Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:01, реферат
Бүгінгі Әзербайжан жерінде б.з.д. ҮІІІ ғасырда скифтердің бастамасымен Скиф патшалығы құрылды. Дегенменде бұл халықтың өкілдері көптеген ғасырлар бойы Алтай мен Дунай аралығындағы жерлерді мекен еткен. Олар өздерін «сақ» деп атаған. Кейбір дерек көздерінде сақ деген сөз бұғы деген мағына береді
Алтын бұғылар
Бүгінгі Әзербайжан жерінде б.з.д. ҮІІІ ғасырда скифтердің бастамасымен Скиф патшалығы құрылды. Дегенменде бұл халықтың өкілдері көптеген ғасырлар бойы Алтай мен Дунай аралығындағы жерлерді мекен еткен. Олар өздерін «сақ» деп атаған. Кейбір дерек көздерінде сақ деген сөз бұғы деген мағына береді [2].
Қазақ халқы байырғы заманнан бастап өзінің ұлттық дәстүрлеріндегі құндылықтарымен мақтана алатын халықтардың бірі. Ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейін жеткен тарихи-мәдени ерекшеліктеріміз бүкіл дүние жүзін таң қалдыруда. Осыған байланысты қазақ халқы мәдениеті мен дәстүрі, тарихы мен діні берік сақталған ұлттардың қатарында деп толыққанды айта аламыз. Бұған себеп ретінде этнографиялық зерттеулердің қорытындылары, археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде анықталған төл мәдениетімізге қатысты ескерткіштер, ауыз әдебиетіміздегі теңдессіз шығармалар қатарын жатқызуымызға болады.
«Скиф өнерінің» тамыры
Бұл сұраққа ғалымдар әлі күнге дейін толыққанды жауап бере алмайды. Себебі, біз бұған дейінгі мәдениеттер туралы скиф-сібір аң стиліне қатысты ешқандай мәлімет білмейміз.
Кейіннен көшпелілер орын
алған қ ола дәуіріне жататын
аң стиліндегі суреттерден байқап көрелік.
Шығыс Қазақстаннан табылған Андронов
мәдениетіне жататын қола пышақтағы
белгісіз аңдардың суреті, үш тастан жасалған
жылқы басының бейнесі Орынбор
облысынан табылған қыштан жасалған
түйе бейнелері ешқандай дәлел бермейді.
Дегенмен, андронов мәдениеті Қазақстан,
Сібір, Приуралье жерлерінде көптеген
археологиялық экспедициялар
Алтын бұғылар
Мәдениеттің екі түрге бөлінетіні барлығымызға белгілі. Соның ішінде қазақ халқының материалды мәдениеті ретінде біздің дәуірімізге дейін сақталған ескерткіштер лебі. Мәселен, сақ заманынан жеткен Есік қорымындағы Алтын адам ескерткіші Қазақстан тарихында ойып тұрып орын алатын бірден-бір ескерткіш болып есептеледі. Ерте темір дәуірінен біздің заманызға жеткен бұл туынды өзінің ерекшелігімен, қайталанбас стилі мен жауабы жоқ жұмбағымен халықты таң қалдырады.
Алтын адамның киген киім-кешегінің өзі, ондағы өрнектер мен оюлардың жасалу жолдары, алтыннан өрнектеп жасалған әшекей-бұйымдар белгілі бір композицияны түсіндіретін сыңайлы. Бұл ескерткіш әлемдік тарихта өзіндік ерекшелікке ие.
