Кеңестік педагогиканың 30-жылдарда
барлық салаларда ғылыми-зерттеу
жұмысының дамуымен сипатталады.
Педагогика ғылымының қайраткерлері
меткептердің озат тәжірибесін
зерттеу және жинақтаумен айналысты.
Кеңестік педагогика ғылымының өсу көрсеткіші
педагогикадан жаңа оқулықтар мен оқу
құралдарын басып шығару болып табылады.
1932 жылы техникумдар үшін “Педагогика”
оқулығы (редакциясын басқарған
А.Африканов пен П.Груздев); 1934 жылы
М.М.Пистрактың “Педагогикасы”
педагогикалычқ институттарға арналған;
П.Н.Шимбаровтың педагогикалық училищелерге
арналған “Педагогика” оқулығы;
1939 жылы И.А.Каировтың редакциясына
баруымен жарық көрді; 1940 жылы
– П.Н:Груздевтің редакциясын
басқаруымен “Педагогика” оқу
құралы баспадан шықты; Б.П.Есиповтың
және Н.К.Гончаровтың педагогикалық
училищелерге арналған “Педагогика”
оқулығын атап өтуге болады.
30-жылдары дидактика және тәрбие
теориясы мәселелері бойынша
ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Дидактика мәселелері таным теориясы
тұрғысынан қарастырылды.
20-30 жылдары балалар ұжымы мәселесіне
ерекше қызығу аңғартқан көрнекті
кеңес педагогтары мен психологтары
Н.М.Шульман, С.М.Ривес, П.П.Блонский,
А.С.Залужный, М.М.Пистрак, С.П:Шацкий,
А.С.Макаренко, Ф.Ф.Каролев.
Ұжым мәселесін зерттеуде А.С.Макаренко
елеулі үлес қосты. Ұжымдық
тәрбие теориясын талдай отырып,
А.С.Макаренко: “Жеке тұлғаны
қоғамнан, ұжымнан бөліп қарауға
болмайды, тек ғана ұжымда жеке
тұлғаның нышандарын жан-жақты
дамыту, оның нағыз еркіндігі
және қызығулары мен қажеттіліктерін
толық қанағаттандыру мүмкін”. А.С.Макаренко
балалар ұжымын ұйымдастыру және топтастырудың
педагогикалық жүйесін негіздеді және
тәжірибеде ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу
әдістемесін байқап көрді, педагогика
ғылымын байытуға ерекше үлес қосты. 30-жылдары
негізгі көңіл дидактиканың жалпы проблемалары
мен жеке пәндердің әдістемесіне бөлінді.
30-жылдары қабылданағн мектеп туралы қаулылар
білім беру мен оқытудың теориясы дамуының
негізгі бағыттарын анықтап берді.
Дидакт-ғалымдар және әдіскерлер
жалпы білім беретін мектептердің
оқу жоспарлары мен бағдарламаларын
ғыдыми-теориялық негіздермен, мектептегі
оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
негізгі түрі ретінде сабақтың
теориясымен, оқушылардың таным
қызметінің белсенділігін арттыру
мақсатында оқытудың әдістерін
жетілдіру проблемаларымен айналысты.
Партияның 1936 жылы 4 шілдедегі “Халық
ағарту жүйесіндегі педалогиялық
бұрмалаушылықтар туралы” қаулысы
шыққаннан кейін педалогияны
және оның өкілдерін сынау
барысында асыра сілтеушілік
және кейбір елеулі кемшіліктер
орын алды. Кей жағдайда кейбір
көрнекті педагогтар мен психологтардың
еңбектері мен идеяларына дұрыс
және объективтік тұрғыдан баға
берілмеді. Педалогтардың, теаретиктер
мен практиктердің ішінде педагогика
мен психология ғылымына ерекше
үлес қосқан ғалымдарымыз аз
болған жоқ,олардың қатарында
Л.С.Выготский, П.П.Блонский, М.Я.Басов
белгілі ғалымдар болды. Бұл
ғалымдар мен практиктер жеке
тұлғаның психикалық даму заңдылықтарын
зерттеуді оны тәрбиелеу үрдісімен
бірлікте қарастырудың мәні ерекше
болды. Педалогия ғылымын біржақты
буржуазиялық ғылым ретінде сынай
оырып, психология ғылымына оның
дамуына қатты соққы болды,
көптеген белігілі педагог, психолог
ғалымдарымыз кезінде орынсыз
қуғын-сүргінге ұшырады, педалогияны
қатты сынай отырып, психология
ғылымының дамуына орасан зор
зиян келтірді.
30-жылдардың орта кезінде педагогика
тарихының саласында ғылыми-зерттеу
жұмысы елеулі жандана бастады.
Бұл бағытта одақтас республикаларда
жемісті еңбек етекне ғалымдардың
ішінен С.Х.Чавдаровты (Украина ),
С.Данелия, М.П.Оранхелашвили (Грузия),
Т.Т.Тажибаев, Ш.Кохумбаев (Қазақстан)
және т.б. ғалымдарды атуға
болады. Капиталистік елдердегі
мектеп пен педагогика тарихы
зерттеле бастады (Е.Н.Медынский,
Н.А.Константинов, С.А.Фрумов, М.Ф.Шабаева
және басқалар).
1937 жылы барлық одақтас республикаларда
бұрын жұмыс істеген зерттеу
институттарының базасында мектеп
ғылыми-зертеу институттары ұйымдасты.