1916 жылғы Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 10:53, контрольная работа

Описание

Қазақстан Республикасы-қазақ халқының тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы-қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі. Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды. ХХ ғасырдың басында Қазақстан, Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы отарлық өлкесі болды. Қазақ халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай-шонжарлардың езгісінің ауыртпалығын көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына, Ресей алпауыттарымен қатар шетелдік капитал да қол сұға бастады.