Сонымен қатар, Жалаулы көмбесінен табылған алтын көмбені атап өтуімізге болады. Бұл ескерткіш өзінің атауын Алматы қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан Жалаулы ауылына байланысты аталған. Аталған ескерткішті 1988 жылы мектеп оқушылары байқаусызда анықтаған. Табылған заттар киізден жасалған сөмкеде болған. Оны ХХ ғасырдың басында осы ауданға белгісіз біреулер көміп кеткен. Зерттеу барысында алты жүзге жуық сақ заманына жататын аң стилінде жасалған алтын көмбе анықталды. Археологтардың пайымдауы бойынша б.з.д. ҮІІ-ІІІ ғасырларға жатады. Табылған алтындардың ішінен белдікке арналған бұйымдар, киім және бас киім әшекейлері және тағы басқалары көзге ілінеді. Бас киім әшекейлері ішінен алтыннан жасалған қос бұғының бейнесі ерекшеленеді. Бұл әшекей мифологиялық әрі зооморфты сипатқа ие. Қос мүйізі бір-біріне жабысып жасалынған бұғылар бейнесі ағашқа ұқсас композицияны бейнелейтін сыңайлы. Сонымен қатар, бұғылар бейнесі табылған ескерткіштердің жасын анықтауға көп септігін тигізді. Анализ жасау барысында алтын бұғылар жоғары сұрыпты алтыннан жасалған, салмағы 6,15 грамм, көлемі 31x25 мм құрайды. Бұл әшекей үшбұрышты немесе жүрек тәріздес бейнеде жасалған, бірінші бұғы екінші бұғыдан қарағанда сәл жоғары орналасқан. Осындай иконографиялық вариацияның аналогтері Алтай және Минусинск ойпатынан табылған [1].
Қазақстан кең байтақ даласы
жауабы жоқ жұмбактар мен сыры
шешілмейтін сауалдардың
Қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты қазақ өлкесінде ХІХ-ХХ ғасырларда зерттеу жұмыстары басталды. Белгілі зерттеушілер ретінде А.Н. Бернштам, В.М. Массон, Ә.Х. Марғұлан, С.С. Черниковты және тағы басқаларын атап өтуімізге болады. Аталған ғалымдар әр түрлі кезеңдерді зерттегенімен, қазақ тарихын зерттеушілердің алғашқы легі болып табылады. Белгілі орыс археологі С.С. Черников – Қазақстанның шығысында орналасқан Шілікті қорымын зерттеген тұңғыш археолог. Ол өзінің археологиялық қазба жұмысынан кейін жазған кітабында былай дейді: «Қазба жұмыстары жүргізілген Шілікті жазығы Зайсан көлінен 100 шақырым жерде Мойнақ және Тарбағатай тауларының ортасында теңіз деңгейінен 1300-1500 м жерде орналасқан. Алаңының көлемі шамамен 80x30 шақырымды құрайды. Бұл жер көне заманнан бастап көшпелілердің мал жаюына қолайлы аймақ болған... Дей тұра, ерте көшпелі заманының ескерткіштері, атап айтсақ қорғандары ешқашанда жайлауда емес қыстау орындарында сақталған. Себебі, дәл осы қыстақтар көшпелілердің табындарын сақтауға мол көмегін тигізген» [3, 9б].
С.С. Черников өзінің қажырлы еңбегінің арқасында Шілікті жазығында зерттеулер жүргізіп, бүгінгі Қазақстан тарихына қатысты жазылған құнды деректер қалдырды. Қазақстан археологиясындағы елеулі ғалымдардың бірі. Ол өзінің жұмысы барысында көптеген ескерткіштер қатарын ашты. Алтын әшекейлер, садақ ұштары және алтын бұғы бейнесіндегі алтын әшекейлер тапты. Осы жағдай туралы өз еңбегінде былай дейді: «...Қазба жұмыстары барысында топырақты тыянақты тексердік. Бір уақытта В. Шуваев атты студентім ағаштың бір кесегін ұсынды. Нақтылап қарап, кейіннен скиф-сібір аң стилінде жасалған алтын бұғыны көрдім. Осыдан кейін олжалар қатары өсе бастады. Алтын әшекейлер бірінен кейін бірі шығып жатты. 14 бұғы бейнесіндегі әшекей табылды. Оларды қола құймаға алтыннан жасалған фольгаға орау жолымен жасаған. Соған қарағанда алтын тапшы болған. Бұғылардың барлық бейнелері оңға қаратылып, тұяқтары қосарланып жасалған. Мүйіздерінің төртеуі арқа жағында, яғни артқа қарай, ал біреуі басының үстіне, яғни алдыға қарай бейнелеген. Мұрындары мен ауыздары екі тесік іспеттес. Беті үшкірленіп келген. Сонымен қатар, бұғыларды асыл тастармен (бирюза) әшекейлеген. Табылған бұғы бейнелері толықтай жақсы сақталған, тек бір бұғы мүйізсіз анықталды. Бұғы бейнелерінің көлемі шамамен 7х4 см-ді құрайды,» - деп жазған [3, 27-30б].
