Алғашқы қоғамдық құрылыс және оның ыдырауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 22:41, реферат

Описание

Алғашқы адам тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.

Содержание

1 Кезеңдері
2 Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуірі
3 Қола дәуірі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті
4 Дереккөздер

Мазмұны

Работа состоит из  1 файл

алгашкы когамдык курылыс.ppt

— 235.50 Кб (Скачать документ)

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина          университеті.

 

                 Факультеті: Жалпы медицина

 

           Кафедрасы: Әлеуметтік гуманитарлық психология

мен педогогика

 

    Тақырыбы: “Алғашқы қоғамдық құрылыс және

оның ыдырауы”

 

Орындаған: Айсұлтан А.Н.

114 “Б”

Тексерген: Сагидулина М.Б.

 

 

 

1  Кезеңдері

2  Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуірі

3  Қола дәуірі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті

4  Дереккөздер

 

Мазмұны

      

 

Тас дәуірінің кезеңдері

 

 Палеолит

 

Мезолит

 

Неолит

 

. Ерте палеолит

 

Орта палеолит

 

Кейінгі палеолит

  • Алғашқы адам тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.
  • Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см/3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырыл- ған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.
  • Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуына сабақтастық барын байқатады.
  • Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis» - пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Ми көлемі үлкейіп, 959 см/3 бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген

     Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жлтасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады. Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөңгелек құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.

            Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.

      Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андроново селосының атымен ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды

      Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғасырлар) түгелдей қамтиды.

      Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. X-XIIIғасыр- лар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңын- дағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жаріне қарай аталған. ДәндібаБеғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3, кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің,тұрпаты ерекше бәйттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.

      Беғазы мәдениеті дәуірінде дерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық қоғамның көрнекті мүшелерінің қабырлары. Тағы малдарды, жануарларды қолға үйрету көшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі.

            Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті. 
Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады. 
Оларға ежелгі адамдар (архантроптар), 
ертедегі адамдар (палеоантроптар) және 
қазіргі адамдар (неоантроптар) жатады. 
Бас сүйек: 1. Дриопитек 2. Аустралопитек (ми көлемі: 450 – 650см3) 3. Питекантроп ( ми көлемі: 750 – 1100см3) 4. Неандерталь адамы(ми көлемі: 1400см3) 5. Кроманьон адамы (ми көлемі: 1400 – 1500 см3) 6.Саналы адам (ми көлемі: 1600см3) 
Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эйсен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің «Pithekos» — маймыл және «anthropos» — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен. 

 

  • Питекантроптың ортан жілігінің құрылысы адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға, ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты оған маймыладам (питекантроп) деген ат берілді. Кейіннен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Питекантроптың қаңқа қалдықтары табылған кезде, әлі де аустралопитектердің де, епті адамдардың да қаңқа қалдықтары табылмаған еді. Сондықтан көп уакытқа дейін питекантроптар адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік. Питекантроптар иесі саналып келді. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға) немесе тік жүретін адамға («ноmо erectus») жатқызады. Ежелгі адамдардың сыртқы дене құрылысының едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрін бір ғана түрге жатқызады. Архантроптар жер бетінде бұдан 1 млн жыл мен 500 мың жылдар аралығындағы кезеңде тіршілік еткен. Бұларды қаңқа қалдықтарының табылған жерлеріне сәйкес питекантроп, синантроп (қытай адамы), гейдельберг адамдары деп те атайды. Ежелгі адамдардың сыртқы белгілері аустралопитектермен, епті адамдармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсас әрі миының салмағы да үлкен. 750, 900 г, кейде 1000—1100 г-дай. Архантроптардың бойының ұзындығы 165—170 см, бұл белгілердің бәрі де олардың қазіргі адамдарға едәуір ұқсас екендігін дәлелдей түседі. Дегенмен архантроптардың қас үсті доғасы айқын байқалады әрі маңдайы тайқы және жазық, иегі алға қарай шығыңқы емес. Ежелгі адамдардың жақ сүйектері ірі, бас сүйегінің бет бөлімі жақсы дамыған, ал ми сауыты әлі де кішілеу. 
    Архантроптардың бір тобы — синантроптар (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. Синантроптардың көп белгілері питекантроптармен
  • салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсайды. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғалымдар Гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Архантроптардың тіршілік әрекеттерінде де күрделі өзгерістер болғандығы байқалады. Олар көбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген. Тастан құралдар жасауды жетілдірген. Тұрмыс қажетіне қарай тастардың шеттерін өткірлеп, үшкірлеп шапқыға, кескіге, қашауға ұқсас құралдар жасай білген. Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктің бірі— сөздің пайда болуы. Сөз ежелгі адамдар арасындағы басты қарым- қатынас құралы болған. Өйткені олардың миының маңдай және самай бөліктерінің жақсы дамуы, дыбыстық ақпаратты қабылдау қабілетінің жақсы жетілгендігіне дәлел болады. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық және Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропа мен Алдыңғы Азия өңірінен де көптеп табылған. Бұл аймақтардан кейіннен архантроптар бірте-бірте Еуропа мен Азияның басқа да жерлеріне таралған деген пікірлер бар. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс мекендері, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа калдықтары көптеп табылды. Басқалардың қаңқа калдықтары табылған емес. Соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары соны дәлелдейді. Тас дәуіріне қатысты тастан жасалынған құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл облысы Қызылту елді мекенінен де табылды. Осындай зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қазақстан жерінде ежелгі адамдардың қоныс мекендері шоғырланған бірнеше аймақты анықтады. Ондай аймақтарға Маңғыстау, Үстірт, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Солтүстіктегі ұсақ таулы Көкшетау және Нарын- Бұқтырма, Ертіс маңы жатады. Архантроптар, негізінен, үңгірлерде өмір сүрген. Көптеген ғалымдар орталық немесе солтүстік Африка жеріндегі архантроптардың топтарынан казіргі адамдар пайда болған деген пікірді қолдайды. 

    

 

 

     Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерктер). А., 1994.4-30-бб.

     Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. А.Т.1., 1996. 1-2-бөлімдер.

     Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А., 1995. 9-25-бб.

     Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2001. 1 бөлім

 

 

 

Дереккөздер


Информация о работе Алғашқы қоғамдық құрылыс және оның ыдырауы