Қылмыстық істер бойынша өндірісті қысқарту түсінігі және оның маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 21:05, курсовая работа

Описание

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы».
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді.
Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Саналы құқықтық мемлекеттің, халықтың сана сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі мемлекеттің егемендігін нығайтудың маңызды кезеңі мемлекет ішіндегі халықтың ролін анықтайды.

Содержание

Кіріспе

I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы.
1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.
II Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары.
2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.
2.2.Ақтайтын негіздері бойынша өндірісті қысқарту
2.3.Ақтамайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту
III Тарау. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы.
3.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық істер бойынша өндірісті қысқарту түсінігі және оның маңызы.DOC

— 458.00 Кб (Скачать документ)

_______________________________

 

1 В.Я. Синев Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям  на предварительном следствии. Алматы 2003г. С.13

2 Б.Қ. Төлеубекова Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы   бөлім А.,2000ж 215-216-бет

3 А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела. Киев. 1971г.  С.77

 

Қылмыстық іс қысқарғанда іс жүргізушілік әрекеттер де тоқтатылады, яғни алдын ала тергеу де тоқтатылады. Сондықтан әдебиеттерде қылмыстық істің қысқаруы алдын ала тергеудің аяқталуының дербес нысаны болып табылмайтындығын көрсететін қорытындының негізділігі жеткілікті емес1.

              Көріп тұрғанымыздай, бұндай қорытындыға келу алдын ала тергеудің аяқталуының жалпы түсінігінің дұрыс тұжырымдалмауымен негізделеді, егер бұл түсікті тек тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы шешім қабылдаумен және айыптау қорытындысын жасар алдында іске қатысушыларды істің материалдарымен таныстырудан тұрады деп шектесе, алдын ала тергеудің аяқталуының өзге нысанын қарамай тұрып, қылмыстық істі қысқартуды тек бір реттік техникалық акт деп түсінуге болмайды.

              Қылмыстық істі қысқартуды алдын ала тергеудің аяқталуының нысаны ретінде қарастырсақ, онда ол белгілі бір күрделі кезең болып табылады, оның мазмұны бір қатар маңызды сұрақтарды шешуден тұрады.

              Г.М. Миньковский бұл кезеңдерді төмендегідей атап көрсетеді:

          а) Іс бойынша жиналған дәләлдемелердің анализі мен оларды      бағалаудың жиынтығынан;

              ә) Іс материалдарын тиісті нысанға (формаға) келтіру және жүйелеу;     

          б) Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны жасау;

в) Қылмыстық істі қысқартудан туындайтын барлық сұрақтарды    шешу (айыпталушы мен сезіктіге қатысты барлық шараларды жою, мүлікке тиым салуды алып тастау т.б.)

г) Мүдделі тұлғаларға қылмыстық істің қысқарғаны туралы хабарлау2;

Сонымен қатар, Г.М.Миньковский және басқа да авторлар негізді түрде прокурор істі қысқартуы кезіндегі алдын ала тергеуде тұлғалардың шағымдарын қараған кезде шешімнің      қорытынды бөліміне қосады3 . Ал А.Я.Дубинскийдің ойынша, прокурордың процесуалдық жағдайы қылмыстық істің қысқартылғандығын бақылауға байланысты алдын ала тергеудің аяқталуының  түсінігінен шығып кетеді деп көрсетеді. Тек қана прокурордың қылмыстық істі қысқартуға келісім беруі заңмен көзделгендігі жатады4.

Сонымен, қылмыстық істі  қысқарту туралы  қаулыға берілген шағымды қарастырып отырған прокурордың әректтері, алдын ала тергеудің құрама бөлігі болып табылады, қылмыстық істі қысқартудың сатысына кіреді.

_________________________________

 

1Тарасов – Радионов П.И. Предворительное следствие. М: 1955г, С.227-236.

2Миньковский Г.М.  Окончание предварительного расследования и осуществление права обвиняемого  на защиту. М:, 1957г, С.18-19.

