Ағартушылық және білім беру қызметі, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 10:52, реферат

Описание

Адам құқықтары саласындағы білімнің адам құқықтары мен негізін қалайтын бостандықтарын іске асыру, қоғамда осы нормаларды және нәсілдік және ұлттық тиесілігі, жыныс белгілері, тілі, діні және т.б. бойынша кемсітудің барлық түрлерін еңсеруді құрметтеуді көтермелеу және енгізу тұрғысында маңызы ауқымды.

Работа состоит из  1 файл

Ағартушылық және білім беру қызметі.docx

— 36.69 Кб (Скачать документ)

Ағартушылық және білім беру қызметі, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс

 

Адам құқықтары саласындағы  білімнің адам құқықтары мен негізін қалайтын бостандықтарын іске асыру, қоғамда осы нормаларды және нәсілдік және ұлттық тиесілігі, жыныс белгілері, тілі, діні және т.б. бойынша кемсітудің барлық түрлерін еңсеруді құрметтеуді көтермелеу және енгізу тұрғысында маңызы ауқымды. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған сәттен бастап адамның құқықтары туралы білімді тарату мәселелеріне ерекше көңіл бөледі, мемлекетпен бірлесіп адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттар туралы халыққа ақпарат беру, оқу орындарына және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықаралық құжаттардың мәтіндерін тарату жұмыстарын жүргізеді. Адам құқықтары саласында өткен білім берудің Онжылдығы шеңберінде (1995-2004 жылдар) БҰҰ бөлімшелері синтезделген нәтижені алуға – «адамзаттың ортақ тілін» табуға бағытталған түрлі іс-шаралар кешенін әзірледі. 2005 жылдан бастап 2015 жылы аяқтау жоспарланған Адам құқықтары саласындағы Дүниежүзілік Білім беру бағдарламасын іске асыру басталды. Дүниежүзілік бағдарламаның бірінші кезеңінің (2005-2007) іс-қимыл жоспары қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының 59-шы сессиясы барысында Уәкілдің аяқталған Онжылдық және адам құқығы саласындағы білім берудің жаңа Онжылдығының ашылуы тақырыбында баяндамасы болды.  
Халықаралық жұртшылықтың адам құқықтары мәдениетін көтермелеу ісіндегі ұмтылысын қолдай отырып, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты білім беру және ағартушылық қызметті өз жұмысының басым бағыттары ішінде белгіледі.  
Адам құқықтары туралы білім құқықтық ақпараттың жиынтығын ғана емес, белгілі бір дағдыларды, эмлционалдық нсұқауларды, құнды бағдарларды қамтитынын, сондай-ақ әрбір кезеңде жеке адам дамуын қабылдаудың ерекшеліктерін сезінуді ескере отырып, білім беру және ағартушылық жұмыс бірнеше бағытта жүргізіледі.  
Мектепте білім берудің негізгі міндеті ата-ананның қадір-қасиетіне құрметпен қарауды қалыптастыру және адам құқықтары идеясының басымдылығын тарату адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы қарапайым білімді игеру, сондай-ақ өз құқықтарын қорғау дағдыларын меңгеру болуы тиіс. Осы жұмыстың өзектілігі оқу бағдарламасында адам құқығы жөніндегі мамандандырылған курстың жоқтығымен, «Мемлекет және құқық негіздері», «Қазақстан тарихы», «Жаңа тарих» және «Адам және қоғам» пәндері шеңберінде алынатын адам құқықтары туралы білімнің жүйесіздігімен айқындалады. «Адам құқықтары» курсын енгізу жөніндегі бастамалар халықарарлық ұйымдар (Халықаралық білім беру жүйесі (МФИС) және жоғарғы оқу орындары (Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Тұран» және «Әділет» университеттері) қолдап отырған жергілікті жобалар сипатына ие. Осыған байланысты ұлттық құқық қорғау мекемелері қазақстандық білім беру мектептеріндегі оқушылар мен мұғалімдер ұжымдарымен кездесулер ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін жүзеге асырады. Мәселен, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған акция шеңберінде БҰҰ Балалар қоры ЮНИСЕФ-тің Астаналық мектептердің 8-10 сынып оқушыларымен тренинг өткізілді. Балаларға баланың негізгі құқықтары, оларды қорғауға арналған халықаралық құжаттар мен ұйымдар, мектептердегі құқықтық тәрбие жүйесі, сондай-ақ балалардың еңбегін пайдалануға байланысты проблемалар туралы айтылды. Түсінікті ойы нысанында әрбір баланың өмірінен сол немесе өзге шамада оның құқықтарын бұзатын оқиғалар талқыланды. Әрбір жекелеген жағдайлар бойынша балалардың құқықтарын қорғаудың пәрменді тетіктері ұсынылды. Балалардың өз құқықтары туралы хабардар болуы деңгейін арттыру үшін көрсетілген іс-шараны өткізуге үкіметтік емес ұйымдардың білім беру әлеуеті тартылды. Белгіленген мақсаттарды іске асыру үшін жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту байланысты болатын мұғалімдермен атаулы жұмыстар жүргізілуі қажет. Осыған байланысты, жекелеген мектептердің басшылары ынтымақтастық, адам құқықтарымен байланысты консультациялық және әдістемелік көмек көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Сонымен бірге оқытушылар ұжымдарымен кездесулер өткізіледі. Мысалы, Уәкіл аппаратының жетекшісі В. Калюжный еліміздің өңірлерінде адам құқықтары жөнінде оқуды жүзеге асыратын бірқатар мектептердің мұғалімдерімен кездесу өткізіп, сөз сөйледі.  
Білім беру қызметінде жоғарғы және кәсіптік білім беру жүйесі мекемелеріне баса назар аударылады, өйткені соның қабырғасында Қазақстанның болашақ зиялылары қалыптасады, өз өмірінде адам құқықтары саласындағы алған білімі мен дағдыларын кәсіпқойлық қызметінде алып жүретьін білікті мамандарды даярлау жүзеге асырылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл республиканың өңірлерін аралаған кезде жоғары оқу орындарының студентерімен және оқытушы профессорлар құрамымен кездесуді тәжірибеде қолданады, өз қызметі туралы ақпарат береді және құқық қорғау қызметінің әлемдік тәжірибесімен таныстырады және олардың сұрақтарына жауап береді. Уәкіл аралаған оқу орындарының қатарына Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Қазақ Гуманитарлық Заң университеті, Қаржы полициясы академиясы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті, Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институты, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекетік университеті, ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжі жатады. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімде студент жастар мен жұртшылықты адам құқықтары саласындағы негізгі қағидаттар туралы ақпараттандыру, құқықтық мәдениетті құрметтеуді насихаттау, адам құқықтарын көтермелеу және сақтау, адам құқықтары саласында кездесетін проблемаларды студенттер мен оқытушылардың сарапшылық талдау зерттеулерін жүзеге асыруы, бірлескен мониторингілік зерттеулер жүргізу және ақпарат алмасу жөнінде бірлескен шараларды өткізу ұйғаруда.  
Оқу орындарын аралау және студенттермен кездесу барысында міндетті пәндердің тізбесіне «Адам құқығы» мамандандырылған курсын қосу қажеттігі туралы пікірлер айтылды. Бұл Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне тиісті ұсынымдар жіберу үшін негіз болды.  
Ұлттық құқық қорғау мекемесі мен жоғарғы оқу орындарының ынтымақтастығы студенттердің Уәкіл офисінде тәжірибеден және тағлымадан өтуі болып табылады. Олар Уәкіл институты қызметінің негізгі бағыттарымен және адам құқықтарын қорғау саласындағы халықарарлық стандарттармен таныса алады.  
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік лауазымды адамдар бір жағынан адам құқықтарын қорғауға және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс, бірақ екінші жағынан олардың өздері адамның құқықтары мен бостандығына нұқсан келтіреді. Тәжірибе мемлекеттік қызметшінің адам құқықтарын бұзудың негізінде әрқашан теріс пиғыл жатпайтынын көрсетеді, көбінесе ол адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды білмеуіне байланысты. Кәсіптік топтарды ағарту мүддесінде Уәкіл институты ІІМ, Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік қорғау және т.б. жүйесі қорғау өкілдерімен семинар, тренинг өткізеді. ЛА-155/6 тәрбиелеу колониясының базасында Алматы қаласында 2004 жылы 5 қарашада «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмаған сотталғандардың құқықтарын сақтау және олардың тәжірибеде қолданылуы туралы халықаралық нормалар» тақырыбында тәрбиелеу колониялары қызметкерлері үшін өткізілген семинар мысал бола алады. Осы іс-шараның мақсаты пенитенциарлық мекемелерде балалардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайту, тәрбилеу колонияларының қызметкерлерінің осы саладағы халықаралық стандарттар туралы хабардар болуы арттыру және халықарарлық және үкіметтік емес ұйымдардың құқық қорғау органдарының тәжірибесімен таныстыру болды.  
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілермен жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда, Уәкіл институтының мамандары Мемлекеттік қызмет академиясында адам құқықтары, ұлттық заңнама және халықаралық құқық бойынша дәрістер топтамасын оқиды, өйткені бірінші кезекте олар адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды білуі және оларды өздерінің кәсіпқойлық қызметінде басшылыққа алуы тиіс. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының деңгейін арттыру нәтижесінде адам құқықтарын қорғау мәселелерін жылжытуға және республикада құқықтық мәдениетті одан әрі дамытуға қолайлы негіз жасалады. Адам құқықтары саласындағы ағартуға құқықтық білімді өзектендіруге бағытталған және мемлекеттік құрылымдармен, ғалымдармен және үкіметтік емес сектордың өкілдерімен әңгімеде адам құқықтарының қорғау және көтермелеу ісінде ынтымақтастық жолдарын айқындауға арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу ықпал етеді.  
Аса маңызды құқық қорғау іс-шараларының арасында ағымдағы жылдың 14-17 қыркүйегінде Сеулде өткен Адам құқықтарын көтермелеу және қорғау бойынша ұлттық мекемелердің VII халықаралық конференциясын атауға болады. Оның жұмысына Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты. Сонымен бірге, аппарат жетекшісі В. Калюжный қатысқан 2004 жылғы 1-7 тамызда Женевада өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы Адам құқықтарын қорғау және көтермелеу жөніндегі кіші комиссияның 56-шы сессиясын атауға болады.  
«Қазақстанда адам құқықтары бойынша білім беру: шақырулар мен шешімдер» Алматы қаласында 2004 жылы 19-20 қарашада өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияның тақырыбы болды. Конференцияның маңыздылығы қатысушылардың БҰҰ білім берудің Он жылдығы аяқталатын жылы Қазақстанда осы бағыттағы жұмыстың қорытындысын шығарудан көрінеді. Алдағы кезеңге арналған негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалып адам құқықтары жөніндегі білімді жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді. Қатысушылар адам құқықтары жөнінде білім беру саласында жүргізілген жұмыста жүйенің жоқтығын да атап өтті және мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды және халықаралық ұйымдардың өкілдерін тиісті институкциялық және практикалық жағдай жасай отырып, білім беру қызметінің сапалы жаңа деңгейіне көшуге шақырды.  
Осыған байланысты, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанынан білім беру саласындағы ғалымдар, практиктер, оқу орындары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіретін, құрамында сараптама-консултациялық кеңес болатын мамандандырылған құрылым - Адам құқықтары саласындағы білім беру орталығын құру ұсынылды. Мұндай орталық адам құқықтары бойынша оқыту және тәрбиелеу саласында шараларды әзірлеу бойынша әдіснамалық орган бола алар еді.  
