Мазмұны:
1.1916 жылғы Қазан революциясы.
2. қазақстан Кеңес өкіметінің
орнауы.
3.қазақстан азамат соғысы
жылдарында.
4. әскери коммунизм саясаты.
Қолданылған
Әдебиеттер:
1. Көне заманнан бүгінге дейін
Бес томдық Т.1.2.3.
3. Мусин Ч.П.Қазақстан тарихы
1916 жылғы Қазан революциясының
женісі алғашқы күндерден бастап,
құлатылған қанаушы тап өкілдерінің
қаулы қарсылығын тудырды. Кеңес
өкіметі елдің әр түрлі аймақтарындағы,
соның ішінде Қазақстан жеріндегі
контрревалюциялық бүліктерді батыл да шұғыл басып тастап отырды.Дегенмен
олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде
азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның
батыс аудандарында, Торғай облысының
әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты.
Бұл жерде атаман Дутовтың, генерал Толстовтың
әскерлері, ал Жетісу жерінде қалыптасты.
Бұл жерде атаман Дутовтың, генерал Толстовтың
әскерлері, ал Жетісуда казак –орыс жасақтары,
ақ-гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды.
Олар контрреволюциялық күштердің негізгі
орталығына айналды және Кеңес өкіметіне
қарсы азамат соғысын бастады.
1917 жылы 23 наурызда Орал казак
– орыс Гурьевте бүлік шығарды.Олар
генерал Толстовтың бұйрығымен
жұмысшы және солдат депутатары
Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз
атты. Сол жылдың 28-29 наурызында ақказактар
алашордашылармен бірігіп Орал қалсында
төнкеріс жасады. Мұнда олар кеңес өкіметін
құлатып, коммунистерді, кеңес қызметкерлерін
аяусы жазалады. Кеңес өкіметіне қарсы
күресте ақгвардияшылар казак станийалары
мен орыс селоларындағы бай – құлақ
элементерден қолдау тапты.
1917 жылы мамырдың
аяғында Антана мемлекеттерінің
көмегімен Сібірдегі Чехословак
корпусының офицерлері мен солдаттары
бүлік шығарды. Бұлар бірінші
дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге
тұтқынға түскендер болатын. Кеңес
үкіметі Австро – Венгриямен
жүргізген келісім бойынша оларды елдеріне
қайтаруға уәделесті. Бірақ Ресей үкіметі
олардың Кеңестерге карсы шығуынан қорқып
, чехтар мен словак әскерлерін елдің
батыс территориясымен емес, ең әуелі
Қиыр Шығыс темір жолы арқылы Владивосток
қаласына жеткізіп, одан әрі Еуропағатеңізбен
шығарып салуға келісті. Сібір арқылы
жолда қайтып бара жатқан чехтар мен словактардан
құрвлған корпусты Антантаның империалиалистері
бүлік шығаруға арандатты. Атап айтқанд,
олардың арасында елдеріне бостау
үшін емес, қайта түрмеге отырғызу үшін
алып бара жатыр деген жалған лақаптар
таратты. Мұны естіген құрамында 500 мыңға
жуық солдаты мен офицері бар чехословак
корпусы бүлік шығарып, Сібір мен Оралдың
темір жол бойындағы бірқатар қалаларын
басып алды. Олар Қазақстан жеріндегі
Петропавл, Ақмола, Қостанай қалаларын
және тағы басқа да елді мекендерді жаулап,
ондағы Кеңес өкіметінің жергілікті органдарын
таратты. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде
кеңес өкіметі құлатылды. Бұл жердегі
кеңес өкіметінің көрнекті басшылары
К. Сүтішев, И. Дубинин,П. Калюжаная, Ғ. Ыдырысов,
К. Шугаев, П. Салов және тағы басқаларын
азаптап өлтірді Өскемен Советінің төрағасы
Я. Ушановты тірідей кеменің оттығына
тастады. Сөйтіп, интервенттер мен
ақгвардияшылар Ақмола, Орал, Семей облыстарын
және Торғай облысының көптеген жерлерін
басып алды.
1917 жылдың жазында
интервенттер мен ақгвардияшылар
Семей облысы жағынан Солтүстік
Жетісуға басып кірді. Бұл жердегі
қазақ – орыс станицаларында
Кеңес өкіметіне қарсы бүліктер
басталды. Сондықтан Жетісу облыстық
атқару комитетінің шешімімен кеңестік қарулы
күштері біріктіріліп, СолтүстікЖетісу
майданыныңштабы құрылды. Атаман Анненковтың
дивизиясына және басқа да әскери бөлімдерге
қарсы кескілескен ұрыстар жүрді. Ақ гвардияшылар
басып алған аудандарда кеңес жасақтарының
күресі негізіне партизандық харакет
түрінде жүргізілді. Мұндағы Черкасск,
Андреев,Константиновск және басқа да
селолар тұрғындарының ақ гвардияшвларымен
ерлік шайқастары азамат соғысы тарихында
«Черкасск қорғанысы» - деп аталды .
