Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 18:51, реферат
Қазақстан, Қазақстан Республикасы (орыс. Казахстан, Республика Казахстан; қысқартылған атауы — ҚР) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ыншы орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр
Қазақстан, Қазақстан Республикасы (орыс. Казахстан, Республика Казахстан; қысқартылған атауы — ҚР) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ыншы орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.
Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км, оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км.Батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады. Орта Азия - Азия құрлығының Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Республикалары мен Қазақстанның оңтүстік облыстарының жерлерін қамтитын аймақ. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде: «.. .арабтан бұл Орта Азияға дін исламды үйретушілер көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып жүргендерінде Құтайба атты кісі Қашқарға шейін келіп, халықты исламға көндіргенде, бұлар да мұсылман болдық депті» деген деректер арқылы арғы түбі Күншығыс Сібірден келіп, Алатау бөктерлерін мекендеген қазақтардың ислам дініне кіру тарихынан мағлұмат береді.
Қазақстан Республикасының
сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік
сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен,
сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен
және көпжақты ынтымақтастыққа
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр.
ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері
Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрагасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.
Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.
Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны анғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтынвалюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтынвалюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқысаяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көз-қарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мумкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмккіндігі мен мемлекеттің табиғи байлыкқары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан галамдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан
Қоғамдық пәндер кафедрасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы:ҚР-сы және Орта Азия мемлекеттері.
Орындаған:Ермекова А.
Қабылдаған:Абдурахманов Н.
Шымкент,2012жыл.
Жәңгір хан
Жәңгір хан (1801-1845) - Бөкей Ордасының соңғы ханы, Әбілхайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның немересі, Бөкей ханның ұлы. Генерал-майор, Шын аты - Жиһангер.
1815 жылы әкесі мұрагерлік
салтқа сәйкес хандық тақты
Жәңгірге берген. Алайда, Жәңгір
хан жас болғандықтан, Бөкейдің
тапсыруы бойынша хандықты
Жәңгір хан сауатты адам болған. Ол араб, парсы,орыс, татар, неміс тілдерін жақсы білген. 1841 жылы Ордада Жәңгір хан өз қаражатына жоғары мектеп ашып, М.Бабажанов, М.Бекмұхамедов, К.Шығаев, тағы басқалар білім алған. Сол жылы Жәңгір Бөкейұлы Қазан университеті жанындағы ғылыми кеңеске құрметті мүше болып сайланып, 1843 жылы генерал-майор атағын алады. Жәңгір хан асыл тұқымды жылқыларды өсірумен айналысқан. Ол қазақ шежіресін жинаумен, халықтың әдеби шығармаларымен шұғылданып, өзі де көптеген эпикалық туындылар жазған. 1844 жылы қазанда Жәңгірдің «Мұхтасар әл-фикғайат» атты еңбегі жарық көрген.
Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасында басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, хандық билер басқарған 12 әкімшілік орталыққа бөлінеді. Билер мен хандар кеңесі, тархандар институты қайта құрылған.
Жәңгір хан екі мемлекет
субъектілері арасындағы экономикалық
қатынастарға бірқатар өзгерістер енгізді.
Ол отырықшы өмірді жақтады, сондықтан
да бұл процестің өріс алуы үшін
жерге жеке меншікті енгізген. Ол салық
жинауды күшейту бағытында да
бірқатар істер атқарды. Мемлекеттік
сауда саясаты тауар
1845 жылы Жәңгір хан
кенеттен белгісіз жағдайда
ЖӘҢГІР ХАННЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Күні кешеге дейін еліміздің, тарихынан кесіп тұрып орын алатын қазақтың біртуар ірі тұлғаларының атын атап олардың есімдерін құрметтеу былай тұрсын оларды ескеруден де қалдық. Оған себеп жетпіс жылдан астам билік құрған кешегі Кеңестік идиологияның әсері болатын. Шындығында да олар ескеруге лайықсыз ба еді? Осындай тарихи тұлғалардың бірі Жәңгір хан Бөкейұлы еді. Жәңгір хан кім? Қандай саясат ұстанды? Халқына қайыр- шапағаты тиді ме ?- деген сауалдарға жауап іздеген болсақ оған тарихи деректер былай деп жауап береді. Тарихи деректер Жәңгір ханның отарлаушылар саясатынан халқын қорғаушы , еліне мәдениет пен білім, мұсылман дінінің нұрын себуші хан ретінде көрсетеді. Сонымен Жәңгір хан кім? 1845ж Бөкей хан өлгеннен кейін ханының тағын өз баласы Жәңгірге өсиет еіп қалдырды, ал ол кәмелетке толғанға дейін уақытша басқаруда өз туған інісі Шығай сұлтанға тапсырды. 1823 жылғы 22 маусымда патша Жәңгірді ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға қол қойды, ол 1824 ж 26 маусымында Оралда ертедегі рәсім сақтала отырып патшалық өкімет орындарның бақылауымен ол хан болып жарияланып, 20 жылдан астам уақыт билік етті.