Сурет 1. Шіліктіден табылған алтын бұғы.
Шіліктіден табылған бұғылардың аналогтерін көптеген скиф ескерткіштерінен байқаймыз. Мәселен, 1903 жылы Келермесс қорғанынан табылған акинактан, Костромской қорғанынан табылған акинактың аяқ жағындағы бұғы бейнесінен, Полтавская облысынан табылған алтын әшекейден, Тағар мәдениетіне жататын Минусинск ойпатынан табылған садақтың алтын тақташасынан байқаумызға болады. Шілікті бұғыларының скиф ескерткіштерімен өте ұқсас екені даусыз. Дегенмен, нақтылап қараған жағдайда кейбір ерекшеліктерді байқауымызға болады. Шілікті бұғысының тек бір мүйізі алдыға қаратылып жасалса, полтавская бұғысынан басқа бұғылардың мүйіздері екеуі алдыға, қалғандары артқа қаратылып жасалған. Ал Қара теңіз жағалауының бұғылар мүйіздері S бейнесінде жасалған. Соған қарағанда, Шілікті шеберлері бұғы бейнесін жасау барысында басқа ракурстан алған [3, 51-57б].
Атап өтерлік тағы бір жайт, Алтын адамның зергерлік бұйымдарының ішінен табылған алтын бұғы бейнесі Шілікті қорымынан табылған бұғы бейнесіне өте ұқсас. Дегенмен де, нақтылап қараған жағдайда өзіндік ерекшеліктерді байқауымызға болады. Мәселен, Шілікті қорымынан анықталған алтын бұғының тұяқтары қосарланып келсе, Есік обасындағы бұғы бейнесінің тұяқтары дөңгеленіп келген.
Бұдан басқа аң стилінде жасалған бұғылар бейнесі көп жерлерде кездеседі. 1897 жылы орыс археологі Н.И. Веселовский Костромская станица қорғандарында жүргізген археологиялық қазба жұмыстары барысында скиф ескерткіштеріне қатысты көптеген олжаларға қол жеткізді. Атап айтсақ, Ульская қорғандарынан тау ешкісіне қарсы шыққан екі грифон мен қашып бара жатқан бұғы бейнелері бейнеленген алтын пластинка табылды. Сонымен қатар, Келермесс қорғандарынан 1909 жылы қашып бара жатқан алтын бұғының бейнесі анықталды. Осы Костромская қорғандары ішінен табылған ең қымбат олжа ретінде жатқан кейіптегі алтын бұғының бейнесі болып есептеледі [4, 120б].
Шіліктіден табылған бұғылардың аналогиясы ретінде скиф ескерткіштерінен байқауымызға болады. Мәселен, Келемерсская қорғанынан 1903 жылы табылған қылыш акинактың төменгі бөлігіндегі бұғының бейнесі, Мельгуновскаядан табылған акинактағы бейнеден, әйгілі Костромская станицасының маңындағы қорғаннан табылған ескерткіштен, Полстовская қорғанындағы алтын әшекейден байқаймыз. Сонымен қатар, ХҮІІІ ғасырда Батыс Сібір жерінен табылған чішікті алтын әшекейін атап өтуімізге әбден болады [3, 51 б].
Төмендегі суретте әр аймақтан табылған бұғылардың бейнелері көрсетілген.
Сурет 2.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі