
Нәтижеге бағдарланған мемлекеттiк жоспарлаудың жаңа жүйесін енгiзу бойынша жұмыстың тиiмдi үйлестiруiн жүзеге асыруы қала экономикасының сапалы және тұрақты өсуiн қамтамасыз етедi.
2020 стратегиясының мақсатты индикаторларының интегралдау және осы индикаторлардың орындауын ары қарай растау мақсаттарында статистикалық мәлiметтердiң тiзiмi ұйымдастырылады.
2-ші кесте - 2012 жылға адамгершiлiк қорларды басқару
пайызбен
№ | Көрсеткіш | 1кезең | 2 кезең |
| ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | ||||||||||
| 2-мақсат. 2012 жылға адамгершiлiк қорларды басқарудың ең жақсы принциптері мен әдiстерiнiң негiзiнде мемлекеттiк органдардың кадрлық қызметтерiнiң тиiмдi жұмысын қамтамасыз ету |
| ||||||||||||
Көрсеткіштер: | ||||||||||||||
Кадрлар алмасуының төмендетуi, % (2009 жылы – 10%) | 1 | 1 | 11 | 11 | 11 |
| ||||||||
Аттестациядан өткен қызметкерлер үлесі, бірл. (2009 жылы – 23 бірл.) | 15 | 15 |
15 |
15 |
| |||||||||
Біліктіліктерін жоғарылатуынан өткен қызметкерлер үлесі, бірл. (2009 жылы – 20 бірл.) | 20 | 20 |
0 |
25 |
25 | |||||||||
Ескерту: Кесте ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің деректері бойынша құрылды |
Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге жету жолдары:
Мемлекеттiк қызметкерлердiң кәсіби істерін жоғарылату мақсатында біліктілікті жоғарылату курстарының өткiзуі жалғастырылады.
3-ші кесте Қала бюджетін орындау мониторингі
пайызбен
№ | Көрсеткіш | 1 кезең | 2 кезең |
| ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | ||||
| 3-мақсат. Қала бюджетін орындау мониторингі | |||||||
1 2 | Көрсеткіштер: | |||||||
Бюджеттiң шығыс бөлiгiнің орындалуы, % (2009 жылы– 87,6%); | 99,5 | 99,6 | 99,7 | 99,8 | 100 |
| ||
Қала бюджетiн орындаған барысында айқындалған мәселелердiң шешiмi бойынша бюджеттi орындау жөніндегі жергiлiктi атқарушы органға уақтылы енгiзiлген ұсыныстардың саны, % | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | |||
Ескерту: Кесте ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің деректері бойынша құрылды. |
Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге жету жолдары:
Тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және орындау жүйесін енгізу (нәтижеге бағытталған бюджетті бөлу).
Алға қойған мақсаттарға жету келесi шаралар арқылы қамтамасыз етiледi:
- Астана қаласының рейтингiн аймақтардың даму серпiнiнде өткiзу.
- жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы
органдардың қызметі тиiмдiлiгiнiң бағалауын өткiзу
- "Электрондық әкiмдікті" дамыту, электронды үкiметінiң
инфрақұрылымымен оның кiрiгуi жөніндегі шараларын өткiзу
- 2011 жылы «бір терезе» принципі бойынша халыққа қызмет көрсету
орталықтарының торабы дамиды .
Қорытынды
Курстық зерттеудің нәтижелері бойынша келесідей тұжырымдама жасауға болады. Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі. Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы (қоғам дамуы барысындағы сұраныстарға уақытында жауап бермеуі) саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуі әбден мүмкін. Ал ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі баскаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етеді. "Қазақстан - 2030" Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.
Жергілікті шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдерді қолданудың ерекшелігін оның әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді әрі уақытында шешім қабылдай алатындығынан көре аламыз. Жергілікті халықты еңбекпен қамтуда, оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесі де жергілікті басқару органдарының өкілеттігіне беріледі.
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің әр қилылығы көрініс табады. Оның қызметінің экономикалық және қаржылық негіздерін жергілікті бюджет коммуналдық заңда тұлғаларға бекітілген мүлік құрайды. Мәслихаттар мен әкімшіліктерге міндеттер, талаптар және шектеулер қойылады. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:
1. Жалпы мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу.
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау.
3. Қызметінің қоғамдық маңызы бар салаларында бекітілген жалпы мемлекеттік стандартты ұстану.
4. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.
Мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі демократияландыруда жергілікті шаруашылықты басқаруды жетілдіруде әкімшілік - экономикалық механизмдердің алатын орны бөлек. Мемлекеттің негізгі қызметті ұлттық егемендікті, меншік құқын, заңды және тәртіп сақтауды қорғау және ақша айналысын, сыртқы сауданы реттеу және тағы да басқалай болып келсе, жергілікті шаруашылықты басқару аясына жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, жергілікті халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты барлық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету және т.б. кіреді.
"Қазақстан - 2030" Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.
Жергілікті шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдерді қолданудың ерекшелігін оның әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді әрі уақытында шешім қабылдай алатындығынан көре аламыз. Жергілікті халықты еңбекпен қамтуда, оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесі де жергілікті басқару органдарының өкілеттігіне беріледі. Мәселен, олардың келесі жылдан бастап шетелдік инвесторларға мынадай шарт қоюға құқықтары бар: Инвесторлар бір жыл ішінде жергілікті белгілі бір салалар бойынша даярлайды, белгіленген уақыт өткен соң халық еңбекпен қамтылып, шетелден келген жұмыс күші өз елдеріне қайтарылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу елдің экономикалық саясатымен байланысты және оны жүзеге асыруға бағытталады. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасында аймақтық экономикалық саясаттың алатын рөлі зор.
Мемлекеттік реттеудің экономикалық пен бірге әкімшілік және институционалдық та механизмдері де бар. Әкімшілік тұтқалардың жиынтығы құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттерді реттеуді қамтитын болса, экономикалық шараларға қаржы (бюджет, фискалды), ақша-несие (монетарлы) саясаты, бағдарламалау және болжау мәселелері жатқызылады. Жалпы алғанда, "қаржы саясаты" түсінігі - ауқымды категория. Ол екі жақты түсінік береді. Біріншіден, ол экономикалық саясат мақсатын, екіншіден, қаржылық шараларды жүзеге асыру механизмдерін білдіреді. Қаржыдан жергілікті басқаруда туындайтын бюджетаралық қатынастар мәселесі күн тәртібіне шындап қойылып отыр
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Танкиева А. "Жергілікті басқаруда экономикалық механизмдерді қолдану жолдары". Алматы 2007 ж.
2. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңы.
3. Баянов Е. ред. "Мемлекеттік және құқық негіздері", Оқулық, Алматы, "Жеті жарғы", - 2001ж.
4. Ж. Ихданов.« Мемлекет басқару теориясы» Алматы 2007ж
5. ҚР-ң 2003-2015 жж арналған Индустриалды – инновациялық стратегиясы.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Статистика Агенттігі //қолдану
7. режимі : http://www.kazstat.asdc.kz/
8. О комплексной оценке конкурентоспособности предприятия //
Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы. – Алматы, 2008. – №6. – 247-253 б.-0,8 б.т.
9. Формирования государственный инновационной политики в зарубежных странах и в Республике Казахстан // Материалы международной конференции: Состояние и перспективы конкурентоспособности экономики Республики Казахстан: современная методология промышленного маркетинга, финансировании и управления». – Алматы, 2007. – №2. – 143-145 б.
10. Ихданов Ж.О., Орманбетов Ә.О. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»
11. «Мемлекет және бизнес» Н. Қ. Мамыров, А. Н. Саханова, Ә. Н. Дәуренбекова
12. «Ұлттық экономика» А. В. Сидорович, Ә. Ә. Әбішев
13. Мамыров Н. Қ., Саханова А. Н., Дәуренбекова Ә.Н. «Мемлекеттік басқарудың жаңа нұсқасы: ғаламданудың мәні мен қазақстандық болмысы»-Алматы 2010ж.
14. Web – сайттан http: www minfin.kz.
15. Web – сайттан http: www.government.kz.
16. Web – сайттан http: www.astana.kz.
17. «Қазақстан – 2030» Даму стратегиясы.
18. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 2008.
19. ҚР – дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы 2001ж.23 қаңтардағы № 148 – II ҚР –ң Заңы.
20. "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" Президенттің Қазақстан халқына Жолдау / Егемен Қазақстан, 19.03.2004ж.
27