АҚШ дипломатиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 14:09, доклад

Описание

1941 жылы 22 маусым күні Германия соғыс жарияламастан, Совет Одағына қарсы соғыс қимылдарын бастады. Сол күні-ақ АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт Кеңес Одағына әскери және материалдық көмек беруге әзір екендігін мәлімдеді. 1941 жылы күзде Москвада АҚШ пен Кеңес Одағының делегацияларының кездесуінде бұл көмек нақтыланды.

1941 жылғы Москва түбіндегі жеңіс, 1942 жылдың аяғындағы Сталинград майданындағы және 1943 жылғы Курск түбіндегі жеңістер АҚШ пен Англия басшыларының Кеңес Одағымен Германияға қарсы күресте Одақ құруға итермеледі.

Работа состоит из  1 файл

АҚШ дипломатиясы.doc

— 29.50 Кб (Скачать документ)


        АҚШ дипломатиясы

 

 

1941  жылы  22  маусым күні   Германия    соғыс  жарияламастан,  Совет  Одағына    қарсы   соғыс  қимылдарын  бастады. Сол  күні-ақ  АҚШ  президенті  Ф.Д.Рузвельт   Кеңес  Одағына    әскери  және  материалдық  көмек  беруге  әзір  екендігін  мәлімдеді. 1941  жылы   күзде   Москвада  АҚШ  пен Кеңес Одағының   делегацияларының  кездесуінде    бұл  көмек  нақтыланды.

1941  жылғы   Москва   түбіндегі  жеңіс,  1942   жылдың   аяғындағы  Сталинград  майданындағы   және  1943   жылғы  Курск   түбіндегі   жеңістер  АҚШ  пен  Англия  басшыларының   Кеңес  Одағымен   Германияға  қарсы   күресте   Одақ  құруға  итермеледі.

            Соғыс  барысында    АҚШ,  КСРО   және  Англия  басшыларының  қатысуымен  болған   Тегерандағы,   Ялтадағы  және  Потсдамдағы  конференциялар  жайлы  айтқанда  олар   қандай  мерзімде,  қандай  тарихи   кезеңдерінде   өткізілгеніне   көз   жүгіртуіміз  керек.

           Осы  конференцияларды  дайындау  және   оны  өткізу  үшін  қаншама  күш-жігер  жұмсалды.  Оған   барудың  қиыншылығы,  үш  елдің:  АҚШ,   КСРО  және  Англия   басшыларының    саяси  және   әскери   мәселелердегі   көзқарастарының   әртүрлі  болуы.   АҚШ,  КСРО   және  Англия   елдерінің  басшыларының  қатысуымен  болатын  1-ші  конференцияны   өткізу  үшін   орын  белгілеу  кезінде  қаншама  бас  қатыруға  тура  келді.  Американдықтар  мен  ағылшындар  бұл  конференцияны   Каирде  немесе    Асмарда,  Жерорта  теңізінің    бір  порттарында,  Бағдат  пен   Басраның  шет  аймақтарының  бірінде  өткізуді  ұсынды. Ал  У.Черчилль   болса  тіпті    Кипрде  өткізуді  ұсынды.

      Сталин   конференция   өткізуге  қолайлы   деп   Иран   мемлекетінің  астанасы  Тегеранды  қалады.  Оған  Тегераннан   телефон  арқылы  соғыс   қимылдарымен  танысып,   нұсқау  беріп  отыру   қолайлы  еді.  Сөйтіп   ұзақ   келіссөздердің   нәтижесінде    конференция   өткізуге  қолайлы   деп  Иран   мемлекетінің   астанасы   -  Тегеран   қаласы   белгіленді. 

      Ялта   мен  Потсдамдағы   конференцияларды  өткізу   орнын  анықтағанда   да  біраз  келіспеушіліктер   болып,    кейін   түсіністіктердің  арқасында    осы  жоғарыда  аталған  қалаларда  өткізу  белгіленді.   Бұған  Кеңес   Армиясының   Шығыс  майданындағы   жеңістері   себеп  болды.   Осы    жеңістер   Кеңес   Одағының     бүкіл  дүниежүзінде   беделін  айтарлықтай   көтерді.  АҚШ   президенті   Рузвельт  пен  Англияның  премьер-министрі    У.Черчилль  оны  мойындауға   тура  келді.  Міне,   осы  жағдайлар  оларды  КСРО-мен  жоғары  деңгейде    келіссөз  жүргізуге  итермеледі.

      Одақтастардың  аса  ірі   талқылаған   әскери  мәселесі - екінші   майданды   ашу   мерзімі   еді.

 



Информация о работе АҚШ дипломатиясы