1904-1905 орыс -жапон соғысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 18:29, реферат

Описание

XIX ғ. аяғы – XX ғ басында дүние бөлiнiп болған, ендi оны қайта бөлiсуге күрес қыза бастады. 1904 жылға қарай Ресей Манчжурияда, Ляодун түбегiнде, Кореяда бекiдi. Орыстардың жапонияға ешқандай территориялық таласы болған жоқ, олар тек қолындағысын сақтағысы келдi. Ал Жапония болса, соғысты пәрмендi дайындық үстiнде болды. Ол Ресейдi экономикалық және саяси тұрғыдан ұтымды аймақтардан ығыстырғысы келдi.

Работа состоит из  1 файл

орыс-жапо согысы 1904-1905.docx

— 28.20 Кб (Скачать документ)

ОРЫС-ЖАПОН  СОҒЫСЫ

Орыс-жапон  соғысының басталуы, барысы

        XIX ғ. аяғы – XX ғ басында дүние   бөлiнiп болған, ендi оны қайта  бөлiсуге  күрес қыза бастады. 1904 жылға қарай Ресей Манчжурияда, Ляодун түбегiнде, Кореяда бекiдi. Орыстардың жапонияға ешқандай территориялық таласы болған жоқ, олар тек қолындағысын сақтағысы келдi. Ал Жапония болса, соғысты пәрмендi дайындық үстiнде болды. Ол Ресейдi экономикалық және саяси тұрғыдан ұтымды аймақтардан ығыстырғысы келдi. Жапония барлық Қиыр Шығысты, Байкал, Сахалин, Чукотканы қамтитын орасан зор жердi жаулап алуды көздедi.

    Бұдан бұрынырақ, 1888 жылы Ресей флот құру бағдарламасын қабылдаған болатын. Бұл бағдарлама бойынша Ресей 119 соғыс кемелерiн жасауы керек  болып, оның iшiнде 40 шақты ауыр кемелер  – броненосецтер, крейсерлердi де жасау  көзделген. Кемелер саны бойынша  Ресей Жапониядан басым болды (Ресей  – 119, Жапония - 89). Бiрақ, Қиыр Шығыста  Ресейдiң 63 кемесi болған және орыс кемелерi сапасы жағынан көп артта едi, себебi Ресей кемелерi ескi модельде болған.

    Ресейдiң  әскери күшiнiң саны да Жапониямен салыстырғанда  едәуiр көп болды. 1904 жылға қарай  Ресейде 1 млн. 135 мыңдық армия және 3,5 млн. адам запастағылар мен жасақшылар болды. Ресей үкiметi кiшкентай Жапонияның бiрiншi болып шабуыл жасайтынына  сенбедi, сондықтан құрлықтағы армияның негiзгi бөлiгiн батыс және оңтүстiк  шекаралар маңында ұстады. Ресей  мәселесi темiр жолдардың өткiзу мүмкiншiлiгiнiң  өте төмен болуына және осыған байланысты армияның қозғалу жылдамдығы өте төмен болуы едi. Бiр ай iшiнде  темiр жолдар арқылы тек екi дивизияны  тасымалдау мүмкiн едi. Сондықтан, соғыс қимылдарының басталуына Ресей тек 98 мың әскер шоғырландыра алды.

    Жапония соғысқа әлдеқайда жақсы дайындалды. Жапонияның қатардағы армиясында ол кезде 143 мың солдат пен 8 мың офицер болды. Армия немiс нұсқаушылары жаттықтырған және жақсы қаруланған едi. Жапон қолбасшыларына соғыс  жоспарларына шабуылдық сипат жақын  едi, ол орыс флотына кенеттен шабуыл жасап, көзiн жоюды, одан кейiн Корея  мен Порт-Артур маңына әскер түсiру, қамалға жылдам шабуыл жасап басып  алуды, орыс армиясын талқандап, орыстардың iрi резервтерi келгенше ҚШТЖ-ны басып  алуды қарастырған едi. Орыс жоспары  анық емес едi, ол Порт-Артурды, Владивостокты  теңiз бен құрғақ жақтан қорғауды, орыс армиясының бiртiндеп ҚШТЖ бойымен  жергiлiктi мәнi бар ұрыстармен Харбин маңында iрi күштер шоғырланғанға шейiн  шегiнудi қарастырды. Бұл жоспар, Порт-Артурдың стратегиялық мәнiн ескермедi, орыстың  Тынық мұхит эскадрасының күшiн  асыра бағалады, бастауыш қадамдарды Жапонияға берiп қойды. Бiрақ тармақтанған тыңшылар торына қарамастан, жапондар орыс флотын, орыс армиясын, Порт-Артур  гарнизонын төмен бағалауына байланысты соғыс ұзаққа созылды. Николай Жапониямен соғысқа мүлдем жеңiл қарады (“бiз  ол макакаларды бас киiммен-ақ ұрып аламыз”…). Ресей соғысты тiледi, бiрақ оған нашар дайындалды. Сондықтан, соғыс олар үшiн тұтқиылдан басталды.

            1904 жылы 27 қаңтар қарсанында Жапон  флотының Порт-Артурдағы орыс  эскадрасына және Чемульпо корей  портындағы кеме отрядына кенеттен  торпедалармен атқылауымен басталады.  Бiрақ, шабуыл өте дарынсыз  жасалған едi. Оттары жарқырап  қорғаусыз тұрған флотқа тигiзе  алмау бассыздық едi.

    Бұл шабуылға жапон флотының барлығы  дерлiк қатысқан. Яғни, адмирал Того бастаған негiзгi күштер – Порт-Артурға, ал адмирал Уриу бастаған эскадра - Чемульподағы кемеге қарсы бағытталады. Олар шабуылды түнде бастаған себебi, Порт-Артурдағы орыс эскадралық броненосецтер  мен крейсерлердiң қаруланбағандығын  бiлдi.

    Вице-адмирал  Макаров, Қиыр Шығыстағы саяси жағдайды және жапондардың мiнезiн бiле отыра, теңiз министрлiгiнiң қолбасшыларын  бұл шабуылдың басталу мүмкiндiгiн  ескерткен. Оның болжауы нақты келдi.

        Сасэбодан шыққан адмирал Того 27 қаңтар қарсанында Порт-Артурға  келiп жетiп, орыс эскадрасын  жоя бастайды. Бiрiншi болып, орыс  кемелерiне миноносецтер шабуыл  жасау керек болған. Бұл шабуылға  Того 5 отрядты миноносецтердi бөлдi. Олар Порт-Артурға жеткен соң,  сағат 23:30-да шабуылды бастайды. Әр отряд өзiнше жұмыс iстеп, шабуылды әртүрлi уақытта жасап  отырады. Бiрақ, орыс кемелерi  қалыспай бiрден өзiнiң қарсылығын  көрсеттi. Себебi, олардың кемелерi  қарсыластарының шабуылына дайын  тұрған. Жапон миноносецтерiнiң түңгi шабуылы нәтижесiнде орыстардың  үш кемесi бұзылған. Бұл орыс  флотының Тынық мұхитындағы жағдайын  күрт өзгертедi. Осы шабуылда жапондықтар  жеңiске жеттi. Орыстардың бұл  күресте жеңiлуiнiң себебi: орыс  әскер басшыларының якорлi тұрағының  қауiпсiздiк ұйымының дұрыс емес  жоспарлануы, миналық қорғанысының  болмауы, күзету қызиетiнiң дұрыс  емес ұйымдастырылуы, сыртқы рейдтегi  кемелердiң дұрыс қойылмаған диспозициясы  және эскадралардың жағажайлық  батареяларымен байланысының үзiлуi. Сонымен қатар, осылардың барлығы  оның қарсыласына жеңiлдiктi көрсеттi.

         27 қаңтар күнi адмирал Того  Порт-Артурға тағы да жылжыған  кезiнде оның мынандай мақсаты  болады: түнгi миноносецтердiң торпедалық  шабуылынан аман қалған орыс  кемелерiн жойып, өзiнiң әскерiн  құрлыққа әкелу. 

        Бұл кезде орыс кемелерi сыртқы  рейдта болған. Осы шабуыл нәтижесiнде   жапондар эскадрасы күштi соққы  берген кезде, орыс әскерi шегiнбей  қарсыластарына тойтарыс бередi. Орыс эскадрасының бiрiкпей жасалған  әскери жоспары, соғыс барысында  өзiнiң ықпалын тигiздi. Ал адмирал  Того болса, өз әскерiн тәуекел  етпеу үшiн, оңтүстiкке бұрылып  соғыстан шығады.   

             Ал, Чемпульподағы тең емес ұрыстан  кейiн орыс моряктары “Кореец”  канонер қайығын жарып, крейсер-броненосец  “Варягты” суға батыруға мәжбүр  болды. 1904 жылдың 31 наурызында флоттың  ұрысқа шығуы жоспарланды. Эскадра  сыртқы рейдке созылып шыға  бастады. Макаровтың жоспары күштi жағадағы артиллерияны пайдаланып  ұрысты екi қатармен жүргiзу болатын. Бiрақ флагман “Петропавловск” өз орыс минасына соғылып жарылды. Кемемен бiрге адмирал Макаров, суретшi Верещагин, 628 матрос пен 28 офицер мерт болды. Макаровтың орнына Витгерт тағайындалды.

         Құрлықтағы соғыс қимылдары 1904 жылы сәуiрдiң ортасында басталды. Қолбасшылықтың сәйкессiз қимылдарынан  орыстар жеңiлiстен кейiн жеңiлiс  тапты. Нәтижесiнде 1904 жылы мамырдың  басында Порт-Артур Манчжуриядан  кесiлiп тасталды.

    Порт-Артур  қорғанысының стратегиялық маңызы зор  едi. Қамал гарнизоны Жапонияның 200 мың армиясын және барлық дерлiктей флотын ұстап тұрды. Жапондар бұл жерде 110 мыңдай адамнан және 15 соғыс кемелерiнен айырылды. Осы Порт-Артурды қорғау 1904 жылдың желтоқсанына дейiн жалғасты. Қала 6 генералды шабуылға тойтарыс бердi. Бiрақ күштер әлдеқайда тең емес едi, сондықтан қала жау қолына берiлдi. Қамалдың берiлуi жапондарға 3-шi армиясын босатуға, орыс флотының көзiн жоюға, 610 зеңбiректi басып алуға, 32 мың адамды тұтқындауға мүмкiндiк бердi. Порт-Артурдың құлауы, орыс-жапон соғысының аяқталуын алдын-ала шештi. 1904 жылдың 28 шiлдесiнде Порт-Артур эскадрасы Владивостокқа өту мақсатында порттан шықты.  Жапон эскадрасымен шайқас күндiзгi 12-ден түңге дейiн болды. Бiр де бiр орыс, не жапон кемесi суға батпағанмен екi эскадра да көптеген жарақаттар алды. Орыс кемелерiнiң жартысы Порт-Артурға қайта оралды. Орыс әскерлерiне көмекке Қара теңiз және Балтық флоттарымен адмирал Рождественский қолбасшылығымен кемелердiң қосынды отряды жасақталды. II Тынық мұхит эскадрасы кемелердiң барлық түрлерiнен жиналған қосынды солянка едi.

        1905 жылы дүниежүзi тарихында манчжур  далаларындағы Мукден және Цусима  шайқастары – орыс-жапон соғысының  шешушi ұрыстары болды.            

    Мукден  түбiндегi шайқасқа 5-24 ақпан аралығында екi жақтан 660 мың солдат қатысты. Ұрыс орыс әскерiнiң шегiнiсiмен аяқталды. Шегiнiс барысында орыстар көп  шығынға ұшырады, соның iшiнде  81 мың  адамынан айырылды. Ал, Жапондардың  қайтыс болғандары, жаралысы және тұтқынға алынғандармен бiрге, 71 мың адамынан айырылды. Бiрақ орыс әскерлерi тұрақты толықтырылып отырғандықтан, 1905 жылдың тамызына қарай Қиыр Шығыстағы орыс армиясының санын миллион адамға жеткiздi. Жапонияның алға жылжуды ары қарай жалғастыруға күшi болмады.

    Порт-Артур  құлағаннан кейiн орыс эскадрасының жорық мақсаты пайдасыз болып  қалды. Бұйрық өзгертiлдi. Эскадралардың  соңғы келу нүктесi ретiнде Владивосток  белгiлендi. 1905 жылы соғыс қимылдары  аймағына 2-шi және 3-шi Тынық мұхит  эскадралары келiп жеттi. 1905 жылдың 15 мамырында Цусима бұғазында орыс эскадрасын жапон эскадрасы қарсы  алды. Орыстардың 30 соғыс кемесiне қарсы, жапондар 120 кеме қойды.

    Цусима  шайқасы орыс әскерлерi үшiн жан  түршiгерлiк болды. Ұрыс барысында 11 орыс кемесi, оның iшiнде 5 броненосец өз қатарынан шықты. Ұрыс аяғында барлығы 19 кеме суға батты, 5 кеме тұтқындалды, тек 3 крейсер ғана бейтарап порттарға  өтiп кеттi; Владивостокқа  крейсер  “Алмаз” бен екi миноносец өте  алды. 14-мыңдық команданың 5 мыңнан астамы мерт болды.

    Цусима  шайқасында орыс флоты жеңiлуiнiң  басты себептерi - жапон флоты  күшiнiң өте үлкен басымдылығына  және Жапония кемелерiнiң жоғары техникалық деңгейiне байланысты болды.

    Ляояндағы шайқас. Жапондықтар Порт-Артурда  шабуылын жүргiзе отырып, Манчжурияда  өздерiнiң операцияларын жалтастыра бердi.

    Куропаткин  бастаған әскер Ляоян қаласында  өздерiнiң позициясын нық орнатқан. Соғыс барысында бiрiншi рет ресейлiктер осындай үлкен салмақты артиллерияға және жақсы позицияға ие болған. Ал, жапон әскерiнiң  жан-жақтан қорғайтын  қарулы күштерiнiң жағдайы нашар  етiн. Бұның барлығы, Ресейдiң жеңiске  жетуiне үлкен мүмкiндiк берген. Бiрақ  дәл осы шайқаста  патша әскерiнiң  көптеген кемшiлiктерi байқалды. Соның iшiнде Куропаткиннiң әскерi өзiнiң  әлсiздiгiн көрсеттi. Осы әлсiздiктi байқаған жапон қолбасшысы Куроки әскерiне Тайцзыхэ өзенiнiң оң жақ жағалауына өтiп, Ресей әскерiнiң сол флангын жаулап алуға бұйрық берген.

    Куропаткиннiң  қол астында, жапон қолбасшысына қарағанда, әскер саны үш есе көп  болған. Осыдан Куроки әскерiнiң барлығы  қырылу қажет болатын. Соғыс барысында  мұндай жеңiске жету мүмкiндiгi болмаған етiн. Ал Куроки болса, бұл жағдайды түсiнiп ендi артқа шегiнейiн деген  кезде, Куропаткиннiң өз-өзiне сенiмсiз iстердiң жүргiзгенiн байқады.

    Жапон әскерi соғыста өз әскерiнiң 20% жоғалтса да, Ляоянды жаулап алады. Ресей болса, бұл соғыс барысында 17 мың адамды жоғалтады. Патшалықтың бұл соғыста  ұтылуы, ресей халқының наразылығын  тудырды.

    Шахэдағы  шайқас. Ресей әскерi артқа қарай  шегiнiп Мукденде тоқтайды. Ендi Куропаткин соғыс жүргiзудiң басшылығын өз қолына алуды ойластырады. Бұл шайқаста да жеңiске жетудiң барлық мүмкiншiлiктерi Ресейдiң үстемiнде едi. Бiрақ қайтадан Куропаткиннiң соғыс жүргiзу жоспары  сәтсiз болып шықты.

    22 қыркүйек күнi өзiнiң жарты күшiмен  және сенiмсiздiкпен шайқасқа шығады. Шайқаста Ресей әскерiнiң тең  жартысы қатыспады және артиллерия  өте әлсiз қолданылды. 28 қыркүйекте  Куропаткин шабуылдан бас тартып, өзiн қорғау үшiн әрекет жасауды  ойластырды. Шахэ жерiнде жапондықтар  қайтадан жеңiске жетедi. Сөйтiп  Куропаткин Жапонияның жеңiстерiн  көбейте түседi. Осы қанды шайқас  екi аптадай созылып қазан айының  басында аяқталады.

    Шахэдағы  шайқас Порт-Артурға көмектесе алмады. Ол Куропаткин басқарған әскердiң  әлсiз және жарамсыз екенiн байқатты. Ал Шахэда тоқтаған жапондықтар ендi Порт-Артурды аяғына дейiн жаулап алуды мақсат еттi.

        Қорытындылай келе, Ресей империясының  соғыста жеңiлуiнiң келесi себептерiн  атауға болады: 1905 жылдың көктем  айларында өткен екi iрi шайқастарда  – Мукден түбiндегi және Цусима  бұғазындағы орыс самодержавиесiнiң  Қиыр Шығыс шекарасында жеңiлiске  ұшырағанының айғағы болды. Сол  кезде большевиктер партиясының  жетекшiсi В.И.Ленин былай деген:  “соғыс үкiметтiң барлық әлсiз  жақтарын әшкерелеп, …  iшкi шiрiктiгiн  ашты, соғыс патша самодержавиесiнiң  ақылға симайтындығын әркiмнiң  көзiне анық көрсеттi…, соғыс  ескi Ресейдiң өлер алдында  жан таласын көрсеттi…”. 1904 жылдың  өзiнде В.И. Ленин: “Соғыста  күйреу бәрiбiр болады, ал онымен  бiрге наразылық ондаған есе  өседi” – дедi.

    Порт-Артурдың құлауы царизмнiң соғыста ең iрi әскери-саяси  жеңiлiсi болып табылады. Осы оқиғаға  арнайы жазған мақалаларында В.И. Ленин  самодержавие жеңiлiсiнiң себептерiн  айтты: “…Генералдар мен қолбасшылар  мүлдем қабiлетсiз және құрыған бiреулер екен… Самодержавиелiк Ресейдiң  әскери зор болуы iс жүзiнде қаңқа  екен. Царизм әскери iстi жаңаша талаптарға сай ұйымдастыруға қабiлетсiз  болды”. Жеңiлiспен аяқталған соғыс  орасан зор қаржыны қажет етiп, Ресейдiң жағдайын одан әрi нашарлатты. Соғыстың бiрiншi жылында 700 млн. рубль  жұмсалды. Ал соғысқа барлығы 2 млрд. рубльдей кеттi. Ол қаржыны патша үкiметi салықтарды көтеру, қажеттi жұмсауларды қысқарту, iшкi және сыртқы қарыз алу арқылы жинады. Яғни, бiрiншi шетелдiк қарыз Франциядан 300 млн рубль көлемiнде алынды. Одан кейiн 150 млн рубльдей iшкi қарыз iстелiндi, ал жыл аяғында Германиядан 231,5 млн рубльдей қарыз алынды. Бұл қарыз Германиямен ауыр сауда бiтiмi жасасқаннан кейiн алынды. Сөйтiп, соғыстың тiкелей салдары – царизмнiң француз және герман банктерiне экономикалық тәуелдiлiгiнiң жаңадан күшеюi болды.

Информация о работе 1904-1905 орыс -жапон соғысы