Бұдан басқа, офис қызметінің жекелеген басым бағыттары жөніндегі іс-шараларға институттың бекітілген қызметкерлері қатысады. Осыған байланысты мына жобалар қызығушылық танытады: «Қылмыстық реформа: дамыту перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Алматы қаласы ағымдағы жылдың 24-30 сәуірі), Өлім жазасына мораторийге арналған ғылыми-практикалық конференция (Астана қаласы ағымдағы жылдың 7 сәуірі), «Оталық Азия елдерінде Халықаралық қылмыстық соттың ілгерілеуі» семинары (Алматы қаласы ағымдағы жылдың 10-11 маусымы), «Freedom Horse» халықаралық ұйымы ұйымдастырған семинарлар сериясы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Адам құқығы» ғылыми-практикалық конференция (Астана қаласы ағымдағы жылдың 30 наурызы), «Қылмыстық іздестірудің баламалығы және адам құқықтарын қорғау» халықаралық конференция (Алматы қаласы, ағымдағы жылдың 25-26 қарашасы) және т.б.  
Білім беру және ағарту жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қазрігі заманғы ақпараттық технологияларды, әсіресе, «Интернет» ғаламдық желі берген мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Бүгінгі күні Интернет көптеген адамдар үшін, соның ішінде жастар үшін бірінші дережедегі ақпарат көзі болып табылады. Ол хат алмасуды жүргізуге, сонымен бірге құқық қорғау ақпаратын орналастыруға ақпараттық материалдарды жедел таратуға, web-беттер ашуға, чаттар құруға, интербелсенді конференциялар өткізуге және т.б. шектеусіз мүмкіндіктер береді. Адам құқығы жөніндегі уәкілдің интернеттік ақпарат желісінде әрбір тұтынушы ұлттық құқық қорғау мекемесінің қызметі және оның мүмкіндіктері, Уәкілдің 2003 жылға және ағымдағы жылдың әрбір тоқсанына арналған есептері туралы ақпаратты ала алатын web-беттер берілген. Сондай-ақ сайтта адам құқықтарына қатысты ұлттық заңдар мен халықаралық құқық құжатарының толық мәтіні орналастырылған.  
Сонымен қатар, Уәкіл институты мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға, оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты түрде жіберілетін Бюллетень шығаруды жүзеге асырады. Онда тоқсан сайын Уәкіл атына келіп түскен үндеулер, офис өміріндегі оқиғалар, қабылданған нормативтік құқықтық актілер, маңызды күндер мен адам құқықтарын қорғауға байланысты көптеген басқа да мәліметтер туралы ақпараттандыру жүзеге асырылады.  
Адам құқықтары туралы білімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында тарату Адам құқықтары жөннідегі уәкілдің бюллетень шығаруымен ғана шектелмейді, отандық және шетелдік БАҚ-пен жан-жақты өзара әрекетіне негізделген.  
Ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметі қағидаттарының бірі – ашықтылық пен жариялылықты іске асыру мақсатында тоқсан сайын пресс-конференциялар өткізу тәжірибесі жүзеге асырылады, онда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институттың өткен айдағы қызметін қорытындылайды. Қазақстанда оқушылар аудиториясының кең спектрін және халықтың адам құқықтары жөніндегі ақпаратты кең қамтитынын назарға ала отырып, пресс-конференцияларға барлық электрондық және баспа басылымдарының тілшілері түгелімен шақырылады. Осындай іс-шараларды өткізу тиімділігінің көрсеткіші конференция материалдарын жаңалықтар топтамасындағы сюжеттерде, теле және радио бағдарламаларда, сондай-ақ ақпараттық хабарлар, мақалалар мен сұхбаттарда кеңінен көрсету болды.  
Баспасөз релиздерін ұдайы даярлау мен тарату осы жұмысты жүйелі етеді. Маңызды оқиғалар, кездесулер мен құқық қорғау шаралары да, Уәкіл аппаратының азаматтардың шағымдарын қарау жөннідегі қызметі Баспасөз релизінің тақырыбы болып табылады.  
Масса-медия өкілдерімен өзара қарым-қатынасты сапалы жақсартуға және, ең ақырында адамның құқықтары және институттың қызметі туралы халықтың хабардар болуын арттыруға Уәкіл мен оның аппараты қызметкерлерінің көпшілік алдына шығуы ықпал етеді. Ақпараттық жоба шеңберінде «Казахстанская правда» жалпыұлттық газеттің беттерінде Уәкілдің шығуы дәстүрге айналды. Ол құқық қорғаушылар үшін аса маңызды әрбір айдың оқиғалары туралы ой бөліседі немесе өз әсерлерімен және атқарылған жұмыс нәтижелерімен бөліседі. Уәкілдің толық сұхбаттары мен мақалалары «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Экспресс К», «Заң» газеті, «Юридическая газета», «Ночнем с понедеьника», «Закон и правосудие» т.б. түрлі басылымдарда жарияланды.  
Уәкіл институты қызметінің тұжырымдамасын айқындайтын материалдармен қатар Уәкіл жұмысының жекелеген басым бағыттары жөніндегі мақалалары мен сөйлеген сөздері жарыққа шықты. Осындай материалдардың ішінде адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшісі В. Калюжныйдың баланың құқықтарын қорғау проблемасы бойынша «Эра-ТВ» телеарнасында «Заң мен қоғам» телебағдарламасында сөйлеген сөзін, азаматтық және саяси құықтар бөлімінің бас сарапшысы  
Ф. Ручкиннің ағымдағы жылғы 27 сәуірде «Экспресс К» газетінде жарияланған «Как защитит право осужденных» атты мақаласын, экономикалық, әлеуметік және мәдени құқықтар бөлімінің меңгерушісі  
Т. Берекетовтың 2004 жылғы 18 маусымдағы «Панорама» газетіндегі «Жалобы, поступающие омбудсмену, свидетельствуют о неудовлетворенности пенсионеров размерами своих пенсий» атты сұхбатын, экономикалық, әлеуметік және мәдени құқықтар бөлімінің консултанты Д. Ерниязованың «Астана» телеарнасында мүгедектерді ықпалдастыру проблемалары жөнніде сөйлеген сөзі және т.б. атауға болады.  
Еліміздің қоғамдық саяси өміріндегі маңызды оқиғалар, Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері және Біріккен ұлттар Ұйымы атап өтетін халықаралық құқық қорғау күндері ағартушылық қызметте ақпараттық дәлелдерге негіз болады. Оларға сәйкес жоспарлар әзірленіп, Уәкіл аппаратының қызметі оның шеңберінде БАҚ-та орналастыру үшін материалдар дайындауды жүзеге асырады. Мысалы, Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары күнінде 2004 жылғы 29 мамырдағы «Экспресс К» газетіндегі Г. Матхаликованың «Девичья фамилия – «26-я точка» арнайы мақаласы бастау болды, онда тоталитаризмге және жаппай саяси қуғын-сүргіндерге, оның көріністеріне қатысты құқық қорғаушының ұстанымын көрсететін Уәкілдің түсіндірмесі келтірілді. Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған іс-шаралар кешені шеңберінде жалпы ұлттық газеттер «Егемен Қазақстанда» (2004 жылғы 28 тамыз) және «Казахстанская правдада» (2004 жылғы 27 тамыз) Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің әрбір азамат үшін негізгі мағынасы және онда жазылған құқық қорғау санаттарын іске асыру жөнінде өз ойларымен бөліскен мақалалары жарияланды. Аппарат жетекшісі В. Калюжный осы күнге «Қазақстан» телеарнасында берілген «дөңгелек столға» қатысты. Сондай-ақ 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні және 10 қазан – Мүгедектер күні әлеуметтік осал топтың да, балалар мен мүгедектердің де проблемалары көтерілген «Астана» теледидарында экономикалық, әлеуметік және мәдени құқықтар бөлімі мамандарының сөйлеген сөздерінде атап өтілді.  
Бұқаралық ақпарат құралдары барлық іс-шараларға шақыру, іскерлік және жұмыс кездесулері еліміздің өңірлерін жоспарлы аралау, тергеу изоляторларында, пенитенциарлық мекемелерде, қарттар мен мүгедектер үйлерінде және Адам құқықтары жөнінлегі уәкіл аралайтын басқа да мекемелерде өткізілетін азаматтарды қабылдау жақсы дәстүрге айналды. Осыған байланысты, республика облыстарындағы объектілерді аралау кезінде ақпараттық жұмысқа көп дәрежеде өңірлік басылымдардың іске тартылуы көрсеткіш болып табылады, бұл оқушылыр мен көрермендер аудиториясын елеулі кеңейтеді, құқықтық ақпаратты өзектендіруде өңірлік ерекшеліктерді ескеруге мүмкіндік береді.  
Бұқаралық ақпарат құраладарымен өзара іс-қимыл Укәілдің қызметі туралы бір жақты материал ұсынумен аяқталмайды, ол нақты өмірде орын алған адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзу немесе шектеу фактілері туралы олардан маңызды мәліметтер алуды да көздейді. Уәкіл бұқаралық ақпарат құралдарынан жедел ақпара алу мүмкіндігін жоғары бағалайды, осыған байланысты Уәкіл аппаратының қызметкерлері қазақсатндық және шетелдік баспасөз материалдарының күнделікті мониторингін жүзеге асырады, адам құқытарының проблемалары жөніндегі сөз сөйлеулердің, мақалалар мен хабарламалардың дайджестін қалыптастырады.  
БАҚ-тың Уәкілдің атына жүгіну фактілері, соның ішінде қазақстандық заңнаманың жекелеген нормалары бойынша түсіндіру немесе қорытынды беру туралы өтініштері ынтымақтастық пен өзара сенімнің көрсеткіші болды. Мысалы, «Инфо-цесс» газеті «Байланыс туралы» заң жобасының 13-бабының халықаралық стандарттарға сәйкестігі мәселесі бойынша Уәкілге жүгінді. Ұлттық құқық қорғау мекемесінің қызметкерлері мен Уәкілдің жанындағы сараптама кеңесінің мүшелері заң жобасына сараптама жүргізіп, журналистер таныстырылған қорытындылар ұсынды.  
Адам құқықтары мен бостандықтары мәселелерінде азаматтарды ағарту және білім беру жұмыстарының өзектілігі мен жанданыра түсу ең алдымен, халықтың құқықтық мәдениетінің жеткіліксіз жоғары деңгейіне қазақстан заңнамасының және халықаралық құқықтың нормаларын толық білмеуі көпшіліктің санасында адамдық қадір-қасиетті құрметтеуге, еліміздің заңдарын және адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын бұлжытпай сақтауға бағытталған құнды бағдардың жоқтығымен байланысты.  
Жас ұрпақтың жаңа демократиялық танымын қалыптастыруда негізгі рөл білім беру жүйесіне тиесілі екендігіне қарамастан, ҚР Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беру мектептерінің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған адам құқықтары жөніндегі мамандандырылған курсты әлі әзірлеген жоқ, ол міндетті оқытылатын пән ретінде тиісті бағдарламаларға қосылған жоқ. Мұғалімдер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әлеуметік және медициналық қызметкерлер, халықтың әлеукметтік осал тобымен жұмыс істейтін және мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарына сай келуі тиіс басқа да кәсіпқой топтар әрқашан халықаралық стандарттар туралы хабардар емес, бұл көбінесе адам құқықтарын бұзудың көзі болып табылады.  
Шектеусіз техникалық және ақпараттық мүмкіндіктер ғасырында құқық қорғаушылар Интернет жаһандық желісінің ауқымдық әлеуетін нашар пайдаланады.  
Адам құқықтары мен білімді түсіндіру және тарату негізгі серіктес бұрынғысынша адам құқықтарын қорғау мәселелеріне қызығушылық білдіретін және Уәкіл институтының қызметін белсене жариялайтын бұқаралық ақпара құралдары болып табылады. Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Оларда адама құқықтарын қорғау және заңдылықты сақтау проблемаларына үнемі тоқталып отыратын тілшілер тіркелген, олардың ішінде Галина Выборнованы («Экспресс К» және «Время»), Виктор Пряниковты («Казахстанская правда»), Александр Тасболатовты («Егмен Қазақстан»), Алтынай Мухамбедьярова мен Асан Қуановты («Юридическая газета»), Индира Төлебаева мен Айбын Шағалақовты («Қазақпарат» агенттігі) және басқаларын атауға болады.


Информация о работе Ағартушылық және білім беру қызметі, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс