Абсолюттік монархия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:34, реферат

Описание

Тақырып өзектілігі. XVғ. 80-жылдары – XVIIғ. 40-жылдары орын алған абсолютизмнің Ұлыбританияда ерекше маңыздылығы болғаны белгілі. Абсолютизм қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық үрдістердің алға қарай дамуына ерекше ықпал етті. Сондықтан, абсолютизмнің орнау тарихын, оның барысында халықтардың өз басынан өткерген абсолютті монархияның әсерлері мен қоғамдық-саяси өзгерістеріне ұшырауын, және көптеген себептердің нәтижесінде Бірінші Стюарттар кезінде дағдарысқа ұшырап, соңында Карлдан кейін абсолютистік режимнің ыдырауын атап көрсету және білу маңызды.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3-5
I. Ағылшын абсолютизмінің орнауы.............................................................6-16
1.1. Тюдорлардың абсолютті монархиясы...................................................6-11
1.2. Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютизмнің шарықтау шегі...............11-16
II. Бірінші Стюарттар кезіндегі ағылшын абсолютизмі...............................17-24
Стюарттар абсолютизмінің кризисі.....................................................17-20
Абсолютті монархияның құлауы.........................................................20-24

Қорытынды.......................................................................................................25-28
Деректер мен әдебиеттер тізімі.......................................................................29

Работа состоит из  1 файл

Англия Монархия.doc

— 194.00 Кб (Скачать документ)

     Корольдің жақын кеңесшісі граф  Стаффорд басында парламенттік  оппозицияның жағында болатын,  бірақ паламенттің корольден  әлсіз екенін түсінген соң корольдің жақтасына айналады. Оның ойынша егер король шешімді болса ол парламентті жеңіп шексіз билік жүргізгенде король оның көмегін қажет етеді. Осы граф Стаффорд ирландықтардың көтерілісін сылтау етіп, Ирландияның наместнигі болып сайланады. Одан кейін Стаффорд корольдің бұйрығымен әскер жинай бастайды. Ал осы графтың көмекшісі Кентерберийлік архиепископ Иод «еретиктерге» қарсы қатаң саясат жүргізеді. Олар ағылшын шіркеуіне және үкіметке қарсы шыққан пуритан-әдебиетшілерді қуғынға ұшыратып, қамауға алған. Сонымен қатар 1635ж. үкімет король қазынасын көбейту мақсатымен ерте кездегі салықты – кеме салығын жинау туралы шешім қабылдайды. Парламент осы кезден болмағандықтан үкімет оны жағалаудағы графтіктерден ғана емес бүкіл халықтан жинай бастайды. Бұдан бас тартқандарды қамауға алатын   /39/. 

    XVII ғ. 20ж. аяғында елдің экономикалық  жағдайы тұрақсыз болады. Европадағы  соғысқа байланысты сауда қысқарып, жаппай жұмыссыздыққа өнеркәсіптің  стагнациясына әкелді. Ал 1629-1631ж.  урожайдың нашар болуы, бұл жағдайды одан сайын әлсіретті. Көптеген графтіктердің судьялары өрістеп келе жатқан қатер туралы хабарлағанда, халықтан үкіметке жағымдар келе бастады. Осыған байланысты 1631ж. Эссекс және Суффолк графтіктерінің  жұмысшылары былай жазған «Енді олар өте қиын жағдайда, тіпті нан жетпегендіктен өздерінің құрал-саймандарын, төсектерін сатуға тура келді ». Бірақ XVII ғ. 30ж. қарай экономикалық жағдай біршама жақсара бастады.

   Жалпы Карлдың сыртқы саясаты  ешбір корольден ерекшеленбейтін.  Оның француз-католичкасымен неке құру туралы жайт, бүкіл халықтың наразылығын туғызды. Себебі католиктік дворяндарға реакционды ықпалдың күшею қаупі төніп тұрды. Одан кейін 1627 ж. Англия Франциямен одақтасудан бас тартып, Ла-Рошелидің гугеноттарына көмек беру туралы шешім қабылдағанда қайтадан наразылық өрісі бұрқ еткен болатын. 1629 ж. Англияға Франциямен одақ құруға тура келді. Сонымен қатар Европада шведтік ықпалдың кеңеюінен қорыққан Карл Дания, Швеция және Голландиямен «Отызжылдық соғыста біріге әрекет ету туралы келісімін» бұзып, Балтық теңізінен өз флотын қайта шақырып алып, 1630ж. Испаниямен «Мадрид келісіміне» қол қояды. Англияға бұл соғыс бірнеше зардап шеккіздірді. Герман протестанттары ешбір көмексіз қалды, ал Вест-Индияда ағылшын саудасы туралы мәселе сол күйінде шешілінбей қалды. Ал үкімет болса арықарай сауда буржуазиясының мүддесін көздей берді.

   Осының барлығы ағылшын флотына  кері әсерін тигізді. Егер Елизавета  I-ші кезінде Англияның қолында  ең үлкен әскери флот болса, XVIIғ. Нидерландыда, Францияда кемелерді қарқынды жасау басталғанда, Англия артқа қарай шегінді. Мысалы 1558ж. Армадаға қарсы 34 кеме қойса, 1641ж. Англияның тек 42 кемесі ғана болған. Ал ағылшын әскери флотын күшейту үшін қаржы керек болды. Бірақ бұл Стюарттар кезінде мүмкін емес болған.

      Англияға Тюдорлардан 1534 ж. құрылған  ағылшын шіркеуі жетті. Рим  папасы ағылшын дінбасыларын  басқарудан айырылып қана қоймай, одан келетін табыстардан да  айырылады. Ал ағылшын шіркеулерінің  діни басшысы король болады. Осы  кезде үкімет монастырьлерді жойып, олардың жерлерін, мүліктерін конфискілеген. Католицизмнің кейбір догматтары болса протестанттықтарға ауыстырылды. Бірақ шіркеу аристократиялық, яғни жоғарғы таптың мүддесін көздейтін болып қала берді. Жаңа шіркеуде діни наным-сенімдер ағылшын тілінде болды. Дінге сенушілерге неке құруға рұқсат берілді /40/.

    Екінші периодта Карл жалғыз  өзі шексіз билік жүргізді. Ең  басты мәселе салық жинау болып  қала берді. Яғни салық негізінен  жоғарғы таптардан жиналғандықтан, король олардың қолдауынан айырылып қалды. Қаржылық және шіркеулік саясаты қоғамның жаппай наразылығына әкелді; бұл периодтың соңы Шотландиядағы оқиғаның себебінен аяқталды. Шотландия шіркеулерінде ағылшын үлгісі бойынша дінге табыну әрекеттері, шотландықтардың ұлттық сезімдеріне және діни наным-сенімдеріне қайшы келді.  Осыған байланысты ағылшын парламентті 1640 ж. сәуірде жиналып, 23 күннен кейін ешқандай ортақ шешімге келмегендіктен қайта таратылып жіберіледі. Ал осы кезде шотландықтар Англияға басып кіреді, келесі парламент, яғни «Тұрақты парламент» 1640 ж. 3 қарашада жиналып, корольдің шексіз билігі шектелуге тура келеді.

   Енді парламент мүшелері барлығы  абсолютистік режимді тоқтатуға  келісіп, біріге әрекеттер ойластыра  бастайды. Олардың бірінші мақсаты  – корольдің министрін, граф Стаффордты лауазымынан босату болатын. Алайда оны жазаға тартатын ешбір дәлелдемелер болмағандықтан, парламенттік билль арқылы оның азаматтық және меншіктік құқықтарынан айырады. Сонымен қатар сол кезде парламенттің қабылдаған акті бойынша ол әр үш жыл сайын шақырылып тұруы қажет болды. Және де парламент тирания инструменті ретінде пайдалана алатын «Жұлдызды палата» секілді төтенше трибуналдарды жойып, қазынаға өзінің бақылауын орнатады. 1641 ж. «Ұлы ремонстрацияны» қарастырғаннан кейін парламент екіге бөлініп, корольді тақтан айырып, мемлекетте және шіркеуде радикалды бағытқа өтуді көздейді. Бұл абсолютизмге қарсы болған роялистер болып қала берген қалыптыларды қанағаттандырмаса да, дінде англикандықты сақтап қалды. Ремонстрацияға парламенттің 11 дауыс айырмашылығымен ғана қол жеткізілді. Сол кезде Карлдың жақтастары азайып, бұл жағдайды жөндеуге талпынғанда керісінше 1642 ж. азаматтық соғысқа әкеледі. 

   Парламент және роялистер өздерін  Англияның конституциялық еркіндігі  үшін күресіп жатыр деп санады. Ақсүйектердің және қауым палатасының кейбір мүшелері роялистер болған. Ал корольдің негізгі тірегі ауылдық ұсақ дворяндар болып қала берген. Парламенттің негізгі тірегіне барлық сауда орталықтары жататын. Солтүстік, батыс және оңтүстік-батыс роялистердің үстемінде болатын, ал шығыс және оңтүстік-шығыс парламентарииге бағынатын. Елдің бірде бір бөлігі, қоғамның табы  бұл екі топтан тыс болмаған.

    XVII ғ. 40 ж. Англия әлі де абсолютисті мемлекет болатын. Король билігіне бағынған парламент сословиелік орган деп аталатын. Ал қауым палатасының көп бөлігін 40 шиллингтік жер цензасы арқылы еркін жериеленушілер сайлады. Шаруалардың, тіпті фригольдердің де сайлауға құқысы болмаған. Төменгі палатаға «құрметті» адамдар, яғни жағдайы жақсы дворяндар, ал корпоративті қалалардан – бай адамдардың өкілдері (көпестер, финансистер, юристер) сайланатын.

   Капитализмнің дамуы мемлекеттердің  саяси жағдайында да байқалды.  Буржуазия және жаңа дворяндар   үкіметтен олардың талабын орындауды  талап еткен. Абсолютті монархия  кезінде буржуазияның наразылығын корольдің өндіріс монополияларына патенттерді сатуы келтірді. Король билігі өте ірі ақша соммасын кәсіпкерлерден алып оларға көптеген жеңілдіктер ұсынды. Алайда король бұндай  жолмен сауда-өнеркәсіптік буржуазияның пайдасын азайтты. Ал монополистер болса, ішкі рынокта жоғары бағалар қойғандықтан, ағылшын буржуазиясына бірігіп, олардың лозунгтары «еркін сауда» болды. Абсолютизм стандартты өндірісін статутын, сауда регламентациясын, оқушылар санын және міндетті түрдегі 7 жылдық тәжірибенің болуын талап етті. Карл осындай жолмен, көптеген штрафпен қазынаның пайдасын көбейтті. Абсолютизм саясаты мануфактуристер мен саудагерлердің ұйымдасушылықпен ұстап отырды /41/.

   Буржуазияның және буржуазияланған  дворяндардың байюы олардын мүдделерін қанағаттандыруға жол ашты. Олардың бұл әрекеттері абсолютизмге қарсы күштердің наразылығын туғызды.

  Әлеуметтік-экономикалық  дамулармен қоса пуританизмде  кеңейе бастаған. Ал король епископтерді  және басқа сановниктерді сайлаған: шіркеуді мемлекет қаржыландыратын және шіркеулік десятина халықтан жиналатын. Пуритандар болса осыған қарсы болған.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

   Корольдің күші әлсіз болғандықтан, әрбір қате істелінген іс оның  толығымен жеңілісіне әкелетін  еді. 1643 ж. парламент келесі одаққа  бірігеді – Салтанатты Лигаға  және Шотландиямен Ковенантқа.  Осыған қатысты парламент Англияда  пресвитариандықты таратуға ұсынады: екі  елдің де наным-сенімдері, шіркеулік құрылысы, дәстүрі ортақ болу керек болды. Ал парламенттік әскерді реорганизациялаудың нәтижесінде компитентті болмағандықтан көптеген әскери басшылар өз лауазымдарынан босатылады. 1645ж. роялистер Нейзбидегі жеңілісінен үлкен зардап шегеді. Ал 1646ж. мамырда Карл шотландықтарға қарай жылжып, сол жақтан парламентпен ұзақ келіссөздер жүргізді. 1647ж. король өзінің жауларының қолына беріледі.  Компромисске жету әрекеттері жоққа шығады. Корольдің өзін жақтау талпыныстары да сәтсіз болады. 1648ж. әскери істер көктемде және жазда қайта жанданады. Әскер бұйрығын орындағысы келмеген қауым палатасының бірнеше мүшелері өз орындарын босатып, корольге жаза қолданатын «Жоғарғы сотты» тағайындайды. 1649ж. 20 қаңтарда король мемлекеттік опасыздық жасады деген айыппен 30 қаңтарда өлім жазасына кесіледі /42/. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                        
 

Қорытынды 

      1485 ж.-1625ж. дейін созылған ағылшын  абсолютизмінің негізгі ерекшелігі  оның көпжылдық Роза соғыстарының нәтижесінде орнауы. Өйткені, бұл соғыс барлық феодалды ақсүйектерді жойып, рыцарьлар сенген Тюдорлар династиясын алдыңғы қатарға шығарады. Рыцарьлар қазынаны толтырушылар болғандықтан, олардың қатарына барлық байларды үлкен ценза арқылы алатын.

     Бірінші абсолютті монарх Генрих VII-ші болады. Ол өзін шіркеудің  басшысы деп жариялап, оның бүкіл  мүлігін (жерлер, алым-салықтар, артықшылықтар)  өз меншігіне айналдырады. Абсолютті  монархия негізінен дворяндардың  мүддесін көздеген.  Алайда бұл буржуазияға да тиімді болған. Ағылшын абсолютизмі аяқталмаған сипатта болды. Себебі парламент те, жергілікті өзін-өзі басқару органы да болған. Сонымен қатар тұрақты әскері болмады. Ал әскери күштермен қатар полициялық жүйе болды. Тюдорлардың қолында үлкен билік болды, олар барлық жердің 1/5 бөлігін иемденді. Ал Генрихтің құпия кеңес құруы үлкен қателік болды себебі, кеңес үлкен күш жинаған сайын Генрихке абсолютті монарх болуға жол бермеді. Тюдорлар кезінде парламент король деспотизмінің қаруына айналды, бірақ король осы кезде тек парламенттің бұйрығын орындағандай болып, парламентке қарсы халықты қоймақшы болады.

     Күшті король билігінің тенденциялары  Эдуард IV-ші Йорк кезінен-ақ байқала  бастады. Алайда абсолютті монархияның  нағыз негізін қалаушысы, яғни Роза соғыстарынан кейінгі таққа отырған Генрих VII-ші Тюдор болған.  Тюдорлардың басқару периоды 125 жылдан сәл аз болған. Яғни Генрих VII-шіден (21 тамыз 1485ж.) оның немересі Елизавета (24 наурыз 1603ж.) қайтыс болғанға дейін созылған. Бұл жылдарды негізінен жаңа Англияның өркендеуінің негізі, ал 1485 ж. Тюдорлардың билігі өте маңызды болғандықтан Орта ғасырдан Жаңа ғасырға өту кезеңі деп атайды. Көптеген жылдар бойы Ұлыбритания Европаның шеткерленген жері деп саналып келген, тіпті Батыс Европаның рухани және көркем өнері оған қатысы болмаған. Осылай ғылымның қайта өрлеуі 15ғ. Англияға ешқандай әсер етпегендіктен оның интеллектуалды өмірі 13-14 ғ.ғ. қарағанда төмендеп кеткен болатын. Ал Ағылшын ренессансы болса Тюдорлар кезінде ғана дами бастады. Жалпы осы Тюдорлар кезінде Англия Уэльспен жақсы қарым-қатынас орнатты. Англияға сол кезде елде бейбітшілік орнататын орталықтанған күшті билік керек болатын.

         XVI ғ. ағылшын государьларының  француздармен салыстыра алатын  бюрократиялық аппаратының, тұрақты әскерінің болмауы, Францияның XVғ. жағдайындай болды. Тюдорлар сословиялық өкілдерсіз басқара алса да, олар Стюарттар сияқты парламентті таратпай, XVI ғ. аяғына дейін, оның талаптарын орындап, біріге жұмыс істей берді. Монархияның шіркеуді билеуі Англияға типтес болып, дворяндармен буржуазияның прогрессивті топтарының реформацияға деген қызығушылығына байланысты жүзеге асырылды.

    Тюдорлар Англиясы өте ауыр  кезеңді бастан өткізді. Бірақ  ол Франциядағыдай «діни  соғыстарға»  ұшыраспады, себебі Англияда діни фанатизмге қарағанда, монархия күштірек болған. Алайда Тюдорлар реформациясының да кері әсері болды. Себебі, Генрих VII-ші, Эдуард VI-шы және Марияның кезіндегі шіркеу саясатының өзгеріске ұшырауы, сауданың және ауылшаруашылықтың экономикалық кризисіне ұшыратып, бағалардың жоғарлауына әкелді. Сонда да бағалардың өсуі халыққа әлемдік конъюктура деп түсіндірілген.

     Ағылшын абсолютизмінің дағдарысы  XVI ғ. 90 ж. Елизавета билігінің  соңғы жылдарында байқалына бастады.  Алайда бірінші Стюарттар кезінде ол ішкі және сыртқы саяси бағыттың анықтаушы факторына айналды. Абсолютизмнің формалары және билік тәсілдері неғұрлым әсерлі болған сайын, соғұрлым ол әлсірей бастады және Стюарттардың өзара бақталастығы өрістей берді. Яғни олардың тек корольдің ғана ешбір парламентсіз, сословиялық өкілдердің қатысуынсыз заң шығару тілегін жүзеге асыру әрекеттері абсолютті монархияның жүйесін реакционды сипатқа әкеліп біраз әлсіретеді. Ал неғұрлым таптық күрес өрістеген сайын, соғұрлым қоғам феодалдық құрылысқа біріге бастады.

Информация о работе Абсолюттік монархия