Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 22:17, реферат
Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді.
КІРІСПЕ ..........................................................................................................................................2
І. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ .................................................................4
1. 1 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері .......................................4
1. 2 Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы .............................................................................6
ІІ. ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН .............................................................................................13
2. 1 Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы ..........................................................13
ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................................................16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................................17
Өкінішке орай, кешегі «қызыл империя» ата-бабаларымыз қасиеттеген, түпкі табиғи болмысына айналдырған ислам дінін мансұқтап, ұрпақтарына құбыжық еткен атеистік тәрбие сәл болмағанда алтын діңгегінен ажыратып, мәңгүрт ете жаздады. Құдайға шүкір, қазір тәуелсіздігіміз өз қолымызда, егеменді елміз. Халқымыз ислам дінімен қайта қауышып, көпшілік имандылыққа бой ұруда.
Қазіргі
жаһандану дәуірінде «бәле
Сондықтан да, әлі де кеш емес, мемлекеттік тұрғыдан маңыз беріп, дін саясатына ерекше көңіл бөлу, мемлекеттің басым көпшілігі мұсылмандардың (Қазақстан Республикасында қазір мұсылмандар ресми дерек бойынша 70%) мүддесін, ауыз бірлігін сақтайтын заңдар қабылдау, исламдық этикалы мектептер мен жоғарғы оқу орындарында оқыту, миссионерлік іс-әрекеттерге тыйым салу қажет. «Иегово куәлері» үстіміздегі жылы Украинада конференция өткізіп, оған Қазақстаннан барған 500 делегаттың 350-і өзіміздің қара көздер екені көп нәрсені білдірсе керек. Қаншама қара көздеріміз «кришна» дініне еніп, мінез-құлықтары адамдық сипаттан алшақтап кеткенін де жақсы білеміз. Ислам дінін үгіт-насихат етушілерден гөрі өзге, дінімізге жат діндерді насихаттаушылар көп. Олар қалалардағы көше-көшелерді, тіпті ауыл-ауылдарды аралап, тегін діни кітаптарын таратып, жұртты азғыртып жүр. Қайта, міне осы миссионерлердің өздері адам құқығын бұзып, отбастарымызға ылаң салуда. Қазір Республикамызда үш жүз елуден астам діни секталар мен ағымдар білгенін істепм жатыр. Олардың қатарында исламдық ағымдар мен «Ахмади» секілді теріс жолдағы ағымдар да бар.
Біздің қазақ сан ғасырлар бойы ислам дінінің «Имам Ағзам» деп аталатын Ханифилік жолды ғана ұстанып келген. Бұл жол нағыз демократиялық, суниттік жол. Ханифилер өзінің көнімпаздығымен, ізгілікті сипаттарымен ерекшеленеді. Мұны жақсы біле білген ата-бабаларымыз осы ағымды ҮІІІ ғасырдан бері нық ұстап, арасына жік түсірмей келген еді.
Ислам
дінінің берік орныға қоймау себебін
біз республикамыздағы
Ағамыз қазақ «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Бала шыр етіп жарық дүниеге келген күннен имандылықты бойына сіңіру, мектепте де жоғарғы оқу орындарында да мұны талассыз жүргізіп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бұл көкейкесті мәселелерді шешуге мемлекетіміз де, діни басқармамыз да, бүкіл мұсылмандар да атсалысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару керек. Қазақстанды мекендейтін мұсылмандар 70% астам. Әрине, бұл үлкен күш. Бәріміз осы күшті бірітірсек, адамгершілік, әділеттілік, имандық жолын тез қалпына келтірер едік. Мемлекетімізде халықтар татулығы нығайып, нағыз азаматтық қоғам құру жеңілдер еді. Өйткені, құқықтық-демократиялық мемлекеттің қайнар көзі де осы исламда, ата-баба қағида-ережелерінде жатыр. Парламентіміз заңдарды құрастырып, бекітіп, қабылдап отырғанда бұларды көзінен таса қалдырмаулары тиіс. Барша өркениетті елдер өздерінің түп-тамырларына, өткеніне сүйенеді. Жапония да, АҚШ та, Қытай да, Ағылшындар да, Немістер де, Үнділер де дәл солай, қазіргі заңдары өткенінен нәр алған. Ал, біздердің заңымыз сырттан әкелінгендіктен, қаншама сұлу, әдемі көрінгенімен дінімізге, руханиятымызға сіңбейді. Сол үшін де заңдарымыз көпшілік көңілінен шықпай жүр. Оған бірер мысалдар келтіре кетейін:
— біріншіден, ата-бабаларымыз кез келген іс-әрекет, ой-ниетті адал-арамға, жақсы-жаманға, обал-сауапқа, дұрыс-бұрысқа бөлген. Бірін—жақсы, екіншісін—күнә дейді. Күнә нәрселер адам баласына зиян келтіреді. Сондықтан да ондай іс-әрекеттер қылмыс, жөнсіз жасалып, кез келген қоғам мүшесі ондай әрекеттерден аулақ жүрген;
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран Кәрім» өткен мен қазіргі уақыт сабақтастығын жүзеге асырды, онда көптеген халықтардың тарихы мен тағдыры тоғысты, терең тарихи тамырлары, уақыт пен кеңістік аясындағы әр түрлі халықтар тұрмысындағы ұқсастықтары ашылып, адам қоғамның пайда болуының алыс-жақын түп-тамырлары зерттелді: Құранның уақыт өтсе де, маңызы кемімейтін қасиеті де осында. Ислам діні көптеген халықтардың рухани табиғатына сай келді. 1500 жылғы ислам тарихы, Мұхаммед пайғамбардың өмірі, оған дейінгі пайғамбарлар тарихы осыған дәлел. Исламның терең тарихы бар Көне Қазақстан жеріне келуі мәдениеттің дамуына, қоғамымыздың өзіндік санасы мен руханилығы игі ықпал еткені баршаға аян.
Мұсылман мәдениетінің артықшылығы тең рухани салада ғана көрініс тапқан жоқ. Дін—наным-сенімге, этикаға, философияға және Қазақстандағы ғылым мен мәдениетті дамытуға зор ықпалын тигізді. Сонымен қатар қазақ жеріне ислам дінінің таралуын қазақ халқына тигізген оң әсерлерін қазақтың төл салт-дәстүрімен байланысуы, қазақ халқының отбасылық өмірінде ислам уағыздарының адамгершілікке толы қасиеттер мен тәлім-тәрбиенің ұқсастығының молдығын барынша ашып көрсеттім деген ойдамын.
Атамыз
қазақ «ел боламын десең, бесігіңді
түзе» деген. Бала шыр етіп , жарық
дүниеге келген күннен имандылықта
бойына сіңіру, мектепте де, жоғарғы
оқу орындарында да мұны талассыз
жүргізіп отыру бүгінгі күннің өзекті
мәселесі екенін айтқым келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қосымша пайдаланылған әдебиеттер: