Ақша реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 17:38, реферат

Описание

1) 1922 – 1924 ж.ж. ақша реформасы
2) 1961 жылғы ақша реформасы
3) 1993 жылғы ақша реформасы
4) 1947 жылғы ақша реформасы

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).docx

— 44.44 Кб (Скачать документ)

    в) кооператив мекемелері мен колхоздардың есеп айырысу және ағымдағы шоттарындағы ақшаның қалдығы 5:4 арақатынасымен (яғни 5 ескі сом 4 жаңа сомға) айырбасталды. Осылай кооператив мекемелері мен колхоздардың банктік шоттарындағы ақшасын

    бірсыпыра азайтудың себебі олардың соғыс кезінде өз өнімдерінің біраз бөлігін жоғары бағамен нарықта сатып, қосымша қор жинауы еді;

    г) мемлекеттік  кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің

    шоттарындағы ақша қайтадан бағаланбай, тек жаңа ақшамен қайта есептелді.

    • бесіншіден, бұрынғы шығарылған мемлекеттік облигацияларды конверсиялау (яғни бұрынғы облигациялардың алғашқы жағдайларын: мерзімін, төленетін процент мөлшерін өзгертіп, жаңасына алмастыру). Нәтижесінде бұрынғы облигациялар (1947 ж. облигацияларынан басқалары) 1948 ж. 2%-тік облигацияларға 3 ескі 1 жаңаға арақатынасымен айырбасталды. Ал 1938 жылғы облигациялар 5 ескі 1 жаңаға арақатынасымен айырбасталды.

    Қорыта айтқанда, ақша реформасының нәтижесінде: халық жалақысын және басқа да табыстарын бұрынғы мөлшерде тек жаңа ақшамен алды; халықты карточкамен жабдықтау жүйесі жойылды; мемлекеттік бөлшек сауда ашық шектелмей, бұрынғы екі бағаның - төменгі-карточкалық және жоғары-коммерциялық бағаның - орнына біртектес бағамен жүргізілді; нанның және кейбір азык-түліктің бағасы карточкалық бағамен салыстырғанда 10-12%-ке арзандатылды. Колхоз базарындағы азықүліктін де бағасы төмендеді. Бағаның төмендеуі нәтижесінде халық жылына 86 млрд. сом үнемдеді. 1948 жылдыңд I токсанында 1947 жылдың дәл сол уақытымен салыстырғанда жаңа ақшаның сатып алу күші 41%-ке өсті. Қоғамдық еңбектің өндіргіш күші 1948 жылы 15%-ке артты.

    Жүргізілген маңызды шаралардың қорытындысында Ұлы Отан соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтірудін бірінші бесжылдык, жоспары артығымен орындалып, ақша реформасынан кейінгі жылдарда көптеген тауарлар бағасын қайыра төмендетуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1950 ж. 1947 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда тауарлар бағасының деңгейі 57%-ке төмендеп, халық 400 млрд. сом табыс алды.

    Жаңа сомның сатып алу мүмкіндігі көтеріліп, керісінше, инфляцияның салдарынан шетелдік валюталардың құнының төмендеуі кеңестік рубльдің алтын негізін көтеруге мүмкіндік берді. Сондықтан 1950 жылдың 1 наурызында 1 рубль 0,222168 г таза алтынға тең деп бекітілді. Осыған қарап жаңа рубльдің шетелдік валютаға шаққандағы курсы (бағамы) де анықталды. Рубльдің жаңа бағамы: 4 рубль 1 АҚШ долларына теңгеріліп есептелді (ол кезде 1 доллар 0,888671 г алтынға тең еді).

    Ақша реформасы екінші дүниежүзілік соғысқа қатыскан басқа бірсыпыра елдерде де өткізілді. Бірақ дүниежүзінде соғыстан кейін алтын құрамы көтерілген бірден-бір валюта тек рубль ғана болды. Рубль халықаралық есеп айырысуда қолданылып, достас мемлекеттер арасында тауарлар рубль-мен бағаланып, несиелер рубльмен өлшенді. 

Информация о работе Ақша реформасы