Сонымен 1917 жылдың
жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер
мен ақ гвардияшылар басып алды.
Кенес өкіметі
тек Жетісу мен Сырдария облыстарының
бірқатар бөлігінде,
Торғай облысының онтүстік аудандары
мен Бөкей Ордасының аз ғана жерінде
сақталып қалды.
Ревалюцияға қарсы күштер
Самрада ақ гвардияшылар мен әскердің
Комуч ( Құрылтай жиналысы мүшелерінің
комитеті) «үкіметін», Обыда Колчак
Сібір ақ гвардияшыларының «үкіметін»,
Каспий сыртқы облысында ағылшын «үкіметі»
құрды. Бұл кезде немістер Донбасқа
қауіп төндірді. Краснов пен Деникин
соғыс қимылдарын күшейте түсті.
Кеңес елі үшін
ең басты майдан – Шығыс майданы еді.
Шығыс майданының Орал бағытында
ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді
Бұл майданның жағдай қиындауына
байланысты 1917 жылдын 2 маусынында
Орынбор қаласына Қызыл Армия бөлімдері
оңтүстікке қарай шегінуге мәжбүр
болды. Осған орай майданы құрылды. Ондағы
қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы,
Перовск\ Қызылорда\, Черняевск\, Шымкент,\Әулиеата
және т.б қалаларда құрылған отрядтар
көмекке келді. Оның қатарына негізіне
еріктілер кірді, әскери міндет туралы
БОАК –нің 1918 жылғы 29 мамырда қабылданған
жарлығына кейін әскери міндетті өтуге
еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер
шақылатын болды. Сөйтіп,
1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер
ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда,
одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында,
Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның
құрамдас бөлігінде 1918 жылдың күзінде
Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер
полкінде Х.Чурин, Ж. Сәрсенов, Х.Ишанов,
Б. Жәнікешов т.б қызымет етті. Сол жылдын
қараша айында Актөбе майданына
Әліби Жанкелдин бастаған экспедиция
Мәскеуден көп қару – жарақ пен оқ- дәрі
жеткізді.
1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың
басында ә.Т. Жанкелдин мен
А.Иманов Торғайда екі атты
әскер эскадронын, әскери оқу және
пулимет топтарын, Ырғызда атты әскер
эскадронын құрды. Өлкеде ұйымдасқан қызыл
әскер бөлімдерінің қатарына азамат соғысы
жылдарыда Ресейге келіп қалған көптеген
шетелдіктер. Венгр,чех, румын, поляк, неміс
жұмысшы және шаруалар өкілдері де кірді.
Обылыстық және уездік кеңестер мен әскери
комиссариаттар жергілікті бұқара
халық өкілдерін – қазақтарды, қырғыздарды,
дүнендерді, өзбектерді, ұйғырларды және
басқаларын Қызыл Армия қатарына тартуда
саяси- ұйымдастыру жұмыстарын өрістетті.
Қызыл Армия бөлімдерін жасақтауда көптеген
қиындықтар да кездесті. Қарау- жарақ,
оқ дәрі , әскери жабдықтар жетіспеді.
Әскери жасақтарға башылық ететін тәжірибелі
қызыл командирлер мен саяси қызметкерлердіңқатары
аз болды.
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан
қиындықтармен байланысты Кеңес
өкіметі 1918 жылдың орта кезінде
елдегі барық материалдық ресуртармен,
адам күштерін барынша жұмырдыру,
қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын,
Қызыл Армияны азық – түлікпен қамтамасыз
ету, елде катаң еңбек тәртібін орнату
мақсатында «әскери комунизим» саясаты
енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық
күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері
мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен
туған еді. «Әскери коммунизим» саяасаты
негізінде азықтүлік мәселесін шешу үшін
төтенше шара азық – түлік салғырты енгізілді.
Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың
қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі
ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халқты
азық – түлікпен бір орталықтан қамтамасыз
ету көзерді, ауыл шаруашылық өнімдерін
өз еркімен сатуға тиым салынды. Азық –
түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауды
көбейтуге, Қызыл Армияны, жұмысшыларды
азық – түлікпен қамтамасыз етуге, ашаршылықты
барвнша болдырмауға мүмкіндік берді.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша
елде жаппай еңбек ету міндеттілігі
талап етілді. Жергілікті жерлерде
еңбек етугк бұрынғы қанаушы
топ өкілдері тартылды. Қазақстанда
«әскери коммунизм» саясаты негізінде
өнеркәсіпті кеңес органдарының
қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны
қарау – жарақ және жабдықтармен қамтамасыз
етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді.
Бүкілресейлік Ақтару Комитетінің 1918
жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз
еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті
әскери борышты орындаумен алмастырылды.
1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның
құрамында ұлтық әскери бөл мдер құрыла
бастады. Қызыл Армияның Қазақстан жеріндегі
ұлттық бөлімдерін құруда Сырдария, Жетісу
облыстары, Бөкей Ордасы мен Торғай облысының
кеңестік уездері бірсыпыра айтуға тұрарлық
ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Міне, осы шаралардың барлығы
Қазақстанеың азаматсоғысы майдандарында
интервенттер мен ақ гвардияшыларға
шешуші соққы беруге жағдай
жасады. 1918 жылы күзде 1 және 4 Қызыл
Ария бөлімдері шабуылға шығып, Бугурслан,
Қазан;Александров – Гайды бастап, Орынбор
мен Орал қалаларына жақындады. Сөйтіп,
Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылдың
22 қаңтарында Орынборды,26 қантарда Орал
қаласын азат етіп, Қазақстан және Түркістан
аудандары мен Орталық Ресей арасындағы
қатынасты қалпына келтірді.
1919 жылы көктемде М.В.Фрунзе басқарған
қызыл әскер отрядтары Қазақстанның
солтүстік аудандарында, ал В.И.Чапаев
басқарған 25 дивизия оңтүстік
– батыс аудандарда соғыс жүргізіп,
Колчерінің Деникин әскерлерімен
қосылуына жол бермей, оларға күйрете
соққы берді. Қазақстанда Колчак тәртібіне
қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде
болды.1918 жылы желтоқсан айының аяғында
Ә.Жанкелдин, А.Иманнов және Ырғыз отрядының
біріккен күшімен Торғайда кеңес өкіметі
қалпына келтірді. Бұл кезде Ақмола, Семей
облыстарында да партизандық өрістеді.
Павлодар, Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездерінде,
әсіресе Зырян, Катон –Қарағай, Шыңғыстау,Шемонайха
облыстарында партизандар қозғалысы кең
өріс алды. Тарбағатай мен Алтайдың «Тауқырандары»
отрядтарының қозғалысы, Жетісудағы Черкасск
қорғанысы Қазақстандағы азамат соғысы
тарихында елеулі оқиға болды.
1919 жылдың жазында Шығыс майдандағы
Колчак армиясының негізгі күштерінің
күйретілуі Батыс, Солтүстік,
Солтүстік – Қазақстан мен Жетісуды
азат етуге қажетті жағдай жасады. Қызу
шайқастардың барысында Колчак Армиясы
екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге,
екіншісі Түркістанға қарай шегінді.
Колчактың «Онтүстік армиясын» 1919 жылы
тамыз айының екінші жартысында құртып
жіберді.
Колчак армиясының женілуі, солтүстік
– шығыс Қазақстанның азат
етілуі Орал майданының жойылуына
септігін тигізді. 1919 жылы шілдеде
қоршауда қалған Орал қаласы
азат етілді, 1920 жылы 5 қантарда Гуръев
(Атырау), ал 8 қаңтарда Доссор мұнай
кәсіпшілігі жаудан тазартылды. Осының
нәтижесінде Түркістан майданының әскер
бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізіліп,
мұндағы ақтардын қарсылығын тезірек
басуға мүмкіндік берді. 1920 жылдың көктемінде
Үржар, Арасан станицалары, атаман анненковтың
штабы орналасқан Үшарал поселкісі босатылды.
29 наурызда Қапал бекінісі құлалған
соң Абақумовка, Ақсу, Саркант және
басқа да станицалар азат етілді. Атаман
Анненков және оған қосылған Дутов
басқарған ақ гвардияшылардың қалдықтары
Синъцзянға қашты. Нәтижесінде 1920 жылғы
наурыз айында азамат соғысының Қазақстандағы
ең соңғы Солтүстік Жетісу майданы
жойылды.
Қазақстан жеріндегі ірі- ірі
соғыс қимылдары М.В. Фрунзе, М.Н.
Тухачевский, В.И. Чапаев сияқты
белгілі әскери қалбасшылар, И.П.
Белов,И.С. Кутяков, А.Иманов т.б секілді
талантты қызыл әскер командирлері басшылығымен
жүзеге асырылды.
Қазақстанда Кенес өкіметіне
карсы күрес Азамат соғысының
майдандары жойылғаннан кейін
де тоқтаған жоқ. 1920 жылғы 12 маусымдағы
Верныйдағы бүлік соның көрінісі
еді. Бүлікті басуды іске асырғандар
арасында Д.А.Фурманов, И.П. Белов, Ғ.Мұратбаев,
Б.Шагабудинов,т.б.болды. сол жылғы жазда
Семей облысында ақ гвардияшылар офицерлерімен
эсерлер ұйымдастырған бай – құлақтардың
бүліктері жүрді. Олар партия және кеңес
қызметкерлерін өлтіріп, мемлекет қоймаларын
тонады, кеңестік мекемелерді ойрандады.
Қызыл Армия бөлімдері жұмысшылардың
деревня мен ауыл – село
кедейлерінің белсене қолдауымен
қысқа мерзімде контрреволюциялық
бүліктердің бәрін жойды.