3Миньковский Г.М. Уголовный процесс .Воронеж: Изд-во Воронежского университета, 1968. С.224.

4Дубинский А.Я. Прекращение уголовного дала в стадии предварительного расследования. Киев, 1975г. С55

Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімдерге шағым сотқа берілген кезде басқа жағдай туады. Сотта шағымдарды қарау, бұл алдын ала тергеуге соттың бақылау жасауы болып табылады. Бірақ бірінші инстанция сотталушының бұл әрекетін алдын ала тергеуге қосуға болмайды - бұл сот өндірісі.

              Бұл өндірістің полистадиялық сипаттамасы бар: соттың шығарған шешімі апелляциялық тәртіппен және сот тергеуімен қайта қаралуы мүмкін.

Бұл өндірісте  кінәлілік немесе кінәсіздікке қатысты сұрақтар шешілмейді: тек қылмыстық істі қысқартудың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Мүмкін бұл сот өндірісін ерекше өндірістер қатарына жатқызуға болатын шығар. Негізінен «ерекше өндіріс» деген түсінікті жоққа шығаруға болмайды1. Бұндай өндірістерге кінә мәселесіне қылмыстық заңның материалдық нормаларын қолдану мәселесі қарастырылмайтын шешімдер жатады.

              Тұтас қылмыстық процесс сияқты, қылмыстық істі қысқарту - бұл анықтама органдарының, прокурор мен соттың қызметі, яғни алдын ала тергеудің құрама бөлігін құрайтын қызмет.

              1963-жылы Г.П. Давыдов пен Д.Я. Мирский дұрыс жазғандай «қылмыстық істі қысқарту - бұл заңмен көзделген тәртіпте сот, тергеу, прокуратура органдарының қылмыстық процесуалдық әрекеттерді жүзеге асыруы», олардың өндірісімен «фактілерді анықтау мен дәлелдемелерді жинауға байланысты әрекеттер сақталады»2.

              А.Я.Дубинский жазған,қылмыстық істі қысқарту - бұл «тергеудің қорытынды бөлімі, оның құрамына жиналған дәлелдемелерді талдау мен баға беруге қатысты қылмыстық іс материалдарын жүйелеуге қатысты, іске қатысушыларды сақталған өндіріспен таныстыруға қатысты және олардан келген өтініштерді қарауға қатысты процесуалдық әрекеттер кіреді»3.

              Сонымен бірге қылмыстық істі қысқартуды процесуалдық акт деп те түсінуге болады, яғни өкілетті лауазымды тұлғаның қылмыстық іс бойынша сот өндірісіне жіберуге қатысты жеткілікті негіз болмағандықтан ары қарай жүргізуді тоқтату туралы шешімі, яғни қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы немесе ұйғарымының болуы4.

 

_____________________________

 

1 А.В. Солодилов  Место судебного контроля в течении уголовных судопроизводств. Томск, 1999г

2 П.М Давыдов , Д.Я. Мирский Прекращение уголовных дел в уголовном процессе. М., Госюриздат, 1963г. С.5.

3 А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела в стадии дознания и предворительного следствия  Автореферат,;  Киев 1971г С7.

4 Н.В. Жогин , Г.Н. Фаткуллин Предварительное следствие в уголовном процессе М., Юридическая литература 1965г   С304.

 

                        В.А.Михайлов негізді түрде былай деп жазады «қылмыстық істі қысқартумен айыпталушының қылмыстық жауапкершілігіне қатысты мәселе шешіледі», шешім теріс нысанда беріледі және алдын ала тергеуге қатысты қорытындыға келу мәселесін шешуге әкеледі1.

Бұл шынымен солай. Шешім шығару сияқты , қаулымен де қылмыстық іс бойынша оның өміріне қатысты мәселе шешіледі, ары қарай жалғасатындығы немесе істің қысқаруы туралы қылмыстық процеске қатысты ресми қорытынды жасалады. Сондықтан да сот шешімі сияқты қылмыстық істі қысқарту туралы актінің маңызы үлкен. Бұл құжат  жайдан-жай негізгі қылмыстық процесуалдық актілер қатарына жатқызылмаған.

             Қылмыстық процесуалдық заңға сәйкес алдын ала тергеу органдары қылмыстық іске қатысты бірқатар мәселелерді шешулері қажет: оқиға болған жерде қылмыс болды ма, әрекетте қылмыс құрамы бар ма, белгілі бір анықталған тұлғамен жасалды ма, ол тұлғаның кінәсі бар ма. Осы сұрақтардың біреуінің  теріс болуы, алдын ала тергеу органдарының қылмыстық істі қысқартуға болады.

              А.Я.Дубинскийдің ойынша істі мәнісі бойынша қарау «істің өмірін» анықтаудан, нақты тұлғаның өмірін анықтаудан тұрады2.  Кінәлілік немесе кінәсіздік мәселесіне қатысты емес шешілуі мүмкін. Мәселен, егер қылмыстық істі қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартса, тергеу барысында  басқа да нақты тұлғаның қатысына байланысты мәселе шешілмесе, онда істі мәнісі бойынша шешілді деп санауға болады.

              Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің тікелей сипаты бар. Тергеу органдары істі сотқа жібермей-ақ фактілерді нақтылай алады.

              Сонымен, қылмыстық істі қысқарту – бұл қылмыстық әрекет,тұтас қылмыстық процесуалдық әрекеттердің бір бөлігі сияқты.

              Қылмыстық істі қысқарту – қылмыстық процесуалдық құқықтың институты. Бұл институттың ең басты кемшілігі, оның нормалары бүкіл Қылмыстық іс жүргізушілік кодексінде шашырап жатыр. Бұл нормалардың кодексінде шашыранды болуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы барысында қиындықтар туғызады.

              Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жеке тарауды бөліп шығарса тиімді болар еді. Осы мәселеге байланысты құқық қорғау органдарының қызметінде көптеген қиыншылықтар мен келеңсіздіктер туындайды. Егер заң шығарушы қылмыстық істі қысқартуға байланысты норманы жүйелейтін болса тиісті органдардың жұмысы біршама жақсарар еді деп ойлаймын.

________________________________

 

1 В.А. Михайлов    Процессуальный порядок прекращения уголовных дел в стадии предварительного расследования. Волгоград 1970г. С10.

2А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела в стадии предварительного расследования Киев 1975 г. С.9.    

 

          Осындай заңнаманың жүйесіздігінен әділетсіз шешімдер шығып іс жүргізушілік заңның басты қағидаларының бірі - заңдылық қағидасының бұзылуына алып келіп соқтырады1.

          Қылмыстық істі қысқарту бұл алдын ала тергеудің бір сатысы, алдын ала өндірісті жүзеге асыратын  органдардың және прокурордың негізді түрде қылмыстық істі қысқарту туралы, алдын ала тергеуді аяқтау туралы қаулы шығарумен тұлғаны қылмыстық жауптылықтан босату туралы әрекеттерден тұрады. Сонымен қоса, қылмыстық іс – бұл қылмыстық процесуалдақ құқықтың институты – қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарған сәттен бастап мәнісі бойынша шешіледі2.

Тергеуші, прокурор қылмыстық істі іс жүргізушілік кодексінің 37 және 38-баптарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қысқартуға құқылы.        Сезіктіні немесе айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеген жағдайда, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндік таусылса қылмыстық іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің 1 немесе 2-тармақтарының негізінде қысқартылады. Бұл жағдайда тергеуші, прокурор адамды ақтау және оған заңсыз ұстау немесе қамау  нәтижесінде келтірілген материалдық зиянды өтеу жөнінде заңдарда көзделген барлық шараны қолдануға тиіс3.             

Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы не қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады4.

              Ал судья Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің 1 – 12-тармақтарында және 38-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы  айыптаудан бас тартқан жағдайда істі қысқарту туралы қаулы шығарады.  Істі қысқарту туралы шешім  қабылданғаннан кейін судья бұлтартпау шарасын, азаматтық талапты  және мүлкін тәркілеуді қамтамасыз ету шараларын тоқтатады және заттай айғақтар туралы мәселені шешеді.                    Судьяның істі қысқарту туралы қаулысының  көшірмесі  прокурорға жіберіледі, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған адамға және жәбірленушіге тапсырылады5.

_____________________________________

 

1 А.С. Барабаш , Л.М. Володина Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования. Томск ,1986г, С.37

2 П.М.Давыдов Д.Я.  Мирский Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе, Москва 1963г .С.77  

3В.Я. Синев Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям  на предварительном следствии. Алматы 2003г  С.13

4Д.С. Карев, Н.М. Савгирова  Возбуждение и расследование уголовных дел. М. Высшая школа, 1967г. С.112 Осындай көзқарасты өзге де авторлар ұстанады: П.М.Давыдов, 5В.Д.Сидоров, П.П. Якимов Судопроизводство по уголовно процессуальному закону. Свердловск 1962. С.9

1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы

Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы заңды факт болып табылады, нәтижесінде қылмыстық процесуалдық қатынастар тоқтатылады. Оның маңызы жоғары. Алдын ала тергеудің аяқталуының бір формасы ретінде қараудың ролі елеулі, себебі: қылмыстық істі қысқартуды тергеудің аяқталуының заңды нысаны деп қарастыруға мүмкіндік береді, өзінің процесуалдық маңызы жағынан айыптау қорытындысы болса, істі сотқа жіберумен тең келеді.

              Г.М.Миньковский дұрыс көрсетеді, істің қысқаруы, алдын ала тергеудің аяқталу нысаны ретінде, өзінің мақсаты мен мәні бойынша істі айыптау қорытындысымен бірге сотқа жіберумен бірдей маңызға ие.

         Дәлелдемелер толық жеткілікті болып, өндірісті қылмыстық қудалауды жалғастырмай жиналған дәлелдемелердің негізінде белгілі бір қорытындыға келуі тиіс. Мысалы: тәжірибеде тергеушілер көбінде қылмыстық істі қылмыс құрамының жоқтығы және қылмыс оқиғасының орын алмағанын негіздеп істі қысқартады. Тергеуші қысқартса оның заңдылығы мен негізділігін прокурор тексереді, ал сот қысқартқан жағдайда тараптардың қарсылығы болса апелляциялық тәртіппен қайта қаралады. Егер бұзылған құқықтар мен мүдделер болса қалпына келтірілуге жатады деп түсінуге болады.Негізгі маңызы қылмыстық іс қысқартылып, өндірістегі іс мәнісі бойынша шешіледі.

              Кейбір ғалымдардың пікірінше қылмыстық істі қысқарту – процестің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Олардың ойынша қылмыстық істі қысқарту – бұл екінші акт, ал кейде ақау (брак) деп санайды. Мынадай көзқарас бар, қылмыстық істі қысқарту – бұл қылмыстық істі қозғау кезінде жіберілген қателіктердің нәтижесі болып табылады, ал егер қылмыстық істі қозғау мен тергеу дұрыс жүргізілсе, онда нәтижесінде тергеушінің айыптау қорытындысын жазумен аяқталады. Мұндай көзқарасты қолдайтын автолардың пікіріне толық қосылуға болмайды деп есептеймін.

           Әрбір қозғалған істің ерекшелігіне байланысты істі тез және толық ашу әрқашанда жүзеге аса бермейді. Дәлелдемелер немесе құжаттар, жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайдың барлығы да ескерілуі тиіс. Егер қозғалған қылмыстық істердің барлығын қысқарту себебінен заңсыз деп тапсақ, онда бұл негіздің іс жүргізушілік заңда орын алуының қажеттігі неде деген сұрақ туындайды. Егер қылмыскер ауыр қылмыс жасап, әрекетіне шын өкініп жәбірленушімен татуласып, келтірілген заладың орнын толтырса, ол адамды неге жауаптылықтан босатпасқа.

Информация о работе Қылмыстық істер бойынша өндірісті қысқарту түсінігі және оның маңызы