Алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 15:57, реферат

Описание

XIXғасырдың II жартысы қазақ халқының экономикалық, саяси-әкімшілік және мәдени дамуындағы елеулі прогрестік роль атқарған белгілі кезең болғаны мәлім. Бұл кезең Қазақстан терреториясын толықтай Россия мемлекетінің қол астына кіруінің аяқталуымен тікелей байланысты еді.
1868-69 жылдардағы патша өкіметінің қыр облыстарын басқару жөніндегі ережелері Қазақстанда ел билеу, әкімшілік жүйесінің жаңа түрін енгізді. Қазақстан терреториясы 3 генерел-губернаторға бағынған 6 облысқа бөлінді, ал облыстар уезге, уездер болыстарға, олар ауылдарға бөлінді.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ газеттері.doc

— 68.50 Кб (Скачать документ)

Алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі 

        XIXғасырдың II жартысы қазақ халқының экономикалық, саяси-әкімшілік және мәдени дамуындағы елеулі прогрестік роль атқарған белгілі кезең болғаны мәлім. Бұл кезең Қазақстан терреториясын толықтай Россия мемлекетінің қол астына кіруінің аяқталуымен тікелей байланысты еді.

1868-69  жылдардағы патша өкіметінің  қыр облыстарын басқару жөніндегі  ережелері Қазақстанда ел билеу,  әкімшілік жүйесінің жаңа түрін  енгізді. Қазақстан терреториясы 3 генерел-губернаторға бағынған 6 облысқа бөлінді, ал облыстар уезге, уездер болыстарға, олар ауылдарға бөлінді. Орал және Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторына, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір генерал- губернаторына, Жетісу және Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторына қарады. Патша өкіметі бұл кезде өзінің отаршылдық саясатын жүргізуде татар тілмаштарының «көмегімен» бас тартып, қазақтың ұлттық буржуазиясына арқа сүйей бастады.  Патша әкімшілігінің бұйрық-жарлықтарын жергілікті әкімдерге өз тілінде жеткізу, отаршылдық саясатты күшейте түсу, өкілеттік құжаттарды жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, патша өкіметінің ресми көзқарастарын халық арасына кең тарату мақсаты қазақ тілінде шығатын газетті қажет етті. Сөйтіп алғашқы газеттер жергілікті әкімдердің қазақ елін басқару ісін жеңілдету ниетімен шығарыла бастады.

      Ташкентте 1870-1882  жылдар аралығында «Түркістан уәлиятының газеті», Омбыда 1882-1902  жылдар арасында «Дала уәлиятының газеті» ,1895 жылдан бастап Тройцкіде «Торғай газеті» шығып тұрды. Бұл газеттер ресми орган болуына қарамастан қазақ әдеби тілін дамытуға, оның бір тармағы ресми іс қағаздар тілін  дамытуға үлкен үлес қосты. 

Түркістан уәлиятының газеті (1870-1883) 

     Қазақ тіліндегі алғашқы газет Түркістан генерал — губернаторының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылы жарық көрді. Газеттің алғашқы нөмері «Түркістан  уәлиятының газеті» деген атпен «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылдың 28 апрелінде шықты. Газеттің бірінші нөмерінде басылған мәлімнамада «Түркстан генерал- губернаторының бұйрығы бойынша үшбу айдан бастанып  Түркстан газеті шығады.    Осы газеттерде бәрі жұртқа мәлім болмақ үшін генерел-губернатордың әр түрлі бұйрығы жазылар  және жаңа қабарлар, сауда тақырыпты жазылар және Ташкентте уа өзге шахарларда болған әр түрлі сөздер уа қабарлар жазылар. Бұл газет орысшадан басқа сартша, қазақтарға керектісі қазақша болып жазылар» делінген. Газеттің айына 4  нөмірі (екеуі қазақша, екеуі өзбекше)шығып тұрды. Газет алғашқы хабарламада «Түркстан ведомстыларына» қосымша делінгенмен, көп ұзамай-ақ өз алдына жеке газет ретінде шығып тұрған. Газет редакторы он жылдан астам уақыт бойы генерал-губернатордың тілмашы Ш.М Ибрагимов болды. «Шагимардан Мирасович Ибрагимов (1841-1891) Ш.Уалихановтың жақын достарының бірі болған, ұлты-башқұрт, көп жылдар бойы Петербургта, Ташкентте тұрып, тілмаштық қызмет атқарған. Әуелі коллежский советник, кейін статский советник чинін алған адам.1881жылы Қашқарға, кейін араб елдеріне консул болып кеткен.

      Газеттің  негізгі бағдарламасы-үкіметтің  бұйрық жарлықтарын, сот орындарының  үкімдерін, сауда хабарларын, Россия және басқа мемлекеттердің өмірінде кездесетін оқиғаларды, шаруашылық хабарларын жазып тұру болды.

Сонымен қатар мұнда қазақх халқының тарихы, мәдениеті, әдебиетіне қатысты материалдарда жарияланды. Материалдар мазмұнына қарай негізгі екі топқа бөлінеді: ресми және ресми емес. Ресми материалдарға үкімет бұйрықтарын, кейбір саяси экономикалық мәселелер, ресми емес бөлімге жай корреспонденциялар, тарихи мақалалар мен көркем әдебиет үлгілері жатты. Газет материалдары публицистикалық, ғылыми, көркем әдебиет және ресми іс қағаздар стилінде жазылады.

      Газеттің 1877 жылғы 2 марттағы номірінде оның тиражы туралы «Осы февральдің жиырма үчінчі күніне че (шейін Б.А.) біздің қазақ тілінде басылатұғын газетті алатұғын кісінің есебі екі жүз қырық кісі» деп көрсетеді.

Газеттің 1882 жылғы 4-нөмерінде «Дала генерал  губернаторлығының» құрылып жатқандығы, оның орталығы Омбы қаласы болып, оған Ақмола, Семей, Жетісу облыстары қарайтындығы айтылады. Түркістан генерал-губернаторының ұлықсатымен шығып тұрған «Түркістан уәләятыны газетінің» қазақша бөлігінің 1883 жылы жабылуына  осы жағдай себепші болған болуы керек.

Дала  уәләятының газеті (1888-1902) 

       Қазақ тіліндегі екінші газет алғашқы газет жабылғаннан кейін 5жыл өткен соң, 1888 жылдың  1 январынан бастап жаңадан құрылған. Дала генерал- губернаторының органы ретінде оның әкімшілік орталығы Омбы қаласында шыға бастады. Газет алғашында Ақмола облыстық ведомостваларына жалғама ретінде (орысша «Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям» деген атпен), кейін 1894 жылдан бастап Ақмола, Семей, Жетісу облыстарының ведомстларына жалғама ретінде «Дала уәләятының газеті» деген атпен (орысшасы- «Киргизская степная газета») жұмасына бір рет өз алдына бөлек шығып тұрған.

      Зерттеуші Б. Әбілқасымов: «Орысша ''Киргизская степная  газета'' деп атау керек» , деген ұсыныс түседі, бірақ газет редакциясының  неге екені белгісіз бұрынғы атын өзгерпей қалдырғанын көреміз. «Дала уәләятының газеті», 1886, №32деп жазады. Газетті шығарушы және оның бақылаушысы Дала генерал — губернаторы болды.

      Газет «Ақмола облыстық ведомстыларының  баспаханасында басылып, Қазақстанның барлық түкпір – түкпірінде дерлік тараған. «Газеттің редакторы ретінде әр уақыт И.Козлов, К. Михайлов, Г.Абаза деген кісілер қол қойып отырған, қазақшасын үзбей басқарған, яғни «старший переводчик» қызметін атқарған Ешмухамед Абылайханов болды.

  Бұл газет шығарудағы патша  үкіметінің алдына қойған мақсаты генерал-губернатор Таубенің 1893 жылғы 11 декабрьде бекітіп берген газет бпғдарламасында көрсетіледі. Ол бағдарлама бойынша газет «жоғарғы ұлықтардың қазақ даласына қатысты бұйрық -жарлықтарымен қазақтарды таныстырып тұруға, сондай-ақ олардың арасына елдің табиғаты, тұрмысы, шаруашылық жайы (мал шаруашылығы, егіншілік, айырбас сауда т.б) және мәдени өмірі (әдет-ғұрып, өсиет, ертек, әңгіме, халықты сауаттарндыру т.б.) туралы хабарларды таратуға» тиісті болды. Шын мәніндегі көздегені – қазақ халқын ағарту емес, үкімет жарлықтарын қазақ тілінде тарату арқылы оны сөзсіз орындаттыруды қамтамасыз ету, жергілікті халықты басқаруды жеңілдету, қазақтың артта қалған патриалхалды шаруашылығын біраз ілгері көтеріп, оны патша үкіметінің шикізат жөніндегі қажетін өтейтін дәрежеге жеткізу,сондай-ақ, қазақтың өз тілін дамыта отырып, сол кездің өзінде «патша үкіметін орыстандыру саясатына зиянын тигізе бастаған» шағатай, түрік, татар тілдерінің ықпалына қарсы күресу болды. Сөйтіп, өзінің отаршылдық саясатын одан әрі күшейте беру саясатын ұстанды.

      Газет екі бөлімнен тұрды: ресми және ресми  емес. Ресми бөлімінде ( «Бұйрықтар жазылатын бөлегі» газеттегіше) патша өкіметінің жергілікті әкімдерінің  қазақтарға қатысты бұйрық-жарлығы  жарияланып отырды. Ресми емес («Бұйрықтан басқа сөздер жазылатын бөлегі») бөлімінде ел басқару жайы, егіншілікті өркендету, отырықшылыққа көшу, сауда хабары, мәдени хабарлар, көршілес ел жаңалықтары т.б жарияланады. Газет тиражы жайлы зерттеуші Б.Әбілқасымов: «Газеттің тиражы жайлы бізге мәлім емес, бірақ бір мәліметте газетке ''міндетті жазылушылар'' дегеннің  (болыстың, ауылдың қызмет адамдары) саны1332 адам екені көрсетіледі» деп жазады.

Газет редакциясы кейде жоғарыда бекітілген бағдарламадан шығып кетіп, қараңғы  халықтың көзін ашатын материалдарды  жа  басып отырған. Газеттің кейін жабылуына да осы жағдай себеп болған сияқты.

   

Алғашқы қазақ газеттеріндегі ресми іс қағаздар тілі 

     Фонетика-орфографиялық ерекшелігі. Газеттер араб әліппесінің әріптерін пайдаланған. Басқа системадағы тілдін дыбыс жүйесін  бейнелейтін бұл  алфавит, қазақ тіліне қанша ыңғайласа да, оның дыбыстық жүйесін дәл бере алмады. Бұны дауысты дыбыстар таңбасының жеткіліксіздігінен байқауға болады. Қазақ тіліндегі 9  дауысты дыбыс бар — жоғы 3 таңбамен таңбаланды. Басқа түркі тілдері сияқты, қазақ тілінде де сөз мағыналарын өзгертуде дауысты дыбыстардың үлкен рөль атқаратындығын ескерсек, әр түрлі дауыстылардың бір таңбамен таңбалануы сөз мағынасын ашуда үлкен қиындық келтіргені мәлім а, ә, е дыбыстарын таңбалау үшін 1 әріп, ы, і, и, е дыбыстарын таңбалау үшін 1 әріп, о, ө, ұ, ү, у дыбыстарын таңбалау үшін 1  әріп қолданылды.  Сондықтан сөз құрамында әр топтағы дауыстының қайсысы келіп тұрғанын тек контекске қарап ажыратуға болатын еді.

      Газет тілінде буын үндестігі сақталып отырған. Ал ерін үндестігі қазіргі әдеби тіліміздің нормасы бойынша сөздің соңғы буындарында кездеспейді, айтылуда естілсе де, жазуда еленбейді. Ал газет материалдарында еріндік дауыстылар сөздің барлық буынында жазылған. Мысалы, болұс, ұлұғ, үйсүн, орұс, жұмұс, бұйрұқ, оқұб, орнұғыб, түсүндүрсе т.б. «Сол кезде қазақ тілінде бар дауыссыз дыбыстар арб әліппесіндегі әріптер арқылы толық таңбаланған. Араб әліппесінде жоқ әріптер парсы тілінен алынып толықтырылған. Мәселен араб тілінде жалпы п, ғ, ч дыбыстары жоқ болғандықтан, алфавитте оның таңбалары да болуы мүмкін емес еді. Мұндай жағдайда ол дыбыстарды таңбалау үшін, парсылардың қолданылуындай, бұрыннан бар әріптерге шартты белгілер қосып отырған. ...Арабта да, парсыда да жоқ ң дыбысын таңбалау үшін шартты түрде н мен к нің қосындысы  ... алынған».

      «Дала уәлиятының газетінде» п әріпі тек  араб, парсы, орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылған. Мысалы, пайда, падша, переуад, прикуар, положениа, партиа т.б. Ал қазақ  сөздерінде мағынаға нұқсан келмейтін  жердің бәрінде п орнына б әрпін жазу жүйелі түрде орын алған. Мысалы, көб (көп), тапбтық (таптық), жазыб (жазып) т.б.

      Газет тілінде г әрпінің орнына к  әріпінің жазылуы жиі кездеседі. Мысалы, кенерал (генерал), кубернатор (губернатор), казета (газета), кимназия (гимназия), залок (залог), акроном (агроном). Г, к фономалары жасалу жолдары бірдей, бірі — ұяң, бірі – қатаң дыбыстар. Г әріпінің орнына к – нің жазыла беруі, біріншіден, бұл дыбыстардың жалпы түркі тілдеріндемағына ажыратарлық функциясының болмағандығынан болса керек. Н.А Басқаков бұл дыбыстардың фонемалдық мәнге  ие болуларын араб парсы тілдерінен сөз ену дәуірімен байланыстырады.

      “…  сөз  мағынасына нүқсан келмейтін  жағдайда г орнына к әрпін жаза беру тәжірибесі тек жалғыз баспасөз материалдарында ғана емес, революцияға дейінгі қазақ жазбаларының бәрінде дерлік кездесетін жайт”.

“Түркістан  уәләяты”, “Дала уәләяты” газеттерінде в фономасын белгілейтін таңба  кездеспейді. Сондықтан в дыбысын  у, б, ф әріптерімен таңбалап отырған. Мысалы, Уайаннай кубернатор (военный  губернатор), переуад (перевод), зауад (завод), фиурал (февраль), сауетник (советник), общестуа (общество), чинобник (чиновник), добереность (довернность), бистафка (выставка), Ибаноф (Иванов), Абылайханоф (Абылайханов) т.б.

      Газеттерде  қазақ тіліндегі дыбыс үндестігі  көп жерде еленбей, түбірге қосылатын  қосымшалар түбірдің соңғы дыбысына үндеспей жалғана берген. Мысалы, көч – белі (көшпелі), уақыт – дан (уақыттан), казит – ді (газетті), іс -

ден (істен), міндет — лі, (міндетті), ұлығ — лары  - ның (ұлықтарының) , тақырыб — ды (тақырыпты) т.б,

      Түбірдің  қандай дыбысқа  аяқталғанына қарастан газеттерде көптік жалғаудың  тек  - лар, - лер варианты қосылып отырған. Мысалы, халық — лар, тіл — лер, фарман — лар, сөз — лар т.б - дар //- дер вариантын қолдану сирек кездеседі. Мысалы, халық – дар, тоб – дар, оқу – дар т.б.

      Жалғау, шылаулардың бөлек, бірге жазылуында белгілі заңдылық байқалмайды. Мысалы, ілік септігі қосымшасы өзі жалғанған сөзден бөлек жазыла береді. Ал да де ғой, ақ, соң шылаулары өзінің алдындағы сөзбен үнемі дерлік бәрге жазылып отырады. Масалы, түскенсоң, чақырымдайақ, қалғандағана, болғансоң т.с.с.

      Менен (бірлән, білән, илан, мен) тұлғасы көмектес септігі қызметінде келсін, жалғаулық  шылау ретінде келсін сөзден бөлек  жазылып отырған.

Жеке  компоненттері танылмастай болып  кірігіп кеткен сөздер болмаса, екі  сөз  қатар тұрып бір мағынаны бергендер, олар бөлек жазылған. Мысалы, от арба (поезд), бөтен жұрт (иностранный), фарман нама (приказ) т.б. Қазіргі тілімізде жігі білінбей кірігіп кеткен «биыл», «бүгін» сөздері «бұ жыл», «бұ күн»түрінде жазылған. Мысалы, семей оязы Кереку Қарқаралының  нече жылдан бері зарығып тоқсан сиезі бұ жылда болды. («Дала уәләятының газеті»,45, 1899 жыл» Түркістан казиті бұ жылда да бұрынғдай Ташкент қаласында басылады.(«Түркістан уәләятының газеті» , 14, 1873)

       Пунктуация. «Дала уәләяты газетінде» араб әліппесінің қолданылғаны мәлім. Арабтарда бергі кезге дейін белгілі ережеге сай қолданылған тыныс белгілері  болған емес. Сондықтан жалғаз қазақ емес  араб әліппесін пайдаланған шығыс тілдерінің қай-қайсысында да көпке дейін тыныс белгілері болмады.

     Ең  алғашқы баспасөзіміз «Түркстан  уәләяты газетінде» ешбір тыныс  белгісі қолданылмаған. «Дала уәләяты  газетінің» алғашқы жылдарындағы  номерлерінде  де тыныс белгі  кездеспейді. Тек қана ұзақ күрделі  ой немесе біртұтас пікір біткенін білдіру үшін екінші ой жаңа  жолдан басталып жазылғаны байқалады. Сол бір абзацтағы  сөйлемдердің өзін бір-бірінен ажырату қиындық келтіреді. 1894 жылдан бастап кейбір  сөйлемдердің жігін  ажыратуға сирек те болса, сызықша, жұлдызша сияқты шартты таңбаларды қолданған. 1896 жылғы 4 августтағы 31-номерінен бастап «Дала уәләяты газетінде» тыныс белгілерінің қазіргі жаңа жүйесі туралы хабарлама жарияланады. Бұл хабарлама газеттің қазақша бөлегінің ең басына, яғни, «Бұйрұқтар жазылатын бөлегі» деп аталатын бөлімінде ресми түрде ірі қаріптермен теріліп берілген. Газет осы хабарламаны сол жылдың аяғына дейін үзбей, әрбір номер сайын бірде бос мақала орнына, бірде «мағлұм нама» деген айдармен жариялап отырған.

Информация о работе Алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі