15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 12:11, реферат

Описание

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді.

Работа состоит из  1 файл

15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы реферат [www.topreferat.com].doc

— 65.50 Кб (Скачать документ)

      Дулат этнонимі қырғыздардың рулық құрылымында  да кездеседі. Қырғыздың Саяқ тайпасының құрамында қайдулат руы мен дулат  бөлімі болған, ал құсшы тайпасының арасында меңдулат руы болған. Бұл  рулардың белгілі дәрежеде қазақтың дулат тайпасымен және орта ғасырлардағы дулаттармен өзара байланысы бар. Бұл жерде қазақтың дулат тайпасымен қырғыздың құсшы тайпасының таңбаларының ұқсастығы назар аудартады. Бұл тайпалардың екеуінің де таңбасы дөңгелек  бейнесінде бейнеленген/7, 12 бет/. .

        «Манас» эпосында сонымен қатар екі халықтың да құрамында кездесетін албан, жәдігер, қатаған, найман, қыпшақ, қытай, қанды, сары, балықшы, шекті, қоңырат, сарт сияқты барлығы 17 ру-тайпа атаулары кездеседі. «Манас» эпосынан қырғыз халқының тек Ұлы жүз қазақтарымен ғана емес Орта және Кіші жүз қазақтарыменде этникалық байланыстарын көреміз.

      Қазақ пен қырғыз этнонимдерінің бұл сәйкестіктерін кездейсоқтық деп айтуға болмас. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Оңтүстік Шығыс Қазақстан  мен Қырғызстан территорияларындағы  Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келген көптеген түркі және түркіленген моңғол тайпалары  ХҮ ғасырдың екінші жартысы мен ХҮІ ғасырдың басында Моғолстан мемлекетінің орнында  қалыптасқан қазақ және қырғыз халықтарының құрамына кірген болатын. Бұл тайпалардың әуел бастан шығу тегі мен тарихы бір болатын.

      Қазақ-қырғыз халықтарының арасындағы этникалық  байланыстар туралы мол мәлімет  беретін тағы бір тарихи дерек  қырғыз халқының «Жаныш пен Байыш» эпосы болып табылады. Бұл эпосты жан-жақты зерттеген қырғыз ғалымы И. Молдобаев эпостағы жер-су аттарына талдау жасай отырып, эпостағы тарихи оқиғалар Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумақтарында болғандығын анықтады/8, 39 бет/. Эпостағы Ала-көл, Ақ сай сияқты жер-су аттары Қазақстанның оңтүстік шығысындағы географиялық аймақтар болып табылады. Мұның өзі кейбір қырғыздардың этникалық тарихын зерттеуші ғалымдардың қырғыздардың бір бөлігі ХІІІ-ХҮ ғасырларда Ертіс пен Іле аралықтарындағы жерлерді мекендеген деген пікірлерін айғақтай түседі/14, 136 бет/.

      Қырғыз  зерттеушілері эпос  ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағындағы тарихи оқиғаларды қамтиды деп санайды/8, 49 бет/. ХҮ ғасырдың екінші жартысында батыс Жетісудағы Шу-Қозыбасы өңірлерінде қазақ хандығының құрылуы және Солтүстік Қырғызстан территориясында Қырғыз халқының қалыптасуы екі халық арасында саяси және мәдени қарым-қатынастардың орнауына алып келді. Осы кезеңдерден бастап бұл екі халық осы территорияларда түпкілікті орнығып қалу үшін Моғол және Шайбан билеушілеріне қарсы біріге отырып, ұзаққа созылған күрес жүргізуге мәжбүр болған. Қырғыз билеушісі Мұхаммед қырғыздың өлімінен кейін бұл күрестің басында қазақ хандары тұрған. Яғни, қазақ хандарының басшылығымен біріккен қазақ және қырғыз жасақтары осы ХҮІ ғасырда Моғолстан моғолдарын Жетісу мен Қырғызстан аумағынан Шығыс Түркістанға ығыстырды. Осы күрес нәтижесінде 1524 жылы негізін Тахир хан қалаған қазақ-қырғыз одағы қалыптасып, бұл одақ ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес кезінде де жалғасын тапты. Бұл одақтың бірлескен әрекеттері  туралы өз алдына бөлек әңгіме.  

          Тарихи деректерде көрсетілгендей қазақ хандығының алғашқы  хандарының бірі Жәнібек ханның Жаныс  пен Байыс есімді ұлдары болған/15, 42 бет/. К. Акиевтың нұсқасындағы «Жаныш пен Байыш» эпосында ағайынды Жаныш  пен Байыштың аталарын Әзірет хан деп атаған. Әзірет сөзі араб тілінде әулие, қасиетті деген мағынаны білдіреді. Тарихи деректерде көрсетілгендей  Жаныс пен Байыс сұлтандардың әкелері Жәнібек хан 1465-1466 жылдары Шу мен Қозыбасы өңірлеріне көшіп келген кезде Абу Саид немесе Бу Саид деген араб есімімен де белгілі болған.   Бұл жерде көріп тұрғанымыздай қырғыз халқының «Жаныш пен Байыш» эпосының бас кейіпкерлері, ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ халқының ғана емес  қырғыз тарихының да тарихи тұлғалары болып табылатын қазақ сұлтандары Жаныс пен Байыс сұлтандар/7, 50-51 бет/.

      Бірақ бұл эпостың негізгі кейіпкерлері өзге халықтың өкілдері деген сөз  емес. «Жаныш пен Байыш» қырғыз эпосының эпикалық кейіпкерлері болып табылады. Бұған бірден-бір дәлел бұл  эпостың қырғыз халқының арасында кеңінен танымалдығы және Қырғызстандағы Жаныш және Байыш атымен белгілі этнонимдердің және жер-су аттарының кездесуі. Сонымен қатар осы ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақтар мен қырғыздардың Жетісу мен Қырғызстан аумақтары үшін, қазақ хандарының басшылығымен Моғолстан билеушілеріне  қарсы жүргізген, бірлескен күресі де осы пікірдің айқын дәлелі бола алады. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Низам  ад-дин Шами. «Зафар-наме»/Перев.  О.Ф. Акимушкина. Москва. 1983 г.

2. Махмуд  ибн Вали. «Бахр ал-асрар»/Перев.  А.Мокеева. Москва. 1990 г.

3. Абд-ар-Раззак  Самарканди. «Матла ас-садайн ва  маджма ал-бахрайн»/ Перев.      О.Ф. Акимушкина. Москва. 1983 г.

4. Мұхаммед  Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди».  Алматы., 2003.

5. История  Киргизской ССР. 1-том.Фрунзе., 1984.

6. Бартольд  В.В. Киргизы. Исторический очерк. Соч.т-2(ч..1).Москва.,1963.

7. Молдобаев  И.Б. Этнокультурные связи кыргызов  в средневековье. Бишкек.2003 г.

8. Молдобаев  И.Б. Эпос «Жаныш и Байыш»  как историко-этнографический источник. Фрунзе.1983 г.

9. Манас:  Эпос. Сагымбай Орозбак уулынын варианты боюнча. 2-китеп. Фрунзе.1978

10. Юдин  В.П. Центральная Азия в ХІҮ-ХҮІІІ  веках глазами востоковеда. Алматы.2001 г.

11. Востров  В.В., Муканов М.С. Родоплеменной  состав и расселение казахов  (кон. ХІХ-нач.ХХ в.) Алма-Ата. 1968 г.

12. Рашид-ад дин. Сборник летописей. Т.1. Кн.2.М.; Л.; 1952 г

13. Абрамзон  С.М. Киргизы и их этнические  и историко-культурные связи.  Ленинград.1971 г.

14. Петров  К.И. Очерки феодальных отношении  у киргизов в ХҮ-ХҮІІІ вв. Фрунзе. 1961 г.

15. Материалы  по истории казахского ханства ХҮ-ХҮІІІ вв. Алма-Ата.1969 г.

16. Мураталиев  М. Баатырдык кеңже эпостордун  тилиндеги бөтөнчөлүктер. Фрунзе. 1976 г. 

Информация о работе 15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы