1842 жылы
В.А. Перовский Петербургке қызметке
кетіп, оның орнына генерал-губернатор
болып Обручев келді. Перовскийге
қарағанда оның Кенесарыға және
арадағы мәселені шешуге көзқарасы
басқа еді. Соны пайдаланып, Горчаков
сол жылы Сотников басқарған
отрядты Кенесарының ауылын шабуға
жібереді. Сөйтіп, патша әкімшілігімен
жасалған бітім Горчаков тарапынан
бұзылды. 1843 жылдың 27 маусымында Николай
І қазақ даласына көтерілісті
басу үшін әскер жіберу туралы
өкім шығарды. Кенесарының басын
әкелген адамға 3000 теңге сыйылық
жариялады. Патша әкімшілігі 1844 жылдың
көктемінде қатарынан үш отрядын
жіберуді ұйғарды. Олар Ор бекінісінінен,
Ұлытаудан және Тобыл өзенінен
бір мезгілде аттанып, Кенесары
жасақтарын жан-жақтан қоршап, оларға
шешуші соққы беру қатаң тапсырылды.
Бұған қоса Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан
Лебедев және Фалилев басқарған
екі патша үкіметіне берілген
сұлтандардың басшылығымен қазақтардан
қосымша отрядтар жасақталды. Барлық
соғыс операциясын басқару генерал-майор
Жемчужниковке жүктеледі. Бұл
кезде Кенесары санында 20 мыңдай
әскер бар еді. Патша отрядтарының бастарын
біріктірмей, жеке-жеке соққы беруді шешті.
Жауынгерлердің бір бөлігін Сібірден
шыққан отрядқа қарсы жіберді. Кейін Лебедев
Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздік
көрсеткені үшін Орынборға шақыртылып,
орнынан босатылып, сотқа берілді. Бұл
кезде Кенесары өзінің негізгі күшімен
Константиновск бекінісін шапты. 1844 жылы
шілденің 20-нан 21-не қарайтын түні Өлкеаяқ
өзенінің жанында Ахмет Жантөриннің отрядын
тұтқындап қоршап, толық қиратты.
1846 жылдардың
басында Кенесары әскерелерімен
Балқаш көлі маңайына қоныс
аударды. Патша үкіметі Кенесары
басқарған көтерілістерді жоюға
генерал-майор Вишневский басқарған
әскерлерді жіберді. Кенесары 1846
жылы Қоқанға қарсы күресте
Әулиеата (Тараз), Мерке қалаларын
алады. 1846 жылы Кенесарыны қолдаушы
Ұлы жүздің Саурық батыры қырғыздардың
Жаманқора деген батырын өлтіреді.
Қырғыздар оған жауап ретінде
Саурық батырдың ауылына шабуыл
жасап, жігіттерімен бірге оны
өлтіріп, мал-мүлкін тонап кетеді.
Осындай шиеленістердің нәтиежесінде
1847 жылы Кенесары 10 мың сарбазымен
қырғыздар жеріне басып кіреді.
Кенесарының
соңғы шайқасы Кекілік сеңгірінде
өтті, қырғыз манаптары, Вишневскийдің
отряды және Қоқан хандығының әскерлері
«Алмалы сай» шатқалында үш жақтан
Кенесары әскерін қоршады. Күштері
әлденеше есе көп жау әскерімен
қаһармандық күресте Кенесары 32
қазақ сұлтандарымен бірге қаза
тапты.
Кенесары
Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық
көтерілістің жеңілуіне бірнеше
себептер болды. Оның ішінде ең бастысы
бүкіл қазақ халқының біртұтас бірікпеуі,
кейбір ру басшыларының өз бетіне бас
болмақ болуы, рулық жіктелу, қазақ
феодалдарының Ресей мемлекетін
қолдауы. Кенесарыға Ресей, Қоқан, Бұхар
хандықтарымен күресуде күші тең
болмады. Сонымен қатар ол өзін жақтамаған
қазақ және қырғыз ауылдарын шабуы
сол жердің халқының наразылығын
тудырып, көтерілісті әлсіретті. Сонымен,
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық
көтеріліс жеңіліс тапқанымен, ол
қазақ халқының тарихында мәңгілік
өшпес із қалдырды және тарихи маңызы
зор болды.